Зиянды шегірткелер туралы жалпы түсінік


Slide 1

Ақ жолақты немесе мүсінді саяқ шегіртке

(Chorhipus albomarginatus)

Орындаған:Ағали Н

Тексерген:Сагандыков С. Н

Slide 2

Жоспар:

I Кіріспе

1. 1 Зиянды шегірткелер туралы жалпы түсінік

II Негізгі бөлім

2. 1 Ақ жолақты немесе мүсінді саяқ шегірткелердің биологиялық ерекшеліктері және дамуы

2. 2Ақ жолақты шегірткенің зиянды фазасы және таралуы

2. 3 Ақ жолақты шегірткені есептеу әдістері

2. 4 Шегірткемен күрес шаралары

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

1. 1 Зиянды шегірткелер туралы жалпы түсінік

Slide 4

Шегіртке - қысқа мұрттылар отряд тармағына жататын үйірлі шегірткелердің бір тобы. Қысқа мұрттылардың ең маңызды тұқымдасының бірі - нағыз шегірткелер; Және де шегіртке тікқанаттылар отрядына жатады. Өзінің жақын туыстары қара шегіртке мен көк шегірткеден айырмашылығы - денесінің ұзындығының жартысындай болатын қысқа мұртшасы . Қазақстан ландшафтасының әртүрлі және жерінің кең байтақ болуына байланысты, шегірткенің 271 түрі кездеседі. Шегірткелерді үйірлі және саяқ шегірткелер деп бөледі. Үйірлі түрлерінің ( ұшпа, шөл, қызылшегіртке және т. б ) саяқ шегірткелерден айырмашылығы - жаппай көбею кезінде үлкен топтар құрып, бірнеше жүздеген, мыңдаған гектар жерді басып, бір күн ішінде бірнеше ондаған километр жерге орын ауыстырады. Мысалы, шөл шегірткесінің үйірі 2400-км -ден астам ашық теңіз үстінен ұшып өтіп, солтүстік - батыс Африкадан Британ аралдарына жеткен . Қазақстандағы зиянкес азия шегірткесі ұзақ қашықтықтарға ұша алмайды. Дегенмен ересектері бір күнде 80-120 км қашықтыққа ұша алады. Бұл түрдің тұрғылықты мекендері - Сырдария өзенінің сағасы мен Балқаш, Алакөл, Зайсан көлдерінің жағалауларындағы сазды жерлердің қалың қамыстары . Жаздың екінші жартысында жұмыртқа салады, дернәсілдері майдың соңында шығады, 35-40 күннен кейін қанаттанады. Азия шегірткесінің әрқайсысы өз өмірінде 300 г көк жем жейді, ал бір аналықтың ұрпақтары бір жазда екі қойға жететін жемді жейді . Негізгі қорегі қамыс болғанына қарамай, үйір 1-2 сағат ішінде мыңдаған астық алқабын жоқ қылып жібереді, сонымен қатар капуста, қарбыз, күнбағыс және тағы басқа қоректеніп, біршама зиян келтіреді.

Slide 5

2. 1 Ақ жолақты немесе мүсінді саяқ шегірткелерің биологиялық ерекшеліктері және дамуы

Slide 6

Ақ жолақты шегіртке

Түрлі түсті шегіртке. Денесінің алдыңғы арқа жағы жайпақ, үстіңгі қабаттары артқы сандарының ұшынан аздап шығып тқрады.

Артқы сирақтары күңгірт - сары түсті. Ұрғашыларының ұзындығы 18-23 мм, еркектері 13 -18 мм

Бұл шегрткенің личинкалары едәуір кеш - маусым айының бірінші жартысында шығады. Личинкаларының дамуы 25- 30күнге созылып, 4 рет түлейді.

Ұрғашы шегірткелер күбіршелерін көбі-

несе тыңайған би-

дайықты учаскелерге салады . Күбіршенің ұзындығы 6-10, 5

мм, диаметрі 3, 5-5

мм. Күбіршедегі жұ-мүртқа саны 4-10

болады.

Slide 7

1. Ересек шегіртке

2. 3. 4 Әр түрлі жастағы шегірткелер

5. Күбіршедегі жұмыртқа

Slide 8

2. 2 Ақ жолақты шегірткенің зиянды фазасы және таралуы

Slide 9

Дернәсілдер және ересек шегірткелер әр түрлі өсімдіктерді:дәнді және майлы дақылдарды, көкөністерді, жайылымдар мен шабындықтарды зақымдайды. Олар құрғақшылық кезінде, табиғи өсімдіктер күйіп кеткенде өте қауіпті болады. Тым көп көбейген жағдайда егістіктер мен жайылымдарға қатты зиян келтіреді, олардың жер бетіндегі биомасса бөліктерін құртып жібереді. Шегірткелердің көп жылдық даму динамикасында жаппай көбеюлері мен депрессиялық фазалар кезектесіп отырады.

Slide 10

Ресейдің

европалық бөлігінде

Сібірде (Қиыр Шығысқа дейін)

Кавказ таулары

Орта Азия таулары

Қазақстанда

кең таралған. Әсіресе орманды - дала және далалы аймақтардың әр түрлі шөптесін өсімдіктер (солардың ішінде астық тұқымдастарда ) өсетін пішендіктерде көп болады.

Slide 11

2. 3 Ақ жолақты шегірткені есептеу әдістері

Slide 12

Шегірткені есептеу әдістері:

1. Күбіршелерде көктемдік бақылау жүргізу әдістері. Бұл тәсілдің негізгі мәні күбіршелердегі жұмыртқаларының тірі және өлі екендігін және одан қай уақытта дернәсілдің пайда болатынын білуге.

2. Дернәсілде көктемдік - жаздық бақылау жүргізу әдістері. Дернәсілдердің қай уақытта пайда болып және қай аумақта таралып сол аймақтағы таралу көлемін бақылау .

3. Нақты шегіртке түріне жаздық бақылау жүргізу әдістері. Бұл бақылау әдісі шегірткенің ұшу мерзімі мен олардың қанаттануы мен жұмыртқа салуын бақылау

4. Күбіршелерде күздік бақылау жүргізу әдістері. Негізгі мақсаты - аумақтағы күбіршелердің санын есептеу, олардың аумақтағы тығыздығын анықтау

Slide 13

2. 4 Шегірткемен күрес шаралары

Slide 14

Күрес шаралары үйірлі шегірткелердің жаппай қаулап көбейіп кетуіне жол бермеу үшін олардың негізгі ұялайтын мекендерінде профилактикалық бағытта, ал саяқ шегірткелерді егіс маңайында және басқа учаскелерде шоғырланатын жерлерінде жою үшін жүргізіледі. Күрес шараларын жоспарлау үшін алдын ала шегірткелердің жайылған учаскелерінің көлемін және олардың сан мөлшерін анықтау керек.

Slide 15

Негізгі тексеру жұмыстарын арақашықтығы 100 - 300 м, бірімен -бірі жарыса қатар жатқан немесе бірің- бірі кесіп өтетін маршруттар бойынша жүргізіледі.

Химиялық күрес шаралары I-II жастағы личинкалар шыққан кезде үйірлі шегірткелер үшін I шаршы метр жерде 5 личинкадан, дара тіршілік ететін шегірткелер үшін -10 личинкадан артса ғана жүргізіледі.


Ұқсас жұмыстар
Қара жолақты саяқ шегіртке
Сібірлік саяқ шегертке Gomphocerus sibiricus
АТБАСАРЛЫҚ САЯҚ ШЕГІРТКЕ
Табын шегіртке зиянкестері
Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестерден қорғау
Бунақденелілер класы
Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері және ауруларына қарсы қолданылатын препараттардың биологиялық, шаруашылық тиімділігі
Азиялық шегіртке: билогия, зиянды фазасы, таралуы, есептеу әдстемесі
Мақта, күнбағыс, қызылша аурулары
Бунақденелілер класы. Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz