Алма жемірі: биология, зиянды фазасы, таралуы, есептеу әдістемесі




Презентация қосу
Алма
жемірі:
биология,
зиянды
фазасы,
таралуы,
есептеу
әдістемесі
ОРЫНДАҒАН: ӨКЕНОВА ЖАДЫРА
ГРУППА: АГ -213
ТЕКСЕРГЕН: САГАНДЫКОВ С.Н
ЖОСПАР:

1. АЛМА ЖЕМІРІ БИЛОГИЯЛЫҚ
ЖӘНЕ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ
СИПАТТАМА
2. АЛМА ЖЕМІРІНІҢ ЗИЯНДЫ
ФАЗАСЫ
3. АЛМА ЖЕМІРІНІҢ ТАРАЛУ
АЙМАҒЫ
4. АЛМА ЖЕМІРІН ЕСЕПТЕУ
ӘДІСТЕМЕСІ
АЛМАЖЕМІРІ – LASPREYRESIAPOMONELLA L..
ҚАБЫРШАҚҚАНАТТЫЛАР (LEDIDOPTERA)
ОТРЯДЫНЫҢ ЖАПЫРАҚ ШИРАТҚЫШТАР
(TORTRICIDAE) ТҰҚЫМДАСЫНА ЖАТАДЫ. ЖЕР
ЖҮЗІ БОЙЫНША АЛМА АҒАШЫ ӨСЕТІН
ЗОНАЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫНДА ТЕГІС ТАРАЛҒАН ЕҢ
ҚАУІПТІ ЗИЯНКЕС.
Көбелектің алдыңғы қанаттары
артқыларына қарағанда ұзын,
көлденең орналасқан көптеген қара
сызықтары бар ағаштың қабығына
ұқсас қара сұр түсті болады. Сонымен
қатар олардың ұшында қола түсті
жылтыр үш жолағы бар қоңыр дақ
орналасқан. Артқы қанаттары
қоңырлау сұр, жиектерінде ақшыл-
сұр түсті қысқа шашақтары бар.
Көктемде жұлдызқұрттар
қыстап шыққан
орындарында қуыршаққа
айналады. 2- 3 жетіден соң
қуыршақтардан
көбелектер ұшып
шығады. Әдетте олардың
ұшу мерзімінің басталуы
алма ағашының гүлдену
кезеңінің аяқ кезіне тура
келеді. Көктем кешіккен
жылдары көбелектің
жалпы ұшу мерзімі бір
айға, ал жаппай ұшу
кезеңі 7 күннен 14 күнге
созылады.
Қуыршақтан шыққаннан кейін бірнеше күннен со ң
көбелектер жұмыртқалауға кіріседі. Жұмыртқаларын бір-
бірлеп алғашында жапыраққа, одан соң жеміс түйіндеріне
салады. Көбелектер кешке қарай күн батқан со ң және түнде
ұшады. Ауа райының жылылығы 16 С төмен болатын
салқындау күндері көбелектер жұмыртқалауын тоқтатады.
Әрбір ұрғашы көбелек өз өмірінде 100 және одан да көп
жұмыртқа салады. Он шақты күн өткен соң жұмыртқадан
жұлдызқұрт шығады. Ол дереу немесе 1- 2 сағаттан кейін
жемістің қабығын кеміріп, жұмсақ тканіне енеді де онда
тұқым дәнегіне қарай жол салып, жемістің тұқымдарымен
қоректенеді. Одан соң келесі жеміске көшеді.
Жұлдызқұрттардың қоректенуі 25- 30 күнге
созылады. Осы мерзім ішінде әрбір
жұлдызқұрт 3- 4 жемісті зақымдайды. Дамуы
аяқталған жұлдызқұрттар қоректенуін
тоқтатып, жемістен шығады да, ағаштың өлі
қабықтарының астында, жарықтарында
және басқа орындарында қуыршаққа
айналады. Оңтүстік аудандарда бұл кезең
мамырдың соңғы онкүндігінде, ал Алматы
оюлысының тау бөктеріндегі аудандарында
маусымның екінші жартысына немесе аяқ
кезіне тура келеді.
Қуыршақтану кезеңі
басталған соң 10- 15 күннен
кейін жаңа ұрпақтың
көбелектері ұшып
шығады. Олар
жұмыртқаларын көбінесе
жемістің үстіне салады. Бұл
ұрпақтың
жұлдызқұрттары да жемісті
кеміріп, ішіне жол салып
енеді де оның
тұқымдарымен
қоректенеді.Зақымдалған
жеміс түйнектері пісіп
жетілмей төгіліп қалады,
пісуі жеткен кезде
зақымдалғандары сақтауға
төзімсіз келеді.
Көбелектің жетіліп
қоректенуін тоқтатқан
жұлдызқұрттар алма
ағашының діңі мен
бұтақтарының діңі мен
бұтақтарының өлі
қабықтарының
астында, сонымен қатар
жеміс сақтайтын
орындарда қыстап
шығады. Алма жеімірі
республиканың
оңтүстігінде жылына 3,
оңтүстік шығысында 2,
ал батыс, орталық және
солт.стік аймақтарда бір
ұрпақ беріп дамиды.
Есептеу әдістемесі
Жеміс- жидек ағаштарын зиянкестерден қорғау және химиялы қ к үресу
шараларын алдын- ала жоспарлау үшін 3 топқа біріктіруге болатын 6
арнайы бақылау жұмыстары жүргізіледі: 1. Күзде (қыстайтын
зиянкестердің санын анықтау үшін жапырақтар толық түсіп бол ғаннан
кейін). 2. Көктемде 2 түрлі бақылау жүргізеді (біріншісі – ерте к өктемде
бүршік жарғанға дейін қыстаған зиянкестердің санын анықтау үшін;
екіншісі – гүлдену кезеңінде). 3. Жаз мезгілінде к өбейген зиянкестерді ң
санын анықтау үшін (гүлдену кезеңінен кейін бірден алдымен жапыра ққа
зиян келтірген зиянкестер саны анықталады, жаздың ортасында түскен
жапырақтарды санайды. Ал жинау кезінде жемісті тексереді).
1.Күзде әрбір ағаштарды
немесе көшеттерді түзу екі
қиылыспалы диагональі
бойынша есеп
жүргізеді.Есептелетін
ағаштардың немесе
көшеттердің саны
бақыланатын аумаққа
байланысты: 10 га дейін – 20
ағаш; 11- 25 га – 30; 26- 50 га –
40; 51- 100 га – 50; 101- 200 га –
75; 201 және одан жоғары болса
– 100 ағаш.
Алма жемірін есептеу үшін
ағаш діңі мен бұталарындағы
қабығының жарылған
жерінде қыстаған
зиянкестердің құрттары мен
қуыршақтарының бір
ағаштағы санын есептейді.
2. Көктемгі бірінші
бақылауды жемістің
вегетациялық мерзімі
басталмастан бұрын
жүргізеді. Есептеу үшін әрбір
5 күн сайын ағаштарды
сілку жұмыстарын жүргізеді.
Кейін әрбір ағащта
есептелген зиянкестер санын
бір тізімге тіркейді.
Көктемгі екінші бақылау
жұмысын жемісті
өсімдіктердің санын гүлдену
және бүршіктену фазасында
жүргізеді.
3. ЖАЗДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫН ГҮЛДЕНУ
КЕЗЕҢІНЕН КЕЙІН БІРДЕН БАСТАП КЕТЕДІ. АЛМА
ЖЕМІРІМЕН ЗАҚЫМДАНУ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ
ҮШІН 10 АЛМА АҒАШЫН ТАҢДАП АЛЫП, ӘРБІР 5
КҮН САЙЫН ШІРІП ҚҰЛАҒАН ЖЕМІСТЕРДІ
САНАЙДЫ.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Сулейменова З.Ш. «Методические указание
по выявлению вредных и особо осапных
вредных организмов сх угоди» Астана
2009год
2. Ә.Т.Тәлімбаев, Г.А.Жармұхамедова,
Энтомология Қайнар 1994 жыл
3. З.Ш. Сүлейменова, А.К. Түлеева, А.Ж.
Агибаев Ауыл шаруашылық
дақылдарын зиянкестер мен аурулардан
қорғау Алматы 2004 жыл
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Рапс жапырақ жемірі: биология,зиянды фазасы,таралуы есептеу әдістемесі
Сабақ немесе жүгері көбелегі: биология, зиянды фазасы, таралуы, есептеу әдістемесі
Қара денелілер: биология, зиянды фазасы, таралуы, есептеу әдістемесі
Күздік көбелегі:биология,зиянды фазасы,таралуы,есептеу әдістемесі
Қырыққабат күйе көбелегі
Пияз шыбыны: биологиясы, зиянды фазасы, таралуы,есептеу әдістемесі
Тышқан тектестер: биологиясы, зиянды фазасы, таралуы, есептеу әдістемесі
ШВЕД ШЫБЫНЫ
АЙҚЫШГҮЛДІЛЕР БҮРГЕЛЕРІ
Күнбағыстың қан көбелегі: биологиясы, зиянды фазасы, таралуы, есептеу әдістемесі
Пәндер