Шошка тілмесі кезіндегі қолданылатын биопрепараттар:




Презентация қосу
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы:Шошка тілмесі кезіндегі
қолданылатын биопрепараттар:

Орындаған:Өмірбеков.
Тексерген:Жакиянова.М
Жоспар
1.Шошқа тілмесі ауруына сипаттама

2. Қоздырушысының патогенді
факторлары және аурудың
патогенезі (клиника, ағымы,
эпизоотологиялық мәліметтер,
патологиялық анатомиялық
өзгерістері).
Қоздырушысы: Erysipelothrix rhusiopathiae(Пастер және Тюлье, 1882). Тілменің қоздырушысы
көбінесе шошқалардың ерте жасында індеттік ауруларды шақырады. Ірі қара және ұсақ
малдардың, жылқылардың, үй және жабайы құстардың кейбір түрлерінің, балықтардың,
шаяндардың, крабтардың және тышқандардың ауырған жағдайлары туралы әдебиетте мәлімет
кездеседі. Адамдарда бұл ауру «Розенбах эризипелоиды» атымен белгілі.
Патогендігі және жұғу жолдары:
Тілме жаз айында шошқалар жайлымда болатын кезінде жұғу процесі жүреді. Шошқалар
алиментарлық жолмен жер бұзылғанда және әр түрлі зарарланған өсімдік және жануарлар
қалдықтарын жегенде жұқтырады. Әсіресе бұл жағынан нашар көмілген өліктер қауіпті. Сонымен
қатар азықпен (еттік жануарлар), шошқалар зарарланған балшықтарда жатқан кезде
Тері арқылы жұқтыруы мүмкін. Аурудың бірінші жағдайлары пайда болған кезде, табынның
жұқтыруы тікелей жанасу жолымен жүреді. Көбінесе 6 айдан 12 айға дейінгі жас малдар ауырады.
Қоршаған ортадағы және бірінен бұрын жайылым топырағындағы, серуендеу қорасындағы және
шошқа қора территориясының айналасындағы қоздырушыныңтөзімділігімен байланысты осы
аурудың тұрақтылығы эпизоотологиялық ерекшеліктердің бірі болып табылады. Патогенезі және
клиникалық белгілері: Жасырын кезең 3 –5 күннен аспайды. Жітіден тыс немесе ақ тілме бірнеше
сағаттың ішінде өліммен аяқталады, бірақ бұл түр өте сирек кездеседі. Жиі жіті түрі байқалады, ол
емсіз сондай –ақ көптеген жағдайда 3 –5 күннің ішінде жануардың өлімімен аяқталады. Жітілеу
түрі немесе есекжем зарарсыз өтеді және 10 –15күннен кейін сауығуымен бітеді. Созылмалы тілме
айларға созылады. Хрониктерді шаруашылық құндылығының жоғалуына байланысты әдетте етке
сояды. Өте сирек кездесетін ақ тілме кенеттен өтуіне байланысты клиникалық өте тән емес және
аз байқалатын септикалық белгілермен өтеді. Жіті түрдегі тілме септикалық көріністермен
басталады: жоғарғы температура, 41 -42ºC-қа дейін және одан да жоғары, жиілеген және
ауыр тыныс алу, жиі пульс. Ауру мал төсенішке жасырынады, азыққа бармайды, қиналып тұрады.
Аурудың дамуына байланысты әлсіздік күшейеді, бөксенің тәлтіректеушілігі пайда болады.
Басында іштің жүрмеуі байқалып, кешірек ол іш өтуге, кейде қанмен ауысады. Көздің дәнекер
қабығы қызарады, көздің қабығында құрғайтын ағулар пайда болады. Теріде, әсіресе қарында,
жамбастың ішкі беткейін басқанда қызыл дақтар шығып тұрады (гиперемия). Қанды зерттегенде:
лейкоциттер 20000 –ға дейін және одан да көп, бірден эозинофилия -15% және одан да көп. Жітілік
терілі түрі немесе есекжем қысқа мерзімді біркелкі қызбамен, жабырқаумен және теріде қызыл
дақтардың пайда болуымен өтеді. Дөңгелек, квадрат және ромб пішінді дақтар тегіс қызыл
көтерілуі түрінде шығып тұрады. Осындай дақтар қатқыл тері аумағында –арқада, майында,
жамбаста орналасады. Одан әрі олар сорылып кетеді немесе некрозға ұшырап біртіндеп сау
теріден күшпен алынады. Созылмалы түріндегі тілме жіті түрдің немесе есекжемнің жалғасы
болып табылады.
Хрониктердің терісінде некротикалық аумақтарды байқауға
болады, олар айтарлықтай зақымданғанда пергамент
панциріне ұқсас, қара құрғақ түрінде ауру малдың арқасын
немесе мойнын жабады. Созылмалы түрдің жиі кездесетін
асқынуы сүйелді эндокардит болып табылады. Осыған
байланысты жүректің декомпенсирленген ақауы пайда
болады. Сауығуды бастап келе жатқан сияқты малдар
арықтайды, нашар азықтанады, шынтақ пен көкірекке сүйеніп
көп жатады. Тіпті бұлшықеттік күшену демікпені шақырады
және цианозбен өтеді. Жүректі аускультациялағанда
эндокардиальды шуыл естіледі. Кейде артрит байқалады.
Жиі жамбас, тұсамыс, білік буындары іседі, ыстық болып,
ауырсынады, сәйкес аяққа байланысты ақсау пайда болады.
Патологоанатомиялық белгілер: Тілменің жітілеу түрінен өлген
шошқаларды сыртынан қарағанда, терідегі қызыл дақтар
кейде предагональді цианозға байланысты дененің төменгі
бөлігінде диффузды көгерумен жасырынуы мүмкін. Көкірек
және құрсақ қуысында кейде сарылау мөлдір суықтықтық
аздаған мөлшерін табуға болады. Көзге паренхиматозды
мүшелердің венозды қан көптігі түседі. Плевраның, көк еттің
сірлі қабықтарында, бүйрек капсуласының, көк бауырдың,
эндо және эпикардтың астында қан талаулар кездестіруге
болады.
Шошқа тiлмесiнiң профилактикасы бойынша
ветеринариялық - санитариялық іс-шаралар
мыналарды:
1) шошқаларды тікелей күн сәулесiнен қорғауды
қамтамасыз ететін жануарларға жазғы-лагерлік
ұстауды жабдықтау жолымен жылу күйзелісінің
профилактикасын;
2) шошқаларды құрама тамақ қалдықтарымен
залалсыздандырылмаған күйде азықтандыруға жол
бермеуді;
3) шошқаларды союды қайта өңдеу кәсiпорындарда
немесе жануарларды сою бойынша
мамандандырылған пункттерде жүргізуді қамтиды.
Шаруашылық жүргізуші субъектiден шектеу ауру
жануардың соңғы сауығу жағдайынан және қора-
жайларды, жаю алаңдарын және күтім жасау
заттарын мұқият тазартқаннан және қорытынды
дезинфекциялау жүргiзгеннен кейін күнтізбелік 14
күн өткен соң алынады.
Шектеудiң шарттары бойынша:
1) шошқаларды әкелуге (кіргізуге) және әкетуге
(шығаруға);
2) шошқаларды шарасыз союдан алынған
зарарсыздандырылмаған етiн шығаруға;
3) ауру шошқалармен байланыста болған шошқаларды
азықтандыруға арналған азықтарды шығаруға тыйым
салынады.
Емі. Тілмеге қарсы арнайы сарысу мен антибиотиктердің
емдік қасиеті жоқ. Гипериммундық қан сарысуыды ауру
малдың тірі салмағаының әр кг-на 1-15 мл мөлшерінде тері
астына, не бұлшық етке жібереді. Жануардың хәлі өте ауыр
болса, жіберілетін сарысудың жартысын құлақтың қан
тамырына жібереді. Сондай-ақ пенициллин, стрептомицин,
окситетакциклин, экмоновациллин, эритромицин, т.б. емдік
антибиотиктер емдік нәтиже береді. Сонымен қатар емдеу
барысында олорға гипериммунды қан сарысуын қолдану
болып табылады. Антибиотиктерді, сульфаниламидтерден
тілмені емдеуге пенициллин, бициллин-3, стрептомицин,
биомицин, окситетрациклин кең қолданнылады. Әсіресе,
синтомицин, хлортетрациклин, гентамицин, канамицин,
тилозин жіне оның туындылары тилан, фармазин, фразидин
жақсы нәтиже береді. Ауруды дауалауда шошқалардың
күтімін, жемін дүрыс ұйымдастырып, ветеринарлық-
санитарлық ережелерді қатаң сақтау керек. Шошқа
тілмесін болдырмау үшін басқа жақтан мал тұқымын
асылдандыру және малдану үшін жануарларды тек қана
сау шаруашылықтан әкелу керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
  
     1. Т.Сайдулдин «Індеттанулық және жануарлардың
жұқпалы аурулары» Алматы-2009ж (345)
     2. Е.И.Қасымов «Індеттану және инфекциялық
аурулар вет.санитария негіздерімен»  Алматы-2006ж
(125)
     3.  З.Қ Қожабаев «Мал аурулары»  Қайнар баспасы,
Алматы-1989ж (182)
     4.  Ығылманұлы  «Малдың жалпы патологиясы»
(113)
     5. Қибасов Мади «Мал аурулары және оларды
емдеу» Қайнар, Алматы 2004ж (166)
     6. «Мал дәрігерінің анықтамалығы» Қайнар 1986ж
(87)
     7. Құрманов   «Адамға малдан жұғатын аурулар»
Алматы-Қазақстан 1983ж (245)

Ұқсас жұмыстар
ШОШҚА ТІЛМЕСІНІҢ ҚОЗДЫРУШЫСЫ
Шошқа тілмесі
Шошқа тілмесі. Тілме (Erysipelas Suum)
Шошқа тілмесі, патморфологиясы
Эпизоотиялық ошақта жануарлар басының көпшілігі
АУЕСКИ АУРУЫ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН БИОПЕПАРАТ ТУРАЛЫ
АУЕСКИ АУРУЫ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН БИОПЕПАРАТ
Гриб Сабуро агарында
Гастрит жіктелуі
Мәдени сұрыптау
Пәндер