К. Д. Ушинскийдің халықтық ойын туралы ақпарат



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
Тақырыбы: К. Д Ушинскийдің халықтық ойын туралы пікірі.
Орындаған: Байкен Қымбат
П-223
Тексерген:Кулмышева Н. А.

Константин Дмитриевич Ушинский Тула қаласында чиновниктің отбасында дүниеге келді. Өзінің балалық және жастық шағын Чернигов губерниясының Новгород - Северск қаласына жақын жерде орналасқан әкесінің шағын жекеменшігінде өткізді. Орта білімді Новгород - Северск гимназиясында алады.

Еңбек жолы
1840 жылы Москва университетінің заң факультетіне оқуға түседі, онда белгілі профессорлар (Грановскийдің және басқалардың) лекциясын тындады. Студенттік жылдарда Ушинский әдебиетпен, театрмен қызыға айналысты, халықтың арасына сауаттылықты тарату туралы армандады.
1846 жылы Университетті бітіргеннен кейін 22 жастағы К. Д. Ушинский Ярославль заң лицейі профессорының міндетін атқарушы болып тағайындалды
1857-1858 жылы "Тәрбие үшін журналда" өзінің "Педагогикалық әдебиеттің пайдасы туралы", "Қоғамдық тәрбиенің халықтығы туралы", "Мектептің үш элементі" және басқа да орыс педагогикасына құнды үлес қосқан мазмұнды мақалаларын жариялады.

1854 жылы Ушинский алғашыңда Гатчинадағы жетімдер институтында орыс тілінің мүғалімі, кейіннен сол институттың инспекторы қызметін атқарады.
1859 жылы Ушинский Смольныйдағы инабатты қыздар институтының инспекторы болып тағайындалады.
1862 жылы Институттан шығарылды.
1864 жылы Шетелде "Ана тілі" атты тамаша оқу кітабын жазды және "Ана тілін оқытуға басшылық" деген мүғалімдер мен ата-аналарға арналған оқу құралы жарық көрді.
1870 жылы 46 жасында орыс халқының ұлы перзенті К. Д. Ушинский қайтыс болды.
1867 жылы Ушинский өзінің ең басты шығармасы "Адам-тәрбиенің пәні" атты еңбегін жазды

Ушинскийдің айтуынша
Халықтық бастамаға негізделген тәрбие ғана "халықтық дамудың тарихи үрдісінде тірі орган болып табылады".

Халықтық тәрбиенің мақсаты- адамгершілік қасиеттерін бойына жинақтаған адамды қалыптастыру.
Міндеті: «Дербестікті дамыту», бұл шындыққа, сұлулыққа және жақсылыққа жұмыс істеуі қажет деп есептеді. Баланың бойына адамдық қасиеттерді дамыту

Адамгершілік тәрбиесінің қағидалары
Тәрбиеленушіні тежеп отыру. ( Баланы басқару арқылы әдептілікке тәрбиелеу)
Баланы анықтай отырып отырып бағыттау.
Мақұлдау және жазалау арқылы баланың жан дүниесіне әсер ету.
Балаға насихат-өсиет айту, жіберген қателігін көрсету, және оның түзету.

К. Д. Ушинскийдің «Халықтық тәрбие» теориясы бойынша
Тәрбиеші баланың жеке басын терең құрметтеудің және табиғи жас ерекшелігін ескеру негізінде оқыту. Тәрбие үш түрлі қайнар көзден нәр алады.
Табиғат
қоршаған адам
қоршаған заттар

Тәрбие саласы төртке бөлінеді
Дене тәрбиесі
Жан тәрбиесі
Ақыл тәрбиесі
Сұлулық пен
әдеп-құлық тәрбиесі

«Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер де ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу, сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп, тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын. . . », «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек заманына лайық қып шығару»

Балабақша
Отбасы
Мектеп
Сабақтастық
К. Д. Ушинский балаларды мектепке даярлауға, балалар бақшасымен бастауыш мектеп бағдарламаларының үйлесімділігіне жәые сабақтастығына ерекше көңіл бөлді.

Халықтық ойындар туралы тұжырым
Ру-тайпалардың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, ойын-сауықтары жайлы көптеген этнографиялық материал дар жинаған
Көшпелі халықтың біздерге көрсеткен сый-құрметі мен ойын-сауықтары естен кететін шаруа емес.
«Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан - балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар.
Халықтық ойын негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған».

елдің өмірі-мен тығыз байланысты, оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Сондықтан оның тәрбиелік маңызы аса жоғары, әрі құнды.

Халықтық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты, байсалдылықты, т. б. мінез-құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш-қуат молдылығын, білек күшін, дененің сомданып шынығуын қажет етеді.

Ұлттық ойындарының түрлері
Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар
Түрлі заттармен ойналатын ойындар
Аңға, малға байланысты ойындар

Аңға, малға байланысты ойындар
Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр.
Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр, соқыр-теке, түйе мен бота

«Тышқан мен мысық» ойыны

Түрлі заттармен ойналатын ойындар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz