Интернет ауқымды желісі.Браузерлер.Электрондық пошта. Интернеттің пайдасы мен зияны




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ
МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАҚЫРЫБЫ: ИНТЕРНЕТ АУҚЫМДЫ
ЖЕЛІСІ.БРАУЗЕРЛЕР.ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА. ИНТЕРНЕТТІ Ң
ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ.

ТЕКСЕРГЕН:МЕЙРАМБЕК
Ә.М
ОРЫНДАҒАН:ЕРКІНОВА А.Е
ВС-505

2015-2016
ЖОСПАРЫ:
I.Кіріспе
+ Ауқымды желі
+ Интернетпен байланысу
II.Негізігі бөлім
+Браузерлер
+Электрондық пошта
+Интернет негізгі серверлері
+Интернеттің пайдасымен зияны
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылғын әдебиеттер
ИНТЕРНЕТ АУҚЫМДЫ ЖЕЛІСІ:
Ауқымды желі – олардың ара қашықтығына ешбір шек қойылмайды. Әр түрлі
мемлекеттердегі, айта берсек, әр құрлықтарда орналасқан компьютерлерді бір-бірімен
байланыстыратын ауқымды желілер бар. Ауқымды желілер жүйесінің компьютерлері
арасындағы жылдамдық жергілікті желідегідей жоғары емес, телефон каналдарын пайдалану
кезіндегі оның жылдамдығы секундына 2400-57600 биттер аралығында болады.
Егер басқа мекемеден мәліметтер алу жұмыстары жиі кездесетін болса, онда модем
сатып алу, компьютердің ауқымды желілерінің біріне қосылу амалын қарастырған жөн.
Компьютерлерді ауқымды желімен байланыстыру үшін модем сатып алып, оны кез
келген бір телефонға жалғау жеткілікті.
Дүние жүзінде көптеген ауқымды компьютерлік желілер бар, бірақ олардың арасында
ең белгісі Internet есептеледі.
Ауқымды және жергілікті желілердің қолданылу мақсаттары әр түрлі, бұл екеуі де
компьютерлік технологияның зор жетістіктері қатарына жатады.
Интернет (англ. Іnternet — жүйелер арасы) — дүние жүзіндегі ондаған мың жүйелерді
біріктірген әлемдік алып компьютерлік жүйе. Оның қызметі – тілек білдірушіні кез-келген
ақпаратпен үнемі қамтамасыз ету. Интернет шексіз ақпараттық ресурстар пайдалы мағлұмат,
оқу, ойын ұсынады білетін адамдармен араласуға мүмкіндік туғызады, қашықтықтағы
қызмет көрсетулерді, файлдарды электронды почта жіберуді және де басқа ақпараттық
ресурстарды ұсынады. Интернет дүние жүзіндегі адамдарды бір-бірімен араласуы үшін жаңа,
ешқайда баламасы жоқ тәсілдермен қамтамасыз етеді.
ИНТЕРНЕТПЕН :
Интернетпен байлансыудың ең кең тараған ж әне арзан т әсілі – модем
және телефон жүйесі арқылы байланысу. Осыған байланысты
Интернетке қосудың қызмет көрсету көлемдері мен ба ғасы жа ғынан
бір-бірінен өзгешеленетін үш түрі бар:
* почталық — кез-келген Интернетті қолданушымен тек электронды пчта
арқылы алмасуға рұқсат береді, ең арзан т үрі;
* on-lіne тәртібінде сеанстік (“тікелей байланыста”) — диалогтік
тәртіптегі жұмыс — жүйесінің барлық мүмкіндігі сеанс уа қытында;
* тура (жеке), ең қымбат тұратын — барлық мүмкіншілігі кез-келген
уақытта.
БРАУЗЕРЛЕР:
WWW-жүйесімен жұмыс жасау барысында қолданушы
программа – клиент жүйесімен жұмыс жасай алады, бұл
браузерлер деп аталады.
Браузерлер (англ. browse — парақтау, қарастыру) —
программалары көмегімен WWW жүйесімен диалог құрады:
WWW беттерін қарастырады, WWW-cерверлері мен Интернет
ресурстары арасында қарым қатынас жасайды.
Жүздеген браузер – программалары бар. Ең көп тараған
браузерлер: Netscape Navіgator және Mіcrosoft Explorer.
WWW браузерлері кез – келген сервер типтерімен олардың
протоколдарын қолдана отырып қарым – қатынаста бола алады.
Кез – келген серверден алған ақпаратты WWW браузер
бейнелеу үшін оңай, стандартты түрде экран бетіне шығарып
бере алады. Бұлкезде протоколдар арасындағы ауысулар
пайдаланушыға білінбейді.
Telnet – алыстатылған қатынас программасы. TELNET
протоколының көмегімен Интернетте жұмыс істейтін басқа
есептеу жүйесіне шығуға мүмкіндік беретін программа. Бұл
программа екі компоненттен тұрады: клиент-компьютерінде
орындалатын клиент - программасы, және сервер –
компьютерінде орындалатын сервер - программасы.
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА
Электрондық пошта (Electronіc maіl, англ. maіl — пошта, қыс қ. E-maіl, “и-мэйл” деп
оқылады). Электронды пошта желілері мен Интернет ішіндегі м әтіндік хабарламаларды
жеткізу үшін арналған. Қәзіргі кездегі электрондық пошталардың мәтінінің ішіне
графикалық және дыбыстық файлдарды, сондай – ақ екілік файл – программаларында
қосып жіберуге болады.
Электронды поштаны қолданатын әрбір абонентке өзіндік дербес пошталық адрес
беріледі. Оның форматы келесі түрде болады: <пайдаланушы аты> @ < пошталы қ
сервер аты>. Мысалы: earth@space.com, мұндағы earth — пайдаланушы аты, space.com
— компьютер аты, @ — “коммерциялық эт ” бөлуші символ.
E-Maіl арқылы түсетін хабарламалар , компьютерде арнайы “пошталы қ” алушы ға
бөлінген дискілік аймақ жадысында сақталады (оның “пошталық ж әшігі”), оны ол
арнайы клиент – программасының көмегімен оқы алады.
Ал хабар жіберу үшін абоненттің электрондық адресін білу керек. Сапалы т үрде
жіберген жағдайда электронды хат дүние жүзінің кез – келген жеріне жетеді.
Интернет жүйесінің негізгі сервиздері.
World Wіde Web (WWW, “Әлемдік өрмекші торы”) — гипертекстік, дәлірек айтқанда,
Интернет ресурстарын іздеудің гипермедиалық ақпараттық жүйесі және оған кіру.
Гипертекст — компьютер экранында текст элементтері арасындағы ма ғыналы қ
байланыстарды тауып көрсетіп отырып, бір элементтен екіншісіне о ңай к өшіруге
жағдай жасайтын ақпараттық құрылым. Гипертекстағы тәжірбиеде кейбір сөздердің
асты сызылады немесе басқа түрге боялады. Сөзді бөліп көрсету бұл сөзге қатысты
тақырып кейбір құжаттармен қатысы бар екендігін және онда өте толық қаралатынын
білдіреді.
Гипермедиа — егер гипертексті анықтауда “текст” сөзін кез-келген дыбыс графика
бейнелеу деген ақпараттық түрлеріне ауыстырғанда не шықса, сол текстік а қпараттпен
қатар басқа да кез-келген қос, мысалы, кодталған дыбыс немесе графиканы
байланыстыруға болатындықтан мұндай гипермедиалық нұсқаулар болуы мүмкін. Егер
бағдарлама дүние жұзілік картаны көрсетсе, компьютерді пайдаланушы мыщьты ң
(комп. тетігі) көмегімен картадан қандайда бір континенті та ңдаса, ба ғдарлама сол
мезетте ол туралы графикалық дыбыс және текстік ақпарат бере алады.
WWW жүйесі HTTP гипертекстің жіберетін протокол деп аталатын м әліметтер
жіберетін арнайы протоколда ұйымдастырылған (құрылған). HTTP “эйч-ти-ти-пи”, деп
оқылады, HyperText Transfer Protocol).
Барлық WWW жүйесінің ішіндегілері саит (англ. sіte — участке) деп аталатын. WWW-
беттерден тұрады.
WWW-беттері (cайттар) — World Wіde Web жүйесінің гипермедиалы қ құжаттары.
Олар HTML (Hypertext markup language) гипертекстік та ңбаларыны ң тіліні ң к өмегімен
жасалады.
ИНТЕРНЕТТІҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ
Бұл әлемде интернетке кірмейтін адам мыңның бірінде ғана
шығар. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы
интернетке кіреді. Яғни интернеттің маңызы зор. Интернетсіз
адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын адамдар
интернетке тәуелді болып барады. Адамзат баласы кем дегенде
күніне 1 сағатын Интернетте өткізетіні белгілі.
Ал енді интернеттің пайдасына келсек:
1. Интернеттен не керек бәрін табасың. Әсіресе студенттер және
мектеп оқушылары реферат, мағлұматтар, шығарма және т.б
алады. Қазірдің өзінде интернет арқылы тест тапсырып,
интернет арқылы сабақ алып жатқандада бар. Сондай ақ
интернет арқылы жұмыс істеп, сол арқылы ақша табуғада
болады. Яғни интернеттің пайдасы өте көп.
2. Интернет арқылы танысып, отау құрып жатқандарда бар.
Яғни бұл екі адамды қосатын күш.
Ал зиянына келетін болсақ.
1. Ең бастысы өз денсаулығыңды құртасың. Көз ден бастап.
2. Уақытың босқа кетеді. Яғни спортпен шұғылдануға
уақытың болмай қалуы мүмкін.
Қанша зиян дегенмен, Интернеттің пайдасы басымырақ.
Компьютер мониторының кескіндері адам көзінің көру
өткірлігін нашарлатады.Әрине, мұны барлығыда біледі.
Сонымен қатар тапжылмастан компьютер алдында отырғанда
бұлшық еттерді қажытады жәнеде омыртқаға зиян болады.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Ауқымды желі – олардың ара қашықтығына ешбір шек қойылмайды. Әр түрлі
мемлекеттердегі, айта берсек, әр құрлықтарда орналасқан компьютерлерді бір-
бірімен байланыстыратын ауқымды желілер бар.
Электрондық пошта (Electronіc maіl, англ. maіl — пошта, қысқ. E-maіl, “и-мэйл”
деп оқылады). Электронды пошта желілері мен Интернет ішіндегі мәтіндік
хабарламаларды жеткізу үшін арналған. Қәзіргі кездегі электрондық
пошталардың мәтінінің ішіне графикалық және дыбыстық файлдарды, сондай –
ақ екілік файл – программаларында қосып жіберуге болады
WWW-жүйесімен жұмыс жасау барысында қолданушы программа – клиент
жүйесімен жұмыс жасай алады, бұл браузерлер деп аталады.
Браузерлер (англ. browse — парақтау, қарастыру) — программалары көмегімен
WWW жүйесімен диалог құрады: WWW беттерін қарастырады, WWW-
cерверлері мен Интернет ресурстары арасында қарым қатынас жасайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒЫН ӘДЕБИЕТТЕР
*Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002
*Бөрібаев Б., Информатика және компьютер. Алматы:
Білім, 1995
*Исаев С.Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына
арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы:
Абай атындағы АМУ. 2000

Ұқсас жұмыстар
Интернет ауқымды желісі. Браузерлер. Электрондык пошта. Интернеттің пайдасы мен зияны туралы ақпарат
Ауқымды интернет желісі
Интернет, пайдасы мен зияны. Электронды почта.Браузерлер
Интернет ауқымды желісі. Браузерлер. Электронды пошта
ТЕЛЕФОН ЖЕЛІСІ
Интернет ауқымды желісі. БРАУЗЕРЛАР.ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОЧТА. ИНТЕРНЕТТІҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ
Интернет ауқымды желісі. Браузерлер. Электрондық почта. Интернеттің пайдасы және зияны
Интернет желісі. Браузерлер. Интернеттің зияны мен пайдасы. Электронды пошта
Компьютерлік желілер.Электрондық пошта.Әлеуметтік желілер
Интернет ауқымды желісі
Пәндер