Астық қоңызы




Презентация қосу
Тақырыбы: Астық
қоңызы
Жоспар
I. Кіріспе
1. Дәнді дақылдар зиянкестеріне жалпы
сипаттама
II. Негізгі бөлім
1. Астық қоңыздарының биологиялық
ерекшеліктері
2.Астық қоңыздарының таралу аймағы
3. Зиянды фазасы
4. Даму циклі
5.Есептеу әдістемесі
6. Қорғау шараларының көлемін
жоспарлау
Жалпы сипаттамасы
Дала кузькасы мен
крест қоңыздың орташа
ұзындықтары 9-13 мм,
арқаларының алдыңғы
бөлігі жасыл жарқылы бар
қара түсті болады, ал дала
кузькасының алдыңғы
қанаттары бір келкі
ақшылдау қызыл қоңыр
түсті. Кузька қоңызы бұдан
гөрі ірі, үстіңгі қанаттары
талшын түсті және олардың
түпкі бөлімінде төрт
бұрышты қара таңба
болады. Сол таңбадан
артқа қарай қанаттарының
түйісетін ішкі жиектерін
бойлай қара сызық
орналасқан.
Биологиялық
ерекшеліктері
Астық қоңыздары
қатты қанаттылар
отрядының тақтамұрттылар
тұқымдасына жатады.
Олардың орташа ұзындығы
9-13 мм. Арқаларының
алдыңғы бөлігі жасыл
жарқылы бар қара түсті
болады. Қоңыздардың
жұмыртқалары ақшыл, шар
пішінді, диаметрі – 2мм
шамасындай болады.
Личинкаларының денесі
доғаша иілген, 3 пар кеуде
аяқтары бар, сарғылт ақ
түсті болады. Ересек
личинкаларының ұзындығы
3,5 мм жетеді.
Таралуы
Дала кузькасы мен
крест қоңызы
Қазақстанның далалы
аймақтарында тегіс
таралған. Әсіресе олар
Павлодар, Семей,
Шығыс Қазақстан
облыстарының
құмдауыт
жазықтықтарында
орналасақан
аудандары мен Батыс
Қазақстанның далалы
аудандарында көп
кездеседі.
Таралуы
ДамуҚциклі
Қоңыздардың жұмыртқалары
ақшыл , шар пішінді диаметрі – 2
мм шамасындай болады.
Личинкаларының денесі доғаша
иілген, үш пар кеуде аяқтары бар,
сарғыт ақ түсті болады. Ересек
личинкалардың ұзындығы 3,5 мм
жетеді. Астық қоңыздарының
даму дәуірі екі жылға созылады.
Қоңыздар жұмыртқаларын өздері
қоректенген, сонымен қатар парға
қалдырылған және отамалы
дақылдар өсірілген участоктарда
топырақтың ылғалды қабатына
салады. Олар майдың аяғы мен
июньннің бас кезінде 5-15 см
тереңдікте қуыршақтанады.
Зиян келтіретін
Қ
фазасы
Қоңыздар жабайы өсетін және мал
азығы ретінде егілетін көп жылдық астық
тұқымдас өсімдіктердің гүлденген кезінде
шығады. Алғашқы кезінде олар сол
өсімдіктің гүл тозаңдарымен және
тұқымдарымен қоректенеді. Қоңыздар
әсіресе күндіз, жылыда , шуақта белсенді
болады. Мұндай күндері олар бір егістіктен
екінші егістікке ұшып қонып жүріп, тез де көп
қоректенеді. Түнге қарай қоңыздар топырақ
кесектерінің астын паналайды. Кейде ауа
райы жылы болған кездерде , оларды масақ
басынан түнде де кездестіруге болады.
Қоңыз личинкалары негізінен астық
тұқымдас өсімдіктердің ұсақ тамыршалары
мен топырақ шірінділерімен қорекетенеді де,
айтарлықтай зиян келтірмейді.
ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
Негізінен қоңыздардың таралу санын бақылау
көктемде, жазда, күзде жүргізіледі. Көктемдік бақылауда
әр алқаптан 0,25 м жерден 12-16 топырақ үлгілерін
алады. 15-20 см етіп қазады да, оларды көлемдерініе
сәйкес I, II жылдық деп бөле отырып, ұсталған
личинкаларды санайды. Олардың тығыздығы 1м2 жерге
орнатылады. Бірінші жылы қыстауға I,II жастағы
личинкалар кетеді, екінші жылы – III жастағылар кетеді.
Ал жазда масақтану және гүлдеу кезінде қоңыздарды
есептеу жүргізіледі. Бақылаушы егіс алқабында жүріп,
масақтардағы қоңыздарды он жердегісін санайды.
Барлық есептеу алаңы 100 м2, кейін қоңыздардың 1м2
жерге орташа таралуы анықталады.
Күзде қыстауға кеткен личинкалардың санын анықтайды.
Бақылаушы егістікте жазда анықталған жерлерді
бақылайды. Күздік анықтау тәсілі көктемдік анықтауға сай
келеді.
Күресу шараларын
жоспарлау

Күресу шараларын
жоспарлау
Күресу шараларын жоспарлау егістікті күздік бақылаға
сәйкес жүргізіледі. Жылдық болжауда қоңыздардың
популяциасының қозғалу фазасын , мөлшерін, қыстаға кетер
алдындағы физиологиялық жағдайын және олардың өз
жауларымен жарақаттануын ескереді. Қысттау фазасындағы
популяцияның өмір сүруі көлеміне байланысты: егер
қоңыздардың көлемі 200 мг-10%, 300 мг-е дейін – 50-60%дан
кем емес болады. Көлемі 300 мг-нан асытн қоңыздар жақсы
қыстап шығады да, жазда ұрпақ беруі 500-1200 қоңызға дейін
жетеді. Қоңыздардың өз жауларымен зақымдануы
популяцияның әлсіздігін көрсетеді, сондықтан 70-80% қоңызбен
зақымданған егістіктерді химиялық өңдеу тиімсіз болып келеді.
Күздік болжау нәтижелері бойынша күресу шараларын
жоспарлаудың басты белгісі көлемі 1м2 жерге көлемі 300 мг
аспайтын 3 өмір сүруге қабілетті қоңыздардың бар болуы
болып табылады. Осындай көрсеткішітер кезінде қоңыздардың
жаңа ұрпақтарына қарсы келер жылы химиялық күрес
жүргізіледі. Құрастырылған болжамды көктемде бекітеді.
Егістікті зиянкестерге
қарсы даярлау
Қорытынды
Сонымен қорытындылай келе,
ауыл шаруашылығында
қоңыздардың айтарлықтай
зияны бар екенін аңғардық.
Соның ішніде айтарлықтай
зиян келтіретіні астық қоңызы.
Олар егістікте астық дақыл
түрлерін қорек етіп, өсімдіктің
тамыр, жапырақ, сабақ
бөлектеріне зиян келтіруде.
Астық дақылдары
қоңыздармен осылайша
зақымдалса, астық өнімі төмен
болары анық. Сондықтан,
қоңыздарды жою ауыл
шаруашылық ғалымдарының,
агрономдардың міндеті болып
табылады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1.Агибаев А.Ж.,Тулеева А.К.,Сулейменова З.Ш
“Ауыл шаруашылық дақылдарын зинкестер мен
аурулардан қорғау ” Алматы,2010

2.Сулейменова З.Ш “Методические указание по
мониторингу численности вредителей,сорных
растений и развития болезней
селскохозяйственных культур” Астана,2004

3.Ә.Т.Тілменбаев,Г.Ә.Жармұхамедова
“Энтомология

4. http://dic.academic.ru- интернет желісі
Астық қоңызы

Тексерген: Сағандықов С.
Орындаған: Аққазынова Ж.
Аг-213

Ұқсас жұмыстар
ҚР облыстарының фитосанитария карантиндерінің жағдайы
Астық, бақша дақылдарының қойма зиянкестері
Астық дақылдарының тұқымына қойма зиянкестерінің тигізетін зиянын зерттеу
Астық қоңыз
Дәнді дақылдардың зиянкестері мен аурулары
Колорад қоңызы. Шығыс жеміс жемірі Калифорниялық қалқаншалы сымыр. Капр қоңызы
Бұршақ бітесі
Астықтың оңтүстік барылдақ қоңызы (Zabrus tenebrioides)
Астық тұқымдастары
Астық және бұршақ тұқымдастарын ветеринарлық санитарлық сараптау
Пәндер