Электронды өкімет


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

ОӨЖ

Тақырыбы:

Электронды өкімет.

e. gov. kz cайтының қызметі

Орындаған: Қайырбекова Н. А

Тексерген: Мейрамбек А. М

Slide 2

ЖОСПАРЫ:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

Электронды өкімет.

e. gov. kz cайтының қызметі

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Электрондық үкімет (е-үкімет) - халықтың ел үкіметімен тікелей байланысын қамтамасыз ететін жүйе. Бұл - қызмет көрсету, азаматтардың саясатқа араласуы және басқару үрдістерін ішкі және сыртқы қарым-қатынастарды техникалық құралдардың, Internet-тің, қазіргі заманғы БАҚ көмегімен өзгерту арқылы үздіксіз оңтайландыру. ҚР Электрондық үкіметі веб-порталы - www. e. gov. kz. мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» принципімен ұсыну тұжырымдамасын жүзеге асырудың тәжірибелік механизмі болып табылады.

Slide 4

Электрондық үкімет азаматтарға мемлекетпен қарым-қатынас жасауды және мемлекеттік қызметтерге қатынауды орналасқан орны мен жыл мезгіліне тәуелсіз, тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн бойы қамтамасыз етіп отыруы тиіс. Мемлекеттік мекемелер көрсететін барлық қызметтердің тізімі мен сипаттамасы, нормативтік-құқықтық ақпарат, азаматтардың билікпен, түрлі әлеуметтік қызметтермен, комитеттермен және ведомстволармен ашық та тура сұхбаты кез келген уақытта бәріне де, әркімге де ашық болуы тиіс. www. e. gov. kz. Веб-порталының пайдаланушылары екі категорияға бөлінеді: пайдаланушылар және тіркелген пайдаланушылар. Пайдаланушылар веб-порталдың барлық беттерін қарап шыға алады, бірақ жеке беттерге қатынаса алмайды.

Slide 5

«Электрондық үкімет» - мемлекеттік қызметтерді онлайн көрсетуге арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіретін жалпы мемлекеттік жүйе. www. egov. kz веб-порталы арқылы әрбір қазақстандық тәуліктің кез келген уақытында, еліміздің, тіпті әлемнің кез келген нүктесінен өтініш бере, анықтама ала, салық немесе айыппұл төлей алады немесе қандай да бір қызметті қалай алуға болатыны туралы біле алады.

Порталда ұдайы түрде жылжымайтын мүлік, отбасы қатынастары, білім беру және инновациялар, мәдениет, жұмысқа орналасу және жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, азаматтық, көлік, денсаулық, туризм және адамның өмір сүруіне қажетті салалар бойынша тақырыптық тарауларда ондаған электрондық қызмет түрлері пайда болып отырады.

Slide 6

Портал көмегі арқылы мемлекеттік органдарға жүгінуіне байланысты күнделікті мыңдаған мәселелерді шешуге болады: мекенжайлық анықтама, зейнетақы аударымдары туралы жазба алу, коммуналдық қызметтерді төлеу, баланы бала-бақшаға кезекке қою, дәрігер қабылдауына жазылу және т. б. Ерекше жағдайларға арналған қызметтер де бар: www. egov. kz арқылы некені тіркеуге өтініш беруге немесе «Бала туу» композиттік қызметін пайдалануға болады. Әрбір пайдаланушы өзіне қажетті қызметті таба алады: жүргізушілер - ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұл төлей алады, ата-аналар - балаларын білім беру мекемелеріне бере алады, ал кәсіпкерлер - өз бизнесін тіркей немесе салық төлей алады.

«Электрондық үкімет» порталында қызмет алу басымдылықтарының қатарына уақыт үнемдеу, кезектің болмауын, мемлекеттік деректер базасына сұранымдар жасау есебінен қажетті құжаттар санының азаюын, әрі ең бастысы - барлық қызметтер онлайн, яғни кез келген уақытта қолжетімді екенін жатқызуға болады.

Slide 7 Slide 8

Портал қызметтеріне қолжетімділік алу үшін жеңіл болып келетін тіркеу процесінен өту қажет: пайдаланушы келісімін қабылдау, жеке сәйкестендіруші нөмір (ЖСН) енгізу және пароль ойлап табу қажет. Сондай-ақ белгілі бір қызмет тізімін алу үшін пайдаланушыда электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) талап етіледі, ол дәстүрлі қолтаңбаның аналогы болып табылады.

«Электрондық үкімет» порталы - мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа деңгейін қалыптастыратын ресурс. eGov. kz - мейлінше аз ұсынылатын құжаттар саны, аз уақыт жұмсау және бюрократиялық кедергілердің болмауы.

Slide 9

2012 жылы Қазақстанда «электрондық үкіметті» дамыту деңгейін әлемдік қауымдастық жоғары бағалады. БҰҰ рейтингінде 2010 жылмен салыстырғанда мемлекет 46-орыннан 38-орынға көтерілді. Бұл жерде қызметтерді онлайн көрсету индексі 10 позицияға, ал телекоммуникациялық инфрақұрылым - 14 позицияға көтерілді. Е-қатысу индексі бойынша азаматтардың үкіметпен қатысу мүмкіндігі бойынша Қазақстан 2-орынға ие болды.

Slide 10

Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ/ Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б. Б., Дәулетқұлов А. Б. - Алматы:ЖТИ. 2004

Информатика: оқу құралы/ Байжұманов Қ. М., Жапсарбаев Л. Қ. - Астана 2004

Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002

Исаев С. Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы: Абай атындағы АМУ. 2000

Информатика. Базовый курс для вузов. Под ред. Симоновича С. В. СПб, Питер, 2000 г.

Лабораторный практикум по информатике: Учебн. Пос. для вузов/ Пол ред. В. А. Острейковского. - М. : Высш. Шк., 2003. - 376 с.

Информатика: Учеб. Пособие для студ. Пед. Вузов/ А. В. Могилев, Н. И. Пак, Е. К. Хеннер; - М. : Изд. центр «Академия», 2000г.

Пайдалынылған әдебиеттер:


Ұқсас жұмыстар
Электронды өкімет. е. gov. kz сайтының қызметі жайлы ақпарат
Электронды үкімет. Е.gov.kz сайтының қызметі
Электронды өкімет. e.gov.kz сайтының қызме
Электронды үкімет. e. gov. kz сайтының қызметі туралы ақпарат
Электронды өкімет. e. gov. kz сайтының қызметі туралы ақпарат
Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
Электронды өкімет және e.gov.kz сайтының қызметі
Тарих факульте
Саяси тәрібі
Қазан төңкерісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz