Ет алу үшін ірі қара мал өсіретін фермалар құру




Презентация қосу
Ет алу үшін ірі қара мал
өсіретін фермалар құру
Орындаған: Айдархан Еламан
Шаймурат Мурат
ТО-411
Тексерген: Есенбекова З.Ж.
Мазмұны
Резюме
Кіріспе
1. Жобаның тұжырымдамасы
2. Өнімінің (қызметтің) сипаттамасы
3. Өндірістер бағдарламасы
4. Маркетингтік жоспар
5. Техникалық жоспарлау
6. Ұйымдастыру, басқару және құрам
7. Жобаны іске асыру
8. Пайдалану шығыстары
9. Жалпы және әкімшілік шығыстар
10. Қаржыландыру қажеттілігі
11. Жобаның тиімділігі
12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әс
Резюме
Жобаның тұжырымдамасы Аягөз қаласында ет алу үшін ірі қара мал өсіретін фермалар
құруды қарастырады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты оған қатысушының материалдық хал-жағдайын жақсарту
үшін табыс түсіру болып табылады. Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы өнімдерді
тұтынушы – етті қайта өңдеу кәсіпорындары, облыстың және жақын орналасқан аудандардың
тұрғындары болып табылады.
Сиыр қора үшін “СПАЙДЕР-В” жүйесінің жылытылған ғимаратын сатып алу жоспарлануда.
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:

Шығысытар, мың теңге 2016

Негізгі капиталға инвестициялар 4500000

Айналым капиталы 2000000

Барлығы 6500000
Жоба экономикалық көзқарас жағынан
мыналарға ықпал ететін болады:
жаңа жұмыс орындарын құру, бұл
жұмысшылардың тұрақты пайда табуына
мүмкіндік береді;
ет алу үшін ірі қара мал өсіретін жаңа фермалар
ашу;
экологиялық таза өнім өндіру;
Аягөз қаласының бюджетіне салықтар мен басқа
да аударымдардың түсуі. Әлеуметтік әсерлердің
арасында мыналарды бөліп көрсетуге болады:
халықтың ет өнімдеріне деген сұранысын
Кіріспе
Етті, әсіресе сиыр етін өндіруді ұлғайту мәселесі – мал шаруашылығы саласындағы барынша
өзектілерінің бірі. Қазіргі уақытта Қазақстанда сүтті және құрамдастырылған тұқымды мал өсіру есебінен
шешілуде.
Сонымен бірге ет ресурстарын ұлғайтудың маңызды резерві мамандандырылған ет шаруашылығын
дамыту болып табылады, оның бірқатар экономикалық және өнімділік ерекшеліктері бар.
Мамандандырылған ет тұқымды мал барынша жоғары ет өнімділігімен және сиыр етінің сапасымен, тез
өсіп жетілетіндігімен ерекшеленеді. Оларды сойып, одан әлемдік стандартқа сай келетін, жоғары
деңгейде тағам ретінде тұтынылатын ет өндіреді, жоғары сапалы тері шикізатын алады.
Бұл шығыны аз сала, капитал салудың, азық-түлік жағдайларының шектелуі, сүт өнімдерін өткізу
нарығының қашықтығы сүт бағытындағы мал шаруашылығының дамуын тежейтін жерді пайдалану
дамыған өңірлерде ет өнімдерін тиімді өндіруге мүмкіндік береді.
Ет бағытындағы малдың санын қалпына келтіру және одан әрі ұлғайту фермер шаруашылығын
дамытуға, оларды нығайтуға, мамандандыруға, нақты табиғи, экономикалық жағдайлар мен нарық
жағдаятына байланысты мал басын өнімді шоғырландыруға бағытталған. Міне, осындай
шаруашылықтарда жемазық дайындаудан, төл алу мен өсіруден, оны жаю мен азықтандырудан бастап
сатуға дейінгі сиыр етін өндірудің белсенді технологиясын тиімді пайдалануға болады.
Ауыл шаруашылығын қалыптастыруды ірілендірген кезде оған жаңа етті сиырларды кеңінен өсіру
сияқты сүт және сүт-ет бағытындағы өнімділігі төмен сиырларды етті тұқымды бұқалармен
шағылыстыру негізінде де қол жеткізуге болады.
Мал шаруашылығы өнімдерінің 80%-дан астамы үй шаруашылығында өнімділігі төмен малдан
алынатынын ескерген жөн. Бұл секторда, атап айтқанда, сүт өндіру көлемі отбасы мен нарықтың
қажеттілігінен асып түсетін шаруашылықтарда малдың ет өнімділігін арттыру үшін етті тұқымды
бұқаларды өсірген орынды болып табылады.
1. Жобаның тұжырымдамасы
Жобаның тұжырымдамасы Алматы облысында ет өндіру үшін ірі қара мал өсіретін фермалар
құруды қарастырады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты оған қатысушылардың материалдық әл-ауқатын жақсарту
үшін табыс түсіру болып табылады.
Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы өнімдерді тұтынушы – етті қайта өңдеу
кәсіпорындары, облыстың және жақын орналасқан аудандардың тұрғындары болып
табылады.
Өнімнің басымдылығы мыналарды құрайды:
- жоғары технологиялы және заманауи жабдықтарды пайдалану;
- жоғары сапа;
- төмен баға.
Кәсіпорынның өз жемазық базасы бар – жайылым.
Сиыр тұратын орынның жалпы алаңы 764,4 шаршы метрді құрайды.
Бұл бизнес-жоспар басшылыққа алынатын соңғы нұсқа емес, тек осындай бизнес-идеяны
дамытудың әлеуетті мүмкіндігі ғана болып табылады. Сондықтан да осы жобаны іске
асырған кезде жобаның басында жіберілген кемшіліктерді өзгертуге болады. Жоспарланған
кәсіпорынның бәсекелестік басымдықтарын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтардың
айырықша ерекшеліктерін барынша ашып көрсету қажет.
2. Өнімінің (қызметтің)
сипаттамасыболып
Ет халық тұтынатын барынша толық және кеңінен тараған өнімнің түрі
табылады. Еттің тағамдық және биологиялық құндылығын оның бай
химиялық құрамы, әсіресе белоктық бөлігі құрайды. Ол тез
қорытылатындығымен және құндылығымен ерекшеленеді.Кулинарлық түрде
жеңіл өңделеді. Адам етті үнемі тұтынады, одан тағамның түр-түрін жасауға
болады, бұл тағамның санын барынша түрлендіруге мүмкіндік береді.
Еттің құрамына толыққанды белок, сондай-ақ майлар, дәрумендер, белсенді
және минералды заттар кіреді. Ет және ет тағамдары ағзаны белокпен және
маймен қамтамасыз ету көздері болып табылады. Әсіресе сіңір тініндегі
белоктар толыққанды болып келеді. Химиялық құрамы және сіңімділігі
бойынша байланыстыратын, нерв тіндері мен сіңірлердегі белоктардың
құндылығы төмен.
Ет – қорытылатын фосфор мен темір көзі болып табылады, оның құрамында
калий натрий, цинк, йод, мыс және басқа да минералды заттар, дәрумендер
(негізінен В тобындағы) бар. Етте қайнаған кезде сорпаға шығатын белсенді
заттар көп, ол ас қорыту бездерінің қызметін жандандырады, тәбетті ашады,
астың қорытылуын жақсартады, еттің дәмі мен иісі көбіне осыған байланысты
болады.
Еттің химиялық құрамы малдың түріне байланысты болады. Еттің жоғары
сапалылығы оның сыртқы түрінен, консистенциясынан, иісінен белгілі болады.
Жаңа сойылған немесе салқындатылған етті түрі қызыл түсті, тығыз болып
келеді.
Етті емдеуге де қолданады, өйткені ол амин қышқылына, белокқа, минералды
заттарға, атап айтқанда темірге бай. Сондықтан да туралған еттен жасалған
тағам жиі қолданылады, өйткені ол тез қорытылады.
Малды сою қызметтері
ІҚМ-ды ет комбинаттарында, сою пункттерінде союға ғана рұқсат етіледі. Союға жіберілетін ірі қара малдың әр
партиясы үшін ІҚМ басының саны, бағыты көрсетілген, екпелері туралы мәлім еттері бар анықтама қағазы
қажет.
Станцияға жіберер алдында ІҚМ-ды ветеринар немесе ветеринарлық-санитариялық қызмет фельдшері тексереді.
Ол құжаттарды байқайды, малдың санын анықтайды, денсаулығын тексереді. Бәрін тексерген соң құжатқа
белгі соғады. Етті қайта өңдеу зауыттарында ІҚМ-ды қабылдаған кезде барлық ілеспе құжаттамаларды
тексереді, малдарды санитарлық жағынан қарайды, осыдан соң малды сою алдындағы базаларға жібереді.
Мамандандырылған ет бағытындағы шаруашылық мал шаруашылығындағы дербес сала ретінде Қазақстанда
өткен ғасырдың 30-ы жылдарында құрыла бастады. Жергілікті (аборигенді) малды және калмық малын өсіру
және герефордтармен жұтылып шағылыстыру жолымен 1950 жылы қазақтың ақбас тұқымы алынды және
сынақтан өтті.
Осы алғашқы отандық мал тұқымы герефордтан алынған тез өсетін еттілігімен, сондай-ақ жергілікті жерге тез
бейімделу және аналық қасиеттерімен ерекшеленді. Бұл осы тұқымды республиканың табиғи жайылымы кең
барлық өңірлерінде өсіруге мүмкіндік берді.
Нарықтық экономикаға өткенге дейін республикада осы тұқымнан 1 млн. 144 мың бас мал, соның ішінде 440
мың сиыр болды. Қазіргі кезде қазақтың ақбас тұқымды малының саны 650-700 мыңның шамасында. Ресейде
қазақтың ақбас тұқымының генефондын пайдалана отырып етті малдың жаңа түрі, ал Монғолияда – селенті
тұқымы алынған.
1997 жылы осы тұқымының ішінде комол малының төрт зауыттық түрі сынақтан өтті, олар: республиканың
батысында «Шағатай», «Анката», солтүстік-шығысында «Калбатау» және солтүстігінде «Алабота» түрлері.
1992 жылы ет малының тағы бір отандық түрі – Әулиекөл түрі сынақтан өтті, ол күрделі шағылыстырып өсіру
жолымен алынды. Бұл үш етті тұқымның негізі – қазақтың ақбас, шароле және абердин-ангусс түрлері болып
табылады. Бұл тұқым Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды және Ақмола облыстарында кеңінен
тараған.
3. Өндірістер бағдарламасы
1-кестеде өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы берілген.
1-кесте - Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы
Сату бағдарламасы жасалған келісімшарттар жолымен, маркетингтік зерттеулер, сондай-ақ
жарнамалық акциялар арқылы жүзеге асырылатын болады.
Көрсеткіш (жылдық) 2 016 2 017 2 018 2 019 2 021 2 022
020
Орташа сиыр басы саны (ересек мал)
13 15 21 25 29 35 45
бас
Орташа жас мал басы, бас. 7 9 13 18 25 30 40
Ет өндіру, тн. 0 7 10 9 11 13 14
Тірі салмақта 1 малдың массасы , кг. 570
Сойылған салмақта 1 малдың массасы ,
333
кг.
Малды тірі салмақта сату (бұзау)
Сатуды, бас 0 0 10 12 1 7 14
Кірістер баптары 2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018
бастау күні
Ет сату с 01.17 0 9 557 16 636 11 592 14 661 16 865 17 760
Малды тірі салмақта
сату с 01.18 0 0 6 250 7 500 625 4 375 8 750
Малды сою қызметтері с 04.16 7 667 10 223 10 223 10 223 10 223 10 223 10 223
Барлығы   7 667 19 780 33 109 29 315 25 509 31 463 36 733
4. Маркетингтік жоспар
4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы
Қазақстанда ет бағытындағы мал өсіретін 81 асыл тұқымды зауыт пен шаруашылық
жұмыс істейді, соның ішінде облыста – 25 асыл тұқымды шаруашылық, оның 3-уі
асыл тұқымды зауыт. Мың асыл тұқымды мал, соның ішінде 30 мың сиыр бар, бұл
тауар өндіруші шаруашылықтардың контингентті шығаруда пайдалану үшін
қажетті бұқаларды алуға деген қажеттілігін толық қанағаттандырады.
Алайда аналық мал басына деген сұраныс әлі қанағаттандырылған жоқ, өйткені
көптеген асыл тұқымды шаруашылықтардың қызметі өз табындарындағы сиыр
басын ұлғайтуға ғана бағытталған, оларда басы артық аналық сиырлар саны
жетіспейді. Осыған байланысты асыл тұқымды базаны одан әрі кеңейту қажет
болуда.
Республикада шамамен 6,2 млн. бас ірі қара мал бар.
2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы республикада мал басы ұлғайды:
- ірі қара мал – 1,1%, 6 160,4 мың басқа дейін;
- соның ішінде сиыр – 2,3%, 2 778,8 мың басқа дейін;
- құс – 1,1%, 33 036,3 мың басқа дейін.
  2016 жыл 2017 жыл 2016 ж. қарағанда 2017
ж. к г
± %
Мал және құс саны, мың бас
ірі қара мал 6 160,4 6 095,2 65,2 101,1
соның ішінде, сиыр 2 778,8 2 717,2 61,6 102,3
Өнім Астан Талд Көкш Қоста Павло Шым Алмат
а ыкорға етау най дар кент ы
н

ІҚМ (етті, ересек, 116 667 125 750 138 000 150 000 130 833 135 833 165 000
бас.), бір басына,
теңге
Сиыр еті, теңге 1 118 840 1 024 902 929 1 050 1 311
4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер
Қазіргі уақытта Қазақстанда негізгі күш мал шаруашылығын дамытуға жұмсалуда.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сәйкес мал шаруашылығы өнімдері
бойынша Қазақстанның экспорттық әлеуеті астық экспортының мүмкіндігіне
қарағанда жоғары.
Қазақстанның қолайлы климаттық және экономикалық жағдайлары, сондай-ақ
пайдаланылмаған жайылым аумағының молдығы экономиканың осы секторының
тартымдылығына негіз болады және бизнеске инвестициялау бойынша жағдай
жасайды. Осыған байланысты 2015 жылға дейін бүкіл ел бойынша репродуктор-
шаруашылықтар мен фермер шаруашылықтарының бордақылау алаңдарының
желісін құру жоспарлануда.
Мысалы, алдағы бес жылда жалпы қуаты 150 мың бордақылау орындық 60
бордақылау алаңын, ет бағытындағы ІҚМ өсіру мен көбейту жөніндегі
54репродуктор-шаруашылығын құру міндеті тұр.
Осы мақсатта шамамен 72 мың бас шетелде селекцияланған мал әкелінетін
болады. Бұдан басқа, аналық мал басының жалпы саны 300 мыңнан асатын ет
бағытындағы мал өсіруге мамандандырылатын фермерлік шаруашылықтар
желісін құру жоспарлануда.
4.4 Маркетинг стратегиясы
Қазақстанда жоғары сапалы өнімді ұсынатын ең бір жоғары технологиялы және
заманауи мал шаруашылығы кешендерінің бірі рет інде жаңа кәсіпорынды
жайғастыру қажет.
Бастапқы кезеңде, өнімді шығарардан 1-2 ай бұрын мал шаруашылығы
өндірісінің басталатыны туралы мақалалар мен отандық тауар өндірушінің
жарнамаларын орталық баспасөзде орналастыра отырып мықты PR науқанын
өткізу қажет.
Бірінші көтерме сатып алушылар үшін баға бойынша жеңілдіктер белгілеу және
бұл туралы облыстық және республикалық газеттерде PR мақалаларын жариялау
қажет.
Мынадай сәттерді ескере келе сұранысты қалыптастыру және өткізуге
ынталандыру жоспарлануда:
- Мал шаруашылығы кешенін пайдалы орналастыру;
- Бас қалармен салыстырғанда бағаның барынша төмен деңгейі;
- Білікті құрам;
- Заманауи жабдықтар;
- Сұранысқа ынталандыру бағдарламаларын іске асыру.
5. Техникалық жоспарлау
5.1 Технологиялық процесс
Өнімді ет бағытындағы фермаларды бірнеше жолмен құруға болады.
Асыл тұқымды шаруашылықтарда мыналардың есебінен таза асыл
тұқымды мал өсіруге бағытталады: өздері өсіру немесе таза тұқымды
мал сатып алу (тайыншалар мен құнажындар); етті мал эмбриондарын
салу; етті малдың ұрықтарын пайдалана отырып жұмыс істеп тұрған
аналық мал шаруашылығында жұтылып шағылыстыру.
Мамандандырылған етті мал шаруашылығының тиімділік деңгейін
селекциялық, технологиялық, ветеринарлық-санитарлық және
ұйымдастыру факторлары айқындайды.
Мамандандырылған етті мал шаруашылығының тиімділігі көпшілік
жағдайда тұқымына байланысты болады. Тұқымды таңдаудағы басты
өлшемдер – малдың өнімділігі, өндіріс мақсаты, олардың өңірлердің
жағдайына бейімделуі, жемазық базасының сипаты және ұстау
технологиясы.
.3 Жабдық және инвентарь (техника)
Copeland компрессорлары базасындағы
opeland компрессорлары базасындағы тоңазытқыш
тоңазытқыш қондырғылары өнімділігі және әр
ндырғысы.
түрлі таңазытқыш камералары мен қоймалары үшін
комплектісі көп өнімді сақтауға, салқындатуға
және мұздатуға арналған.
Тоңазытқыш камерасы "сэндвич-панелдерден"
жинақталған жиналып-бұзылатын құрылғыдан
тұрады. Камераның түбі, төбесі, қабылға
панельдері, есік блогы және бұрыштық тұғырлары
бар.
Панельдері екі жағынан металл қабатымен
қапталған құймалы жылу ұстағыш қабаттан
(пенополиуретаннан) тұрады. Қабырға және төбе
панельдері өндірісінде қалыңдығы 0,5 мм с
полимермен қапталған ыстықтай цинктелген
болат қабат қолданылады. Түбінің панелі үшін
қалыңдығы 1,2 мм ыстықтай цинктелген болат
қабат қолданылады. Сырланған металл
6. Ұйымдастыру, басқару және құрам
Кәсіпорынға директор жалпы басшылық жасайды.
Меңгеруші жүргізушінің, ғимаратты жуушының,
күзетшінің, слесарь мен шаруашылық меңгерушісінің
жұмысын бақылайды. Зоотехник пен электрик
инженерге бағынады.
Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы төменде
келтірілген мынадай түрлерден тұрады
7. Жобаны іске асыру
7.1 Іске асыру жоспары
Осы жобаның іске асуы 2016 жылғы қарашадан \ бастап 2017 жылдың наурызына
дейінгі кезеңді алатын болады деп болжануда.
10-кесте - Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары

2016 2017
Іс-шаралар\Ай
11 12 1 2 3
Маркетингтік зерттеу жүргізу және ТЭН
         
әзірлеу
Қаржыландыру мәселесін шешу          
Кредит алу          
Ангарды орнату          
Жабдықтар үшін аванстық төлем          
Құрамды іздестіру        
Жабдықты жеткізу, құрастыру          
Жарнаманы орналастыру          
ІҚМ сатып алу          
8. Пайдалану шығыстары
айдалану шығыстары ауыспалы шығыстардан
рады.
2-кесте - Бір айдағы ауыспалы шығыстар, ҚҚС-
ыз Бағас Нормас
Өндірістегі
Өлш. ы, ы
өзге де 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022
бірлігі мың (жылын
шығыстар
теңге а, тн)
Ересек табын гол.     52 52 50 51 55 58 57
Шөп мың тн. 6,9 1,4 488 488 468 477 516 542 537
Жемшөп мың тн. 3,4 0,7 123 123 118 120 130 137 135
Дәнді дақыл мың тн. 14,4 0,7 544 544 522 532 575 604 599
Тамырлы мың тн.
дақыл 16,1 0,4 321 321 308 313 339 356 353
Дәруменді- мың тн.
минералды
қосындылар 110,4 0,03 149 149 143 146 158 166 164
Жиыны мың тн.     1 626 1 626 1 560 1 588 1 718 1 804 1 788
Жас төл бас.     45 56 60 63 68 73 74
Шөп мың тн. 6,9 0,7 211 264 282 294 320 344 349
Жемшөп мың тн. 3,4 0,3 53 67 71 74 81 87 88
Дәнді дақыл мың тн. 14,4 0,4 235 294 314 328 357 383 389
Тамырлы мың тн.
дақыл 16,1 0,2 139 174 185 193 210 226 230
Дәруменді- мың тн.
минералды
қосындылар 110,4 0,0 65 81 86 90 98 105 107
Жиыны мың тн.     703 879 938 979 1 066 1 145 1 163
Еңбек ақы төлеу шығыстарының есебі, мың
тг
№ Лауазымы Саны Жалақы Есептеуге ЕТҚ
  Әкімшілік-басқару құрамы        
1 Директор 1 100 100 106
2 Бухгалтер 1 40 40 42
  Жиыны 2 140 140 148
  Өндірістік құрам        
1 Зоотехник 1 45 45 48
2 Малшы 2 38 76 81
3 Жұмысшы 1 30 30 32
4 Қасапхана жұмысшысы 2 38 76 81
5 Вет.дәрігер 1 40 40 42
  Жиыны 7 191 267 284
  Қызмет көрсету құрамы        
1 Жүргізуші 1 45 45 49
2 Орын-жайды жинаушы 1 25 25 27
  Жиыны 2 70 70 76
  Қосалқы құрам        
1 Күзетші 3 20 60 64
2 Слесарь 0,5 30 15 16
3 Электрик 0,5 35 18 19
4 Шаруашылық меңгерушісі 1 25 25 27
  Жиыны 5 110 118 125
  Құрам бойынша барлығы 23 621 909 964
10. Қаржыландыру қажеттілігі
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығыстар мыналарды қамтиды:
15-кесте - Жобаның инвестициялары, мың теңге
Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен
де жүзеге асыру жоспарлануда
16-кесте - 2016 жылға арналған қаржыландыру бағдарламасы, мың теңге

Шығыстар 2 016

Негізгі капиталға инвестициялар 4500000

Айналым капиталы 2000000

Барлығы 6500000

Қаржыландыру көзі Сомасы Кезеңі Үлесі

Өз қаражаты 1500000 01-06.16 30%

Қарыз қаражаты 3000000 01-06.16 70%

Барлығы 4500000   100%
11. Жобаның тиімділігі
11.1 Cash-flow проекциясы
Cash-flow проекциясы (Ақша қаражаты қозғалысының есебі. 1-қосымша)
нақты ақша ағынын, яғни қолма-қол ақша ағыны (нақты ақша ағынын) мен
төлемдерді (нақты ақшаның кетуін) көрсетіп отыр.:
операциялық қызмет — қызметтің негізгі түрі, сондай-ақ компанияның
ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуын құрайтын нақты қызмет;
инвестициялық қызмет — айналымнан тыс активтерді (негізгі қаражат,
материалдық емес активтер) және басқа да инвестицияларды құрумен
және сатумен байланысты қызмет түрі;
қаржы қызметі — компанияның капиталы мен қарыз қаражатының мөлшері
мен құрамының өзгеруіне алып келетін қызмет түрі. Әдетте, мұндай қызмет
операциялық және инвестициялық қызметті қаржыландыру үшін қажетті
кредиттер мен қарыздарды тарту мен қайтаруға байланысты болады.
Ақша ағынына жасалған талдау жобаның жылдар бойынша оң серпінін
көрсетіп отыр.
12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық
әсер
12.1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні
Жобаны іске асыру кезінде мынадай міндеттерді шешу көзделген:
Жаңа жұмыс орындарын құру, бұл жұмысшылардың тұрақты пайда
табуына мүмкіндік береді;
Ет алынатын ірі қара малды өсіру үшін жаңа ферма құру;
Алматы облысының бюджетіне салықтар мен басқа да
аударымдардың түсуі (7 жылда 21 млн. теңгеден астам).
Әлеуметтік әсерлер арасынан мынаны бөліп көрсетуге болады:
Халықтың ет өніміне деген сұранысын қанағаттандыру;
Жобаны іске асыру нәтижесінде 23 жұмыс орны құрылады.
Біліктілікті арттыру жоспарлануда.
12.2 Қоршаған ортаға әсер
Қазіргі заманғы өнеркәсіпті мал шаруашылығында энергияны қажет ететін технологияларды
көптеп қолдану қоршаған ортаға антропогенді жүктеменің ұлғаюымен қатарлас жүреді. Бұл
мал шаруашылығы кешендері келтіретін ластаулардың кері әсерлерінің алдын алу
шығыындарының артуына алып келеді.
Әсіресе болуы мүмкін кері салдарларды анықтаудың және оның алдын алу әдістерін
айқындаудың маңызы зор. Бұларға атмосфералық ауаға ластаушы және басқа да заттардың
шығарындыларын; су және жерасты су объектілері мен су жинау алаңдарына шығарындылар;
топырақтың ластануын; өндіріс және тұтыну қалдықтарының жинақталуын жатқызуға болады.
Мал шаруашылығы кәсіпорындарынан шығатын ластаушы заттар көзін мыналарға бөлуге
болады:
газ тозаңы шығарындылары —органикалық қалдықтардың шіру немесе жану өнімдері;
микроорганизмдер; тозаң; күкірт; көмірсутегі;
қатты тозаң түйіршіктері, жемазық қалдықтары полидисперлі массасы бар ағынды сулар,
сондай-ақ азот, нитрит, нитрат, хлорид, сульфат, фосфат, патогенді микробтар, майлар,
темір, бактериологиялық (БПК) және химиялық (ХПК) ластаушы заттар, мұнай өнімдері,
СПАВтар;
көптеген микроорганизмдері бар өндірістің органикалық қалдықтары;
мал шаруашылығы кешенінің азықтық емес қалдықтары: ветеринарлық конфискаттары;
құндылығы аз өнімдері, сондай-ақ өлген мал.
аның шеңберінде табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру
сі
Іс-шараның мақсаты Іс-шара
Табиғатқа кері әсерді азайту 1.Технологиялық жабдықты жаңғырту және
жаңалау
2.Аз қалдықты және қалдықсыз
технологияларды енгізу
3.Органикалық қалдықтар, газтозаңды
шығарындылар, су тұтыну және ағынды
сулар қалдықтары көлемдерін азайту
Газтозаң қалдықтарымен ластанудың 1. Тозаңгаз ұстайтын аппаратура орнату
алдын алу
Органикалық қалдықтарды азайту 1.Көң-қоқысты дұрыс сақтауды,
тасымалдауды, кәдеге жаратуды және
қайта өңдеуді ұйымдастыру
2. Кәдеге жаратудың заманауи әдістерін
қолдану және қайталама өнім алу
АЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ

Ұқсас жұмыстар
Ірі қара мал өсіретін фирма құру
Малды сою қызметтері
Жобаның тұжырымдамасы
Бизнес-жоспар Ет алу үшін ірі қара мал өсіретін фермалар құру
мал шаруашылыгы
Мал шаруашылығы Ет,сүт өнімдері
Терісі бағалы аңдарды жобалаудың санитарлық - гигиеналық нормалары
Жобалардың түрлері
ШОШҚА ТҰҚЫМДАРЫ туралы
Сүтті мал тұқымын өсіретін фермалар ашу
Пәндер