Балалар ойынының жіктелуі


Slide 1

Балалар ойынының жіктелуі

Slide 2

Ойында бала

«адамзат тәжірибесі аясында»

өзін-өзі көрсету қызметін көрсетеді

Өйткені, ойын бір жағынан баланың практи

када өмірлік нақты қиындықтарды жою жобасын

тексеруге және құруға мүмкіндік берсе,

екінші жағынан тәжірибесінің олқы тұстарын

айқындауға мүмкіндік береді.

Slide 3

Іскерлік ойын

Іскерлік ойындарды педагогтың кәсіби шеберлігін дамытуда, құзырлылығын анықтауда пайдалану арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болатынын күнделікті тәжірибенің өзі дәлелдеуде. Іскерлік ойындардың өзі бірнеше топқа бөлінеді. Олар: иммитациялық, операциялық, рөлдерді орындау, іскерлік театр, психо және социодрамалар.

Slide 4 Slide 5

Дидактикалық ойын

Дидактикалық ойындар дегеніміз - балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс - әрекет. Ендеше, бұл ойындар оқытуға арналған.

Slide 6

Дидактикалық ойындардың негізгі мақсаты - баланы оқыту, олардың ойлау қабілеттерін жаттықтыру және дамыту, игі қасиеттерді тәрбиелеу

Дидактикалық ойындардың мазмұны - қандай да болмасын ақыл - ой міндеттерін жүзеге асыру

Дидактикалық ойынның құрылымы:

Міндеті

Әрекет

Ереже

Нәтиже, ойынның аяқталуы.

Slide 7

Егер оның әрқайсысына жеке-жеке тоқталсақ:

1. Міндеті - әрбір дидактикалық ойынның белгілі міндеті болады, ол дидактикалық мақсаттан келіп туындайды. Ойынның ( мақсаттан келіп ) міндеті, оның оқу мазмұнын құрайды.

2. Әрекет - ойынның негізгі бөлігі. Дидактикалық ойында әрекет нақты анықталған және айқын түрде белгіленген. Ол әртүрлі болуы мүмкін, бұл жағдайда төмендегідей негізгі шарттарға сәйкес келуі тиіс:

а) ойын міндетіне бағыну керек, сол арқылы ойын мақсаты жүзеге асырылуы шарт;

ә) ойынның аяғына дейін тартымды, әрі қызықты болуы шарт.

3. Ереже - дидактикалық ойынның қажетті бөлігі болып табылады және ерекше орн алады. Дидактикалық ойынның ережесі іс - әрекетті ұйымдастырып қана қоймайды, сонымен бірге оның тартымдылығын арттырады.

4. Ойын нәтижесі - бұл міндетті шешу мен ережені орындау. Нәтиже мен ойынның аяқталуын екі тұрғыдан бағалау қажет: баланың көзқарасы тұрғысынан және мұғалімнің немесе тірбиешінің көзқарасы тұрғысынан.

Slide 8

Рөлдік-мазмұндық ойын

Бұл ойын арқылы балалар өздерінің негізгі әлеуметтік қажеттілігін - үлкендермен бірге өмір сүруге ұмтылысын қанағаттандырады, өйткені бұл қажеттілік олардың еңбегіне қатысудың негізінде қанағаттандырылуы мүмкін емес.

Slide 9 Slide 10

Сюжеттік ойын

Балалар өздерінің рольді ойындарында айналасындағы шындықтың көп жақтылығын көрсетеді. Олар үй тұрмысынан, үлкендердің еңбектегі іс-әрекеті мен олардың еңбектегі қарым-қатынастарынан көріністер көрсетіп, замана оқиғаларын (космостық ұшулар, арктикалық экспедициялар) және басқаларды бейнелейді.

Slide 11

Жаттығулар мен спорттық ойындар

Бұған таң ертеңгі бой жазу жаттығулары, сабақ үстінде өткізілетін сергіту сәттері, үзіліс күні жасалатын жаттығулар мен ойналатын ойындар, сабақтан тыс уақыттағы ойындар мен жаттығулар жатады. Таң ертеңгі бой жазу жаттығулары оқушылар дене шынықтыру сабығында орындап, үйреніп, оларды үйде өз беттерімен қайталап жаттығады.

Slide 12

Ойын - баланың алдынан өмірдің

есігін ашып, оның шығармашылық

қабілетін оятады.

Сонымен қатар, ойын тынысы кең,

алысқа меңзейтін, ойдан-ойға

жетелейтін, адамға

қиял мен қанат беретін ғажап нәрсе

Slide 13

Назарларыңызға рахмет !!!

Орындаған: Ақынжанова Шынар

П-403


Ұқсас жұмыстар
Төрт асық
Асық ойындары
Бестемше ойынының бала тәрбиесіндегі орны
Ойын технологиясы туралы
Футбол ойынының ережесі
Мид тұлғасы
Волейбол алаңы
Волейбoл ойыны
ВОЛЕЙБОЛ ОЙЫНЫНЫҢ ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІ
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНДА ОРЫН АЛАТЫН АУЫТҚУЛАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz