Фокина Лидия Петровна




Презентация қосу
© Фокина Лидия
Петровна

“Әліппе” пәні
бойынша оқу-
әдістемелік
құралдар. Жазу
дәптері бойынша
жұмыс.
Орындаған: Рахметолла Г.
Топ: П-305
Тексерген: Тәттімбетова С.Ж
© Фокина Лидия
Петровна
© Фокина Лидия
Петровна

Әліппе кезеңінде оқушылардың
оқу, жазу дағдыларын
қалыптастырып, сөйлеу тілін
дамыту болса, ал әліппеден кейінгі
кезеңде оқушылардың оқу мен
жазу дағдыларын жетілдіру,
байланыстырып сөйлеу тілдерін
дамыту, алғашқы грамматикалық
мағлұматтарды меңгерту жүзеге
асырылады.
© Фокина Лидия
Петровна

Әліппе серігі бұл оқу құралында
қосымша пайдалануға қажетті
оқуға, жаттауға арналған
материалдар әріптер жүйесі бойынша
беріледі. Оқу құралын мұғалім әліппе
сабақтарында, ата-ана баланы оқуға
үйретуде үйде қолдана алады.
Оқытылатын материалдар мазмұны
оқушылардың жас ерекшеліктеріне
сай сабақтастық, түсініктілік
дидактикалық ұстанымдары негізінде
сұрыпталып алынған.
© Фокина Лидия
Петровна

Әдістемелік құрал мұғалімге
пайдалануға арналған. Оқулықтың
әдістемелік құрылымы, ондағы
материалдардың орналасу тәртібі,
сабақтың мақсаты, дидактикалық
материалдардың мазмұны, тәрбиелік
жақтары айтылады, оқу мен жазуды
кіріктіріп оқыту тәсілдері
көрсетіледі. Тілдің ауызша түрі мен
жазба түрі арасындағы
айырмашылықтар мен күрделі
байланысты ескеру арқылы
сауаттылыққа үйрету жолдары
түсіндіріледі.
© Фокина Лидия
Петровна

Әліппеден дидактикалық материал
мұғалімге сабақ кезінде пайдалануға
ұсынылып отырған бұл көрнекі құрал
үлкен форматта, суретті түрде
берілген және эстетикалық талапқа
сай безендірілген.
Әріптің баспаша, жазбаша түрімен
таныстыру, өтіліп жатқан әріптерге
байланысты сөздер құрастыру, дыбыстық,
буындық талдау жасау, сюжетті сурет
бойынша тіл дамыту, байланыстыра сөйлеуге
үйрету жұмыстарын жүргізуге болады.
© Фокина Лидия
Петровна

Сауат ашу пәнінен дидактикалық
материалдар қатарына
дидактикалық ойындарды қосуға
болады:
•  «Сөз ойла, тез ойла»

• Мақсаты:берілген дыбысқа сөз ойлап, сөздегі дауысты,
дауыссыз дыбыстарды ажырата білу. Сөздік жұмыс
жүргізу арқылы баланың сөздік қорын молайту. Ойын
арқылы балаларды тапқырлыққа баулу.
• Көрнекі құралдар: кеспе әріптер қалтасы, текшелер
салынған сандық, текшелер (дыбыстардың дауысты,
дауыссыз екендігін білдіретін ерекше белгісі бар).
• Ойын барысы:тәрбиеші әріп қалтасынан кез келген бір
әріпті көрсетеді. Балалар сол әріптен басталатын
сөздерді айтады.
• Сандыққа бірнеше текше салып қояды. Бала өз
қолымен біреуін алып сол дыбыстан басталатын
заттарды айтады.
• Мысалы:А – болса:
• Балалар: Ай, алма,алмұрт, асқабақ, т.б.
© Фокина Лидия
Петровна

Көркем жазу оқушының келген
күнімен жазымен басталады. Әдемі
жазуды меңгерудің әр адамға
маңызы өте зор. Әдемі жазу бұл
мәдениеттің белгісі, әрі сол жазуды
оқитын адамға көзқарасы, құрметі.
Көркем жазудың мақсаты - дұрыс,
анық және тез жазуды қалыптастыру.
Оқушының каллиграфиялық
қабілетін қалыптастырудың
педагогикалық қоғамдық тәрбиелік
мәні зор.
© Фокина Лидия
Петровна

Жазу дәптерлері оқулықпен тығыз
байланыста қолданылады. Оқулықта
әріптердің баспаша үлгісі көрсетілетін
болса, дәптерде сол әріптің бас әрпі мен
кіші әріптерін жазуға үйрету үлгілері
беріледі. Әріп элменттерін жазу,
әріптердің баспа және жазба түрлерін
ажырата білу, сөздерді көшіріп жазу, үлгі
бойынша, есту арқылы жазу, дыбыстық
талдау, сөйлем құрап жазу сияқты
жұмыс түрлері қамтылады.
© Фокина Лидия
Петровна

Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны
белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты - бала ға
хат таныту, яғни оған жазу мен оқуды үйрету. Сауат
ашу - аса жауапты да, күрделі жұмыс. Өткені сауат ашу
кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге
( фонетика - графикалық жазуға ) үйретіліп қоймайды,
сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазу ға
дағдылануы тиіс. Демек, сауат ашудың міндеті әріпті
жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс
сақтауға, дәптерге қалай болса солай жазбай, о ңға
қарай, біркелкі көлбе, таза, анық жазуға
машықтандыру міндеті тұр. Осы талаптарды орындау
негізінде оқушының көркем жазу дағдысы
(каллиграфия) қалыптасады.
© Фокина Лидия
Петровна

Әдемі жазу – өнер. Таза, анық, әдемі жазуды о қуда
жеңіл, ондай жазумен берілген ойды түсіну де о ңай.
Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салу ға
жаттықтыру мақсатында жүргізілетін
жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің
қалыптасуына ықпалы бар. Мектепке алғаш
келгеннен бастап, баланың жазуына жете к өңіл
бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр салақ
қарауына, жауапкершілікті сезінбеуге әкеп соғады.
Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік
сезімін оятып, мінез құлқын тәрбиелеп,
жауапкершілікке тыңғылықтылыққа,
ұқыптылыққа үйретеді. Әдемі, анық жазу ға үйрету
арқылы мұғалім оқушыны еңбексүйгіштікке,
ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелейді.
© Фокина Лидия
Петровна
© Фокина Лидия
Петровна
© Фокина Лидия
Петровна

Назарларыңызға
рахмет!!!!

Ұқсас жұмыстар
Фокина Лидия Петровна туралы ақпарат
Қисық сызықты қозғалыс түрлері
Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының 1904 жылғы лауреаты
Ақшаның пайда болу тарихы
Қоғамдық шаруашылықтың түрлері. Тауар- ақша қатынастарының дамуы
Табиғатты қорғау ұйымдарын құру
Жаңа технологиялар
Адамның діни сеніміне құрмет оның таңдауына құрмет ретінде туралы ақпарат
Гидросфера-жердің су қабығы
Цин империясының қазақ жеріне шабуылы
Пәндер