Бағаның түрлері,формалары,жүйелері туралы ақпарат
Презентация қосу
Шәкәрім атындағы СМУ
Тақырыбы:Бағаның
түрлері,формалары,жүйелері.
Орындаған: Қайдыраш А.
Тексерген: Турусбекова А.С
Тобы: ХН-221
Ерлікова Мадина БТ-001
Баға – күрделі
экономикалық категория.
Баға негізінде тауарлар
өндірісі. өткізілуі,
олардың құнын анықтау
мәселесі, ұлттық жалпы
өнімді шығару, тарату
және қолдану сұрақтар
шешіледі.
Қоғамның дамуындағы әрбір кезеңдерде
өндірістік.экономикалық, әлеуметтік, саяси
жағдайларды шешуде баға маңызды орын
алған. Ол және экономикалық жүйеге әсер
етеді. Себебі, баға арқылы қоғамдағы,
барлық негізгі қарым- қатынастар
жүргізіледі. Атап айтсақ, өндірісті
ынталандыру,табысты бөлу,іс нәтижесін
анықтап,қадағалау. Мысалы, баға жоғары
болған жағдайда өндірісті молайтуға
талпынады,себебі табыс көбейеді. Баға
қымбат болса өндірушінің,сатушының
табысы көп, ал арзандаса тұтынушының
сатып алу мумкіндігі көбейіп, өмір
деңгейінің жоғарлауына қолайлы. Осы
орайда баға табысты бөлуге қатысады депи
есептелінеді.
Бағаның екі негізгі теориясы бар. Бірінші теория
бойынша тауар бағасы оның құнын (ұсыныс)
айқындайды (бағаның шығынды теориясы). Негізін
қалаушылар Вильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо.
Олардың ойларынша тауар құны оны өңдіруге кеткен
еңбек мөлшерімен анықталады. Бұл теорияның әрі қарай
дамытқан К.Маркс болатын (абстрактты еңбек), оның
ойынша тауардың құны және бағасы болады. Құн –
қоғамға пайдалы еңбек шығындары (орташа). Әртүрлі
тауарлар құндарының ара-қатысы оларға кеткен
абстрактты еңбек мөлшерлерінің ара-қатысы болып
табылады. Ал тауар бағасы осы тауар құнының ақшалай
көрінісі болып табылады. Ол әртүрлі кездейсоқ
нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.
Бағаның 5 функциясын атауға болады:
Есебке алу функциясы
Ынталандырушы функция.
Бөлу функциясы.
Сұраныс пен ұсынысты
теңестіру функциясы.
Өндірісті тиімді орналастыру белгісі
ретінде болуға бағытталған бағаның
функциясы
Бірқатар экономикалық белгілерге қарай
бағалардың бірнеше жіктеулері бар:
Бағаны қою объектісіне қарай материалдық өнімге және
қызметтерге қойылатын бағалар болады. Материалдық
өнімдерге қойылатын бағалар түрлері:
1. Өнеркәсіп өніміне көтерме бағалар. Көтерме
бағалардың екі түрі бар: кәсіпорынның көтерме бағасы (сату
бағасы) және өнеркәсіптің сату бағасы.
2. Отын-энергетика тауарларының бағалары – үш түрі бар:
1. сметалық (Отын-энергетика салу) құн; 2. прейскурантты
баға; 3. келісімдік баға.
3. Сатып алу бағалары – ауылшаруашылық өнімді сату
бағалары.
4. Бөлшек сауда бағалары – соңғы тұтынушыларға
арналған бағалар.
Қызметтерге қойылатын бағаларды тарифтер деп атайды.
Олар транспортты, коммуналды, тұрмысты болып бөлінеді.
Қызмет ету өрісіне қарай - әлемдік, біріңғай мемлекеттік (немесе
белбеулі) және аймақтық (зональды, жергілікті) бағалар болады.
Тұтынушы жүктерді жеткізу бойынша транспорттық шығындарды төлеу
тәртібіне қарай - өнімді шығару орнындағы баға (тауар шығару жерінде
тұтынушыға сатылады); тасымалдау шығындарымен қоса біріңғай баға
(тұтынушының бәріне де мекен-жайына тәуелсіз біріңғай бағалар, мұнда
транспорттық шығындар орташа етіп алынады); зональды бағалар
(берілген зонада тұратын тұтынышыларға біріңғай бағалар қолданылады);
базистік нүкте негізінде анықталатын бағалар (фирма әртүрлі
географиялық нүктелерде бір тауарға базистік баға тағайындайды, сонда іс
жүзіндегі бағаны анықтау үшін ең жақын нүктедегі базистік бағаға
тұтынушыға жеткізу шығындарын қосады).
Бағаны орнату тәртібіне қарай еркін және реттелетін және тіркелген
бағалар болады.
Тауардың жаңа болу дәрежесіне қарай жаңа тауарлар бағалары және
нарықта ұзақ сатылатын тауар бағалары болады.
1. Жаңа тауарға «қаймақты алу» бағасы, «нарыққа ену» бағасы,
«психологиялық» баға, «лидердің артынан еру» бағасы, өндіріс
шығындарын өтеу» бағасы, «беделді» баға қолданылады
2. Ұзақ мерзім сатылатын тауар бағасы – ауыспалы (скользящая)
немесе түсіп бара жатқан бағалар (сұраныс пен ұсыныс ара-
қатысына тәуелділік), ұзақмерзімді баға (жаппай алынатын тауар
үшін), нарықтың тұтынушылық сегментіне арналған бағалар
(әртүрлі сегменттерге әртүрлі баға қолдану), икемді бағалар
(сатушы өзі тез арада өзгерте алатын бағалар), артықшылығы бар
бағалар (үлесі 70-80 % болатын компаниялар бағаларын түсіре
алады), енді шығарылмайтын өнімдерге бағалар (берілген тауарларда
мұқтаж тұтынушыларға арналған), кәсіпорындардың көбінен төмен
болатын бағалар (басқа тауарды толықтыратын тауарлар үшін
қолданады), келісімдік бағалар (сатып алушыға қосымша
жеңілдіктер немесе шегерімдер жасалынады) қолданылады.
Сыртқы тауар айналымын қамтамасыз етуге қарай экспортты және
импортты бағалар болады. Бұл бағалар әлемдік бағалар деңгейіне
тәуелді болады.
Бұл жерде тауарды тасымалдау шығындарын өтеуге
байланысты (франкировкаға) әртүрлі бағалар қолданылады:
Франко- жеткізу станциясы – тауар бағасына оны вагоннан
шығаруға дейін болған транспорттық шығындар кіреді
Франко-жіберу станциясы – тауар бағасына жіберу
станциясына дейін болған транспорттық шығындар кіреді,
кейінгі шығындар бағадан тыс төленеді.
Франко – қай жерге дейін транспорттық шығындар
төленетінін көрсетеді.
Есебке алу және статистикада қолданылатын бағалар
(тіркеу, талдау, индекстерді есептеу үшін қажет): бағалар
индексы, ағымдағы, орташа бағалар, салыстырылатын және
өзгеріссіз бағалар жатады.
Ғылыми-зерттеу ұйымдарында, сондай-ақ, жобалық,
лимитті және шамалы (болжамды) бағалар қолданылады.
Фирма келесі бағалар түрлерін және
оларды жасау әдістерін қолданады:
• 1) жаңа тауарға бағаны белгілеу: ол өз
кезегінде патентпен қорғалған нарық
үшін шын мәнінде жаңа болатын тауар
үшін бағаны анықтау, нарықта бар
тауарларға ұқсас болатын тауар-
имитаторға бағаны анықтау. Тауар-
имитатор бойынша фирма оның
нарықтағы орнын дұрыс анықтау қажет.
Ол үшін баға және сапа көрсеткіштерінің
ара-қатыстары қарастырылады.
Сапа\Баға Жоғары Орташа Төмен
Жоғары Сыйлықты Нарыққа Құндылық
қосылымд терең ену мәнін
ар стратегияс жоғарлату
стратегияс ы стратегияс
ы ы
Орташа Артық Орташа Жақсы
қойылған деңгейлі сапа
баға баға стратегияс
стратегияс стратегияс ы
ы ы
Төмен Ұрлау Көркемділі Құндылық
стратегияс гі өтірік мәнін
ы стратегияс төмендету
ы стратегияс
ы
• 2) Тауар номенклатурасы
шеңберінде баға жасау. Мұнда
фирма өзі шығаратын тауар
номенклатурасы бойынша
бағалар жүйесін құрып
максимальды пайда алуға
тырысады. 4 типтік жағдай
болуы мүмкін:
а) тауар ассортименті шеңберінде бағаны жасау. Әртүрлі
тауарларға әртүрлі деңгейлі бағалар орнатылады (барлық
факторлар, әсіресе шығындар деңгейі, бәсекелестер
бағалары, тұтынушылардың көзқарасы, есебке алыну керек)
б) толықтырғыш тауарларға баға орнату. Негізгі тауарға
фирмалар кейде қосымша толықтырғыш тауарлар
ұсынады. Негізгі мәселе: стандартты тізімге және
қосымша, толықтырғыш тізімге нені қосу қажет деген
сұрақты шешу.
в) Міндетті қосылымдарға бағаларды орнату. Бұл
қосылымдар негізгі тауармен қоса қолданылу қажет.
Кейде оларға фирмалар асыра бағаларды қояды.
г) Өндірістің қосалқы өнімдеріне бағаны орнату. Оларды
өткізу нәтижесінде негізгі тауардың бағасы кемиді
3) Бағаларды географиялық қағидаға
байланысты орнату. 5 түрлі вариант болады:
а) тауар шығару орнында бағаны
анықтау
б) транспорттау шығындарын қосып
біріңғай бағаны анықтау
в) зональды бағалар анықтау
г) базистік нүктеге қарай баға орнату
д) фирма транспорттау шығындарын өзі
төлеп баға орнатады.
4) Шегерімдері немесе
келісулері (зачеты) бар
бағаларды орнату.
5) Өткізуді ынталандыруға
арналған бағаларды орнату.
6) Дискриминациялық
бағаларды орнату.
Баға жасаудың 3 қағидасы бар.
Біріншісі- сұраныс пен ұсыныстың қатынасын қамтитын баға теңдестігі.
Ол үш заңдылықтың мағынасын қамтиды. Алғашқысы сұраныс
заңы,мәні баға жоғарыласы сұраныстың төмендеуінде. Одан кейінгісі
ұсыныс заңы,ол баға жоғарыласа ұсыныстың көбейетіндігіне көрсетеді.
Ал, ақырғысы екеуінің біріккен заңдылығы,онда баға деңгейі сұраныс
пен ұсынысқа байланысты өзгеріп, екеуінің теңдесуіне ұмтылдырады. Бұл
заңдылықтарға қоса нарықты эканомикада бәсекеге бостандық заңының
әсерінде айта кеткен жөн. Оның мағынасы ең төменгі баға сатушыны
қанағаттандыратыны,ал жоғарысы сұраныс пен ұсыныс заңына сәйкес
қойылатыны.
Екіншісі – нарықтық жағдайда елдегі бағаның дүниежүзілік деңгейімен
байланысында. Оның себебі басқа елдердің баға деңгейімен
байланысында. Оның себебі басқа елдердің баға деңгейі жергілікті
нарыққа әсер етуінде. Бағаң жоғары болса,арзан жерден әкеліп сатады да,
өнімің өтпейді. Арзан баға қою үшін өндірістік шығынды жабуын
анықтайды,болмаған жағдайда кісәпкерліктің өзі күмәнді,зиян.
Үшіншісі-ауыл шаруашылығы мен басқа салалардағы
баға өзгерістерінде бірегейлікті сақтау. Бұл қағиданың
бұзылуы кері әсерін тигізеді. Оны біздің елдегі кейбір
салалардың,мысалы,ауырөнеркәсіп,қуат көздерінің
өнімнің бағасының бірнеше есе өсіп
ауыошаруашылығын титықтатқаннан көруге болады.
Нәтижесінде өзіндік құны көбейіп
ауылшаруашылығының өнімнің бағасы қымбаттады,
оның деңгейі дүнйежүзілік тұрғыдан көп жоғары,
бәсекелестікті көтермейді,ел ішіндегі арзанға сату зиян
шектірді.
Қорыта айтқанда нарықтық экономика жағдайында
бағаға бостандық беріліп кәсіпорын,кәсіпкер бағаны
жасағанында негізгі қағидалардың орындалуын мұқият
қадағалағаны жөн,онсыз оңды нәтижеге жете
алмайды,кездейсоқтық уақытша және тұрақсыз.
Назарларыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz