Аударма кәсібінің лингвистикалық қырлары


Slide 1

Аударма кәсібінің

лингвистикалық қырлары

Slide 2

Аударма теориясындағы

лингвистика салалары

Когнитивті лингвистика

психолингвистика

социолингвистика

мәтін лингвистикасы

сөйлеу әрекеті теориясы

Slide 3

Аударма - ұлттық үрдіс. Көркем аударма

ұлттықәдебиеттің дамуын, оның басқа халықтар мәдениетіменрухани

байланысын көрсетеді.

Көркем аударма лингвистикаментығыз

байланысты. Өйткені аударма үрдісі тікелей

ұлттық тілдің лингвистикалық

заңдылықтарына негізделеді.

Slide 4

Аударма ісінің лингвистикалық негізде

бағытталуы аударма қызметінің сипатын

өзгерту болып табылады.

Соңғы кезде аударма да кәсіби сипаттағы

мәтіндер ережесі орын алды.

Олар: ақпараттық, экономикалық, заңгерлік,

әскери, техникалық, бизнестік.

Slide 5

Аударма мен лингвистиканың байланысын келесі көзқарасқа сүйеніп қарастыруға болады: Аудармашы сөздерді емес, сөйлеу әрекеттерін аударады.

Slide 6

Бір-біріне байланыссыз мәліметтерден секірмелі нақты болжамға өтуді абдукция дейді. Бұндай ана тілінде айтылғанды түсіну оңайдың оңайы болса да кездеседі.

Тілді сезінуді тежеуге бастапқы бірдеңеге ұмтылу немесе басқа алаңдату факторлары, мысалы досының, жұбайының сөздерін тыңдап, еске сақтап, бірақ мән мағынасын басқаны ойлағандықтан түсінбейсіз, қабылдамайсыз және онда шапшаң істелетін қарапайым күрделі болып, логикалық секірмелі абдукция қажет болады.

Slide 7

Сабақта да, баспада да ең бірінші тіл мәселелері аударманы талдағанда қарастырады. Аударма жасай білуді сол тілде оқып, шет тілді түсінудің жетілген формасы деп қарастырған. Аударма теориясы салыстырмалы әдебиеттанудың, қолданбалы лингвистиканың, филологияның арнайы бөлімі деп саналған. Аудару өнеріне оқыту басқа тілдегі тұтас мәтіннің, сөз тіркесінің, сөздің мағыналарын жеткізу айналасында қарастырылады.

Slide 8

Лингвистика өзінің бүкіл даму тарихында тек қана аударманың эквиваленттілігінен басқа кезкелген аударманың сенімділігіне қатысты. Соңғы уақытта лингвист-аударматанушылар эквиваленттіліктің тар аясынан шыға бастады. Егер адам тілді жақсы білсе, ал мәтін синтаксистік және семантикалық ережелерді қанағаттандырса, түсінуде қиындық тумайды.

Үйткенмен, көптеген жағдайлар кездеседі.

Slide 9

Жұмыстың бұл бөлігі аудармашыға ұнаса да, ұнамаса да айналасуы керек, бұнысыз бұл мамандықта жұмыс істеуге болмайды. Себебі аудармашы жұмысында сөзге сағаттық жұмысқа қанша төлесе сонша төлейді, дұрыс сөз іздеу үшін материалдық ынталандырма жоқ. Ақшалай пайда жоқ болса да, кейбір себептер іздестіруге мәжбірлейді:

А аудармашы этикасы, кәсіби ынталану аударманы дұрыс, эквивалентті жасауға итереді

Б Өз жұмысына кәсіби мақтаныш, рухани қанағаттану

Аудармашы сөйлеу әрекеттерін өзгертумен айналысады.

Slide 10

Түпнұсқа тілін пайдаланып, алғашқы мәтіннің авторы сөйлеу әрекеттерін жасайды, ал аудармашының жұмысы, аудару тілін пайдалану арқылы, белгілі сөйлеу әрекеттерін жасау. Жұмыс барысында сөйлеу әрекеттері түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Бұл өзгерістер шексіз әр түрлі сияқты көрінеді, тіпті оларды стереотипке келтіру мүмкін еместей көрінеді. Әр сөзді, сөз тіркестерін не сөйлемдерді жеке-жеке қарап, ойластырып, таразылап, айтылуына, естілуіне терең талдау жасау керек.

Slide 11

Тіл оқытылатын елдердегі

аударма нарығы

Slide 12

Көптеген өркениетті елдерде аудармашылардың халықаралық деңгейі артқан іргелі ұйымдары, бірлестіктері бар:

Аудармашылардың халықаралық федерациясы;

Ауызша аудармашылардың халықаралық қауымдастығы;

Әдеби аудармашылардың Еуропалық қауымдастығы.

Slide 13

АНГЛИЯ

Slide 14

Англиядағы тіл

оқытылатын оқу орындары

Бат

Вестминстер

салфорд

Брадфорд

Херриот-уотт

Slide 15 Slide 16 Slide 17 Slide 18

Осы елдегі тіл оқытылатын мектептердегі негізгі мақсат ол - шет тілін ауызша және жазбаша қатынас құралы есебінде пайдалана алу қабілетін дамыту, яғни өздерінің төл мәдениетін, тілін оқып отырған елдің мәдениетімен салыстыра алу.

Slide 19

Англиядағы оқу орындарында ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасауға үйрету былайша іске асырылады. Ауызша және жазбаша қарым-қатынас сөйлеу әрекетінің төрт түрінің сөйлеу, есту, оқу, жазу әрқайсысының ерекшеліктерін ескере отырып, бір-бірімен тығыз байланыста оқытуды қажет етеді.

Slide 20

Англиядағы оқу орындарындағы аудармашыларға қойылатын негізгі талаптар мыналар: түпнұсқаны объективті түрде туындату, түпнұсқаны шынайы түрде түсіндіруге қажетті тілдік құралдарды таңдап, тауып алу. Сондай-ақ аудармашы ілеспе аударма жасайды, құжаттарды жазбаша аударады, жаңа заңдар мен нориативті актілерді аударуға жауап береді.

Slide 21

Аударма үрдісінің

психологиялық ерекшеліктері

Slide 22

Аударма - өте күрделі көп деңгейлі семантикалық өрістердің, семантикалық құрылымдардың, мәдени өзгешеліктердің, оқырмандар

мен тыңдаушылардың әрекеттерінің психологиялық және әлеуметтікаспектеріне тез талдауын талап ететін процесс.

Уилльям Г. Кальвин “Ми қалай жұмыс істейді” деген кітабында жазған:

Интеллект - не істеуін білмеген кезде қолданатын нәрсе. Көп нұсқалытаңдау кезінде сіз өмірдің оңай сұрақтарына дұрыс жауаптартапсаңыз, онда сіз тапқырсыз. Бірақ интеллект шығармашылық аспектқатысатын, қолма-қол жаңаны табатын, әлде қайда үлкен нәрсе.

Біз аудармада қолданылатын интеллект туралы айтамыз.

Оны тез, сенімді, өте қанағаттанушылықпен қолдануға

үйренуіміз керек.

Slide 23

Аудару мәдени, әлеуметтік, мәтіндік жағдайларда үнемі өзгеріп отыратын, проблемаларға шығармашылық интеллектуалды іс-әрекет. Кейде интеллектуалды іс-әрекет ақыл-шешімдер қабылдайтын ойдың қабылдауынан тыс, түйсіксіз деңгейде келіп айқындалады. Түйсіксіз ой-өріс - ол бізге ынталы, сенімді, тез аударуға мүмкіндік туғызады, яғни жинақталған тәжірибе, жадтың салдарынан пайда болған өнім, оны қайтадан алып және әр түрлі қолдануға мүмкіндік туғызады.

Slide 24

Аудармашылар жинақталған тәжірибені

еске сақтап, керек кезінде оны күрделі аударма мәселелерін шешуге алу керек, бірақ ақпаратты жаттау арқылы іске аспау керек. Жад оқыту кезінде басқаша жұмыс істейді.

Аудармашылар сөздер мен тұрақты сөз

тіркестерін, стиль мен тонды, лингвистикалық және мәдени әдістерді

меңгеруді аудару кезінде, оқу кезінде, интернеттен іздегенде, сөйлескенде және жай отырып өткенді ойлау кезінде де іске асырады.

Slide 25

Баяндамашының сөздерін, жіберілген

мәтінді аудару арқылы трансформациялық моделін меңгереді, бұл модельдер еске

оңай сақталады, керек кезінде жеңіл және жай шығаруға болады. Олар белгілі сөздер мен орамдар клавиатурада саусақтар жылдам қозғалып аударма экранда өз-өзінен пайда болатындай, немесе сөздің ағымын

аудару тілінде ауыздан ерекше күш әсерінен шығатындай болады, ал бұл өзінің қабілеті екенін сезбейді.

Slide 26

Интеллектуалды және

эмоционалды жад


Ұқсас жұмыстар
Аударма кә сібінің лингвистикалық ерекшеліктері
АУДАРМА КӘСІБІНІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
АУДАРМА КӘСІБІНІҢ ЛИГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аударма үрдісінің лингвистикалық ерекшелігі
Аудармашының лингвистикалық ерекшеліктері
Аударма үрдісінің лингвистикалық ерекшеліктері
Аудармашыға нұсқау
Аударма үрдісінің психологиялық ерекшеліктері
АУДАРМА СӨЗДІК
Лексикография туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz