Вставка рисунка
Презентация қосу
АДАМ ӨМІРІНДЕ ОТБАСЫ ЖӘНЕ
ТУЫСТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ
РӨЛІ
Тексерген: Оспанова Куралай Шарипказыевна
Орындаған: Шарипханов Ерасыл
Топ: E-415у
Отбасы, жанұя, үйелмен,
семья деген атаулар бір
мағынаны береді.
Мәселен, “Отбасы –
семья, үй деген сөздің
синонимі” , яғни бір
оттың (ошақтың)
басында өмір сүріп
жатқан қандастар.
Отбасы-адам баласының өсіп-өнер,
қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын
бесігі. Тәрбиенің кілті-отбасының
өмір тіршілігіне байланысты. Әсіресе,
ата-ананың адамгершілік бейнесі
балаларды тәрбиелеудің негізгі көзі.
«Қыран ұяда не көрсе, ұшқанда
соны іледі» ғой. Бала өмірінің
алғашқы күнінен бастап ата-ана
өздерінің негізгі борыштарын
атқаруға кіріседі, яғни оларға
тәрбиеші бола бастайды.
Отбасының берік негізі міне, рухани
мүдденің бірлігінде болмақ. Оның
біртұтас тату болуы береке бірлігі ең
алдымен әке-шешенің бір-біріне,
балаларына қалай қарайтындығына
байланысты.
Ағайын-туыс - бір ауыл, қауым болып, шаруашылық қарекеттерін
бірлесе жүргізетін, бір-біріне қолдау жасайтын, қандастық жағынан
жақын туыс, аталас адамдар немесе солардан өрбіген ұрпақтар.
Мұны «Сыйласқанға жат жақсы, жылысқанға ағайын артық» деген
парема да айғақтайды. Қазақта екі туыстық байланыс бар: бірі «бірге
күліп, бірге жыласатын» тіршіліктегі қуаныш пен қайғыны бірге
көтерісетін әке жағынан туыстық, екіншісі материалдық қарым-
қатынаспен байланысқан құдалар мен тамырлар деп бөледі A.M.
Балаубаева-Голяховская еңбегінде ата туыстар қиын сәтте бір-біріне
қол ұшын береді, сондай-ақ, жиын-тойларды, торқалы той, топырақты
өлімді өткізуді бірге ұйымдастырады, ауыртпалығын бірге көтеріседі.
Ағайын бір өліде, бір тіріде деген қағида осыны меңзейді. Әсіресе,
адамның тіршілік циклына қатысты ғұрыптар мен салттардың
атқарылуында бірлік пен ынтамақтастықтың орны ерекше. Туысы
бірдің уысы бір, бөлінгенді бөрі жейді деп, арадағы ұсақ-түйек дау-шар,
өкпе-назды елемеуді ескертеді. Қандастықжақындықты сезінуде ел
бірлігін, қоғам тұтастығын сақтауда ағайын-туыстық ұғымының орны
айрықша болған. Ағайын-туыстар жеті атаға дейін туыстықты үзбейді
және қыз алыспайды. Қазақы ортадағы бұл қағиданың генетикалық
жағынан алғанда дұрыстығы анықталып отыр. Жеті атаға толғаннан
кейін ру ақсақалдары жиылып, жеті атаға толыстық, жеке ел болыстық
деп боз бие шалып, баталасып, бәтуаласып қыз алысып, қыз беруге
рұқсат етеді.
«АНА» ДЕГЕНДЕ ТОЛҚЫМАЙТЫН ЖҮРЕК, ТОЛҒАНБАЙТЫН ЖАН ЖОҚ. ОСЫ ҮШ ҚАНА
ӘРІПТЕН ТҰРАТЫН «АНА» СӨЗІНІҢ АСТАРЫНДА ҰШАНТЕҢІЗ ОЙ ЖАТЫР. АНА — ӘРБІР
АДАМ БАЛАСЫ ҮШІН ЕҢ ЫСТЫҚ, ЖАНҒА ЖАҚЫН, МАҒЫНАЛЫ ДА ҚАСТЕРЛІ СӨЗ.
АДАМЗАТ БАЛАСЫ АЛҒАШ ДҮНИЕ ЕСІГІН АШҚАНДА АНАНЫҢ АҚ СҮТІМЕН БОЙЫНА
НӘР АЛАДЫ, АННА ҚҰШАҒЫНА ЕНІП, АННА МЕЙІРІМІНЕ БӨЛЕНЕДІ.
Адамның аузынан шығатын ең
алғаш сөзі де – «ана». Міржақып
Дулатов ағамыз айтқандай, бізді
сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан
қамымызды ойлап жүре тұғын абзал
жанды адам, бұл – ана. Алдыңа
қойған мақсатыңа жетуің үшін ана
жанын қиюға да дайын. Ана
баласының үлгілі азамат боп өсуі
үшін бар күшін салып, тер төгеді.
Ананың махаббатына, құдіретіне
тамсанған талай ақын әнін арнап,
жырын жазып, талай жазушы қалам
тербеген.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
АРЛАРЫ4ЫЗГА
МЕТ
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz