Бизнес-жоспар: Антикафе «Друзья»




Презентация қосу
Бизнес-жоспар: Антикафе
«Друзья»

Орындаған: Сабырбаева Мадина
СТ-409
Кафенің жаңа форматы —
антикафелер елімізде көптеп
ашылып жатқан мәдени
демалыс орындары. Мәдени
орын деуге себеп — онда
дауыс көтеріп сөйлеуге,
ішімдік ішуге тыйым
салынған. Есесіне адамның
интеллектуалды деңгейін
көтеретін түрлі ойындар
ойнауға болады. Антикафенің
тағы бір артықшылығы — өз
ақысын жылдам
өтейтіндігінде дейді осы
кәсіпте жүргендер.
«Еркін кеңестік» деп те аталатын бұл орын осыдан төрт жыл бұрын Мәскеуде пайда болған. Идея
авторы — журналист әрі жазушы Иван Митин. Бірінші мәскеулік өзге форматтағы кафе «Дом на
дереве» деп аталды. Ол жерде әркім қалағанынша шәй ішіп, кітап оқып отыра алатын болды. Ал,
ақысы ретінде өзі қажет деп тапқан соманы тастап кете алатын болған еді. Сол тастап кеткен
ақшалары орынды жалға алу құнын өтесе болды деген ұстаным болған. Иә, ол кезде бұл — бизнес
көзі емес, әлеуметтік жоба ретінде бастау алған.
Бірақ, 2011 жылдың бас жағында жобаны неге кәсіпке айналдырмасқа деген ой келеді. Алғашқы
бизнес көзі ретінде ашылған антикафе «Циферблат» деген атау алды. Ол жердегі төлем жүйесі қазіргі
қалыптасқан жүйемен бірдей: қанша уақыт отырсаң, сонша төлейсің. Тегін шәй, интернет, печенье.
Өзіңмен бірге тамақ алып келгеніңе де қарсылық жоқ.
Антикафе иелерін кейде «уақыт саудагерлері» деп те атайтын көрінеді. Тек уақыттың ғана ақысын
алады. Ендеше, осындай мәдени орын ашудың бизнес жоспарын назарларыңызға ұсынамыз.
Жобаның талдауы:
Инвестициялық жобаның мақсаты: антикафе ашу
Өнім: Қызмет көрсету саласы
Жобаның орташа құны: 7 416 000 теңге
Өтелу мерзімі: 1,5 жыл
Негізі, антикафелер кем дегенде үш бөлмелі болады.

Қарым-қатынас бөлмесі. Бұл жерде ойындар ойналады, достармен
пікір-талас ұйымдастырып, кеңес өткізуге болады.

Ойын және шағын кинотеатр бөлмесі. Бұл бөлмеде ойын-сауық жасау
үшін бәрі бар. Play Station, Xbox, кино көруге арналған үлкенірек экран
және т.б. Сондай-ақ, музыкалық аппараттар да осы бөлмеде болады.

Оқу бөлмесі. Жоба бойынша оқуға арналған Kindle атты планшеттер
алынады деп жоспарланған. Бұл жерде кітапхана жасалады. Сонымен
бірге, бір шығарманы талқылау мақсатында әдеби кештер жасауға
болады. Аталған бөлменің атмосферасы ерекше болары аны қ.
Бұл бизнес Қазақстанға қалай келді?
Қазақстандағы тұңғыш антикафе 2012 жылды ң 30 шілдесінде
Қарағанды қаласында «Абажур» деген атпен ашылды. Б ұл
жерде интернет пен шәйдан бөлек, ағылшын тілі саба қтары,
«Мафия» ойынының кеші секілді қызы қты ба ғдарламалар
болды. Алғашқы антикафеден соң Астана, Алматы, Павлодар
қалаларында ашыла бастады. Б үгінде республиканы ң 14
аймағының орталықтарында да аталған орындар бар.
Енді бастапқы шығындармен
таныстырайық:
Пайда мен залалдар туралы есепке көз жүгіртейік:

Қызмет көрсетуден түсетін табыс:
Күніне 35 клиент келеді деп есептесек, 35*1000=35 000 теңге,
айына 35 000*30 күн=1 050 000 теңге. Жылына 1 050 000*12 ай=12 600 000 теңге.
Жалпы және әкімшілік шығыстар

Әлеуметтік салық
Жоба бастамашысы өзі үшін екі айлық көрсеткіш (АЕК) ж әне әрбір қызметкер
үшін бір АЕК мөлшерінде салық төлейді. Яғни, шамамен бұның к өрінісі
мынадай:
1 852 теңге АЕК * 2 * 12 ай + 1852 теңге АЕК * 2 қызметкер * 12 ай = 88 896
теңге. Міндетті зейнетақы жарналарын қоспағанда (3 720 мы ң те ңге * (1-10%)* 5
%= 167 400 теңге) әлеуметтік аударымдар еңбекақы сомасының 5 %-на тең.
Әлеуметтік салық көлемі: 133 344 теңге
Әлеуметтік аударымдар: 167 400 теңге
Еңбекақы төлеу жүйесі:

Салықтар және бюджеттік төлемдер
Жоба аясында пайдадан 3 % бойынша салық салу жүйесі негізінде корпоративтік
табыс салығын төлейді, яғни 378,0 мың теңге (12,6 млн те ңге*3 %).
Жобаның негізгі экономикалық көрсеткіштері:
жобаның жалпы инвестициялық көлемі — 7 416 000 теңге;
жылдық пайда — 4 396 800 теңге;
жобаның өтелу мерзімі — 1,5 жыл.
Жобаға ақшаны қайдан таба аламын?
Жобаны қаржыландыру бойынша, өзіңіздің жеке қаражатыңыз
болмай, бірақ бизнесті бастауға ниетіңіз болса, қосымша капитал
тартудың бірнеше жолы бар.

Еуразиялық даму банкі (ЕДБ) арқылы несие алу ға
болады. Қаржы есептері пайыздық мөлшерлемесі 14%, өтеу
мерзімі 18 ай, өтеу мерзімі жарты жылға кешіктірілетін, содан кейін
ай сайын тұрақты төлеп тұратын қарыз алу қажеттілігін айқындап
отыр.

«Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасын іске асыру аясында
несиелендіру. Бағдарлама ауылдық жердегі тұрғындар үшін өз ісін
ұйымдастыруға бюджет қаржатын бөлуді қарастырады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
АНТИКАФЕ ЖОБАНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
АНТИКАФЕ ЗАЛЫ
Жобаның талдауы
Бизнес-жоспар Антикафе
КӘСІПКЕР БИЗНЕСПЕН БІРГЕ ТУЫНДАЙТЫН
Бизнес жоспар туралы
Сапалы талдаудың міндеті тәуекелділіктің факторын анықтау
КАНВА БИЗНЕС - МОДЕЛДЕРІ
Бизнесті сипаттау
Бизнес жоспардың негізгі бөлімдері
Пәндер