ДЭЕМ – нің программалық жабдықтары туралы



ДЭЕМ - нің программалық жабдықтары.
Орындаған: Жумагазина Д. А.
Тексерген: Жаксыгулова Д. У.
Топ: ТЖ - 505
Семей 2015
Семей қаласының Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университеті

Дербес ЭЕМ-дер кітап, журнал, газет, т. б. шығаруда кең пайда-ланылады. Компьютердің машинкаға қарағанда көптеген артықшылығы бар: қате оңай түзетіледі, материалдарды дайындау шапшандайды, оларды безендіру жолдары женілдейді. Өте жоғары сапалы басылым шығара алатын лазерлік принтерлермен жабдықталған шағын баспахана жүйелерінің одан да күшті мүмкіндіктері бар.

Электронды есептеуіш машина - «екі санды қосу», «екі санды кебейту», «екі санды салыстыру» және т. б. с. с. карапайым арифметикалық және логикалық операциялардың белгілі жинағын орындай алатын құрылғы.

Бip операцияны орындаған соң ЭЕМ автоматты түрде келесісін орындауға көшеді және осылайша, операциялардың ұзын тізбегін адамның қатысуынсыз орындауы тиіс. ЭЕМ - ға түсінікті формада жазылған операциялар қатары программа деп аталады.

Дербес ЭЕМ - нің элементтік базасы.
Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы болатын электрондық компоненттері информация өңдеудің белгілі бір қызметін немесе оны сақтау ісін атқарады. Мұндай компоненттер интегралдық схемалар деп аталады. Интегралдық схема металдан не пластмассадан жасалған қорапқа салынған жартылай өткізгішті кристалдардан тұрады. Жіңішке жіп секілді арнайы сымдар осы кристалды қораптың шеткі тақшалармен жалғастырады.
Жартылай өткізгішті кристалл көбінесе өте таза кремнийден жасалады, оны жасауда вакуумдық бүрку, тырналау, қоспаларды, иондық түрде енгізу, дәлме-дәл фотолитография, тәрізді және де басқа жоғары сапалы технологиялар қолданылады.

Осындай күрделі технология нәтижесінде кристалда электр схемасына біріктірілген “электрондық молекулалар” жасалады. Олар бір кристалл, (5*5мм) жүз мыңнан аса бір-бірімен байланысқан “электрондық молекулаларды” құрастырып, өте күрделі информацияны түрлендіру жұмыстарын орындый алады. Мүмкін болашақта осындай схемалар элементтері рөлін тікелей ұғымдағы заттардың молекулалары атқаратын шығар.
Интегралдық схемаларды жасау, тексеру, олардың сапаларын бақылау-барлығы да автоматтандырылған, оның үстіне оларды сериялық түрде шығару да меңгерілген. Интегралдық схемаларды шығаруды баспаханалардағы кітапты көбейтіп шығарумен салыстыруға болады. Олар өздерінің атқаратын функцияларына қарай ЭЕМ-нің әртүрлі тетіктерінің- шифраторлардың, сумматорлардың, күшейткіштердің түрлеріне байланысты бөлек-бөлек топтарға жіктеліп, серияларға бөлініп шығарылады.

ДЭЕМ бірыңғай аппараттық жүйеге біріктірілген техникалық электрондық құрылғылар жиынынан тұрады. ДЭЕМ құрамына кіретін барлық құрылғыларды олардың функционалдық белгілеріне қарай екіге бөлу қалыптасқан, олар: жүйелік блок және сыртқы құрылғылар.
Жүйелік блок мыналардан тұрады:
микропроцессор;
оперативті есте сақтаушы құрылғы немесе жедел жады;
тұрақты есте сақтаушы құрылғы;
қоректену блогы мен мәлімет енгізу-щығару порттары.

Ал, сыртқы құрылғылар былайша бөлінеді:
информация енгізу құрылғылары;
информация шығару құрылғылары;
информация жинақтауыштар.
ДЭЕМ-нің құрамында ең аз дегенде жүйелік блок, бір-бірден енгізу, шығару құрылғылары және ең аз дегенде бір информация жинақтауыш құрылғы кіреді. ДЭЕМ-де шешілетін мәселеге байланысты пайдаланушы адам мен оның минималды конфигурациясына қосымша шеткері құрылғыларды қосу арқылы кеңейтуіне болады.

Программа - магниттік тасымалдаушыда (дискіде) файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жуктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нүсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыстағы бір-бірімен бірігіп отырып жұмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен шешіледі .

Интерфейс - программалық жабдық пен. жұмыс істейтін адам арасындағы сұқбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны.
Программалық жасақ - информациялық технологиялардың елеулі бір бөлігі. Программасыз кез келген аппаратура жәй элементгер жиыны болады да, ол ешнәрсе істей алмайды.

Қазіргі кезде түрлі типті компьютерлерге арнап дайындалған жүйелік программаларда жеткілікті. Олар негізінен мынындай кластарға бөлінеді : -Қолданбалы жүйелік программалар. -Операциялық жүйе. MS-DOS операциялық жүйесі.

Оның негізгі қызметі - программалардың бір - бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезінде қате жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау.
Операциялық жүйе - компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланушының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар

Яғни операциялық жуйе(ОЖ) - машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады. Сондықтан ОЖ-ны дискілік операциялық жүйе ( ДОЖ, не DOS ) деп те атайды. Процессордің типіне қарай, DOS - тың түрлі-түрлі версиясы бар. Әдетте оларға арнайы атаулар беріліп қойылған.

Жүйелік блок
Мәтіндік және графикалық информацияны кескіндеуге арналған монитор немесе дисплей.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz