Топырақтың негізгі және беткі қабатын өңдеу және оның тәсілдері, құралдары



Топырақтың негізгі және беткі қабатын өңдеу және оның тәсілдері, құралдары.
Орындаған:Ешенова Ж. Д
Тексерген:Қаламов Б. Х

Мақсаты:Топырақтың негізгі және беткі қабатын өңдеу тәсілдерін түсіндіру.

Топырақ өзінің, қыста жауған қардың, ауылшаруашылық машиналары мен құралдарының, тракторлар мен комбайндардың салмақтарының салдарынан тығыздалады. Яғни, ондағы ауа сыртқа ығыстырылып шығарылады, сондықтан топырақтағы ауа мен ылғал арасындағы қатынас бұзылады. Топырақтың осы көрсеткіштерін қолайлы қалпына келтіру үшін оны өңдеу қажет. Алғы дақылдарды жинағаннан кейінгі бірінші терең өңдеуді топырақты негізгі өңдеу дейді. Оған жерді аударып жырту, аудармай жырту және терең қопсыту жатады.

Жерді аударып жырту ертеден келе жатқан топырақты негізгі өңдеудің басты тәсілдерінің бірі. Жерді жыртқанда ол 180 градусқа аударылып топырақтың беткі қыртысы астына түседі, астыңғы қабаты үстіне шығады, онымен бірге топырақ қопсытылады, араластырылады және арамшөптер қырқылады. Жерді әр түрлі соқалармен жыртады. Топырақтың қыртысының жақсы аударылуы, үгітілуі, қопсуы соқаның қайырмасының түрлеріне байланысты. Олар қайырмаларының түрлеріне қарай бұрандалы, цилиндрлі, жартылай бұрандалы және мәдени болып бөлінеді. Соқаның қайырмасының түрі цилиндр тәрізді болса, топырақ жақсы үгіледі және араласады, бірақ нашар аударылады.

Жер жырту тереңдігі топырақ жағдайына себілетін ауылшаруашылық дақылдарының биологиялық ерекшеліктеріне, алғы егістерге байланысты 20 см-ден 32-35 см-ге дейін өзгеруі мүмкін. Жырту тереңдігі 18-20см-ге дейін болса, оны таяз жырту дейді, 20-22см болғанда әдеттегі, ал одан көп болған жағдайда терең жырту дейді. Топырақ неғұрлым терең жыртылса, соғұрлым оның ылғалдық, ауалық, жылулық және қоректік заттар режимдері жақсарады. Жыл сайын жерді бір тереңдікте қайта-қайта жырту өсімдіктің тамырына ауа және су өткізбейтін қатты “топырақ ұлтаны” қабатының пайда болуына әкеліп соқтырады. Жыртылған танапта топырақ “топырақ ұлтаны” қабаты пайда болмас үшін жылма-жыл жерді әр түрлі тереңдікке жыртып, немесе топырақ тереңдеткіштерді пайдаланған жөн.

Ауыл шаруашылығында жер жыртудың тәсілдері
Айдамдап(загонды)
Фигуралап
Тегістеп жырту

Фрезерлеу топырақты арнайы терең өңдеу тәсілі ретінде өте шымды шабындықтарды және шымтезекті топырақтарды өңдеуге қолданылады. Фрезерлеу кезінде топырақ өңдеудің бірнеше тәсілдері, яғни жырту, культивациялау, тырмалау жүзеге асырылады. Фрезерлеу арқылы топырақ өңдеу 3 топқа бөлінеді:жаппай өңдеу, отамалы дақылдардың қатараралығын өңдеу, арық қазу жұмысын орындау. Фрезелегеннен кейін топырақ егін себер алдында культивациялаудың қажеті шамалы.
Саңылаулау-топырақтың су өткізгіштігін жақсарту, күзгі жауын-шашынды, көктемгі қар суын жинау үшін топырақта терең тіліктер жасалатын өңдеу тәсілін айтамыз. Бұл тәсіл су эрозиясымен күресу үшін қолданылады. Ол үшін арнаулы саңлау жасағыштармен ені 3-5 см, ал тереңдігі 1, 5 метрге дейін жететін саңылаулар жасалады, олар арқылы топырақтан артық сулар әкетіледі. Аталған әдіс беткейдегі грануметриялық құрамы ауыр топырақтарды өңдеу үшін қолданылады.
Жыралау-бұл тәсіл гранулометриялық құрамы ауыр, су өткізгіштігі нашар топырақтарды өңдеу үшін қолданылады. Ол үшін топырақтың 35-40 см тереңдігінде жердің бетіне параллель орналасқан диаметрі 6-8 см дөңгелек жыралар жасалады. Олардың арақашықтығы 0, 7-1, 4 метр болуы мүмкін.

Тау беткейі топырағын негізгі өңдеу
Топырақ өңдеу - ауыл шаруашылық дақылдарының өсіп-өнуіне қолайлы жағдайлар жасау үшін топырақ өңдеуші машиналар мен құралдардың жұмысшы органдары арқылы топыраққа мех. әсер ету. Топырақ өңдеу егісті арамшөптерден тазартуға, ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауру таратушыларды жоюға, сонымен қатар өсімдік қалдықтарының, шымның, тыңайтқыштар мен гербицидтер топыраққа сіңіп кетуіне және ауыл шаруашылық дақылдары тұқымының белгілі бір тереңдікке енуіне мүмкіндік береді. Топырақ өңдеу қаншалықты тереңдікте жүргізілуіне байланысты: негізгі - жер жырту, топырақты қопармай тереңнен қопсыту, т. б

Жердің беткі қабатын өңдеу тәсілдері және құралдары
Топырақты сыдыра жырту. Сыдыра жыртатын дискілі сыдырғыштар әдетте симметриялы және симметриясыз болады. Симметриясыз сыдырғыштар орташа бороздалар мен жалдарды аз қалдырады. Негізінен алым кеңдігі 5, 10, 15 және 20 метр болатын симметриялы дискілі сыдырғыштар қолданылады.
Культивациялау. Ауыл шаруашылық дақылдарын сеуіп жән отырғызу үшін топырақтарды дайындау технологиясы культива торлармен орындалады, онда тұқымның өсіп шығуына қолайлы жағдай жасау, арамшөптерді отау және топырақ қабатын жұм сарту, топырақты тұқым өндірілетін тереңдікте себу алдында қопсыту.

Тырмалау. Тырмалау тәсілі жұмыс органдары әр түрлі формада болатын, шанышпалы, ойық қуысты дискі құралдарымен атқарылады. (7-сурет) .
Тісті және шанышпалы тырмалар топырақты қопсытып, тегістейді. Өңдеу тереңдігі 3 . . . 4-тен 5 . . . 6 см дейін.
Тісті тырмалармен тек жыртылған атыз сабақтары мен өсімдік қалдықтарынан айырылған топырақта жұмыс істейді және ол топырақты түренді құралдармен өңдейтін комплекске енеді. Салмағына қарай ауыр, орташа және жеңіл тырмалар болып бөлінеді.
Егер бір тіске түсетін салмақ 2 . . . 3 кг болса ауыр, 1 . . . 2 кг болса орташа, 0, 5 . . . 1, 0 кг шамасында болса женіл тырмаларға жатады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz