Органикалық тыңайтқыш


Slide 1

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы: Органикалық тыңайтқыш

Орындаған: Ерболатқызы А

Тексерген: Мұхаметжанова О. Т

Группа:АГ-313с

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Органикалық тыңайтқыштар туралы түсінік

Тыңайтқыш түрлері

Тыңайтқыштың химиялық құрамы(азот, фосфор, калий)

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Органикалық тыңайтқыштар

Органикалық тыңайтқыштар - жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарының органикалық қосылыстары түрінде кездесетін қоректік заттар. Органикалық тыңайтқыштар бұдан 3 мың жылдай бұрын Қытай мен Жапонияда қолданыла бастаған. Бұрынғы КСРО аумағында 14 - 15 ғасырлардан бастап ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыратын құрал ретінде кеңінен таралған. Органикалық тыңайтқыштарға көң, қи, құс саңғырығы, садыра, жасыл тыңайтқыштар, сабан, т. б. өсімдік қалдықтары, залалсыздандырылған тұрмыстық және өндіріс қалдықтары, ақаба сулардың тұнбалары, т. б. жатады. Өнеркәсіпте мочевина шығарылады. Органикалық тыңайтқыштар құрамында топырақтың ең маңызды агроникалық қасиеттеріне қажетті макро- және микроэлементтер бар. Топырақты қарашірікпен, қажетті химиялық элементтермен байытуға, оның ылғалдылығын молайтып, ауа мен су режимінің реттелуіне, физикалық қасиеттерін жақсартуға мүмкіндік береді. Органикалық тыңайтқыштар ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоғарылатып, сапасын арттырады. Құнарсыз топырақты құнарландыру үшін және суландыру жүргізілген жерлерді игеру үшін міндетті түрде органикалық тыңайтқыштар себіледі. Көбіне топырақты жыртқан кезде тұқымды себуге дейін енгізіледі.

Slide 4

Тыңайтқыштар

Органикалық

Қи

Құс саңғырығы

Шымтезек

Қарашірік

Минералды

Азотты

Фосфорлы

Калийды

Slide 5

Органикалық тыңайтқыштардың тобына төмендегілер жатады:

өсімдік тектес;

құрғақ жануарлар тектес;

балық эмульсиясы негізінде;

жануарлардың көңі мен тезегі;

табиғи (синтетикалық емес) минералдар;

балдырлар негізінде;

компосттар.

Slide 6

Сабан мен пішен

Сабан мен пішен. Бұл тыңайтқыштарға қалаған кезде қол жеткізу бақшашылар үшін соншалық қиын болмаса да, оның құндылықтары туралы көп жағдайда ұмытып кетеді. Сабан мен пішен әртүрлі пайдалы қасиеттерге ие, мысалы олардың бірі ретінде суды сіңіру мен ұстап тұру қасиетін айтсақ болады. Сабанның бір бөлігі судың үш бөлігін сіңіре алады. Микроағзалардың өсімдік қалдықтарын, әсіресе сабанды қайта өңдеуі кезінде өсімдіктерге ауруларға қарсы төзімділік қасиет беретін ерекше зат экотол өңделініп шығады. Сабанды топыраққа себуден бұрын оны дұрыс дайындау қажет. Түбі жоқ ағаш жәшікке бір қап сабан салып, оған 8 литр несеп ерітіндісін құяды (50 - 60 г. ерітінді 10 литр суға) . Осылайша үш қапты жинап салады. Басқа ерітінді үшін шамамен 1 кг. шіріп тұрған көңді немесе компостты алады да 10 литр сумен араластырып, дайын болған ерітіндіні сабан салынған жәшікке толғанша құяды. Бұл субстратты микроағзалармен тезірек толтырып, оның қозғалу механизмін жылдамырақ жүзеге асыру үшін керек. Бұл операция әдетте қыркүйек айында жасалынады да, сабан осы түрінде қысқа қалады. Бір жылдан кейін сабан толығымен шіриді. Алынған субстрат арасында жартылай шіріген сабан қалдықтары бар, борпылдақ, қара-қоңыр түсті болады. Көктемде оны барлық өсімдіктерді отырғызу кезінде компост сияқты қолданады.

Slide 7

Сабан

Slide 8

Ағаш үгінділері

Ағаш үгінділері. Көптеген бақшашылар ағаш үгінділеріне айтарлықтай мән бермейді, немесе оны дұрыс қолданбайды. Көп жағдайда бақшашының өсімдік түбіне жас ағаш үгіндісін көп мөлшерде сеуіп, одан мол өнім күтетінін байқауға болады. Нәтижесі - қураған, сарғайған өнім. Ағаш үгінділері шіру кезінде азотты көп мөлшерде сіңіреді. Негізінен, шіри бастаған ағаш үгіндісін пайдаланған дұрыс. Олардың әр қапшығын азотты тыңайтқыш қоспасымен кезек-кезек араластыра отырып, бір үйме қылып жинайды. Қоспаны құстардың көңімен араластыруға да болады. Ағаш үгінділерін компостпен араластырудың қажеті жоқ, себебі олар 2-3 жылға дейін шірімей қоюы мүмкін. Қара шірікке айналған ағаш үгінділерін таңқурайдың, қарақаттың, қарлығанның түбіне (қалыңдығын 5 см етіп) пайдаланады. Нәтижесінде олардың маңына утаспа мен қияқ сияқты арамшөптер өспейтін болады.

Жапырақтар. Көптеген тәжірибелі бақшашылар жеміс ағаштары мен бұталарынан түскен жапырақтарды жинауға болмайтынын айтады. Бұл дұрыс. Бірақ қар астында қалған жеміс ағаштарының жапырақтарында зиянды жәндіктер қыстайды, сондықтан да жапырақтарды жинап алып, өртемей, керісінше шірінді түрінде басқа өсімдіктер үшін қолданған дұрыс.

Slide 9

Органикалық тыңайтқыш көң мен шымтезек

Slide 10

көң

Көң - өте құнарлы органикалық тыңайтқыш. Ол мал астына төселген сабан (не сабансыз) және жас қи мен несептің қоспасы. Көңнің құрамы мен тыңайтқыштық қасиеті жануарлардың түріне, жемнің және мал астына төселген сабанның не шөптің сапасына, алу және сақтау тәсілдеріне байланысты болады. Орташа есеппен жануарлар жейтін жемнің құрамындағы 40% органикалық заттары, 50 - 70% азоты, 80%-ы фосфор, 90% калий көңге айналады. Тәулігіне әрбір жануардан алынатын көң мөлшері (килограммға шаққанда, төсенішсіз) : өгіз - 40, сиыр - 55, бойдақ мал - 27, бордақыланған төл - 14 - 35 (жасына байланысты), қабандар (аталық шошқа) - 11, 1, мегежін - 8, 8. Көң төсеніш араласқан көң және таза көң болып бөлінеді. Төсеніш араласқан көңнің шамамен алғандағы құрамында: 0, 5% N, 0, 25% P2O5, 0, 6% K2O, 0, 35% CaO, 0, 15% MgO болады. Бұл көңнің құрамы оны сақтау тәсіліне тәуелді. Таза көң суды араластыру дәрежесіне қарай: жартылай сұйық (құрғақ заттар 8%-дан артық), сұйық (3-тен 8%-ға дейін) және көңқақ (3%-дан кем) болып бөлінеді. Таза көңнің құрамы экскремент (нәжіс) құрамына тәуелді, ал ол жануарлар жасына және жем беру түріне байланысты болады. Орташа есеппен сиырлар нәжісі құрамында: 0, 43% N, 0, 28% P2O5, 0, 5% K2O бар; осыған сәйкесті қойларда - 0, 95%, 0, 22% және 0, 75%; тауықтың кеппеген саңғырығында - 2, 2%, 2, 44% және 0, 64%. Көңнің тыңайтқыштық тиімділігі, оны дайындау, сақтау және топыраққа енгізу, шашу тәсіліне байланысты. Көң қоймасында текшеленіп нығыздалған көңнің құрамында органик. заттар мен азот жақсы сақталады. Шіруіне қарай көң жас көң, шала қызған, шіріген және қарашірік деп ажыратылады. Шала шіріген көңде органик. заттар 20%-ға кемиді. Оларды күздік егінге пайдаланған тиімді. Әбден шіріген көңде органик. заттың 50%-ы жоғалады. Қарашірік-борпылдақ, топырақ тәрізді зат. Мұны, көбінесе, көкөністерді (қияр, сәбіз, қызанақ, капуста, т. б. ) тыңайту үшін қолданады. Қойдың кепкен қиы мен сиырдың тезегі отын ретінде де пайдаланылады

Slide 11

Шымтезек

Шымтезек (нем. Torf) - батпақ жерлерде толық ыдырамаған өсімдік қалдықтарынан түзілетін жанғыш, пайдалы қазбалар. Құрамының 50-60 -ы көміртек. Меншікті жану жылуы 24 МДж/кг. Ш-тің әлемдік қоры шамамен 500 млрд. т.

Шымтезектің ыдырау дəрежесі - гумин қышқылдарынан жəне қарашірікке айналмаған өсімдік қалдықтарының ұсақ бөлшектерінен тұратын шымтезектің құрылымы (толық ыдыраған) бөлігінің оның жалпы массасына қатынасын көрсететін сипатама

Slide 12

Тыңайтқыштардың химиялық құрамы

Макроэлементтер

Азот

Фосфор

Калий

Микроэлементтер

Бор

Марганец

Цинк

Молибден

Кобальт

Медь

Slide 13

Азот тыңайтқышы


Ұқсас жұмыстар
Органикалық тыңайтқыштар
Тыңайтқыш тар
Қарқынды егіншілікте туралы түсінік. Тыңайтқыш - ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмiн арттырудың басты факторы
АЗОТТЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШ
Азотты тыңайтқыштар
Агрохимия ғылымының міндеттері мен зерттеу әдістері
Органикалық тыңайтқыштар туралы
Калий тыңайтқышы
Мал көңдерін сақтайтын қойма
Калий тыңайытқыштары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz