Балалар музыкалық театры



Қазақстан Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Педагогика факультеті Музыкалық білім беру кафедрасы Орындаған: Бейбітова Қ. Тексерген: п. ғ. к. доцент Сұлтанова Н. К.

Балалар музыкалық театры

Театр (грек. theatron - ойын-сауық орны; ойын-сауық) - сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.
Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады.


Балалар мен жасөспірімдер театры - мәдени-сахналық мекеме.
1944 жылы Алматыда режиссер Н. И. Сац пен драматург В. С. Розовтың басшылығымен ұйымдастырылған. Театр қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істеді.
Алғаш рет қазақ труппасы 1947 жылы 2 ақпанда А. Н. Островскийдің “Мысыққа күнде той бола бермес”, ал орыс труппасы 1945 жылы 7 қарашада Е. Шварцтың “Қызыл телпек” (басты рөлдерде Аққағаз Мәмбетова, Тұрсын Жармұхамедовалар ойнады) спектакльдерін қойды. Театр шымылдығы ресми түрде 1948 жылы 4 шілдеде А. Н. Толстойдың “Алтын кілт” спектаклімен (режиссер Сац) ашылды. Жас ұжымның мектеп бағдарламасымен сәйкес алғаш қойған пьесалар мен аңыз-ертегілер инсценировкалары: М. Ақыжанов пен Қ. Бадыровтың “Алтын сақасы” (1948, режиссер Н. В. Молчанов; 1953, режиссер С. Шәріпов; 1965, режиссер Мен Дон Ук), Ш. Құсайыновтың “Нұрлы тас” (1951) пен “Алдар Көсесі” (1954, екеуінің де режиссер А. Тоқпанов), Қ. Сатыбалдиннің “Аягөз аруы” (1954, режиссер М. Қосыбаев), Л. В. Соловьевтың “Қожанасыры” (1949, режиссер И. С. Барон) . т. б. қойылымдар.


Театр сахнасында, сондай-ақ, Құсайыновтың “Біздің Ғани” (1958, режиссер В. О. Гасюк пен Қосыбаев), С. Мұқанов пен А. Сатаевтың “Ботагөз” (1970, режиссер Е. Обаев), С. Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарлар” (1977, режиссер Байсеркенов), И. Ф. Поповтың “Семья” (1959, 1962, режиссер Добронравов), Х. Хамзаның “Бай мен кедей” (1962, режиссер Хайруллина) сияқты тарихи-әлеум. тақырыптағы шығармалар мен шет ел драматургиясынан У. Шекспирдің “Вероналық екі бозбала” (1949, режиссер Сац), “Гамлет” (1980, режиссер Байсеркенов), Ф. Шиллердің “Зұлымдық пен махаббат” (1951, режиссер С. Естемесова), Н. Хикметтің “Әпенде” (1957, режиссер М. Қосыбаев), Б. Брехттің “Әйдік апай және оның балалары” (1968, режиссер Мен Дон Ук), Ян Соловичтің “Түмен түрткен тіленші” (1976, режиссер Байсеркенов), т. б. пьесалары қойылды.

1960 - 80 жылы халықтың аяулы ардагерлері туралы Ш. Аймановтың “Жас Абай” (Әуезовтің романы бойынша, 1969, режиссер Айманов), Ә. Тәжібаевтың “Сағынамын күн сайын” (режиссер Мен Дон Ук), Сатыбалдиннің “Ұзақ жол” (1970, режиссер В. С. Пұсырманов), Ә. Әлімжановтың “Махамбеттің жебесі”, Мұқановтың “Қашқар қызы” (1971, екеуінің де режиссер Обаев), Құсайынов пен О. Бодықовтың “Әл-Фараби” (1972, режиссер Мен Дон Ук), т. б. пьесалар сахналанды. Осы жылдар ішінде театр Мәскеуге үш рет гастрольге барды. 1958 жылы Д. Фурмановтың романы бойынша “Бүліншілік”, Ақынжановтың “Ыбырай Алтынсарин”, В. Коростылов пен М. Львовскийдің “Көрінбейтін Димка” спектакльдерімен бүкілодақтық фестивальге қатысып, 2-дәрежелі дипломға ие болды. 1967 жылы Ш. Құсайыновтың “Алғашқы ұшқындар”, Ш. Айтматовтың “Арманым, Әселім” спектакльдерін алып барып, бүкілодақтық конкурстың 3-дәрежелі дипломы мен ақшалай сыйлығына ие болды.

Назарларыңызға рахмет!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz