М. Әуезовтің алғашқы мақалаларындағы қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік өсу жолы туралы ақпарат
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті
. Тақырыбы:
1.М. Әуезовтің алғашқы мақалаларындағы
қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік өсу
жолы.
2.«Қазақтың өзнеше мінездері», «Адамдық
негізі-әйел» мақалаларындағы адам болмысы.
3.«Ғылым», «Ғылым тілі», «Қайсысын
қолданамыз» мақалаларын талдау.
Семей
2015
ХХ ғасыр басында руханият туралы тың пайымдауларды
ұстанған, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов,
Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев пікірлерімен үндес, қоғамдық-саяси ойды
бағамдаған мақалалары М.Әуезовтің сол тұстағы терең ой-толғамы
мен көңіл-күйін білдіреді. М.Әуезовтің “Адамдық негізі – әйел”(1917),
“Оқудағы құрбыларыма” (1917), “Ғылым” (1917), “Қайсысын
қолданамыз?” (1917), “Ғылым тілі” (1918), “Оқу ісі” (1917),
“Мәдениетке қай кәсіп жуық?” (1918), “Мәдениет һәм ұлт” (1918),
“Земство һәм кооператив қауымдары” (1918), “Ескеру керек” (1918),
“Қазақ оқығандарына ашық хат” (1920), “Қазақ қалам
қайраткерлеріне ашық хат” (1922) т.б.мақалалары “Абай”,
“Сарыарқа”, “Шолпан”, “Қазақ тілі” басылымдарында жарық
көрген. Автор бұл мақалаларының бәрінде ойын да, сезімін де,
шындықты да мұнарлатпай ашық жеткізеді.
М.Әуезовтің мақалаларының дені 20-жылдардағы белгілі бір
тарихи әлеуметтік жағдайларға байланысты жазылғанымен,автордың
дүниетанудағы таным еркіндігі бұл мақалалардың ғұмырын өміршең
еткен.
«Адамдық негізі-әйел» «Қазақтың
өзнеше мінездері», мақалаларындағы
адам болмысы.
«Адамдық негізі – әйел» атты мақаласында автор әйелдің қоғам
өмірінде атқарар рөлін дәлелдеп, ашып танытады. Әйелді қо ғамды қ
ортаның ұйтқысы ретінде бағалайды. Әйел басында ғы т ұман айы қпай,
халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Өйткені адам
қоғамындағы адамгершілік ана тәрбиесінің нәтижесі. Ал өмірде әділет,
мархабат, махаббат деген нәрсенің атын естімеген ананы ң адамды ққа
тәрбиелеудегі өрісі қандай болмақ? Мақала арқылы Әуезов қазіргі қазақ
әйелдері балаларына қандай тәрбие беру халінде екеніне ой ж үгіртеді:
“Әуелі, ана балаға байлық, барлықтың өзіңде болғанда ғы ба ғасы, дәмі
қандай, өзгеде болғандағы көзге күйіктің пайдасыздығы қандайын
үйретеді. Онан соң өзің ретті құрбының өзіңе қатарласа алмай қалып
жүргені жақсы деп үйретеді. Және неше т үрлі өзіні ң ауданы аз, т үрсіз,
қараңғы ойына кіретін жаман мінезінің бәрін баласыны ң сі ңіргіш
жүрегіне жұққызады, бұдан кейін әр бала қызғаншақ, өзімшіл,
мақтаншақ, пайдакүнем, сұмырай мінездерді ойына артып алады”.
«…Ал, қазақ, мешел болып
қалам демесең,
тағылымыңды, бесігіңді
түзе! Оны түзейін десең,
әйелдің халін түзе!» – деп
нақты, дәлелді
тұжырымдайды. М.Әуезов
казақ әйелінің бүкіл
болмысына, жан-дүниесіне,
сезім сырына терең үңіліп,
ерекше ықыласпен суреттей
білді. Әдебиеттің өшпейтін,
мәңгілік тақырыбы – әйел
болса, оны жан-жақты
танытып, әсемдік әлемін
жеткізе бейнеледі.
М.Әуезов «Өз жайымнан мағлұматында» осы мақала туралы былай
деп мәлімет береді: “Ең алғашқы баспаға шыққан статьям “Сарыарқа”
газетіндегі: “Адамдық негізі - әйел” деген нәрсе еді. Б ұл аны ғанда мені ң
жалғыз өзімдікі емес, Тұраш екеуміздікі болатын. Негізгі пікір сонікі еді, мен
соның пікірімен жаздым. Мақаланы бергенімізде ешқайсымызды ң колымыз
жоқ еді. Басқармадағы Сәбит Дөнентай баласы ма, болмаса С.Әлімбеков
пе біреуі мен әкеп берген соң, “семинарист – Әуезов” деп аяғына қол қойып
жіберіпті.
“Қайсысын қолданамыз?”
1917 жылы Семейде “Сарыарқа” газетінде “Қайсысын
қолданамыз?” деген мақала жарияланды, бұл –
М.Әуезовтің баспа жүзіндегі өз атынан жарияланған
тұңғыш сөзі еді. Автор ұлт пен мемлекет тағдыры үшін
көкейкесті мәселе тілде, тіл арқылы білім беруде екенін
баса айтады. Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуді іске
асыру өзекті мәселе екені сөз болады. Тілді шұбарлау
арнаулы аталымдарды реттеуден туындап жатқанын
ескертеді. Қазақтың әдеби тілінің бүтіндік қалпын сақтау
туралы қоғамдық пікірін аңғартады. Ғылым тілі
бірізділікке салынуы керектігін айта келе: “Әркім әр жерде
өз машықты жолымен төпей берсе”, істе ешқандай береке
болмайтындығын ескертеді. Алғашқы лебізінің өзінен
Әуезов елдікті мүдделеп, егемендікті мұрат еткен.
М.Әуезов “Қайсысын қолданамыз?” атты мақалада
көтерілген тіл, оқулық туралы мәселеге бір жылдан со ң қайта
қайрылып “Ғылым тілі” деген мақала жазған. Бұнда да қазақ
болашағының зәру мәселелерін қадап айтады. Өз тілінен гөрі
басқа тілді мансұқтаудың опындырар өкінішіне мысалдар
келтіреді: “Ерте уақыттағы жапон басшыларының
ойланбағандығынан, өз оқуларын қытай оқуына араластырып
алып, өз оқуын өзінікі қылып әкете алмағандығынан керексіз бір
нәрсе жамап алып отыр. Міне, осындай халге қазіргі бетімізбен
жүре берсек, біз де бір күні ұрынатын секілдіміз”[2.16]. Келелі
кеңестің дәйектелуі ойланарлық дүние. Әуезов қазақ тілінің
сөздік қорын жетілдіріп, түлете жаңартуды, байырғы тілдік қорды
сарқа пайдалануды, әлемдік жаңа ұғымдардың керектілерін
алуды, үйлестіруді жақтайды.
“Қазақтың өзгеше
мінездері”
Ресейдегі саяси төңкерістер Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол
Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына
ұйытқы болады. Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған «
Қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 жылы 10
наурызда «Алаш» газетінде басылды. 1918 жылы 5-13 мамырда
Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып,
оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов
жазушы Жүсіпбек Аймауытовпен бірлесіп, Семейде «Абай» ғылыми-
көпшілік журналын шығаруға қатысады. 1919 жылы семинарияны бітіріп,
қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1919 жылы желтоқсанның төртінде
Семейде большевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомыны ң
жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі»
газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылы қараша
айында Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа
мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады.
М.Әуезов
туындылары әлемдік
әдебиеттің
айдынына мөлдір
бұлақ болып
кұйылып, күллі
адамзатқа ортақ
рухани қазынаға
айналды.
Нұрқатов А., Мұхтар Әуезов, А., 1957;
Лизунова Е., Мастерство Мухтара Ауэзова, А.,1968;
Ауэзова Л.М., Исторические основы эпопеи “Путь Абая”, А.-А.,
1969;
Мухтар Ауэзов — классик советской литературы. Сб., А., 1980;
“Мұхтар Әуезов және Абайтану проблемалары”, А., 1982;
Ахметов З., Поэтика эпопей “Путь Абая” в свете истории ее
создания, А.-
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz