Нивелирлер мен теодолиттердың жіктелуі




Презентация қосу
Нивелирлер мен
теодолиттердың жіктелуі.
Юсупова Дильда
ГК-308
Теодолит
Теодолит — жер өлшеу жұмыстарында, жерді
тексеріп шолуда және ірі масштабты съемка
жасауда көп пайдаланылатын бұрыш елшейтін
геодезиялық аспап. Оның ең маңызды бөліктеріне:
қарау түтігі, градусталған екі — вертикальды (тік)
және горизонтальды (жазық) — шеңбері жатады.
Сондықтан теодолитпен горизонтальды,
вертикальды бұрыштарды бірдей анықтауға
болады. Бұл аспап арқылы шырақтың не жердегі
нәрсенің горизонталь координаталары, яғни
азимут пен биіктігі анықталады. Аспап онша улкен
емес, экспедицияға алып жүруге ыңғайлы.
Теодолит
Теодолиттің шартты белгілеріндегі Т әрпі "теодолит" деген аспап
атын білдірсе, сол әріптен кейінгі цифр горизонталь бұрышты
өлшеудің секундтық орташа квадраттык қателігін білдіреді,
мысалы Т5 теодолиті үшін mp-5 , ТЗОМ үшін тр=5 , ал Л/-деген әріп
маркшейдерлік жұмыстарға арналгандыгын көрсетеді. Кейінгі
кезде теодолиттер жаңартылып, 2Т2, 2Т5, 2Т30 тектес болып
шығарылуда. Есеп алу тетіктерінің түріне байланысты теодолиттер
тағы үш топқа бөлінеді: а) бағалау микроскобы; ә) шкалалы
микроскоп; б) оптикалық микрометрлер.
Горизонталь дөңгелектің вертикаль осьтері конструкциясына
байланысты қайталанатын және қайталанбайтын теодолиттер
болып бөлінеді. Қайталанатын теодолиттерде лимб пен алидада
жеке айналады, әрқайсысының қысып коятын және жетекші
бұрандалары болады. Оларга ТЗО, 2Т30 теодолиттері жатады. Ал
қайталанбайтындарга 2Т30М, 2Т5, 2Т2, т.б. жатады, оларда лимб
арнайы күрылғы аркылы керекті жағына бұрылады.
Теодолит Т2 Теодолит Т2
Горизонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігіне
қарай теодолиттер 3 топқа бөлінеді:
1. Техникалық Т15К, 2Т30, 2Т30М теодолиттік және
тахеометриялық жүрістер мен түсірістерде, сондай-ак жер
бетіндегі және жерасты қазбаларындагы маркшейдерлік
жұмыстарды атқару кезінде бұрыштарды өлшеуге арналған.
2. Дәл теодолиттер 2Т2-3 және 4 кластық триангуляция мен
полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған, ал
2Т5К- триангуляциялық жүйелер мен 1 және 2 разрядтық
полигонометриялық, сонымен қатар, жер беті маркшейдерлік
жұмыстарда бұрыштарды өлшеуге арналған.
3. Жоғарғы дәлдікті электронды теодолиттер және
тахеометрлер Та2М мен полигонометриядағы бұрыштарды
өлшеуге теодолиттің негізгі бөліктеріне толығырақ арналған.
Нивелир
Нивелир - екі нүкте биіктіктерінін
айырмашылығын анықтауға
арналған геодезиялық аспап; көлденең
нысаналау сәулесі мен осы нүктелерде тік
орнатылған рейка көмегімен қолданылады.
Нивелир
Құралымының негізгі типтері бойынша нивелирлерді цилиндрлік деңгейлі
нивелир және компесаторы нивелир деп екі топқа бөледі, соңғыларында
нысаналау сызығы горизонталь жағдайға автоматты түрде келтіріледі.
Дәлдігі жөнінен нивелирлер, негізінен, І және ІІ класты нивелирлеуге
арналған өте дәл, ІІІ және ІV класты нивелирлеуге арналған дәл нивелирлер,
зерттеу және құрылыс жұмыстарына арналған техникалық нивелирлер деп
бөлінеді. Н-05 — оптикалық микрометрлік жоғары дәлдікті нивелир, биік
айырымды 1 км-лік екі мәрте жүрісте 0,5 мм-ден арпайтын орташа
квадраттық қателікпен анықтауға арналған. Н-3, Н-3К, Н-3Л нивелирлері —
дәл, 1 км екі мәрте жүрісте биік айырымды 3 мм-ден аспайтын орташа
квадраттық қателікпен анықтауға арналған, дәл аспаптар. Инженерлік-
геодезиялық зерттеулерде, ІІІ және ІV кластық нивелирлеу кезінде
қолданылады. Н-10, 2Н-10Л, Н-10К, Н-10КЛ нивелирлері — 1 км-лік екі мәрте
жүрісте биік айырымды 10 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен
анықтауға арналған техникалық нивелирлер. Олар құрылыста, инженерлік-
геодезиялық зерттеулерде және топографиялық түсірістерде биіктік шама
негіздерімен қамтамасыз ету үшін қолданылады. Қазіргі кездегі нивелир
аспаптарында дүрбінің осін горизонталь жағдайға келтіру деңгейі арқылы
тексеріледі немесе авторедукциялық компенсаторлар арқылы өздігінен
жасалады.[Қалаларды пландауда, темір жолдар салуда, су жүретін
трубаларды жүргізуде де ниверлеудің маңызы өте күшті. Ниверлеу көп еңбек
сіңіруді керек қылатын жұмыс, сол себепті бұл жұмыс автоматтандырылды.
ЗН-3КЛ
2Н-10КЛ Технический нивелир
Нивелир Trimble
 
Лазерлік Нивелир

Ұқсас жұмыстар
Теодолиттердің және нивелирдің жіктелуі
Теодолиттердің жане нивелирдің жіктелуі туралы ақпарат
Теодолиттер мен нивелирдердың жиіктелуі
Жоғары дәлдікті нивелирмен танысу және олардың тексерулері
Геодезиялық құралдар
Геодезиялық аспаптармен жұмыс істеу ережелер
Геодезиялық құралдардың техникалық сипаттамасы
Жерге орналастыру саласындағы заманауи геодезиялық аспаптар
ДИСПЕРСТІ ЖҮЙЕЛЕРДЕГІ КЕҢІСТІКТІК ҚҰРЫЛЫМДАР
АУРУ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Пәндер