Жабайы шомыр (Raphanus raphanistrum): морфологиясы, биологиясы және агрономиялық бақылау шаралары


Slide 1

Жабайы шомыр

Жабайы шомыр

Орындаған: Қариполданов Б

Тексерген:Сагындыков С

Slide 2

Жабайы шомыр (Raphanus raphanіstrum) - орамжапырақтар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік.

Биіктігі 10 - 70 см, жапырақтары жалпақ, кезектесіп орналасқан. Гүлі сары немесе ақ, жемісі - бұршаққын. Жаз бойы және күзде гүлдейді. Жаздық егістікте, тыңайтуға қалдырылған жерлерде көбірек өсетін арамшөп. Жабайы шомыр өспеу үшін астық тұқымын тазалайды, егіс алмастырылады, күздік қарабидай егіледі. Жабайы шомыр тұқымы пісіп жетіле бастаған кезде улы болады. Жас жабайы шомырды мал жақсы жейді, оны сүрлемге қосуға болады. Негізінен шикілей пайдаланылады, пәлегі малға беріледі. Жабайы шомырдың құрамында 1, 58% қант, 1, 92% болок, С витамині 20-25 мг%, минералды тұздар, ферменттер бар

Slide 3

Орамжапырақтар тұқымдасының күзде гүлдейтiн арамшөп ретiнде кең тараған өкiлiне жабайы шомыр (редькая дикая - Raphanus raphanistrum) жатады.

Бұл өсiмдiктен қос жарнақтылар класына тән белгiлердiң барлығы табылады. Жабайы шомырдың сабағы тiк өсiп, төменгi бөлiгi қалың түктермен қапталады. Жапырағының формасы лира тәрiздi кезектесiп орналасады. Күлте жапырақшаларының түсi сары және құрылысы жағынан капуста гүлдiлер тұқымдасына тән болып келедi. Гүлдерi бiршама үлкен және шашақ гүл шоғырына жиналады. Маусым айында жабайы шомыр егiстiктiң шөп басқан жерлерiнде молынан гүлдейдi. Күзде гүлдеп тұрған өсiмдiктер онша көп болмайды, бiрақ олар алыстан жақсы байқалады.

Slide 4

Жабайы шомырдың жемiсi - бұршаққын, ол көлденең перделерi арқылы, iшiнде бiр - бiрден тұқымдары бар жекелеген бөлiктерге ыдырайды. Жабайы шомырдың өскiндерi келесi жылы көктемде пайда болады.

Slide 5

Жабайы шомырдың сабақтары мен жапырақтарын қалың түк басып тұрады. Жабайы шомырдың тұқымы масақты дәнді дақыл- дардан бұрын піседі. Бір өсімдік 2-2, 5 мың тұқым береді. Оның тұқы- мы берік қабықшалармен тығыз қапталғандықтан өніп шығуы баяу жә- не созылмалы келеді. Жабайы шомырдың тұқымы қыстап шыққаннан кейін ерте көктемде 5-6 сантиметр тереңдіктен өніп шығады. Оның тұ- қымы топырақта 6-7 жылға дейін тіршілік қабілетін жоймайды.

Slide 6

Бұл арамшөптің көгі көптеген гербицидтерге сезімтал келеді. Дәнді дақылдар егістігінде өсетін жабайы шомырды 2, 4-Д және 2М-4Х препа- раттарын 0, 5-0, 9 кг/га, ас бұршақ егістігіндегі арамшөпті динитров- торбутилфенол препаратымен 1-1, 5 кг/га, жүгері егістігінде оны симазин және атразин препараттарымен 0, 8-1 кг/га, ал пияз бен сәбіз егістігін- дегі жабайы шомырға хлоразинді 4 кг/га немесе прометринді 1- 1, 25 кг/га мөлшерінде енгізу арқылы жояды.

Ас және кант қызылшасы егістігіндегі арамшөпті құрту үшін пира-. мин нрепаратын тұкьш көктеп шықпай тұрып колдану тиімді.


Ұқсас жұмыстар
Емен жемісжемірі (Carpocapsa splendana): биологиясы, морфологиясы, зияндылығы және бақылау шаралары
Алма жасыл бітінің (Aphis pomi) морфологиясы, биологиясы және күресу шаралары
Қарасора (Amaranthus) морфологиясы, биологиясы, таралуы және агротехникалық-химиялық күресу шаралары
Қазақстандағы арамсояудың (Cuscuta spp.) морфологиясы, биологиясы, зияндылығы және күресу шаралары
Жұпсыз жібек көбелегінің морфологиясы, биологиясы, зияндылығы және анықтау мен күресу шаралары
Қауын шыбыны (Myiopardalis pardalina): зияндылығы, биологиясы, морфологиясы, анықтау және күресу шаралары
Батыс гүл трипсі (Frankliniella occidentalis): биологиясы, морфологиясы, зияндылығы және күресу шаралары
Тауық тарысы (Echinochloa crusgalli): морфологиясы, биологиясы, таралуы және күресу шаралары
Жатаған у кекіре (Acroptilon repens L.): таралуы, морфологиясы, биологиясы, зияндылығы және күресу шаралары
Астық меромизасы (Meromyza): морфологиясы, даму биологиясы, таралуы және күресу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz