С.Сейфуллин. І.Жансүгіров, Б.Майлин, Ж.Аймауытов, Ғ.Қарашев, Б.Күлеев шығармашылығы



Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Тақырыбы: С. Сейфуллин. І. Жансүгіров, Б. Майлин, Ж. Аймауытов, Ғ. Қарашев, Б. Күлеев шығармашылығы.
Орындаған: Қажыбекова Н. Ә.
Тексерген: Жүндібаева А. Қ.

Үш Бәйтерек
Сәкен Сейфуллин
Бейімбет Майлин
Ілия Жансүгіров

Сәкен Сейфуллин (1894-1938)
Сәкен Сейфуллин өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер болды. «Көкшетау» (1934), «Қызыл ат» (1934), дастандарында заманалық мәселелер көтерілген. «Қызыл атта» 30-жылдардың бас кезінде Қазақстанның ауыл шаруашылығында орын алған асыра сілтеу оқиғалары сыналады. «Ақсақ киік» (1924), «Аққудың айырылуы» (1925) шығармаларында туған даланың табиғатын, адамның ішкі сезім күйлерін суреттейді. С. Сейфуллин проза, драмматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында көрнекті еңбек етті. «Жұбату» (1917) әңгімесі-Сәкеннің қазақ әйеліне арналған алғашқы прозалық, шығармасы. «Жемістер» (1935), «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда» туындыларында замандастар өмірі бейнеленген. С. Сейфуллин қазақ халқының патшалық езгіге қарсы күресін «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи мемуарлық романыңда көрсетеді. Публицистика саласының дамуына қосқан үлесі баға жетпес. Қазақтың ескі әдебиет нұсқаларың жинау, зерттеу, бастыру ісімен де шұғылданды.

Оның қатысуымен «қазақтың ескі әдебиет нұсқаулары» (1931), «Батырлар» (1933), «Ақан сері Ақтоқты», «Ләйлі-Мәжнүннің» қазақша аудармасы жарық көрді. «Қазақ әдебиеті (1932) кітабы-осы саладағы алғашқы зерттеу еңбектерінің бірі, Халық әдебиеті материалдарын мол жинап, пайдаланған бұл зерттеуінде қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жанрлық жағынан жіктеп, идеялық- көркемдік талдаулар жасайды. С. Сейфуллин қазақ әдебиетінен мектептерге оқулық жасау ісіне де қатысқан. Қазақ әдебиетінің кадрларың даярлауға, алғашқы кітаптарың бастыруға көп күш салды.
1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен бірінші он күндігіне қатысты қазақ жазушылары ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марпатталып, шығармашылық еңбегіне 20 жыл толуы кеңінен мерекеленді.
1938 жылы жолсыз жазаға ұшырады. Ол туралы
С. Мұқановтың «С. Сейфуллин» пьесасы, Ғ. Мүсіреповтың «Кездеспей кеткен бір бейне» пьесаларына әдеби талдаулар жасалды.

-
Бейімбет Майлин (1894-1938)
Бейімбет - поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында, «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде жарияланған алғашқы өлеңдерінен бастап-ақ ел өмірінің сан-сала көкейкесті мәселелеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң-мұқтажын, арман-аңсарын, әсіресе азаттық-теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай-типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс-бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік-тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған.
Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқын келіншек», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Кемпірдің ертегісі», «Хан күйеуі», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл-стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.

Бейімбет Майлин дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінген. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер.
Бейімбет он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол ірілі ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің авторы.
Бейімбет Майлин шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге жасайтын болады.

Ілияс Жансүгіров (1894-1938)
Ілиястың шығармашылығы көп қырлы, алуан сырлы. Ол поэзия, проза, драма саласында өнімді еңбектеніп, өзіндік қолтаңбасы айқын көркем шығармалардың маржан шоғырын дүниеге келтірген құнарлы да тегеурінді қаламгер. Оның шығармаларына арқау болған тақырып өрістері де алуан түрлі. Поэзия, проза, драма салаларындағы шығармаларына өзі ғұмыр кешкен ортадағы нақтылы өмір көріністерінен бастап, тарихи тақырыпқа дейін арқау болып отырады.
Ақын ретінде Ілияс шығармаларының шоқтықты шыңы - оның поэмалары. Оның қаламынан туған «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер»сияқты он беске жуық көлемді поэмалары қазақ поэзиясының інжу-маржаны болып табылады. Ілияс Жансүгіровтің прозалық шығармасының ішіндегі көлемдісі «Жолдастар» романы. Мұнда қазақ сахарасындағы еңбек адамдарының тұрмыс-тіршілігін, азаттықты көксеген арман-аңсарын, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің дүмпуін суреткерлікпен ашып көрсетеді.

Ілиястың драма саласындағы «Кек», «Түрксіб», «Исатай-Махамбет» сияқты туындылары да қаламгер дарынына айғақ шығармалар. Ол әдебиет сыны мен аударма саласында да өнімді еңбектенді. А. С. Пушкиннің көптеген өлеңдеріне қоса, «Евгений Онегин» романын қазақ тіліне алғаш рет толық аударды. Сондай-ақ, М. Ю. Лермонтовтың, А. М. Горькийдің, Н. А. Некрасов-тың, В. В. Маяковскийдің көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Қазақ поэзиясында бүгінге дейін өнер жайында көп жазған және көркемдіктің шыңына жеткізе жазған І. Жансүгіров пен теңдесер қаламгер жоқ. Сонау 20-жылдардың бас кезінде өмірге келген «Әнші» өлеңінен басталған бұл тақырып тек қазақ әдебиетінде ғана емес, қазіргі әлемдік поэзиядағы айтулы туындылар санатындағы «Күйші» мен
«Құлагер» сияқты классикалық поэмаларға ұласты. Ілиясты ылғи да ән-күйдің әсерінен туған, өзіне ғана мағлұм күшті сезімдер булықтырып жүретін болса керек. Ол соларды сарқа, ақтарыла бір, құйқылжыта, нөсерлете бір жырлауға біртіндеп жақындай берген тәрізді. Осы жолдағы оның асқан бір айтулы белесі - өзінің қазақ күйлерін жетік білетінін, олардың сыры мен сипатын нәзік сезініп, оларды өздеріне лайық көп бояқты құлпырған тілмен суреттеп бере алатын ерекше талант екенін танытты.

Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, құнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген. Бұлардың сыртында «Тәрбиеге жетекші» (1924 ж. ), «Психология» (1926 ж. ), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926 ж. ), т. б. ірі ғылыми еңбектері бар. Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы.
Жүсіпбек Аймауытов
(1889-1931)

Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ. Жүсіпбек Аймауытов (1889ж., Павлодар обл., Баянауыл ауд., Қызылтау мекені, - 1913) - аса көрнекті қазақ жазушы. 1907-1913 ж. Баянауыл, Кереку (Павлодар) мектептерінде, 1914-1919ж. Семей мұғалімдер семинариясында оқыған. 1920-1921ж. ҚазССР халық ағарту комиссариатында бөлім бастығы, коллегия мүшесі. 1921-1922 ж. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, Семейдегі «Қазақ тілі» газетінің редакторы болып істеген. 1922-1923ж. Қарқаралыда мектеп мұғалімі, 1923-1926ж. «Ақ жол» газетінің редакциясында (Ташкент) бөлім бастығы. Ташкент институтында мұғалім, 1926-1929ж. Шымкент пед. техникумында директор. 1929ж. «Қазақстандағы ұлтшылық ұйыммен байланысы бар» деген сылтаумен тұтқындалып, 1931ж. атылған.

Аймауытовтың әдебиетпен әуестенуі 1910 ж. басталады. Оның алғашқы өлеңдері мен әңгімелері, мақалалары «Қазақ», «Сарыарқа» газеттерінде, «Абай» журналында жарияланып тұрады. 20-жылдар ішінде республикалық газет-журналдар бетінде шығармалары көп басылған. «Қартқожа» романы (1926), «Ел қорғаны» (1925), «Мансапқорлар» (1925), «Қанапия мен Шәрбану» (1926), «Шернияз» (1926) пьесалары, «Нұр күйі» поэмасы (1929) және бір топ аударма кітаптары жарық көрген. Аймауытовтың жаңа дәуірдегі қазақ прозасын, әсіресе, роман жанрын бастаушы есебіндегі орны үлкен. «Қартқожа» - қазақ кеңес романының басы, онда 20-ғасырдың басындағы әлеум. революциялар кезінде тартыс жолыннан өтіп, қоғамдық шындықты түсінуге ұмтылған қазақ жасының өмірі суреттеледі. Аймауытовтың екінші романы «Ақбілек» кітап болып басылып үлгермеді. Үзінділері «Әйел теңдегі» журналында жарияланған «Ақбілек» тақырыбы жағынан «Қартқожамен» үндес.

Ғұмар Қарашев шығармашылығы-(1875жылы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы, Қырқұдық деген жерде - 12 сәуір, 1921жылы, Батыс Қазақстан облысының, Жақсыбай ауылдық окурігі жеріндегі Құнаншапқан) - ақын, қоғам қайраткері.
Қайраткер 1907 жылдан бастап татар және қазақ тіліндегі мерзімді басылымдарға мақала жариялай бастайды.
Оралда басылған «Қазақстан» газетін шығарысу кезеңінде қазақтың саяси көзін ашатын, рухани байытатын «Ойға келген пікірлерім», «Бала тұлпар» (Уфа, 1911), «Аға тұлпар» (Орынбор, 1914), «Қарлығаш» (Қазан, 1911), «Тумыш» (Уфа, 1911), «Тұрымтай» (Уфа, 1918) аталатын бес поэзиялық, «Ойға келген пікірлерім» (Орынбор, 1910), «Өрнек» (Уфа, 1911), «Бәдел қажы» (Қазан, 1913) дейтін үш зерттеу кітабы жарық көрген.

Ғұмар қаласы 1917 ж. Ақпан ревкомынан кейін ұйымдасқан «Алаш» партиясына, Алашорда үкіметіне үлкен үмітпен қарап, «Алаштың азаматтарына» атты арман мен үмітке толы өлеңдерін жариялайды. Ол қоғамды қан төгіспен, күшпен, зорлық-зомбылықпен өзгертуді қаламаған («Неден қорқам?», «Күн туды») . Бірақ амалсыздан кеңестік кезеңге икемделуге тура келгенін сезініп, рухани толғанысқа түседі.
Ғұмap Қараш өлең-толғауларында, көсем сөздері мен мақалаларында заман, өмір, дін-шариғат, табиғат, махаббат, т. б. мәселелер туралы толғанады, патша үкіметінің отарлаушылық саясатын, жергілікті әкімдердің екіжүзділігін сынап, халыққа адал қызмет етуге үндейді. Өз тілі мен мәдениетін сақтай отырып, ғылым, білімге ұмтылуды, мәдениетті елдерден үлгі алуды насихаттайды. Өлең-толғаулары философия ой-пікірлерге бай, бейнелі, әсерлі келеді.

Оның мақалалары - 20-ғасырдың бас кезіндегі «Қазақ дұрыстығы», «Қазақстан», «Айқап», «Дұрыстық жолы», «Шора», «Абай» сияқты газет-журналдарда жарияланған. Ол өз шығармаларын Ғұмар Қараш баласы, Ғұмар Қарашұлы, Ахунд Ғұмар Қарашұлы, Ғұмар әл-Қараши, Бөкей елінің бір баласы, Ғұмар Қараш, Ғабдолла Мұштақ, Оразақай, Қазақаев, Ғұмар Қарашев деген есімдермен жариялап отырған.
Ғұмар шығармалары мектеп оқулықтарында, орыс тілінде жарық көрген «Қазақ поэзиясының антологиясы» (1958) мен «Қазақстан ақындары» (Ленинград, 1978) жинағында, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған.
Өлең, толғаулары мен философия ой-толғамдары және әңгіме, мақалалары «Замана» деген атпен (А., 1994) жарық көрді

Бернияз Күлеев лирик ақын
Б. Күлеевтің негізгі шығармашылық өрісі - лирика жанры. Ол махаббат көңіл-күй лирикаларын көп жырлаған ақын. Тіпті ақынның екі-үш поэмасының өзі оқиғалы сюжетке құрмай, бірыңғай лирикалық толғаныстарға құрған. Сондықтан да Бернияздың ақындық қуаты мен шығармашылығының қайнар көздері лирика жанрының төңірегінен табылмақ. Бернияз өлеңдерінің шығу, басылу, эволюциялық даму кезеңдері сияқты мәселелерді қарастырудың қажеті жоқ. Өйткені аз ғана - он шақты жыл шамасында шығарылған өлеңдері бас-аяғы жинақы, әрқайсысының бітімі тиянақты, тағдыр оты сөнуге жақын екенін ақын бейне бір сезгендей, өлең жолдарынан іштей серпіліс, бұлқыныс байқалады. 1916 жыл! Қайшылыққа толы, сол бір талайды әрі итеріп, бері шыққан уақытта ол небәрі 19-ақ жаста екен. Бірақ бұл да - болмысынан сезімтал жүректі, сергек ойлы айрықша талант иесі үшін аса бір ауыз ашып, көз жұмарлық аз ғүмыр емес-ау.

Керісінше, қоршаған ортаның ағы мен қарасы туралы толғаныс иіріміне түсіп, сезгенін көргісі, көргенін танығысы келетін соншалықты бір тынымсыз, соншалықты бір мазасыз шақ осы ма деп қаласың . . . («Ойдағым», «Қыздың мінәжәті», «Қазақ қызы») . Туғаннан екі аяғымен тік тұра қалған тірі пендені кездестіргеніміз жоқ. Мұндайда тәй-тәй басып барып сұғұну де, сонысы үшін іштей қиналып «бүліну де» («Зарлық», «Өзіме») заңды құбылыс. Адамзаттың пешенесіне табиғат-ана о бастан-ақ жазып қойған осынау қалыптасу кезеңінен ол да аттап өте алмаған. Бірақ өзіндік бір ерекшелігі -жетістігі де, кемшілігі де сол - түбі қалай болар екен деп салмақтап, артын ойламастан, айналасынан алған әсерін албырт көңілмен қағаз бетіне түсіре берген, түсіре берген . . . Соларды сарапқа салып қарай бастасақ, көз алдымызға қазақ поэзиясы деп аталатын үлкен жолға маңдай тіреген қысқа, қысқа да болса жолаушысын адастырмай айқын соқпақ жатады. Жетістігі деп отырғанымыз - осы бір соқпақтың тек қана Бернияздың өзіне тән болып шығуына әлгі қасиеттің тікелей әсерін тигізуі. Сөйтіп бітім-болмысымен бөлек, өзге ешкімдікіне ұқсамайтын Бернияз поэзиясының жасалуы.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz