Үш бәйтерек: тағдыр мен тағылым



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Филология Факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Пән атауы: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы (1910-1930 жылдар) .

Тақырыбы: Үш бәйтерек: тағдыр мен тағылым

Жоспар:
Өмір жолы
Ұқсастық пен даралық
Шығармашылық шыңы
Қорытынды сөз.

Кілт сөздер: ХХ ғасыр, әдебиет, ақын, жазушы, қоғам қайраткері, Үш бәйтерек,
Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров,
Бейімбет Майлин.

Үш бәйтерек
Қазақ халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драматург ретінде үлкен үлес қосты. Олардың қаламынан Қазақстанның дарқан даласы, өндіріс орындары мен еңбек адамдарының іс - әрекеттері, өмірге деген құштарлықтары, болашаққа үміт - сенімдері кеңінен көрінді.
Ұлт руханиятын даңқты туындыларымен, тақырып байлығымен, жанрлық қырларымен, көркемдік әлемімен байытты.

Өмір жолы

Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин (1894-1938жж. ) Қазіргі Қарағаңды облысы, Жаңаарқа ауданында (Бұрынғы Ақмола облысы, Ақмола уезі, Нілді болысының бірінші аулы) дүниеге келді.

Ол - ақын, жазушы, драматург, қоғам қайраткері, педагог, әдебиет тарихын зерттеуші ғалым-публицист.
Поэмалары: “Көкшетау”, “Қызыл ат”
Прозалық шығармалары: «Айша”, “Тар жол тайғақ кешу”, “Жер қазғандар”, Жемістер» т. б.

Ақынның жан жары Гүлбаһрам Сейфуллина

Жары Гүлбаһрам мен ұлы Аян

Сәкен мен Гүлбаһрам Сейфуллиндер 1926 жылы Қызылорда қаласында отбасын құрды. Қыздары Лаура 1929 жылы туып, 1932 жылы қайтыс болды. Әкесі еркелетіп Лаураны «ДәріДана» (Дәрдана) дейді екен. 1936 жылы ұлы Аян дүниеге келеді. Оның есімін Мұхтар Әуезов «Аян» деп қойған көрінеді. Кішкентай Аянның 1 жасқа толу күніне ақын мен оның жары Гүлбаһрам қатты дайындалады.

Сәкен мен Гүлбаһрам қуаныштан қатты толқып, қонақтарды жақсылап күтіп алу үшін базардан барып арнайы ақ дастарқан сатып алады. Өкінішке орай, осы ақ дастарқан қуанышқа жайылмады. Сол күні отбасы қуанышын бөлісуге қадірлі достары, жақын-жуықтар келеді деп жүрген Сәкен Сейфуллинді НКВД адамдары тұтқынға алып кетеді.

Бейімбет (Бимағамбет) Майлин (1894-1938ж. ж. )
Қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Майлин ауылында (бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе елді мекені) дүниеге келді.

Ол -ақын, жазушы, драматург, публицист, қоғам қайраткері, қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
Шығармалары: «Шұғаның белгісі», « Раушан коммунист », « Азамат Азаматыч », «Қызыл жалау» т. б.
1938 жылы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның құрбаны болды.

Бейімбет Майлин әңгімелерінде терең шыншылдық бар, адам бейнесі, қарым-қатынастары әрдайым нанымды болып шығады. Және бұл шығармалардың түр үлгісінде дөңгелек келген тұтастық айқын аңғарылады.
М. Әуезов

Ілияс Жансүгіров
Қазақ поэзиясының құлагері 1894 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданында дүниеге келеді.

Ақын Ілияс Жансүгіров жары Фатима Төребаева және ұлы Саятпен

Ұқсастық пен даралық

(1894-138)
(1894-1938)
Сәкен Сейфуллин
Бейімбет Майлин
Ілияс Жансүгіров

(1894-138)
Ақталуы
1957 жылы 30 наурызда
16 сәуір 1957 жылы
1958 жылы

Сәкені Жезқазғанның сұлу туған,
Жасынан өз бетінше өнер қуған.
“Үкімет” деп арпалысып жүргенінде,
Ақыры аяқ-қолын кісен қиған.
Бейімбеті Қостанайдың сөз зергері,
Жағдайы кедейлердің бар тергені.
Қолынан қалам түспей жүрген кезде,
Таусылды оның халқына көп берері.
Ілиясы Жетісудың дүлдүл ақын,
Жырымен ұлағатты бізге жақын.
Көп өлеңі арналған балаларға,
Сондықтан ұмытпайды оның атын.

Үш бәйтерек бір жыл туып, бір жыл өткен,
Зарлатып әйел-бала бірге кеткен.
Оларға “халық жауы” атақ тағып,
Түбіне үшеуінің бір күн жеткен.
Тілеген Жұматов
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі,
аға ұстаз, зейнеткер.

Шығармашылық шыңы

Сәкен Сейфуллин
Сәкен Сейфуллин проза, драматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында көрнекті еңбек етті. «Жұбату» әңгімесі - Сәкеннің қазақ әйеліне арналған алғашқы прозалық, шығармасы. «Жемістер, «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда» туындыларында замандастар өмірі бейнеленген. С. Сейфуллин қазақ халқының патшалық езгіге қарсы күресін «Тар жол, тайғак, кешу» атгы тарихи-мемуарлық романында көрсетеді.

Публицистика саласының дамуына қосқан еңбегі баға жетпес. Қазақтың ескі әдебиет нұсқауларын жинау, зерттеу, бастыру ісімен де шұғылданды. Оның қатысуымен «Қазақтың ескі әдебиет нұсқаулары», «Батырлар», «Ақан сері - Ақтоқты», «Ләйлі - Мәжнүннің» қазақша аудармасы жарық көрді. «Қазақ әдебиеті» кітабы - осы саладағы алғашқы зерттеу еңбектерінің бірі.

С. Сейфуллин қазақ әдебиетінен мектептерге оқулық жазу ісіне де қатысқан. Қазақ әдебиетінің кадрларын даярлауға көп күш салды, сол тұста әдебиетке келген қаламгерлер М. Қаратаев., К, Бекхожин, Ж. Саин, тағы басқалары С. Сейфуллиннің көмегіне сүйенген. С. Сейфуллин олардың алғашқы кітаптарын бастыруға көмектесіп, алғысөздерін жазған. Жазушының шығармалары бірнеше рет шет тілдеріне аударылған. Ол 1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен бірінші онкүндігіне қатысты. Қазақ жазушылары ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

Ілияс Жансүгіров Ол әдебиеттің барлық негізгі жанрларында қалам тартты. Соның ішінде Ілиястың поэзия саласын дамытуға қосқан үлесі зор. Қазақ кеңес поэзиясының алтын қорына қосылған талай-талай лирикалық өлеңдерімен қоса І. Жансүгіровтың “Күй”, “Дала”, “Күйші”, “Құлагер” сияқты поэмалары бар. Оның көркем аударма саласындағы еңбегі де мейлінше жемісті.
Ілияс Жансүгіров

Ілияс Пушкиннің “Евгений Онегин” атты өлеңімен жазылған романын, “Гаврилиада” поэмасын, көптеген лирикалық өлеңдерін, Лермонтов пен Некрасовтың, Горький мен Маяковскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Өзінің ақындық зор талантымен, тамаша көркем шығармаларымен І. Жансүгіров қазақ кеңес поэзиясына өшпес үлес қосты және оның кемелденіп өсуіне зор көркемдік ықпалын тигізді.

Ғалия медресесінде шығьп тұрған "Садақ" атты қолжазба журналдың 1914 жылы 3-санында Бейімбеттің тұңғыш туындысы - "Шұғаның белгісі" хиқаяты жарияланады. Проза жанры қазақта енді ғана тәй-тәй тұра бастаған кезде жиырма жасар жігіттің бірден осыншалық көркем, әсерлі хикаят жазуы зиялы қауымды таң-тамаша қалдырады. Бұл хикаят өзінің барша асыл қасиеттерімен осы күнге дейін тамсандырьш келе жатқан татымды туынды болып қалып қойды.
Бейімбет Майлин

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz