Настурция


Slide 1

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

Тақырыбы: Настурция

Тексерген: Джаманова Г. Е

Орындаған: Нұрбақыт Қ

Тобы: АГ-213

2015-2016 жыл

Slide 2

Жоспар:

1. Биологиялық ерекшеліктері

2. Шаруашылықтағы маңызы

3. Қолданылуы

4. Күтімі

5. Көбейтілуі

Slide 3

Настурция

Slide 4

Настурция - капуциналар тұқымдасына жатады. Отаны - Колумбия. Таралған аймақтары Оңтүстік және Орталық Америка. Отанында біржылдық, көпжылдық және жартылай бұталы өсімдік. Қазақстанда біржылдық бойы аласа және шырмалып өсетін түрлері қолданылады.

Жалпы сипаттама

Slide 5

Настурцияның биологиялық ерекшеліктері

Slide 6

Биіктігі 30-50 см-лік және қысқа 15 см-ліктері бар. Шырмалып өсетіндері 3 м-ге дейін барады. Гүлі жай күлтелі, жартылай гүлпарлы және гүлпарлы болып келеді. Диаметрі 7см. Гүлдерінің хош иісі араларды ғана емес, жеміс-жидектерді тозаңдандыратын басқа да пайдалы жәндіктерді өзіне тартады. Түсі сары, қызғылт сары, ашық қызыл, күлгін және барқытқа ұқсас түрлері бар.

Slide 7

Шаруашылықтағы

маңызы

Slide 8

Настурцияны долма жасауда қолданылады. Сонымен қатар салат тағамдарында сәндік үшін жиі пайдаланылады.

Slide 9 Slide 10

Қолданылуы:Гүлзарлардың жиектеріне, гүлді кілем жасауға, қаланы көгалдандыруда көп қолданады. Қысқа настурцияларды жұпар иісіне бола түбектерге егіп балкондарға, жерге егу мүмкіндігі жоқ жерлерде вазондарға егіп қойып жатады. Қазіргі кезде гүлпаздар шырмалып өсетін түрлерін көгалдандыруда көп қолданады. Сонымен қатар аспаздықта, халық медицинасында авитаминоз бен қан аздықты емдеуге тұқымын, жапырағы мен гүлін пайдаланады. Ескерте кететін жай, аспаздыққа, медицинаға қолданғанда, түрлі химиялық дәрілерді мүмкіндігінше қолданбағаныңыз дұрыс. Мамыр айының аяғынан алғашқы суыққа дейін мол гүлдейді. Көшеттерді еккенде, арақашықтығы 25-30 см, ал шырмауықтардың арасы 35-40 см болу керек.

Slide 11

Настурциягүлінің жалпы күтімі

Slide 12

Ашық күнде және жеңіл, құнарлы, ылғалды топырақта жақсы өседі. Топырағы қатып қалған жағдайда гүлдеуі нашарлайды. Жаз айында түбін бірнеше дүркін қопсытып тұрған дұрыс. Өсімдікке көңді гүл түйін салғанға дейін қосу керек, ал әрі қарай өте көп қолдануға болмайды, себебі көңде азот көп болғандықтан, жапырақтары мол болып өсуіне пайдалы, ал біз жапырағы емес, гүлі үшін өсіретіндіктен, гүлдейтін гүлдерге арналған тыңайтқыштармен қоректендіріп тұрған абзал.

Slide 13

Ұзақ әрі мол гүлдеуі үшін, гүлшоғыры тұқымданып кетпей тұрып, гүл күлтелері қоңырқай тарта бастағанда, жұлып тұрған дұрыс. Тұқымын тамыз айынан бастап жинауға болады.

Slide 14

Настурция гүлін көбейту тәсілдері

Slide 15

Біржылдық гүлдерді жыл сайын тұқымнан көбейтіп өсіріп отырады. Мамыр айында гүлдету үшін, ақпан айының соңы, наурыз айының басында жылыжайда немесе үйде 20-22ºС жылылықта тұқым арқылы көбейтеді. Тұқым 12-14 күнде өніп, өскін шығарады. Өскінде бір-екі жапырақ пайда болғанда, көшеттеп, әрқайсысын жеке отырғызады. Мамыр айының аяғында көшеттерді далаға егеді. Өскін өніп шыққан уақытынан бастап 50-60 күннен кейін гүлдей бастайды. Сонымен қатар қалемшелеп те көбейтуге болады. Бақшаға сәуірдің аяғы, мамырдың басында тұқымынан егетін болсаңыз, жаздың ортасында гүлдейді.

Slide 16

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Декоративті өсімдіктердің негізгі түрлері
Көгалдандыру жұмыстарын пайдалана отырып, саябақтар тұрғызуды жобалау
Анд тауларында
Ландшафт дизайн саласы бойынша монохронды гүлзарлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz