Кит тәрізділер отряды



БӨЖ №1
О рындаған: Жумабекова А. С
БЛ-309
Тексерген: Мадыбекова А. С
Тақырыбы:Кит тәрізділер отряды
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атыңдағы мемлекеттік университет

Кит тәрізділер
отряды

Жалпы сипаттамасы
Кит тәрізділердің барлық тіршілігі суда өтеді. Бір себептен судан шығып қалса, өздігінен қайтадан суға түсе алмайды. Бұлардың денесі ұзын, басы үлкен болады. Мойын бөлімін денесінен айыруға болмайды. Алдыңғы аяқтары ескекке айналған, артқы аяқтары мүлде болмайды. Жамбас белдеуінен омыртқа жотасына бекімеген, бос жататын екі рудиментті сүйек сақталған. Денесінде түгі болмайды, тек қана басында бірен-саран түгі болады. Терісінде тер және май бездері болмайды. Бір пар сүт безі болады. Емшегінің ұшы шап маңында болатын қалтта сияқты қуыска ашылады. Емшегінің ұшының мұндай қалталардың түбінде болуы, балаларын емізгенде сүттің сумен араласып кетпеуін қамтамасыз етеді. Тері астындағы май қабаты өте жақсы жетілген, ірі түрлерінде бұл қабатының қалыңдығы 50 см-ге жетеді. Май денесін салқындап кетуден сақтайды және меншікті салмағын кемітеді. Ірі түрлерінід меншікті салмағы судың меншікті салмағыші жуық, яғни 1, 025%: деуге болады. Өкпесі өте үлкен болады. . Дельфиндер тыныс алғанда өкпесіне 1-2 литр, ал алып көк киттердің өкпесіне-14000 литр ауа сияды. Кейбір түрлерінің танау тесігімен жалғасып жататын ауа қуысы болады. Суға сүңгігенде осы қуыстағы ауа тыныс алуына жұмсалады. Көптеген түрлері су астында 15-45 минут тыныс алмай шыдайды, Киттердің су астында 1 сағаттан артық бола алатыны туралы мәліметтер бар.
Киттердің есіту органдары жақсы жетілген. Киттер кейбір дыбыстарды 10-20 км жерден естиді. Нашар көреді. Иіс сезу органының рудименті ғана сақталған

көбеюі
Суда көбеюіне байланысты киттерде өзіндік бейімделулер пайда болған. Кит тәрізділердің балалары туысымен анасының соңынан еріп кетеді. Жаңа туған баласының дене мөлшері анасының денесінің 1/4, 1/з, 1/2 бөліміндей болады. Мысалы, Қара теңіздің дельфиндерінің денесінің ұзындығы 160-170 см болса жаңа туған баласының үзындығы 80-85 см болады. Кашалоттың ірілерінің ұзындығы 7-8 метр болса, оның баласының ұзындығы 3-3, 5 м ал көк киттің ересектері денесінің ұзындығы 22-23 м болса, олардың балаларының ұзындығы 7-8 м болады. Осындай ірі бала тууы жамбас сүйегінің болмауына байланысты. Екінші бір тамаша бейімделуі - киттер балалағанда баласы құйрығынан бастап шығатыны байқалған. Сондықтан аналық кит құйрығын жоғары көтеріп, судан шығарып, баласының тұншықпауын қамтамасыз етеді. Баласы жоғары ытқып шығып, суға түскенінше дем алып үлгіреді. Бүл кезде кіндігі үзіледі де, балалаған соң біраз уақыттан кейін жолдасы түседі. Баласы емгенде анасының емшегін жиырылып жатқан түтік тәрізді тілімен қармап үстайды, анасы кұрсақ еттерін жиыру арқылы емшегін оньң аузына сауады. Кит тәрізділердің барлығы да бір ғана бала туады. Тіссіз киттер 2-3 жылда бір рет, белуха - жыл аралап, дельфиндер - жыл сайын балалайды. Сүттері жұғымды болғандықтан балалары тез өседі. Мысалы, сиыр сүтінде 4-5% май болса, киттердін, сүтінін, 23-38 проценті май болады. Жыныс органдары 2-3 жасында жетіледі. Тіссіз киттер 20-50 жыл, дельфиндер 25-35 жыл жасайды. Кит тәрізділер екі отряд тармағына бөлінеді.

Киттердің қанының құрамында гемоглобиннің, бұлшық еттерінде ерекше ақуызды зат - миоглобиннің болуы су астында 30 - 40 мин (кейде одан да ұзақ) тыныс алмай тіршілік етуіне септігін тигізеді. Барлық киттердің ауыз қуысы өте үлкен. Бұлар тісі ең көп жануарларға жатады, мысалы, тісті киттің тісінің саны 272 болса, Амазонка дельфинінің бір ғана үстіңгі сойдақ тісі алға қарай 3 м-дей созылыңқы болады. Киттердің миы күрделі құрылысты әрі жақсы дамыған. Олардың сезу мүшесінің қызметін қылшықты мұртшалары атқарады. Қорегін тұтастай жұтады. Сілекей бездері болмайды. Қарны күрделі құрылымды (3 - 14 бөлімнен тұрады) . Киттердің көпшілігі - моногамды. Олар 2 - 6 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Екі жылда бір рет балалайды. Буаздық мерзімі 10 - 12 ай. Аналығының жыныс саңылауының екі бүйірінде 2 емшегі болады. Арнайы бұлшық еттердің жиырылып-жазылуынан сүт баласының аузына шашырайды. Киттер баласын 4 айдан (майда дельфиндер) 1 жылға дейін (кашалоттар) емізеді. Киттің сүті өте құнарлы: сиыр сүтімен салыстырғанда май 10 есе, белок 3 есе көп. Баласы тәулігіне 450 л-ге дейін сүт емеді, 4 см-ден астам өсіп, 90 кг-дай салмақ қосады.
Табиғатта 30 - 50 жылдай тіршілік етеді. Көпшілік түрі топталып, үйірленіп жүреді, теңіз жануарларымен қоректенеді.

Кит тәрізділер отряды
Мұртты КИТТЕР
ТІСТІ КИТТЕР.
Кашалоттар.
Дельфиндер.

Тісті киттер класы
ТіСТІ КИТТЕР (лат. Odontoceti) - киттәрізділердің отряд тармағы. Тісті киттер барлық мұхиттар мен ашық теңіздерде тараған. Кейбір түрлері өзендерді де (Ганг, Амазонка, т. б. ) мекендейді. Дене тұрқы 1, 2 - 21 м, салмағы 30 кг-нан 8 т-ға дейін. Аталықтары аналықтарына қарағанда ірі. Мұртты киттерден ерекшелігі - бассүйегі ассиметриялы(астыңғы жағы ми сауытынан қысқа және алдынан қозғалмай бекіген) . Жағында 240-қа жуық біртекті (гомодонтты), бірқырлы (монофиадонтты) тістер орналасқан. Тілі өте қозғалмалы, ол қорегін жұтқыншаққа қарай итереді. Таңдайы жоқ. Безді қарыны көп камералы, көпшілігінде соқыр ішегі болмайды. Танау тесігі біреу, ол төбесіне қарай ашылады. Танау тесігінің айналасында ерекше жұп ауа қапшықтары орналасқан, олар кит сүңгігенде тыныс жолын жауып қалады. Тісті киттердің есту қабілеті өте жоғары. Белгі беру үшін күрделі дыбыстарды пайдаланады, яғниэхолакация аппараты жақсы дамыған. Негізгі қорегі - балықтар, басаяқты моллюскалар, шаянтәрізділер. Қорегін іздеп 300 м тереңдікке дейін сүңги алады, жақсы жүзеді. Тісті киттердің 10 тұқымдасы (дельфин нарвалдар, өзен дельфиндері, мұрынтұмсықтылар, кашалоттар, т. б. ), 73 түрі белгілі. Қазақстан су айдындарында тісті киттер кездеспейді. Тісті киттердің ішіндегі ең ірісі - кашалот (Physeter macrocephalus) . Аталықтарының ұзындығы 21 м-ден артық, аналықтарының ұзындығы 13 м. Бастары үлкен (денесінің 1/3 бөлігіне тең) . Жіңішке келген төменгі жағында 36 - 60 тісі (тісінің ұзындығы 20 см, салмағы 1 - 3 кг) болады. Жоғарғы жағында тісі болмайды. Тістері сұр-қою қоңыр түсті. Полигамды, жыныстық жағынан 5 - 6 жасында жетіледі. Кашалоттар барлық мұхиттарда (тек Солт. Мұзды мұхитта кездеспейді) тіршілік етеді. Жүктілік мерзімі 16 - 17 ай, аналығының ұзындығы 4 м-дей, салмағы 1 т болатын жалғыз бала тауып, оны 18 айдай емізеді. Балалары тез өседі, 4 - 6 жылда ересек кашалотқа айналады. Табиғи жағдайда 50 жылдай өмір сүреді. Кашалоттардың саны жылдан жылға азаюда, сондықтан оларды кәсіптік жолмен аулауға тыйым салынған. Тісті киттердің 4 түрі Халықар. табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген


Кашалот (лат. Physeter macrocephalus) - тісті киттер отряд тармағының кашалоттар тұқымдасына жататын теңізсүтқоректісі. Аталықтарының ұзындығы 21 м, аналықтары 13 м. Басы ерекше үлкен, (үстінгі жақтарының алдыңғы жағында спермацеттік мүшесі орналасқан) . Астыңғы жақтарында 36-60 түстері бар. Түсі бурылдан қара, коңырға дейін өзгеріп тұрады. Жыныс мүшелері толық 5-6 жасында жетіледі. Аталықтары мұхит кеңістігінде еркін жүзіп, орын ауыстырумен болады, ал аналықтары топтасып, мұхиттың жылы жақ кеңістігін мекендейді. Буаздығы 16-17 айға созылады, сүттілігі, 18 ай. 50 жыл өмір сүреді. Басаяқтылармен қоректенеді. Судың астында 1, 5 сағаттай бола алады.

Дельфин[- сүтқоректілер класының кит тәрізділер отрядына жататын тісті киттер тобының бір тұқымдасы. Дельфиндер тропиктік және қоңыржай белдеулердің теңіздерінде таралған. Кейбір түрі полюстік белдеу теңіздерінде де кездеседі. Көбіне топ құрып тіршілік етеді. Дельфиндердің жиырма туысының елудей түрі бар. Бұлардың дене пішіні жұмыр, ұзындығы бір - он метр. Көпшілік түрлерінің басы жұмыр және тұмсығы алға қарай шығыңқы келеді. Кей түрлерінің арқасында орақ тәрізді арқа қанаты бар. Жалпақ құйрық қанаты денесімен горизонталь бағытта орналасқан. Алдыңғы аяғының сүйектері қысқарып, саусақ сүйектері тұтасып ескекке айналған. Артқы аяғы мүлдем жойылған. Дельфиндер ескек аяқтарымен суда өте жеңіл әрі жылдам (сағатына елу километрге дейін) жүзеді. Жалғыз танау тесігі төбесінен ашылады, сол арқылы дельфиндер оқтын-оқтын су бетіне көтеріліп, ауамен тыныс алады. Етті еріндері жақсы жетілген. Тістері көп. Терісінде түктері болмайды, терісі өте серпімді келеді. Тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Дельфиннің қанының , бұлшық еттеріндегі ерекше ақуызды зат - миоглобиннің көп болуы денесіндегі газ алмасуға қолайлы жағдай жасап, су астында ұзақ уақыт тыныс алмай тіршілік етуіне септігін тигізеді. Олардың жүйке жүйесі өте жақсы дамыған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz