Сүтті мал тұқымын өсіретін фермалар ашу


Slide 1

Сүтті мал тұқымын өсіретін фермалар ашу

Тексерген:Есенбекова Замазамгул. Ж.

Тобы: тк-421 Орындаған: Зекенов. а.

Slide 2

Кіріспе

1. Жобаның тұжырымдамасы 8

2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы9

3. Өндірістер бағдарламасы 11

4. Маркетингтік жоспар 12

Slide 3

Шығыстар, мың тг.

2 012

Негізгі капиталға инвестициялар

76 906

Негізгі капитал

3 730

Барлығы

80 636

Резюме

Жобаның тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Солтүстік Қазақстан облысында (бұдан әрі - Солтүстік Қазақстан облысы) сүтті мал тұқымын өсіру фермаларын ашуды қарастырады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты оған қатысушының материалдық әл-ауқатын жақсарту үшін пайда табу болып табылады.

Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы қызметтерді тұтынушылар - облыс пен жақын орналасқан аудандар тұрғындары болып табылды. .

Сиыр қора үшін “СПАЙДЕР-В” жүйесіндегі жылы ғимаратты сатып алу жоспарлануда.

Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:

Slide 4

Кіріспе

Қазақстандық сүт өнімін өндірушілер үшін нарық жағдайындағы қызмет маңызды проблемалармен және көптеген тәуекелдермен қатарлас келді. Аграрлық секторға дәстүрлі түрде ұлттық экономиканы дамытуда, яғни сүт өнімдері индустриясын дамытуда маңызды рөл берілгеніне қарамастан, бірінші кезекте кем дегенде сенімді шикізат базасы болуы тиіс, өндірушілердің өздері және талдаушылар саланың өсу қарқынының төмендегенін мойындап отыр және импорттың басымдық алуына алаңдаушылық білдіруде.

Бұл ретте сүт өнімдерінің бағасын демократиялы деп айтуға болмас, ауқаттылар санатына жатпайтын кейбір тұтынушылар бүгіннің өзінде сүзбені немесе, мысалы, қаймақты күнде сатып ала алмайды. Сонымен қатар, сүт өнімдерін тұтыну ұлт денсаулығының жай-күйіне тікелей әсер етеді және қоғамның салауаттылығы деңгейін көрсетеді.

Қазіргі әлемдік дағдарыс, әрине, сүт өнімдері нарығының жағдайына әсерін тигізді, алайда алдағы жылдары оларды тұтыну төмендемейді, қайта ұлғаятын болады деп болжайды талдамашылар.

Slide 5 Slide 6

Мемлекеттік «Агробизнес-2020». Бағдарламасы аясынада «Сүтті-тауарлы фермалар» дамыту саласы мен іскерлік-жоспарды жүзеге асыру мақсатында: Жеке және заңды тұлғалар несие алып ІҚМ 50 және 100 бас сатып алып, сүтті-тауарлы фермаларды құру және кеңейтуге болады. ҚР Ауыл шаруашылығы министірлігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша 100 бас ірі қара малы бар 3 «Сүтті-тауарлы ферма» сонымен қатар 50 бастан тұратың ірі қара малыдан тұратың 5 «Сүтті-тауарлы ферма» ашып кенейту жоспарланып отыр, Бүгінгі күні 100 бастан тұратын сүтті тұқымды 2 жоба жасалынып жатыр. Қарыздың максималды сомасы: 60 000 000(алпыс миллион) теңге.

Сыйақы үстемесі: - жылдық 4% - сыйақы үстемесін субсидиялауды есептегенде, жылдық 11% - сыйақы үстемесін субсидиялаусыз. Қарыз алушы субсидиялаудың талаптарына сай келмейтін болған жағдайда, немесе субсидиялауға өз еркімен қатыспайтын жағдайда, жобаны қарастыруда кірістің қосымша көздері, 7% жылдық сыйақыдан кем емес, есептеледі.

Slide 7

Қазіргі уақытта монбельярд, немістің ала, айыршир және қызыл-ала голштин тұқымдарымен күрделі будандастыру жолымен ішкі тұқымдық қызыл ала түрі алынды (2009ж. ) .

Slide 8 Slide 9 Slide 10

2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы

келетін азықтық заттардың күрделі құрылымдалуы арқылы пайда болады. 1 л сүтті синтСиыр, ешкі, қой және басқа да жылы қандылардың сүті емшек бездерінде - желінінде қан арқылы ездеу үшін желіннен 400-500 л қан өтуі тиіс. Сүт және сүт өнімдері өзінің азықтық құндылығымен ерекшеленеді.

Сүт және көптеген сүт өнімдері тез бұзылатын өнімдер санатына жатады, өйткені микроағзалардың дамуы үшін өте қолайлы орта болып табылады. Оған жаңа сауылған сүт жатпайды, сауылғаннан кейін 2-3 сағат бойы құрамында микробқа қарсы табиғи заттарының болуы арқасында оның сақталу тұрақтылығы жоғары болады

. Бұзаулағаннан кейін 6-8 күн бойы оның сүті уыз болады, түсі сарғылт, қоймалжың, ерекше иісі және дәмі қышқылтым болып келеді.

Slide 11

Сүт өнімдері мынадай топтарға бөлінеді: сүт өнімдері - сүт, кілегей, қышқыл сүтті сусындар, қаймақ, ірімшік, сыр; сүт консервілері; май; балмұздақ.

Қазақстан Республикасында 6 сүтті мал тұқымы және 2 сүт-ет бағытындағы аралас өнімді тұқымы тараған.

Сүтті мал тұқымының 5-і бейімделген болып табылады.

Қара-ала сиырлар барынша көп және Ресейден, Литвадан, Латвиядан, Эстониядан әкелінген болып табылады

Қазіргі уақытта малдың осы тұқымы елдің барлық табиғи-климаттық аймақтарында өсіріледі. Сиырлардың өнімділігі 2, 2-6, 0 мың кг сүт көлемінде және одан жоғары аралықты қамтиды

Slide 12

Қырдың қызыл тұқымды сиыры негізінен республиканың солтүстігінде және ішінара батыс өңірінде (Ақтөбе облысы) тараған. Республикада осындай тұқымды сиырдан орташа 2, 0-4, 0 мың кг сүт алынады. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап қырдың қызыл тұқымды сиырларының сүт өнімділігін арттыру мақсатында оларды эстондық қызыл, латвиялық күрең, даттық англер және қызыл тұқымдылармен будандастыру жүргізілді. Соңғы 20 жылда будандастыруда қызыл-ала голштиндар пайдаланылады. Селекциялау жұмысы сауымында 4, 5-5, 0 кг сүт беретін қырдың қызыл малынан мол сүт алуға бағытталған.

Латвиялық күрең тұқым бір асыл тұқымды табынның шеңберінде ғана ұсталады және тауарлы сүт өндірісінде ерекше орын алмайды.

Симментал, қара ала, әулиеата тұқымдарының сүттілігін ұлғайту үшін селекцияға қатысқан Айрышир тұқымы қазіргі уақытта жойылған.

Сүт бағытындағы өнімді малдардың арасында Оңтүстік Қазақстан және ішінара Жамбыл облыстарында кеңінен тараған отандық әулиеата қара-ала тұқымын бөліп көрсетуге болады.

Slide 13

Осы тұқымның негізінде қара-ала тұқым мен Еуропадан, Солтүстік Америка мен Канададан әкелінген голштиндер генефондын пайдалана отырып ішкі сүтті қара-ала тұқымды алуға арналған селекция жүргізілуде. Сүтті-етті тұқымдар отандық алатау және бейімделген симментал тұқымдары арқылы ұсынылады.

Алатау тұқымы жергілікті қазақтың малын Еуропадан әкелінген швиц тұқымымен будандастыру арқылы алынды және 1950 жылы дербес тұқым ретінде танылды. Республиканың оңтүстік-шығысында кеңінен тараған. Көптеген асыл тұқымды шаруашылықтарда майлылығы 3, 8-4, 0% 4 000 - 5 500 мың кг сүт сауылады. Жас малдар денесінің ірілігімен ерекшеленеді және жақсы бордақыланған тайыншалар 18 айда 500 кг таза салмаққа жетеді, оның массасының 1 кг өсіміне 6, 5-7, 0 жемазық бірлігі жұмсалады

Slide 14

Алатау тұқымында сауылымында 5, 0 кг сүт, тұқымдық ядросында тиісінше 7, 0-11, 0 мың кг сүт беретін американыдық селекцияның швицтерін пайдалана отырып ішкі тұқымдық күрең «Ақ-Ырыс» түрі алынды.

Ірі қара малдың симментал тұқымы Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кеңінен тараған елімізге бейімделген ертеден келе жатқан түрлерінің бірі. Симментал малының негізгі массиві қазақ, қалмық, қырдың күрең тұқымдарын Ресейден, Украинадан, Австриядан, Швейцария мен Германиядан әкелінген бұқалармен будандастыру арқылы (1932-1950 жж. ) алынды.

Slide 15

Көрсеткіш (жылдық)

2 012

2 013

2 014

2 015

2 016

2 017

2 018

Сауылған сүт л.

196 425

261 900

292 455

323 010

328 030

394 814

414 097

Сиыр басы, бас

45

45

50

56

56

68

71

Орташа бір сиырдан сауылған сүт, л/жыл

5 820

Ет өндіру, тн.

0

8

15

15

19

16

22

3. Өндірістер бағдарламасы

1- кестеде өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы берілген

1-кесте - Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы

Сату бағдарламасы жүргізілген маркетингтік зерттеулер (тұтынушылардың басымдық берулерін айқындау мақсатында) нәтижелерінің негізінде, сондай-ақ жарнамалық акциялар мен өнімді жеткізуге келісімшарттар жасасу жолымен жүзеге асырылатын болады. .

Slide 16

Кірістер бабы

Сатудың басталған күні

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018


Ұқсас жұмыстар
мал шаруашылыгы
Мал шаруашылығы Ет,сүт өнімдері
Бизнес-жоспар Ет алу үшін ірі қара мал өсіретін фермалар құру
Малды сою қызметтері
Ірі қара мал өсіретін фирма құру
Жобаның тұжырымдамасы
Ет алу үшін ірі қара мал өсіретін фермалар құру
Жобалардың түрлері
Жануарлар биотехнологиясының әдістері
Терісі бағалы аңдарды жобалаудың санитарлық - гигиеналық нормалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz