:1)Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфекция түрлері және оларға сипаттама 2)Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық ,жалпы физиологиялық факторлары(температура,гормондар,ингибиторлар,интерферондар)


Slide 1

БӨЖ

Тақырыбы:1) Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама

2) Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық факторлары(температура, гормондар, ингибиторлар, интерферондар)

Орындаған :Бейсенова Айна

Тобы : ВС-303

Тексерген :Омарбеков Е. О.

2015 жыл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ «ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ» КАФЕДРАСЫ

Slide 2

Жоспары:

Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы

Инфекция түрлері және оларға сипаттама

Иммунитеттің механизмдері.

Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық факторлары(температура, гормондар, ингибиторлар, интерферондар)

Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

Вирустың организмге ену жолдары әр түрлі:

Алиментарлық(жем, шөп, су арқылы) жол, оған мысал:аусыл ауруы, ірі қара асқазан ішек аурулары т. б.

Тыныс жолы арқылы ену(мысалы:ірі қараның парагрип ауруы, шошқа обасы т. б) ;

Трансмиссивтік жол-вирусты қоңыздар, маса, шіркейлер, кенелер таратады;

Вирустар тері арқылы таралады(жарақаттанған және жарақаттанбаған тері), олар құс, қой және ешкі шешегі т. б;

Жыныс мүшелері арқылы таралады;

Лас аспаптардан малдәрігерлік көмек көрсету кезінде таралады;

Slide 4

Вирустың ағзаға тері арқылы енуі

Вирустың ағзаға тыныс жолдары арқылы енуі

Вирустың ағзаға алиментарлы жолмен енуі

Вирустың ағзаға трансмиссивті жолмен енуі

Slide 5

Вирустың таралу жолдары:

Вирус ағзада қан арқылы таралады, оны «вирусемия» деп атайды. Вирустар қанға лимфа арқылы түседі сосын лейкоциттерден таралады. Алғашқы түскен ағзалардан капиллярға жайылады;

Slide 6

Лимфа тамырларымен тарайды;

Slide 7

Вирустар нерв жүйелері арқылы да таралады. Мысалы:құтырық вирусы, герпесвирустар. Демек вирус қоздыратын аурулардың таралуына көптеген факторлар әсер етеді. Осы факторларға сәйкес вирустық инфекцияның өршіген кезінде вирус геномы мен клетка геномының арасында өзара әр түрлі байланыстар болуы мүмкін.

Slide 8

Вирустық инфекциялардың түрлері

1. Түсікті (абортивная) инфекция - нақты организмде репродукцияланудың толық циклын атқара алмайтын вирустарға тән, бірақ мұндай инфекцияның иесінің организміне тигізетін әсері жоқ деуге болмайды. Мысалы: кеміргіштерде SV40 вирусы қоздыратын инфекция пермиссивті емес, бірақ жасушаларда трансформациялық процесс дамуына әкеледі. «Пермиссивтілі емес» деген термин - жасуша ішіне енген вирустың репродукциялануын қолдай алмайтын жағдайды білдіреді.

Slide 9

2. Жедел (жіті ) инфекция - соңында иесінің иммундық жауабы арқылы вирустан толық арылатын жағдай.

3. Кейіннен латентті инфекцияға айналатын жедел инфекция. Бұл кезде белсенділігінің қайталану және организмннен шығу кезеңдері алмасып, вирус инфекциялық емес (неинфекционный) жағдайда болады. Инфекцияның осындай түрін қоздыратын вирустардың белгілі бір жағдайларда жасушалардың біреуінде өнімді (продуктивная) инфекция, ал басқа жасушаларда пермиссивті емес инфекция қоздыру қабілеттілігі болады.

4. Кейіннен персистентті инфекцияға айналатын жедел инфекция. Бұл кезде инфекциялық вирус тұрақты бөлінеді, немесе зақымданған тінде кездеседі. Иесінің иммунды жауабы жедел инфекция кезінде вирусты жоя (элиминирлей) алмаған жағдайда персистентті инфекция пайда болады.

Slide 10

5. Баяу, үдемелі (прогрессирующий) инфекциялар. Бұл инфекциялар айналымға түспейтін (циркуляцияланбайтын) агенттерге тән (приондар), олар бас миын зақымдайды. Иесімен оған енген вирус арасындағы күрес вирустың элиминациялануымен немесе инфекция персистентті, болмаса латентті түрімен аяқталады. Персистентті инфекцияға айналуы үшін вирус, иесінің иммунды реакциясынан қашықтау механизмін пайдаланады. Вирустардың сол үшін пайдаланатын стратегиясы өте спецификалы және иммундық жүйенің әр түрлі деңгейін зақымдайды.

Slide 11

Адам және мал организмінде түрлі вирустар кездеседі. Соған орай организмде сол вирустарға қарсы арнайы қорғаныс механизмдері пайда болады.

Вирусқа қарсы иммунитеттің негізгі қызметі - организмге енген вирустарды тауып алу және организмді сол вирустан, олардың антигендерінен және вирус зақымданған жасушалардан тазарту.

Осы қорғану қызметі организмнің иммунологиялық жүйесінің және иммунитетке жауапты жасушаларының арқасында іске асады. Сонымен бірге, организмде арнайы емес қорғаныс факторлары да бар (ингибиторлар, интерферон, комплемент т. б. ) . Олар да вирустың көбеюі мен организмге таралуына кедергі жасайды. Бұл факторлар арнайы механизмдерден бұрын іске асады.

Сонымен қатар, организмде басқа вирустарға қарсы анатомиялық-физиологиялық кедергілер де бар. Олар инфекцияның ең алғашқы басталу кезінде организмге вирусты енгізбеуге тырысып, вирустармен бірінші рет кездеседі (тері, кілегейлі қабықшалар, гормондар және т. б. ) .

Иммунитеттің механизмдері

Slide 12

Вирусқа қарсы арнайы иммунитет пен табиғи сақтану механизмдері өзара өте тығыз байланыста болады және бір-бірінің қызметін ұлғайтады. Тек осындай жағдайда ғана олар ең негізгі мақсаттарын - организмде вирустардың сезімтал жасушаларда көбеюіне кедергі жасап, вирустарды жояды.

Вирусқа қарсы иммунитеттің бактерияға қарсы иммунитеттен ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктері вирустардың табиғатына байланысты. Себебі вирустар тек тірі жасуша ішінде ғана тіршілік ететін бөлшектер.

Вирустар қоздыратын аурулар өте күрделі. Бұлар бүкіл организмді түгел қамтитын процесс болып саналады және өзіне тән зардабы, өту жолдары, айығу мүмкіндіктері бар. Осыған сәйкес вирусқа қарсы иммунитет те өзара байланысқан біртұтас процесс болып есептеледі.

Вирустық инфекцияларға қарсы қорғаныс механизмдері белгілі бір заңдылыққа бағынады да, ол механизмдер организмде болатын өзгерістерді ұлғайтпай, вирустарды жоюға, олардың биологиялық қасиеттерін жойып, организмнің ішкі ортасының тепе-теңдігін сақтауға арналады.

Slide 13

Соған орай вирусқа қарсы тұрудың екі түрін ажыратады:

1. Вирусқа табиғи немесе туа біткен түрге және генетикалық қасиетке сәйкес төзімділік (невосприимчивость, иммунитет) . Ол жағдай туа біткен қасиетке немесе өсе келе организмнің белгілі бір ауруға қарсы тұрарлық қасиетіне сәйкес келеді. Көрсетілген екі жағдайда да организмде вирус өсіп-көбейе алатын жасушалар болмайды немесе фагоцитоздың, ингибиторлардың арқасында организмде вирусқа қарсы тұрарлық жағдайлар жеткілікті болады. Мысалы, адам ірі қара малдың обасымен немесе тауқтардың тырысқағымен ауырмайды. Керісінше, тауықтар адамның тырысқағымен, жануарлар адамның күл, сал ауруларымен ауырмайды.

Slide 14

2. Жүре біткен төзімділік (невосприимчивость, иммунитет) - организм ауырып жазылғаннан соң немесе қолдан егудің арқасында пайда болады. Тұмау (ортомиксовирустар тудыратын) немесе парамиксовирусты аурулар (парагрипп, РС-вирус) - тыныс алу жолдарының зақымдауымен өтетін аурулардан соң 2-3 жылдарға созылатын арнайы иммунитет пайда болады. Ал, қызылша немесе ұшпа мен ауырғаннан соң пайда болған арнайы иммунитет өмір бойы сақталады. Осы жолмен пайда болған иммунитетті - жұқпадан соң пайда болған иммунитет деп атайды (постинфекционный) .

Slide 15

Вирусқа қарсы иммунитетті зерттеу тарихы И. И. Мечниковтің (фагоцитоздың басты ролі туралы), П. Эрлих пен Э. Берингтің (арнайы антиденелер ролі туралы) аттарына тығыз байланысты.

И. И Мечников

П. Эрлих

Э. Беринг

Slide 16

Вирусқа қарсы болатын қорғаныс механизмдерін екіге бөлуге болады:

І. Иммунитеттің арнайы факторлары: гуморальдік және жасушалық

1. гуморальдік факторлары - вирусқа қарсы гуморальдік факторлар В-лимфоциттерге тығыз байланысты. В-лимфоциттер өзгере келіп плазматикалық жасушаларға айналады, ал ол жасушалар вирусқа қарсы антиденелерді бөліп шығарады. Адам мен жануарлар қан сарысуында болатын арнайы антиденелер - иммунитеттің гуморальді факторы арқылы болуының көрсеткіші болып табылады. Сонымен бірге, көптеген вирустарға қарсы жергілікті иммунитет болады. .


Ұқсас жұмыстар
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы туралы ақпарат
Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық факторлары (температура, гормондар, ингибиторлар, интерферондар)
1)Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфекция түрлері және оларға сипаттама 2)Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық ,жалпы физиологиялық
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама
«Вирустың енуі. Иммунитет»
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфекц ия түрлері және оларға сипаттама.Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама. 2. Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық факторлары
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфекция түрлері және оларға сипаттама.Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz