Қояншаруашылығыөнімдерінжұқпалы ауру кезіндеветеринариялық-санитариялықсараптау лар . Қоянсойысөнімдерінжұқпалыемесауру менжалпыжәнежергіліктіпатологиялықүрдістерболғанындағыветеринариялық-санитариялықсарапталуы


Презентация қосу



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Аграрлық факультеті

БӨЖ
Тақырыбы: Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау.
Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы
ветеринариялық-санитариялық сарапталуы.

Орында ғ ан: Олжабаева М.О..
Тексерген: Серикова А. Т.
Топ: ВС-203

Семей, 2015 жыл
ЖОСПАР:
I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде
ветеринариялық-санитариялық сараптау
2.1.1. Қоян шаруашылығы өнімдерін бактериялық этиологиялы
жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау
2.1.2. Қоян шаруашылығы өнімдерін вирустық этиологиялы
жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау
2.2. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы
және жергілікті патологиялық үрдістер болғанында ғы
ветеринариялық-санитариялық сарапталуы
III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
I. КІРІСПЕ
Қоян шаруашылығы - қоян өсіріп, оның етін, терісін, т үбітін өндіретін сала.
Қоян еті - нәрлі, шипалы тағам.
Қоян терісі жеңіл, жылы, әдемі бас, аяқ киім, галантерея б ұйымдарын
жасауға жұмсалады. Түбітті тұқымынан жіңішке, ж ұмса қ т үбіт алынады. Ол
жылу өткізгіштігі жағынан биязы жүнінің ең жақсысынан кем т үспейді.
Сонымен қатар ғылыми-зерттеу мекемелері үй қоянын әр т үрлі зерттеулер
жүргізу үшін пайдаланады.
Қоян өсірумен айналысу өте тиімді. Ет ж әне тері үшін өсірілетін т ұқымдары
жылына 4 рет көжектейді, әр ретте орта есеппен 5 к өжек табады. К өжектері
тез жетілгіш 65-70 күнде шағылыстыру ға, 100-135 күнде союға жарайды (2-
2,5), яғни әр ұрғашы қояннан 20 көжек өсіріп, олардан 40-50 кг ет, 20 тері
өндеуге болады. Қоянды 3 жыл шаруашылықта пайдаланады.
Қазақстанда қоян өсірумен айналысу солтүстік облыстарда жол ға қойыл ған.
Қоянның негізінен үлкен ақ қоян, үлкен сұр қоян, шиншилла тұқымдары
өсіріледі.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде
ветеринариялық-санитариялық сараптау
2.1.1. Қоян шаруашылығы өнімдерін бактериялық этиологиялы
жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялы қ сараптау
Листериоз - орталық жүйке жүйесінің салдануымен, септицемиямен, түсік тастаумен және желінсаумен
Қоздыр
сипатталатын ғышы - Listeria monocytogenes.
індетті ауру.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Ауру
қояндарда аса жіті және созылмалы т үрде
өтеді. Аурудың жіті түрінде бауырда,
көкбауырда, бүйректе некрозды түйіндер
пайда болады. Бауыр ұлғайған, солуы
байқалады, түсі ақшыл-қоңыр. Көкбауыр
ұлғайған, консистенциясы - былжыра ған.
Аурудың созылмалы түрінде патологиялық
өзгерістер, ауру белгілері көбінде жатырда
байқалады (іріңді метрит).
Ветеринариялық-санитариялы қ
бағалау және жүргізілетін шаралар.
Зақымдалған мүшелерді (жүрек, бауыр)
және қоян басын утильдеуге жатқызады.
Ұшаны қайнатып залалсыздандырады.
Некробактериоз - қояндардың созылмалы түрде өтетін жұкпалы ауруы.
Қоздырғышы - Bacterium neсrophorum.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Ауру
ұлпалар іріңді-некрозды ыдыраумен
сипатталады, диагнозы бактериологиялық
зерттеулер нәтижесі бойынша қойылады.
Ветеринариялық-санитариялық бағалау
және жүргізілетін шаралар. Ұша
бөліктерінің белгілі бір ошақта, жекелеме
зақымдануы кезінде зақымданған жерін
кесіп алып тастайды, ал дененің
толығымен зақымданғанында ұшаларды
ішкі мүшелермен қоса утильдеуге жібереді.
Пастереллез (геморрагиялық септицемия) - қояндардың
жіті түрде өтетін індетті ауруы.

Қоздырғышы - Pasteurella multocida.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Еріксіз
сойылған қоян ұшасын тексеру барысында ішкі
сірлі қабықтарда, танау қуысының ішкі сірлі
қабығында, көмекей, кенірдек, жұтқынша қ,
асқазан және ішектердің сірлі қабатында н үктелі
қан құйылу ошақтары байқалады.
Өкпеде фибрнозды-крупозды пневмония ға т ән
өзгерістер байқалады, кейде іріңді оша қтар
кездеседі, ал плевраны фибринозды қосындылар
басып кетеді. Бауыры ұлғайған, дақтан ған,
іріңді-қанды сұр-қызыл түске боялған,
капсулалар астында нүктелі қан құйылулар
кездеседі. Бүйрегі қанталаған, ісінген. Лимфа
түйіндері ұлғайған, шырынды.
Ветеринариялық-санитариялы қ бағалау
және жүргізілетін шаралар. Пастереллалар
табылған жағдайда етті қайнату ар қылы
залалсыздандырады немесе консерві дайындау ға
жібереді. Ауру қояндардың ішкі мүшелерін
утильдейді.
Псевдотуберкулез - қоян мен кеміргіштерде созылмалы түрде
өтетін және адамға қауіпті болып келетін жұқпалы ауру.

Қоздырғышы - Corinebaсternim pseudotuberkuiosis және Versinia
pseudotuberсulosis.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Қояндардың ұлпалы мүшелерінде және
ішектерінің қабырғаларында сұрғылт-сар ғыш түсті некрозды оша қтар
байқалады. Өкпесінде эмфизематозды ошақтар кездеседі, бауыры ұлғайған,
теңбіл сары түсті кейбір сау бөліктері сұрғылт-сары т үсті ж әне ты ғыз
болып келеді. Көкбауыры ұлғайған, кедір-бұдырлы түйіндер ұшырасады.
Ұшадағы кейбір лимфа түйіндері ісінген, сарғыш некрозды оша қтар болуы
мүмкін.
Ветеринариялық-санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар.
Ұша арық болса, лимфа түйіндерінің көбі зақымдалған немесе бұлшы қ етте
псевдотуберкулезді үрдістер жүріп жатса, онда ұша мен ішкі м үшелері
утильдеуге жібереді. Ұша қоңдылығы орташа болып, тек ішкі м үшелер мен
лимфа түйіндер зақымдалған болса, оларды утилдеуге жіберіп, қал ған
сойыс өнімдерін, терілерін бөгетсіз босатады.
Салмонеллез - жіті түрде өтетін, қызба (лихорадка) және
асқорыту жүйесінің бұзылуымен, өкпе қабынуымен сипатталатын жұқпалы ауру.

Қоздырғышы - S. dublin, S. typhimurium.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Асқазан-
ішек жолдарында және ұлпалы
(паренхиматозды) мүшелерде зақымдану
байқалады. Асқазан мен ішектің кілегей
қабығы қабынған, ащы ішекте көптеген
көлемі тарының дәніндей ақшыл-сұр түсті
некрозды ошақтар табылады. Шажырқайдың
лимфа түйіндері ұлғайған, бауырдың беткі
және ішкі бөлігінде ұсақ некрозды ошақтар
кездеседі, көкбауыры ұлғайған, кейбір
бөліктері некрозға ұшыраған.
Ветеринариялық-санитариялық бағалау
және жүргізілетін
шаралар. Ішкі мүшелерін жойып жібереді,
ұшасын кайнату арқылы
залалсыздандырады.
Стафилококкоз - іріңді қабыну ошақтарымен, септицемиямен сипатталатын жұқпалы ауру.

Қоздырғышы - Staphylococcus aureus,
St. albus.
Сойғаннан кейінгі диагностика.
Жаңа туған көжектерде бұл
ауру пиодермиялар түрінде байқалады,
ол алғашқы 2-3 күндері теріде ұса қ
бітеу жаралар (абсцесстер) пайда
болады, ересектерде бітеу жаралар тері
астында, сүт безінде, өкпесінде,
бауырында, бүйрегінде және басқа
мүшелерінде пайда болады.
Стафилококты пододерматитте аяқ
терісінде жаралар пайда болады.
Ветеринарнялық-санитариялы қ
бағалау және жүргізілетін
шаралар. Ұшасын ішкі мүшелерімен
және терісін утильдеуге жібереді.
Туберкулез – қоянның жұқпалы ауруы.
Қоздырғышы - Mycobacterium
tuberculosis.
Сойғаннан кейінгі диагностика.
Туберкулезбен ауырған қоянның
ұшасының қоңдылығы төмен, ауру
жеңіл түрде өткен кезде өкпеде
ақшыл-сұр түсті көлемі бидай
дәнінен бұршақ дәнінің көлеміндей
болатын туберкулезді түйіндер
байқалады. Туберкулез ішек
формасына өткенде ащы ішекте
кездеседі, кейде бауыр, көкбауыр
және бүйректе кездеседі. Көп
жағдайда аумақтағы лимфа
түйіндері зақымданады.
Ветеринариялық-санитариялық
бағалау және жүргізілетін
шаралар. Ұшаны ішкі мүшелерімен,
терісімен қоса жойып жібереді.
Туляремия – қояндар ауыратын табиғи ошақты ауру.
Қоздырғышы - Francisella tularensis бактериясы.
Сойғаннан кейіпгі диагностика. Лимфа түйіндері 10-15 есе ұлғаяды,
сырты бұдырлы, бұдырлары жұмсарып ай қын к өрінеді ж әне ұса қ а қшыл
түсті некрозды бөліктер байқалады. Беткі жа ғын кескен кезде ұса қ с ұр
түсті, кейде әк немесе іріңді қабынулар к өрінеді. К өк ет (плевра),
ұшаның ішкі қабаты қалындаған, кедір-бұдырлы, фибринозды-ірі ңді
және сірілі қабықпен жабылған. Өкпеде, көкбауырда, кейде бауырда
кілегейлі созылмалы ошақтар байқалады. Өкпесі қою қызыл т үсті қан ға
толы. Көкбауыры 2-3 есе
ұлғайған. Тері астында (клечаткасында) ірі ңді оша қтар кездеседі.
Ветеринариялық-санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар.
Ауру қояндарды етке союға болмайды. Туляремиямен ауыр ған
жануардың ұшасына, мүшелеріне немесе қанына жанас қан өнімдерді
қайнатып, залалсыздандырады.
2.1.2. Қоян шаруашылығы өнімдерін вирустық этиологиялы жұқпалы аурулар
кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау
Вирусты геморрагиялық ауру - жіті контагиозды өтетін қоянның індетті ауруы.

Қоздырғышы - вирус. Ауру ішкі мушелердс
әсіресе, өкпе мен бауырда геморрагиялық
диатезбен сипатталады.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Тыныс алу
мүшелерінің, бауырда, көкбауырда, бүйректе,
жүректе және асқорыту жолында
нүктелі немесе сызықты қан құйылулар
байқалады.
Өкпе ісінген, қошқыл қызыл түсті дақтар
кездеседі, кесіп қараған кезде қанға толы.
Көкбауыры біршама ұлғайған. Бауыры
ұлғайған солу үрдісі байқалады, түсі қою
қоңыр, көп мөлшерде қанталау кездеседі.
Лимфа түйіндері шырынды, ақшыл қызыл түске
боялған. Асқазан мен ішек жолдарының сірлі
қабықтарында геморрагиялык қан
құйылулармен қоса, қабынған үрдістер
байқалады.
Ветеринариялық-санитариялық бағалау
және жүргізілетін шаралар. Ұшасын ішкі
мүшелерімен және терісін утильдеуге жібереді.
Миксоматоз - бұл жіті түрде өтетін вирусты, жоғары
контагиозды ауру.
Қоздырғышы - Micsomatosis
cuniculorum.
Сойғаннан кейінгі диагностика.
Диагнозы сарғыш, қою сұйықты
инфильтраттар табылғанда
қойылады.
Ветеринариялық-
санитариялық бағалау және
жүргізілетін шаралар.
Миксоматозбен ауырған
қояндарды союға жібермейді,
ауру толығымен зерттелген соң
ұшаны ішкі мүшелерімен қоса
және терісінде жойып жібереді.
Трепонемоз (спирохетоз) - ішкі жыныс мүшелерінің, анус және дененің басқа
бөліктерінің терісінің зақымдануымен сипатталатын жұқпалы ауру.

Қоздырғышы - Treponema cuniculi.
Сойғаннан кейінгі диагностика.
Еріндерінің немесе жыныс
мүшелерінің, тік ішектің ісініп,
кілегейленуі байқалады. Сондай-а қ
ерінде, көз қабағында жаралар мен
некрозды ошақтар, қабынған
жерлер қабыршактанады.
Ветеринариялық-санитариялық
бағалау және жүргізілетін
шаралар. Ұшаның зақымданған
бөліктерін және мүшелерді
утильдеуге жатқызады.
2.2. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және
жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы
ветеринариялық-санитариялық сарапталуы
Арықтау (жүдеу)
Сойғаннан кейінгі диагностика. Арықтау кезінде
бұлшық ет ұлпасының дегенеративтік өзгерістері,
бұлшық ет семуі және май жиналатын мүшелерде
іркілдек ісіктер байқалады.
Сойыс өнімдерін ветеринариялық-
санитариялық бағалау. Арықтаудың себебіне
қарамастан ұшаларды және мүшелерді утильдейді.
Гидремия

Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау. Арықтау
немесе кахексия байқалады, тері асты клетчаткасында, б ұлшык еттерде
сұйықтың жиналып, бұлшық еттер болбыр, сулы болады. Бұл
кезде жамбас қуысында, бүйрек маңында жинал ған майлар азаяды,
олардың орнында іркілдек масса пайда болады. Гидремия белгілері
айқын болған жағдайда ұша мен мүшелерді техникалық утилизация ға
жібереді. Егер белгілері әлсіз болып, бір тәулік ұста ғаннан кейін жо ғалып
кетсе және де бактериологиялық зерттеу нәтижелері теріс болса, ұшаны
шектеусіз босатуға болады.
Жаңа түзілістер
(Neoplazma, blastena, tumor)
Сойыс өнімдерін
ветеринариялық-
санитариялық бағалау. Жаңа
түзілістермен зақымдалған
ұшаларды жарамсыздыққа
шығарады. Қатерлі емес жаңа
түзілістермен аз зақымдалуы
кезінде зақымдалған
бөліктерді алып тастайды, ал
ұша мен мүшелерді шектеусіз
қолданады.
Жарақаттар

Сойыс өнімдерін
ветеринариялық-
санитариялық бағалау.
Жарақаттар жаңа болса,
зақымдалған мүшелерді
тазалап, ұшаны тағамга
қолданады. Асқынулар
болса, шешімді
бактериологиялық
зерттеуден кейін
қабылдайды,
бактериологиялық зерттеу
мүмкін болмаған жағдайда
ұшаны жарамсыздыққа
шығарады.
Перитонит

Сойғаннан кейінгі диагностика. Үрдістің
жіті түрінде құрсақ қуысында серозды-
фибринозды немесе геморрагиялық сұйық
жиналады. Іш перде жылтырлығынан
айрылады, бұдырлы болады, фибринмен
және ішперде мен ішектің сірілі
қабықтарының жабысуы болады.
Созылмалы түрінде бітеу жаралар жиі
кездеседі.
Сойыс өнімдерін ветеринариялық-
санитариялық бағалау. Өзгерістері бар
ағзаларды және ұлпаларды жарамсыздыкка
шығарып, ал басқа
сойыс өнімдерін бактериологиялық зерттеу
нәтижелеріне байланысты
қолданады.
Сары ауру
Сойғаннан
кейінгі диагностика. Бұл
кезде түракты сары түске боялу барлық ұлпаларда байқалады - майда, б ұлшы қ етте,
сіңірлерде байқалады. Лимфа түйіндері сарғыш түсті. басқан кезде сары-жасыл
немесе қызғылт-сары түсті лимфа бөлінеді. Бірақ қояндарда ұлпалардың сары т үске
боялуы жаз кезінде каротин мен каротиноидтарға бай жасыл ш өп жеген кезде.
сонымен қатар рациондарында зығьтр жэне pane құнжарасы болған кезде болуы
мүмкін екенін ескеру қажет.
Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау. Ұлпалардың 48 сағат

өткеннен кейін де жоғалмайтын сары түске боялуы кезінде ж әне қайнат қан кезде
ащы дәм және нәжістің иісі болса, ұшаны техникалық утилизацияға жібереді.
Егер жағымсыз иісі және ащы дәмі болмаса, сары түс 48 сағаттан кейін жо ғалып
кетсе, ет бактериологиялық зерттеу нәтижелеріне байланысты босатады.
Сары түске боялудың себебі азықтандыруға байланысты болса, ұшаларды шектеусіз
босатады.
Уремия

Сойғаннан кейінгі диагностика. Қансыздандыру кезінде
қанда несеп иісі болады. Тері асты және б ұлшы қ еттер
аралық дәнекер ұлпа несеп иісі бар сұйы ққа толы, кейде
қан құйылулар болады. Қуық жыртылған кезде, несеп
құрсақ қуысына жиналады. Уремия кезінде несеп ж әне
аммиактың иісі бұкіл ұшадан шығып тұрады, қайнат қан
кезде иіс күшейеді.
Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялы қ
бағалау. Уремиямен ауырған қояннан алынған барлық
сойыс өнімдерін утилизацияға жібереді.
III. ҚОРЫТЫНДЫ
Қояндардың ауруларының ішінде ең қауіптісі жұқпалы аурулар
болып табылады. Жұқпалы аурулар құстардың арасында
жылдам тарайды, бірнеше күннің ішінде к өптеген құстар
ауруы мүмкін. Кейбір жұқпалы аурулардың түрлері тек қана
қояндарға ғана емес, адамға да қауіп төндіреді. Қажет болса,
ветеринарлық органдарының өкілдері үй-жайлардағы бүкіл
қояндарды жойып, зарарсыздандырады.
Құстардың ауруларының ішінде жиі кездесетіні ж ұқпалы емес
аурулар болып табылады. Олар үй-жайларда қамтыл ған
қояндардың көпшілігі зардап шегеді. Зақымдалған қоян
ұшаларын техникалық утилизацияға жібереді, ал за қымдалу
болмаған жағдайда, қоян ұшаларын залалсыздандыр ғаннан со ң
пайдалануға рұқсат беріледі.
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
С. Т. Дүйсембаев. «Ветеринариялық-
санитариялық сараптау». Алматы, 2013 жыл.
Б. С. Сенченко. «Ветеринарно-санитарная
экспертиза продутов животного и растительного
происхождения». Ростов-на-Дону, 1998 год.
В. А. Макаров, В. П. Фролов, Н. Ф. Шуклин.
«Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами
технологии и стандартизации продуктов
животноводста». Москва,1991 год.
Дәріс материалдары.
Ғаламтор желісі.



Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь