Диатомды жә не эвгленалы балдырлар




Презентация қосу
эвгленалы
балдырлар

Орындаған: Тоқтарбеков
С.Т.
Жоспар:
Диатомды балдырларға жалпы сипаттама
Диатомды балдырлардың мекен ортасы
Көбеюі
Классификациясы
Пайдасы
Жалпы сипаттама
Диатомды балдырлар
(Dіatomeae) – бір
клеткалы организмдердің
айрықша тобы. Олардың
клеткалары кремнеземнен
тұратын тас қабықпен
(панцирь) қапталған,
сондықтан оларды
кремнийлі балдырлар
(Вacіllarіophyta) деп те
атайды.
Жалпы сипаттама
12 мыңдай түрі (ішінде қазбадан табылғандары да бар) белгілі.
Олар 2 класқа (Рennatophyceae, Сentrophyceae), 9 қатар ға, 300-ге
тарта туысқа біріктіріледі. Қазақстанда 700-ге жуы қ т үрі бар.
Диатомды балдырлар өте майда (4 – 2000 мкм) келеді, жеке
немесе шоғыр ( жұлдыз, тізбек, таспа, жіпше, б ұта т әрізді)
құрып тіршілік етеді. Диатомды балдырлардың хлоропластылары
а және с хлорофиллдерінен және қоңыр түс беретін
фукоксантин затынан тұрады. Клетканың тас қабы ғы қақпағы
(эпитека) бар қорапқа (гипотека) ұқсайды, шамамен те ң екі
бөліктен құралады. Қабықтағы саңылаулар ар қылы сыртқы
ортамен зат алмасу жүреді.
Түрлері

А-плеуросигма, Б-цимбелла, В-навикула, Г-синедра, Д-табелляция,
Е-меридион, Ж-циклотелла, З-диатома, 1-тігіс, 2-т үйін
Мекен ортасы
Диатомды балдырлар табиғатта өте кең таралған:
ащы, тұщы суларда, су қоймаларында, ылғал
топырақта, мүкте, су өсімдіктерінде көп кездеседі.
Көбеюі
Вегетативтік көбеюі протопластың митотикалық жолмен бөлінуінің
нәтижесінде жүзеге асады. Осыдан кейін клеткалар бір-бірінен ажырайды да,
әрбір протопласт жаңа гипотеканы өздері түзеді. Бұл жағдайда аналық
клеткадан қалған гипотека жас клетканың эпитекасына айналады. Осындай
бірінен соң бірі келетін бөліністердің сериясынан кейін особьтар біртіндеп
ұсақтанады. Осындай осбьтардың одан әрі ұсақтануына жынысты қ процесс
шек қояды. Бұл жағдай особьтардың санының артуына емес, олардың
бұрынғы мөлшерінің (размерінің) қайтадан қалпына келуі мүмкіндік
береді. Жыныстық көбеюінің формасы алуан түрлі: ұсақтанған особьтар
бір-бірімен жақындасады да жақтауларын тастап, шырышты сұйықтың
ішіне енеді. Осындағы клетканың әрқасысы редукциялық жолмен бөлінеді,
нәтижесінде олардан төрт гаплоидті клетка - тетрада қосылады, ал қалған
клеткалар жойылады. Зиготаны "өсу спорасы" (аукоспора) деп атайды. Одан
мөлшері қалыпты жағдағыдай жаңа особь пайда болады. Диатомды
балдырлардың өмірлік циклы диплоидты фазада өтеді.
Көбеюі
Көбеюі
Классификациясы
Диатомды балдырлар бөлімі мынадай екі кластан т ұрады: пеннатталылар
класы(Pennatophyceae), центрикалы қ диатомдылар класы (Centrophyceae).
Бірінші класқа 4 катар, ал екінші клас қа 5 қатар жатады. Б өлімні ң негізгі
туысының бірі пиннулярия (Pinnularia). Ол пеннаттылар класына жатады.
Бұл судың түбіндегі ұйықта көп мөлшерде кездесетін, клеткасыны ң
формасы сопақтау, эллипс тәрізді, ұштары дөңгелектеніп келген, ал орта ңғы
бөлігі жалпақтау болатын бір клеткалы балдыр. Клетканы бойлай тігіс (щель)
өтеді, оның екі ұшында және ортасында түйін деп аталынатын, үш
қалыңдаған төмпешік болады. Цитоплазмасы клетканы ң ішінде қоз ғалыс қа
келе отырып, тігіс арқылы сумен түйіседі, нәтижесінде пиннулярия су
қабаттарында жылжып жүруге мүмкіндік алады. Пиннулярияны ң
жақтауларында көптеген көлденең жолақтар болады, олар клетканы ң
сыртындағы кремнеземнің бірыңғай тегіс болып жиналмауыны ң
нәтижесінде түзілген. Клеткасында ядро, вакуоль ж әне екі пластинка т әрізді,
қоңыр түсті хроматофоры болады.
Классификациясы
Классификациясы
Пайдасы
Диатомды балдырлар жеңіл, денесі кеуекті
болғандықтан адсорбтану қасиеті өте
жоғары, тамақ өнеркәсібінде, химия,
медицина, құрылыста кеңінен
қолданылады. Диатомды балдырлармен су
жануарлары қоректенеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
Аметов А. «Ботаника». Алматы, 2005 жыл
Мұсакулов Г. «Ботаника». М., 2001 жыл
Мұхитдинов Ю.М. «Өсімдік анатомиясы
мен микрофлорасы», Алматы, 2005 жыл

Ұқсас жұмыстар
Диатомды және эвгленалы балдырлар
Диатомды балдырлар
Диатомды балдырла
Эвгленалар, Диатомды, Пирафитті балдырлар
Өсімдіктердің ұрпақ шығаруы және көбеюі, жолдары
ЖАСЫЛ БАЛДЫРЛАР
Өсімдіктер эволюциясының кезеңдері
“Төменгі сатыдағы өсімдіктер, балдырлар”
Өсімдіктер дүниесі
Топырақтағы мекендейтін микроорганизмдердің түрлері мен ролі
Пәндер