Төмен қосындылы құрылыс болаттары. Арматуралық болаттар


Slide 1

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Төмен қосындылы құрылыс болаттары. Арматуралық болаттар.

Орындаған: Дюсембинова М. У

Тексерген: Тілеуғали Е. Т

Топ: ХН-221

Slide 2

Болат дегеніміз - темірдің, көміртектің, рудадан қалған қоспалардың және қоспалы қосымшалардың қорытпасы.

Slide 3

Болаттың химиялық құрамы әр түрлі қосымшалардың және қоспалардың мөлшері процентпен сипатталынады. Көміртек- аққыштық шекті және беріктікті ұлғайтады, бірақ дәнекерлену және пластикалық қасиеттерін төмендетеді, сондықтан МК аз көміртекті болаттар қолданылады. Болаттың құрамына арнайы легирлену қосымшаларды енгізеді, олар болаттардың қасиеттерін жақсартады. Мысалы: Кремний (С) - беріктігін ұлғайтады, бірақ төзімділігін дәнекерлену қасиеттерін және соққы тұтқырлығын төмендетеді. Кремнийдің жағымсыз әсері марганең (Г) қосымшаның көп мөлшерімен басылады (төмендетеді) . Марганец (Г) - ұлғайтады, пластикалық қасиеттерін төмендетеді; Мыс (Д) - беріктікті, коррозияға төзімділігін ұлғайтады; Алюминий (Ю) - соққы тұтқырлығын ұлғайтады, фосфордың жағымсыз әсерін төмендетеді; Азот (А) - легирлеу элементтермен қосыла болаттың механикалық қасиеттерін жақсартады; Легирлеу қосымшалар - никель (Н), ванадий (Ф), вольфрам (В), молибден (М), титан (Т), бор (Р) азкөміртекті болаттардың беріктігін және механикалық қасиеттерін жақсартады.

Slide 4

Химиялық құрамы бойынша жіктелуі

Көміртекті

Құрамындағы көміртекке байланысты қасиеті бар болатты көміртектті деп атайды.

Қоспалы

деп талап етілген қасиеттерді беру

үшін құрамына арнайы

элементтер енгізіліген

болаттарды айтамыз.

Slide 5

Болаттар құрамындағы көміртегі

бойынша

төмен көміртекті (0, 25%-ға дейін)

орта көміртекті (0, 25 - 0, 6%)

жоғары көміртекті (0, 6%-дан аса) болып бөлінеді.

Slide 6

Қоспалы болаттарды енгізілген қоспалаушы элементтрдің саны бойынша үш топқа бөледі:

төмен қоспалы(2, 5%-ға дейін)

орташа қоспалы(2, 5-10%-ға дейін)

жоғары қоспалы(10% аса) .

Енгізілген элементтерге байланысты болаттарды - хромды, марганецті, хромникельді деп бөледі.

Slide 7

Белгіленуі бойынша жіктелуі.

Белгіленуі бойынша болаттарды құрылымдық, құралдық, арнайы қасиеттері бар арнайы белгіленудегі болаттар деп бөледі.

Құралдық болаттар(ГОСТ 1435-74) өлшеуіш және кескіш аспаптарын, штамптарын жасауда пайдаланылады.

Кесу аспаптары үшін болаттар жоғары қаттылыққа, тозуға төзімділікке және жылуға төзімділікке ие болуы керек.

Өлшеуіш аспаптары үшін болаттар қатты, тозуға төзімді және ұзақ уақыт аспаптың өлшемдерін және пішіндерін сақтау керек.

Штамптарға арналған болаттар жоғары температура жағдайында да сақталатын механикалық қасиеттерге, сонымен қатар, қыздыру және салқындату барысында пайда болатын жарықшалардың түзілуіне қарсы төзімділікке ие. Мысалы:К7, К8Г, К9, К10, К11, К12, К13.

Арнайы құрылымдық болаттар коррозиялы, қыстық төзімділікке, беріктікке ие қоспалы болаттар. Хром немесе никельді енгізу болаттарға антикоррозиялық касиет береді.

Жоғары температураға төзімділерге алюминий, хром, кремнийі бар болаттар жатады. Ал жоғары температураға беріктілер құрамында хром, никель, молибден, кремнийі бар болаттар жатады.

Slide 8

Төменгі қоспаланған кұрылыстық болат.

Төменгі көміртекті болаттарға 2-3%-дай тапшы емес қоспалаушы элементтер қосады. Болат ферритін марганец және (немесе) кремниймен қоспалау арқылы беріктендіреді. Бұларға марганецті 14Г, 19Г, 09Г2 және т. б. марганецкремнийлі 09ГС, 12ГС, 10Г2С1 және т. б. болаттар жатады. Марганецкремнийлі болаттардың марганецті болаттармен салыстырғанда, беріктік қасиеттері жоғары, бірақ пластикалық қасиеттері төмендеу.

Болаттар негізінен қалыпты күйге жұмсартудан кейін және сирегірек ыстықтай өңделген күйде химия өнеркәсібінде, көпір, вагон және кеме жасау саласында қолданылады. Болаттың механикалық қасиеттерін термиялық өңдеу арқылы жақсартады.

Төменгі қоспаланған болаттар көміртекті болаттармен салыстырғанда, онша қымбат емес, механикалық қасиеттері жақсы, суыққа төзімділігі жоғары, механикалық ескіруге бейімділігі төмен, пісірілгіштігі тәуір, тозуға және коррозияға төзімділігі жоғары.

Slide 9

Төмен қоспалы болаттар.

Төмен легірленген құрылыс болаттары көміртекті болаттармен салыстырғанда жоғары беріктікке және төмен морт отпрыскғыштыққа ие болады, олды қолдану құрылыс конструкцияларының массасын төмендетеді және сенімділігін арттырады (09Г2, 09Г2С, 15ГФ, 15Г2СФ, 15ХСНД) . Беріктік қасиеттерінің шегіне байланысты (беріктіктің негізгі көрсеткіші ретінде аққыштық шегін sт қабылдайды) аз легірленген құрылыс болаттарын жоғарлатылған беріктігімен (sт < 400 МПа) және жоғары берік (sт = 450 - 750 МПа) болаттар деп бөлуге болады. Аз перлитті болаттардың құрамында көміртегі мөлшері аз (0, 10% дейін) болады, нәтижесінде бұл болаттардың құрамында перлиттің мөлшері азаяды. Ол болаттың соққы тұтқырлығының жоғарлауына, суықтай отпрыскғыштық шегінің төмендеуіне, және пісірілгіштіктің жақсаруын тудырады (мысалы, 09ГФБ болаты құрамында 0, 09 % С) . Аз көміртекті бейнитті болаттар қатты суытылған аустениттің жоғары тұрақтылығына ие болады. Илемдеу температурасынан төмен салқындатқан кезде аустенит инелі феррит пен аз көміртекті бейнитке ыдырайды. Мұндай болаттарға 08Г2МФБ ~ 0, 08 % С; ~1, 6 % Мn; ~0, 2 % Мо; 0, 06 % V; 0, 05 % Nb) . жатады.

Slide 10

Арматуралық болаттар. Олар 7 класстан тұрады арматуралық болат А1 - дөңгелек профильді ; А -II …А - VI - периодты профильді( ол бетонмен жақсы бірігу үшін) .

Арматуралық болаттың класы

Кескіннің диаметрі, мм

Болаттың таңбасы

A-I (А240)

6-40

Ст3кп, Ст3пс, Ст3сп

A-II (А300)

10-40 40-80


Ұқсас жұмыстар
Көміртек пен басқа тұрақты қоспалардың болаттар қасиеттеріне тигізетін әсері
Қыздыру элементтеріне арналған
Құрылыс болаттар
Болат
Темірбетон конструкцияларының арматурасы
Темірбетон арматурасы
ТІСТІ БІЛІК
Алюминий қорытпалары
Болаттың тотығу дәрежесі
ЖҮК КӨТЕРГІШ МЕХАНИЗМ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz