Орман тұқым ісі




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім
атындағы мемлекеттік
университеті

СӨж
Тақырыбы: Орман тұқым ісі

Орындаған:Рамазанов Каусар
Тексерген:Мухаметжанова.О.Т

Семей 2015 жыл.
Тұқым
Тұқым (лат. semen) - өсімдіктердің көбеюіне және
таралуына арналған мүше. Орман тұқым ісі орман
екпелері жұмыстарының негізі болып саналады және
көптеген сұрақтарды қамтамасыз етеді: орманды
тұқымдандыруды аудандастыру; өте жақсы ағаш
формаларын сұрыптау; аналық-тұқымдық екпелерді
қалыптастырып, құрып және оларды күту;
фенологиялық байқаулар және болатын тұқым
өнімдерін болжамдау; орман тұқымдарын дайындау
және оны өңдеу технологиясын; тұқымдарды
құжаттандыру, сақтау және тасымалдау; егістік
сапаларын тексеру; бүрілер, жеміс және дәндердің
аурулары және зиянкестерімен күресу және болдырмау
шаралары.
Орман тұқымы
Орманды көбейту және қалпына келтіру, дәндерді
дайындаудан басталады, бірақта олардың сапасын тексеру
керек. Дәндер сапасын, бүрілер мен жемістерді өңдегенде,
сақтағанда және егуге дайындағанда да, бақылайды.
Сондықтан дәндердің егістік сапаларын анықтау әдістерін
орман тұқым станцияларының қызметкерлері білумен қатар,
орманшылықтардың инженерлік-техникалық мамандарыда
білу керек. 1991-1992 ж.ж. орман тұқым ісінің деңгейін
кеңінен көтеру негізінде, негізгі орман қалыптастыратын
түрлердің генетикалық қорын табу, сақтау және көбейту,
орман шаруашылықтарын селекциялық тұқымдық және
екпелік материалмен қамтамасыз ету үшін, құрастырылатын
екпелердің түрлік құрамын жақсарту ретінде Республикалық
және Алматы ормандық селекциялық-тұқымдық
орталықтар құралды.
Орман тұқымдарының дамуы
мен классификациялануы
Ағаштар мен бұталардың тұқыммен көбеюі - ол түрді сақтау
және әрі қарай дамытудағы күресте жиналған қасиет. Кейбір
ағаш және бұта түрлерінің тұқымдары азық ретінде
қолданылады (грек жаңғағы, самырсын, орман жаңғағы),
өйткені дәмдік құндылығымен, жоғары пайызда майлар, ақ
уыз, витаминдер болуымен бағаланады. Емен, талшын, т.б.
дәндері мал азығы ретінде жиналады. Фармацевтика
өндірісінде дәрі-дәрмек алуға кейбір түрлердің тұқымы
қолданылады (долана, итмұрын, шырғанақ).
Жеміс - дәндердің ұясы, ұрықтанғаннан кейін
түйіннен пайда болатын. Жеміс ұрықтанбай пайда
болуы мүмкін, ол құбылыс апомикс деп аталады.
Ол жағдайларда дәндер ұрықсыз болады.
Жемістер шын (нағыз), өтірік жеміс
шоғыры болып бөлінеді. Егер жеміс, ұрыққабы
ұрық жапырақшасынан қалыптасса, шын деп
аталады. Егер жеміс қалыптасуға ұрық
жапырақшасымен тағы гүл тұғыры, гүл серігі
қатысса онда өтірік деп аталады. Гүл шоғырынан
қалыптасқан жеміс, жеміс шоғыры деп аталады.
Құрғақ ашылған ұрыққаптыларға жатады:

-қаптама жеміс бір ұрық жапырақшасынан
қалыптасады, бір жабықшасымен (ішкі) жарылады;

-бұршақбас бір ұрық жапырақшасынан
қалыптасады, «арқа» және «ішкі» жабықшаларымен
жарылады;

-қауашақ жеміс ұрық жапырақшасынан қалыптасып
екі немесе бірнеше жерден жарылады;

Құрғақ ашылмаған ұрыққаптыларға жатады:

-жаңғақ және жаңғақша - бір дәнді жемістер, дән
қабығымен жабыспаған, ұрыққабы ағаш тәріздес;

-қанатты жеміс - ұрыққабы қанатқа айналған
Дән - ұрықтанып
өзгерген ұрық.
Дән - ұрықтанып өзгерген
Қалыптасқан
ұрық. Қалыптасқан дәнде үшүш
дәнде
негізгібөліктер
негізгі бөліктерболады: 
болады: 

эндосперм ұрықтың
тұқым
тұқымқабығы эндосперм ұрықтың
қоректік ұлпасы
қабығы қоректік ұлпасы
ұрық
 тұқым қабығы - ұрықтанып өзгерген тұқым
сырты;

- ұрық - ұрықтанып өзгерген жыныс жасушасы;

- эндосперм ұрықтың қоректік ұлпасы - ол
өзгерген ұрықтан кейінгі екінші немесе ортаншы
ұрықтың ядросы.
Жеміс беру ерекшеліктері
Әр түрлерде дәндердің пісуі әр кезеңде
болады. Ол түрдің биологиялық
ерекшеліктерімен, климаттық және ауа-
райы жағдайларымен байланысты. Бұл
жағдайларда дәндер біріншіден
физиологиялық есейеді, соАғаштардың
жеміс беруіне сыртқы ортаның
жағдайлары әсер етеді: климат, ауа-
райы, экология. Экологиялық жағдайлар
күрделі жағдайлардан тұрады, біріншіден
– жарық түсу, температура, ауа
ылғалдылығы, топырақ құнары,
топырақтың микроклимат ерекшелігі.сын
өнім беру мүмкіндігі болады.
Ауа температурасы - болашақ өнімге көп әсер ететін
климаттық және ауа райы жағдайы. Температура жеміс
беруге солтүстік аудандарда өте әсерлі, ал оңтүстікте
көктемгі кеш түскен үсіктер қауіпті, өйткені ол ағаш
өсімдіктерінің гүлдену уақытында келуі мүмкін.
Қалыптасқан дәндердің саны мен сапасы жазғы
температуралармен бітік байланысты. Ол байланыс
әсіресе, шыршада байқалады, ол солтүстік және
оңтүстікке жайылған.
Ауа ылғалдылығы да маңызды жағдай. Мысалы, ылғалды,
жаңбырлы ауа райы болашақ өнімге кері әсер етеді, ал төмен
ылғалдылық және жел гүлдердің тозаңын ұшырып жеміс
байлануға оңтайлық жасайды. Күзгі ерте үсік, жазғы төмен
температура өсімдік бүршігінің пісуін саябырлатады.
Ауа райының қолайсыз жағдайларында гүлдеудің
белсенділігі төмендейді, тозаңданбаған гүлдер көбейеді. Көп
түрлерде олар солып түсіп қалады, кейбіреулерінде
дамығаннан кейін дәнсіз жеміс немесе ұрықсыз дәндер
пайда болады. Бір жынысты жалғыз тұрған ағаштарда бос
дәнділер көп болады. Ол ағашта генеративтік бүршіктер
дұрыс орналаспағандықтан, өздігінен тозаңдануға мүмкіндік
бермейді. Сонымен қатар бөлек тұрған ағаштар жемісті
болады, өйткені олардың бөрікбасы өте жақсы
жарықтанады. 
Жарықтандырылу - негізгі, әлде гүлдеудің
және дәндердің пісуінің ең басты
жағдайларының біреуі. Ағаштың орынды жарық
алуы ондағы дәндерде керек қоректік заттардың
көп жиналуына әсер етеді. Ол заттар өнгіштігін
көбейтеді. Жақсы жарықтандырылған
ағаштардың қоректену көлемі көбейеді, топырақ
микроклиматы жақсарады, өйткені топырақтың
жылынуы жақсарады.
Жеміс беру кезеңділігі. Қылқан жапырақтылар түрлерінің
және ағаштар мен бұталардың тұқымдарын дайындау
тәжірибесі және көпжылдық ғылыми байқаулар бір түрдің
және орманның өнімділігі әр 0түрлі болатынын көрсетті. Мол
өнімділік жыл, орта және нашар жеміс өнімі жылдарымен
аралас болады. Ол құбылыс жеміс беру кезеңділігі деп
аталады.
Жеміс беру кезеңділігі - ол биологиялық ерекшелік, өнім мол
болғанда пластикалық заттарының қоры молынан
жұмсалуымен байланысты. Сондықтан келесі жылдары мол
өнім болу үшін, гүл бүршіктерімен қатар заттар қоры да мол
болу керек.
Жеміс берудің қарқындылығы аудандарға байланысты.
Жалпы заңдылық байқалған, орман бітіміндегі ірі ағаштар
өнімді болады. Өнімділікке бітімнің толықтығы да әсер етеді,
төмен және жоғары толық бітімді ормандар орта бітімдіден
өнім аз береді.
Сонымен, дәндердің өнімділігіне сыртқы жағдайлармен әсер
етуге болады. Ол тәсілдер, бітімдерді сирету, ағаштардың
бөрікбасын қалыптастыру, аяздардан қорғау, минералдық
және органикалық тыңайтқыштар қолдану.
Өнімділікті есептеу және
болжамдау
Көзбен бағалауды арнайы жерде жүргізеді. Ормандық тұқым
плантацияларында көзбен бағалауға А.А. Корчагин (1-кесте)
шкаласын қолданады, ал басқа тұқым объектілерінде В.Г.
Каппер шкаласын қолданады (2-кесте). 1-кесте. - А.А.
Корчагин бойынша көзбен бағалау шкаласы
Балдар Белгілері 0
Жоқ Жемістері жоқ 1 Өте аз
Біреу-екеу 2 аз Жемістер саны
аздап 3 ОрташаЖемістер саны орташа
4 Көп Бүрілері көп 5 Өте көп
Бүрілері өте көп
2-кесте. - В.Г. Каппер бойынша
көзбен бағалау шкаласы
Балдар Ағаштарда

0 Гүлдеу және өнім жоқ

1 Өнім өте нашар

2 Гүлдеу әлжуаз немесе өнім әлжуаз

3 Гүлдеуі орташа немесе өнімі орташа 

4 Гүлдеуі жақсы немесе өнімі жақсы 

5 Гүлдеуі өте жақсы немесе өнімі өте жақсы 
А.А. Корчагин бойынша жеміс беруді бағалау тұрақты 0,25
га көлемде 15-20 модельдік ағаштарда жүргізіледі. 15-20
ағаштар бойынша көзбен бағалаудан кейін шкаламен
жеміс берудің орташа балын шығарады, ол барлық
көлемнің орта арифметикалық көрсеткіші болады.
В.Г. Каппер бойынша жеміс беруді бағалау уақытша 0,1-
0,5 га көлемде жүргізіледі (көлемде 100 ағаштан көп
болмайды).
Балдар Бұталарда

1 Нашар гүлдеу немесе жеміс беру

2 Орташа гүлдеу немесе жеміс беру

3 Жақсы гүлдеу немесе жеміс беру
Дайындамаларды аудандастыру
және орман дәндерін басқа
жерлерге ауыстыру
Орман тұқымдық аудандастыру (ОТА) –табиғи
жағдайларды ескере отырып, елдің көлемін бөлу,
өйткені эволюция үрдісінде сол жерлерге сәйкес
генетиптік құрамдар қалыптасқан, ОТА-ның негізгі
мәселесі - жоғары өнімді және төзімді орман
отырғыларын өсіру үшін түрлердің географиялық
өзгергіштігін ұтымды қолдану. Ауданның, көлемінде
дәндер жылжытылғанда құрастырылған отырғылардың
өсуі нашарламаса, өміршеңдігі төмендемесе, ол орман
тұқымдық деп аталады. Климаттық қалыптасқан
жағдайларымен популяциялардың генотиптік құрамы
бір ормандық тұқымдық аудан ОТА-ның негізгі бөлігі. Әр
ауданда белгілі экологиялық - географиялық тегі бір
популяциялардың дәндері қолданылады, бірақ та
ауданның климаттық жағдайларына бейімделген, яғни
жергілікті және қатар популяцияларға тән болып.
Жергілікті дәндер
Жергілікті дәндер – ол бір орман
тұқымдық ауданда жиналған дәндер,
басқалары шет аудандық деп аталады.
Табиғи аймақтарға байланысты табиғи
сұрыптаудың әсерімен түрлер
эволюциялық өзгерістерге ұшырады. Ағаш
өсімдіктері сыртқы жағдайлардың әсеріне
байланысты физикалық және
физиологиялық өзгерістерге ұшырады,
сондықтан түршелер, климаттық және
эзафиттік экотиптер деп аталуды
қалыптастырды.

Ұқсас жұмыстар
Таксация
Орман ағаштары жеміс және тұқым зиянкестері мен аурулары және олармен күресу шаралары
Жалпақ жапырақты ағаштардың жапырақ зиянкестері мен аурулары және олармен күресу шаралары
ҚР орман қоры және оның қазіргі заманғы жағдайы
ҚАРАҒАЙЛЫ ОРМАН
Энтомология пәніне қысқаша шолу.Орман зиянкестері
Питомник. Питомниктің тыңайтқыштары
Екпе орман құрудың әдістері мен тәсілдері
Алматыдағы Эдуард Баум мұрасы
Каусар
Пәндер