Сайтқа презентация қосу

Ветеринариялық санитария

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

Факультет: Аграрлық Кафедра: Ветеринариялық санитария

Тақырыбы: 1.Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.Вакцина дайындау принциптері.Адьюванттар,иммуномодуляторлар 2.Құтырық,Аусыл,Шмалленберг,Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Орындағын: Узбеханова Ж.О Тобы: ВС-303 Тексерген: Омарбеков Е.О

БӨЖ

І Кіріспе ІІ Негізгі бөлім 2.1 Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина
дайындау принциптері.Адьюванттар,иммуномодуляторлар

Жоспар :

2.2 Құтырық,Аусыл,Шмалленберг,Блютанг ауруларының
диагностикасы және алдын алу шаралары

ІІІ Қорытынды ІV Пайдаланылған әдебиет тер тізімі

Вирустық  аурулардың алдын алу
Спецификалық  емес

Спецификалық 

Вирустық инфекциялардың спецификалық  профилактикасы Вирустың инфекциялардың спецификалық алдын  алуда енжар (пассивті) және белсенді (активті)  иммундаудың рөлі:     

Енжар иммунитет организмге иммунды антиденелер 

(иммунды глобулиндер) енгізгенде пайда болады .  Пассивті иммундау әдісін организмде жұқпалы  аурудың дамуын жедел тоқтату қажет болғанда  қолданады. Оған организмге ауру жұғу қаупі төнген  және активті иммундау уақыты өтіп кеткен жағдайлар  жатады. Бұл кезде пайда болатын иммунитет ұзаққа  созылмайды (бірнеше аптадан аспайды).

Пассивті иммундау вирустың инфекциялардан 

қорғану үшін – ол қорғанысы жоқ организмде  вирустарды бейтараптау және вирустық инфекцияның  дамуын тоқтату үшін антивирустық антиденелерді  (поликлональды, моноклональді) енгізу. Вирустық  инфекциялар кезінде антиденелер вирустың жасушаға  енуін тоқтатады, табиғи киллердің антидене тәуелді  жасушалық цитотоксиндылығын күшейтеді, өздігінше  немесе комплементтің қатысуымен вирусты  бейтараптайды. Сондықтан организмге енгізілген

Вакцина дайындау
Вакцина дайындау технологиясы мен өндірісіне 10-15

жыл керек, себебі вакциналар көптеген тесттерден өтеді, және келесі тест алдынғы тесті нәтижелі болған жағдайда әрі қарай тестіленуі жалғастырылады; заманауи талаптарына жауап беретін қондырғылар және қаражатты күрделі технологиялық бағыттар қолданылады.

Образец текста Второй уровень


Третий уровень  Четвертый уровень  Пятый уровень

ХХ  ғасырда  адамның  орташа  өмір  сүру  ұзақтығы  шамамен  30  жылға  созылды,  ең  алдымен  жаппай  егу  жүргізгенінен  болды.  Белгілі  вакциналардың  жартысы  соңғы  25  жылда  пайда  болды,  яғни  жылына  бір  вакцина  дайындалуда,  бұрынғы  ежелгі  кезеңдермен  салыстырғанда  бес  жылда  бір  вакцина  дайындалынатын  еді.  Айта  кету  керек,  вакцинацияның  нәтижелілігі  егуге  арналған  қоздырғыштың  антигендер  құрылымының ерекшелігін анықтайтын протективті гуморальды  және/немесе  клеткалық  иммунды  жауаптың  индукциясымен  байланысты.  Сонымен қатар вакцинаның нәтижелігі микроорганизмнің туа біткен иммунитет жүйесімен байланысу сипатымен қамтамасыз етіледі.

Вакциналар бірнеше топқа бөлінеді:
тірі

өлі
комбинацияланған

аралас
рекомбинантты (векторлық).

Тірі вакцина
Тірі вакцина — микробтардың уыттылығын әлсіретіп, ауру  тудырғыш қабілетін жою, иммунитет қалыптастыру үшін алынады.  Алғаш рет француз микробиологы Л. Пастертірі вакцинаны  түйнемеге (1881) және құтыру ауруына (1885) қарсы қолданды. Ал  1926 жылы француз ғалымдары А. Кальмет пен К. Гереннің ашқан  тірі туберкулез(БЦЖ) вакцинасы ғылымдағы үлкен жаңалық  болды. Тірі вакциналар шешек, құтыру, оба, туляремия, т.б.  ауруларға қарсы пайдаланылады.

Өлтірілген Вакцина — микроорганизмдерді физикалық

Ө лтірілген Вакцина

(қыздыру арқылы) және химиялық жолмен (фенол, ацетон және спиртпен өңдеу) өлтіру әдістері арқылы алынады. Бұлардың қорғаныштық қабілеті тірі вакцинаға қарағанда төмендеу болғандықтан бірнеше рет егіледі.

Химиялық вакцина Химиялық  вакцина  —  микроорганизмдерден 

бөлінетін  активті антигендерден алынады.  Бұл  вакциналар паратиф,  іш сүзегі,  т.б.  ауруларға  қарсы  пайдаланылады. Анатоксиндер —  улы  токсиндерді формалинмен өңдеу  арқылы алынған усыз вакциналар. Бұларды алғаш рет (1923  — 1926)  француз  ғалымы  Г.  Рамон  алды.  Анатоксиндер  дифтерия (күл), ботулизм, сіреспе,  т.б.  ауруларға  қарсы  қолданылады.

Ассоциацияланған Вакцина — 2 — 3 ауруға бірден

Ассоциацияланғ ан Вакцина

қолданылатын вакциналар. Мысалы, сиырларды қараталақ пен қарасан (эмкар) ауруына қарсы бір вакцинамен егіп тастау өте тиімді. Вакциналарды организмге әр түрлі әдіспен енгізеді. Мысалы, шешек, туберкулез вакцинасын тері үстіне (тырнап), полиомиелитке қарсы ауыздан, гриптікін танау қуысынан құяды. Сүзек, тырысқақ, топалаң, құтыру вакцинасын тері астына, қызылша мен қарасан вакцинасын бұлшық етке егеді. Вакцина егілген организмде ауруға қарсы иммунитет 2 — 3 аптадан кейін қалыптасып, бірнеше жылдар бойы сақталады.

Жұқпалы ауруларға қарсы егудің бірнеше түрі гепатит,  міндетті егу – балаларға (туберкулез, қызылша, күл, сіреспе, көкжөтел, бар: т.б.

ауруларға қарсы), нәрестелі бола алатын әйелдер және қыздарға қызамыққа қарсы;  жоспарлы-кәсіби егу – мал шаруашылығымен айналысатын немесе олардың өнімін өңдейтін адамдарға күйдіргіге қарсы;  эпидемиялық көрсеткіш бойынша егу – нақты аймақтағы тұрғындар арасында індет қаупі төнген кезде жүргізіледі. Егу көбінесе инфекциялық тәсілмен (тері астына, бұлшық етке) атқарылады.  Қазіргі кезде алдын ала егудің нәтижесінде көптеген жұқпалы аурулар (мысалы, шешек) жойылды.[2] Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, жылына 500 млн. адам жұқпалы ауруға шалдықса, оның 400 млн-дайы егілмегендер екені анықталып отыр (2007). Сондықтан әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы күресте егудің маңызы зор екеніне ешбір күмән келтірілмейді

Образец текста Второй уровень


Третий уровень  Четвертый уровень  Пятый уровень

Адтюванттар, иммуномодуляторлар
Адьюванттардың әсер ету механизмі.«A'dyuvant (LAT Adjuvans, adjuvantis ықпал көмектеседі.) - 1)антигенді  иммуногенндігін арттыратын зат; Кейбір адъюванттарды вакциналарды өндіруде қолданады. (алюминий гидрат соавт.); 2)агент немесе есірткілік заттарды күшін арттырады. Иммуномодуляторлар — иммундық жүйеге реттеуші әсер ете алатын табиғи немесе синтетикалық заттар.  Имундық жүйеге әсер етуі бойынша оларды иммуностимулдеуші және иммуносупрессивті деп бөледі. Иммуностимулдеушілерге тимус препараттары, интерлейкиндер, интерферондар, интерферондардың индуктоы, биологиялық белсенді пептидтер, кейбір саңырауқұлақтардың полисахаридтері, емдеуші вакциналар жатады. Олардың белсенділігі организмнің клеткалары мен ұлпаларының метаболизміне әсер ету қабілетімен және иммунокомпонентті клеткаларды белсендіре алатынында болса, оның нәтижесінде организмнің инфекционды және инфекционды емес ауруларға қарсы қабілеті артады. Иммуносупрессорлар қабынуда, аллергияда, трансплантацияда, аутоиммунды ауруларды емдеуде лимфоцидті клеткалардың белсенділігін басу үшін қолданылады

Құтыру — құтырған хайуанаттардың: иттің, мысықтың, 

Құтыру вирусы.

түлкінің, қасқырдың шакалдың қабуынан немесе тістеуінен  пайда болады. Жарқанат және басқа хайуандар да құтыруды  таратушы болуы мүмкін

Хайуандарда
Бір түрлі күйде болады,

кейде сұлық жатады, мазасызданады, ашуланшақ болады; Аузы көбіктенеді — ішіпжей алмайды; Жанына жолағанның бәрін қауып, тістеуі мүмкін. Хайуан 5 күн 7 күннің аралығында өледі.

Адамдарда
Тістеген жер ауырып, ысиды; Алқынып демалады, түрі жаңа гана 

жылаған адам сияқты болады; Ауырсынып және қиналып жутынады,  аузының сілекейі қоюланып,  желімдесе береді; Адамды үрей билейді, ашуланшақ  келеді, құтырынып, алас урады; Өлім алдында талма үстап, дене  құрысып сал болып қалады.

Егер сізге біреуді тістеген немесе қапқан хайуан қ утырған болуы мүмкін деген ой келсе:

Хайуанды байлаңыз немесе бір апта сыртқа шығармай  ұстаңыз; Тістеген жерді сабынмен, сумен және сутегі асқын  тотығымен (перекисьпен) жақсылап тазартыңыз,  жараны жаппай, ашық қалдырыңыз; Егер хайуан бір аптага жетпей өлсе (егер ол өлтірілген  болса немесе ұстатпай кетсе) зардап шеккен адамды  ауруханаға апарыңыз, сол жерде оған қатарынан  бірнеше рет құтыруға қарсы дәрі шанышады.

Алдын алу
Құтырды деп сезік туғызған кез келген хайуанды өлтіріп, көміп

тастаңыз (немесе бір апта бойы үйшікте ұстаңыз); Иттерді вакцина жасау жөніндегі шараларға қатысыңыз; Ауырған сияқты көрінген немесе мінезінде өзгеріс болган кез келген хайуаннан бала-ларды аулақ үстаңыз. Ауырған сияқты көрінетін немесе мінезінде өзгеріс бар хайуандарға көңіл бөліп, барлық сақтық шараларын қолданыңыз. Тіпті ол ешкімді тістеп қаппағанда да оның сілекейі дененің кесілген немесе жырылған жеріне түссе құтыру туғызады.

Шмалленберг-вирус тудырушы ауру ең алғаш

Германияда белгілі болған.Шмалленберг қаласында 2011 жылы тамыз айында 3 саумалы сиырдан табылған.

Аусыл
Аусыл ауруы 400 жылдай бұрын пайда болған. 17-19 ғасырларда

Европаның кейбір елдерінде сілекейдің көп бөлінуімен ерекшеленген ауру жағдайлары белгілі болды. Басында аусыл ауруы Азияда пайда болғанымен, қазіргі уақытта бүкіл әлемге тараған. Әлі вакцина ойлап табылмаған кезде аусыл ауруы сол елдің барлық малдарына, кейде бүкіл Европаның малдарына жұға отырып, әр 4-5 жыл сайын қайталанып отырған. Эпизоотия барлық жануарларға ауру жұққанға дейін тоқтамаған. Жануарлар аурудан айыққаннан кейін иммунитет қалыптасқан, бірақ жануарлардың әлі ауырмаған келесі буыны (бірнеше жылдан кейін) келгеннен кейін ауру қайта қозған.

Образец текста Второй уровень


Третий уровень  Четвертый уровень  Пятый уровень

Аусыл ауруын емдеу
Жануарлар арасында ауру мен өлімді азайту, сондай-ақ

асқынудың алдын алу үшін ауруларға қызмет көрсету жағдайын жақсартады, оларды жиі суарады, диеталық азық (шөп, ұн быламықтары), дезинфекциялайтын ерітінділер немесе тері мен шырыштық қабаттарды өңдеуге арналған жақпа майлар береді. Жүрекке арналған дәрілер мен антибиотиктер қолданылады, сондай-ақ көктамырға глюкоза жіберіледі. Бұл инфекция анықталған жағдайда індет ошағындағы ауыру мал сауларынан бөлінбей, тұрған жерлерінде емделіп- домдалады

Блютанг
Блютанг немесе инфекциялы катаральдi қызба немесе көк тіл-вирусты

трансмиссивтi ауру ас қазан жүйесi мен дем алу жүйелерiн қабындырып кейбір жерлердiң кiлегей қабаттарын өлi етке айландырады, пододерматитке, бұлшық еттердi дегенеративтi өзгерiстерге ұшыратады. Қоздырғышы рибонуклеинқышқылы (РНК) вирус, көлемi 100 нм аралығында, сыртқы ортада төзiмдi. Вирус трипсинге, қышқыл РН-қа, 3% күйдiргiш натриге, 70% этил спиртiне сезiмтал келедi, ал эфирге, хлороформға, дезоксихолатқа төзiмдi.Диагнозды эпизоотиялық жағдайға, клиника белгiлерiне, патологоморфологиялық өзгерiстерiне және лабораториялық зерттеулерге қарап қояды.

Блютанг
Образец текста Второй уровень


Третий уровень  Четвертый уровень  Пятый уровень

Блютанг ауруын алдын алу
Малдарды әкелгеннен кейiн тағы 30 күндiк

карантинге қояды шыбын-шiркейлер жоқ жерге. Қойларды тағы РСК-ға тексередi. Тексерген қанмен басқа қойларды егедi, тышқан балаларын және 8 күндiк тауық эмбриондарын. Биопроболарды апта сайын қайталайды 4 апта бойы. Қанмен еккенде 5 қойдыкiн қосып еккен сайын 2 қойдан егедi.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Мырзабекова Ш.Б, Ветеринариялық вирусология Оқулық 2004 -368б. 2. Құлдыбаев М. Шоқанов Н.К. Микробиология пәнінің практикалық сабақтары / Алматы : Бiлiм, 1995. - 120 с 3. ДарканбаевТ.Б. Учебная литература: Микробиология и вирусология/8/Доп 4. Н. К. Шоқанов. Микробиология негiздерi : Оқу құралы /. - Алматы : Мектеп, 1969. - 168 с 5. Н. Шоканов. Микробиология Оқулық Алматы, Санат1997ж.-320б.


Пән: Ветеринария



Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь