Мұхтар Әуезов




Презентация қосу
«Халық әдебиетi жиналып,
жазылып қағаз бетiне түспесе,
бiрден-бiрге ауызға тапсырылып
жүргенде қайта жоғалып,
өшпесе, өнбейдi менiңше, халық
әдебиетiн жинауға қолайы бар
адамдар оқыған шәкiрттер
болуы керек. Шәкiрттер өз елiне
барған жақтарында халық
әдебиетiн жинап, керектiсін
тауыппайдаланатын, басылып,
жарыққа шығарылатын,
баспасөз майданына түсетiн
жерге жеткiзуi керек. Әсiлi, ескi
әдебиетiмiздi жинауға жас
оқығандарымыз күш
көрсетпесе, халық әдебиетiмен
аз жылда ашық қоштасармыз».
Мұхтар Әуезов
   М.Әуезовтің қазақ әдебиеті мен тарихындағы алар орнын оның әдебиеттану 
ғылымына сіңірген еңбектерінсіз, атап айтқанда талант қыры жан-жақты 
ғалымның әдеби сын, теориялық тұжырымдарға толы ғылыми зерттеу 
еңбектерінсіз толық күйде сипаттап, талдап шығу мүмкін емес. Ол – қазақ 
әдебиеттану, фольклортану ғылымының негізін салушы ғалымдардың бірі. 
Әдебиетші ғалымның фольклор, әдебиет тарихы, әдебиеттер байланысы, 
абайтану мәселелері бойынша жазған еңбектері бір ғана қазақ әдебиеттану 
ғылымында емес, кешегі кеңес одағы көлемінде де аса жоғары бағаланып 
отырғаны тарихтан мәлім.
         Ғалымның әдебиет тарихы, оның басталуы мен дамуы жайлы айтқан 
пікірлері мен ойлары өте маңызды. Өкінішке орай қазақтың қоғамдық өмірінің 
дамуы жағдайларына сүйеніп айтылған бұл ойлар кеңінен өріс ала алмады, 
керісінше ғалымның ұлтшыл ретінде айыпталуына (1929-1932) байланысты 
тоқталып қалды. М.Әуезовтің бұл саладағы алғашқы күрделі еңбегі «Әдебиет 
тарихы» (1927, Қызылорда) пайдаланылудан алынып тасталып, тіпті идеялы қ 
жағынан зиянды кітаптардың қатарына қосылды, осылайша халық игілігіне 
пайдаланудан тыс қалды. Бұл кітап Қазақстан өзінің ғасырлар бойы күткен 
тәуелсіздігіне қолы жеткеннен кейін ғана «ұлтшылдық ағым» ақталып, соған 
қатысты тиым салынған әдебиеттер ішіндегі М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» 
(Алматы,1991) да толық күйінде қайта басылып шықты, сөйтіп рухани 
байлығымыздың алтын қорын толықтыра түсті.
 Ең алдымен тоқталып өтетін үлкен бір 
сала, жемісі мол арна бар, ол - абайтану 
саласы. Осы ретте академик Зәки 
Ахметовтің «Абай және Әуезов» деген 
еңбегіне аз кем тоқталып өтсек. «Абай және 
Әуезов» деген тақырыпты сөз еткенде 
Мұхтар Әуезовтің Абайдың өмірі мен 
өнерпаздық жолын танып-білуге қосқан 
үлесі көбірек айтылады. Мұның өзі екі 
үлкен сала. Бірі - Әуезовтің Абайтануға, 
яғни Абайдың өмірі мен творчествосын, 
оларға қатысты мәселелерді баяндайтын 
ғылыми еңбектерін, зерттеулері мен 
мақалаларын талдап бағалау. Екіншісі - 
Әуезовтің көркем шығармаларында Абай 
бейнесін суреттеуі...». Әрине, бұл екі сала 
бір-бірімен тығыз байланысты екені 
түсінікті, алайда мұның бәрін кеңінен 
қозғап талдап шығуға біздің мүмкіндігіміз 
жоқ және алдымызға мақсат етіп 
қоймаймыз да. Біздің мақсат ұлы Әуезовтің 
Абайтану ғылымына қосқан үлесі, алар 
орны жайында ғана болмақ. 
       
 Ауыз әдебиетін зерттеуді 
М.Әуезов шығармашылық 
өмірінің барлық кезеңінде 
жазушылық жұмысымен 
қатар алып жүрді десе де 
болғандай. Ғалымның 20-30 
жылдардағы көптеген зерттеу 
мақалалары газет, журнал 
беттерінде үнемі жарияланып 
отырды. 1939 жылы 
Л.Соболевпен бірлесе отырып 
жазған «Қазақ халқының 
эпосы мен фольклоры» деген 
көлемді еңбегі – ғалымның 
есімін Одақ көлеміне кеңінен 
мәшһүр етті. Бұл аталған 
еңбекте қазақ фольклорының 
барша жанрына ғылыми 
тұрғыдан сипаттама берілді.

Ұқсас жұмыстар
БІЗ ҮШІН ӘУЕЗОВ – ЕКІНШІ АБАЙ
Әуезов хаттарының тарихы
Мұхтар Әуезов (1897-1961) шығармашылығы
М. Әуезов өмірі мен шығармашылағының зерттелу тарихы Қазіргі әуезовтану ғылымының бағытбағдары, соңғы зерттеулер
Абай ауданында 1897 жылғы
Абайдың ұлылығы мен данагөйлігін ашқан Мұхтар Әуезов өткен ғасырдағы қазақ әдебиетінің алыбы
Мұхтар Әуезов «Әжемнің әңгімесі»
Мұхтар Әуезов - қазақ әдебиетінің классигі
Абайды Абай еткен Мұхтар ғана, Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана, Қазақтың қос арысы, қос данасы. Қалайша бас имессің оған, сірә
Мұхтар Әуезов повестері
Пәндер