Жалпы психология




Презентация қосу
ЖАЛПЫ
ПСИХОЛОГИЯ
Сатвалдинова Айым
Пх-415
Зейін туралы жалпы түсінік

Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге
бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны
зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше.
Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы,
тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін
қоймаудан болады.
Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің
сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол
адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-
тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер
сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты
болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы,
академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта
теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша,
сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі
миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады.
Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз
қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған
Зейін түрлері

Ырықты үйреншікт
ырықсыз і
ЫРЫҚТЫ
ЗЕЙІН

Адамның ырықты зейіні
әрекетті саналы түрде
белгілі ерік күшін
жұмсау арқылы
орындалуынан көрінеді.
Ырықты зейінде белгілі
бір мақсат қойып,
объектіге ерекше зер
салып отыру көзделеді,
ол жұмыстың басынан
аяғына дейін ерік-
жігерді сарқа жұмсауды
талап етеді.
Ырықсыз зейін физиологиялық
тұрғыдан барлау (ориентировочный)
рефлексінің жемісі болып табылады.
Зейіннің бұл түрі жануарлар мен
адамдардың сыртқы ортамен
байланысында үлкен роль атқарады.
Ырықсыз зейін кез келген
тітіркендіргіш арқылы пайда бола
бермейді. Ырықсыз зейіннің көрінуіне
төмендегі жағдайлар себеп болады:
а) күшті тітіркендіргіштер (көзді
аштырмайтын жарық, қанық бояулы
заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын
иіс т. б.), заттар мен құбылыстардың
жаңалығы мен қозғалысы (мәселен,
адамның үстіндегі киімінің өзгеруі,
дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т.
б.);
ә) адамның сыртқы дүниедегі
объектілерге қатынас жасауының
дәрежесі (қызығу, қажетсіну, көңіл
күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің
ҮЙРЕНШІКТІ
ЗЕЙІН
Үйреншікті зейін — адамға табиғи
сіңісіп кеткен, арнайы күш
жұмсамай-ақ орындалатын зейін.
Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл
оның тұрақты әдетіне айналса,
оның зейіні де үйреншікті бола
бастайды. Қандай нәрсеге болса да
үйреніп, жаттығып алған соң,
адамның іс-әрекеті дағдысына
айналады. Үйреншікті зейіннің де
табиғаты осыған ұқсас. Өйткені
үйреншікті зейін ырықты зейіннен
дамып қалыптасады. Зейіннің қай
түрі болмасын іс-әрекеттен нәтиже
шығаруға бағытталады. Егер адам
жұмысқа өздігінен беріліп істесе,
ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ
жұмысты тікелей қызығып істей
беру де оңай емес.
 Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы,
академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта
теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория
бойынша, сыртқы дүниенің
көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті
әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың
осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды
өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы
одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір
нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды
байқамайтын болады.
Зейін тітіркендіргіштердің келесі
қасиеттерімен ынталандырылады

интенсивтілігі жаңалылығы

аффективтілігі
РУБИНШТЕЙ
Н ПІКІРІ
С.Л. Рубинштейннің пікірінше,
зейінде сананың затпен байланысы
көрініс табады. 3ейін мен объект
өзара әсерде болады. Бір жағынан,
зейін затқа немесе объектіге
бағытталады, екінші жағынан,
объект зейінді өзіне аудартады.
3ейіннің нақты бір объектіге
бөлінуі субъектіге, яғни адамға
ғана байланысты емес, сондай-ақ
зейінді тудырған объектінің
қасиеттері мен сапаларына да
байланысты. 3ейіннің оянуы—
бағдарлық-зерттеудің бастамасы.
В.И. Страховтың
тұжырымдауынша, шынайы зейін
мен шынайы зейін емеспен қатар,
адамда зейінді болып көріну және
зейінді емес болып көріну деген
қасиеттер кездеседі.
П.Я. Гальпериннің тұжырымы бойынша: 3ейін—
бағдарлық-зерттеулік іс-әрекеттің негізгі шарты.
Өзінің қызметі жағынан, зейін өзі
бағытталған феноменнің мазмұнын қадағалау болып
табылады. Зейінде қадағалау белгілі бір белгі, өлшем,
үлгі арқылы жүзеге асады. Ал Л.C. Выготский бойынша,
ырықты зейін ұғымдардың, түсініктердің дамуына
байланысты, яғни берілген жайтта қалай әрекет ету
қажеттілігін түсінуге, жалпы, жағдайды түсіне білуге
байланысты. Адамның психикалық ұйымдасуының
құрылымына сүйене отырып, зейінді:
1) процесс (немесе психикалық процестің жағы:
сенсорлық және т.б.) ретінде;
2) күй (зейіннің шоғырланған күйі) ретінде;
3) тұлғалық қасиет (зейінділік) ретінде анықтауға
болады.

П.Я. Гальперин  Л.C. Выготский
Зейінің функциялары:
1) қазіргі сәтте қажетті
психологиялық және
физиологиялық процестерді
белсендіріп, қажетті
еместерін тежейді;
2) ортадан келетін
ақпараттың мақсатты,
ұйымдасқан түрде
сұрыпталуын қамтамасыз
етеді;
3) белсенділіктің бір объектіде
ұзақ уақыт шоғырлануын
қамтамасыз етеді.
Тұрақтылығ
Көлемі ы

Зейіннің негізгі
қасиеттері

Бөлінушілігі
Аударылуы

Алаң
болушылық
Зейіннің тұрақтылығы
Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа
ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің
тұрақтылығыдейді. Мысалы, өндіріс озатының не хирург
дәрігердің жұмыс үстіндегі зейінін осыған жатқызуға
болады.
Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтап алу арқасында
адам істеп отырған ісін тереңінен түсініп, оның әр түрлі
байланыстарын анықтайды. Зейінді тұрақтата алушылық
саналы әрекетке өзіңді жеге алудың басты бір белгісі болып
табылады.
Зейіннің аударылуы

Зейіннің аударылуыдеп бір объектіден екінші объектіге
назарымызды көшіруді айтады. Физиологиялық тұрғыдан
мидағы оптималдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу
қабілеті көбінесе жүйке процестерінің өзгермелілігіне
байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың түрінен екінші бір
жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез
меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің көрінісі. Екінші
біреудің зейіні, керісінше, басқа объектіге қиындықпен
ауысады. Зейінді тез аудара білу көлденеңнен кез келген
әсерлерге кідірусіз жауап беруде аса қажет. Мәселен,
машинистерде зейінді тез аудара білу қасиеті жөнді
жетілмеген болса, олардың жұмыста түрлі сәтсіздіктерге
ұшырауы мүмкін. Мектеп жағдайында балалардың зейінін бір
пәннен екінші пәнге, бағдарламаның бір бөлімінен екінші
бөліміне, жұмыстың бір түрінен (үй тапсырмаларын сұрау)
екінші түріне (жаңа сабақты тыңдау кезі) үнемі аударып
отыруға тура келеді.
  Зейіннің бөлінушілігі
Адам санасының бір мезгілде бірнеше әрекетті атқара
білу мүмкіншілігінзейіннің бөлінушілігідейді. Адам
зейінін екі-үш нәрсеге бөле алады.

Зейіннің көлемі
Зейіннің көлемідеп бір уақыттың ішінде оның қамтитын,
объектілерінің санын айтады. Зейін көлемін анықтауға
байланысты жасалған тәжірибелер тахистаскоп деген
аспаппен тексеріледі. Зейін көлемін арттыру үшін
мұғалім балаларды комплекс заттарды байқай алуға,
оларды бір объект ретінде қабылдауға машықтандырғаны
дұрыс. 
 Алаң болушылық
Алаң болушылықдеп белгілі бір объектіге саналы түрде
зейінді ұйымдастыра алмаушылықты айтады. Әр нәрсеге
ауып кете беретін жаңғалақ адамдардың зейіні көбінесе
осындай болады. Алаң болушылық сондай-ақ адам қатты
шаршап, болдырған кезде де жиі кездеседі. Мұндай
жағдайда оның миында біркелкі тұрақты қозу алабы
жасалынбайды, қозу мен тежелу процестері бір-бірімен
алмасуы тәртіппен жүріп отырмайды. Зейіннің осы
қасиеті адам психологиясынан тұрақты орын алса, оған
берекелі әрекет ету қиынға соғады.
Қолданылған әдебиеттер
Алдамұратов Ә «Жалпы
психология»184 187 бет
Қ.Б.Жарықбаев
«Жантану»
kk.wikipedia.org сайты

Ұқсас жұмыстар
Психологияның негізгі салалары
Психология салалары
Психология негізгі салалары
Дифференциалды психология
Психологияның даму кезеңдері
ПСИХОЛОГИЯ пәні
Өнер психология Спорт психология
ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
Психология бойынша оқыту пәндері
Педагогикалық психологиялық жалпы ғылымы
Пәндер