Халық тық педагогиканың тә рбиелік мә ні



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Жаратылыстану-математика факультеті Математика және математиканы оқыту әдістемесі
Тақырыбы: Халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні
Орындаған:Төлеубекова Айжан
Т-413 тобы

Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды

Тәрбие сағатының мақсаты:
а) Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату.
Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу.
ә) Ата-ана берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге уағыздау.

Тәрбие сағатының типі: Білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Тақырып жазылған плакат, ата-ана туралы мақал-мәтелдер, ұлағатты сөздер, хадистер, топтастыру әдісі арқылы ата-анаға тән қасиеттер жазылған плакат.

Тәрбие сағатының түрі: дөңгелек үстел
Тәрбие сағатының барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Көрнекілік арқылы түсініктеме беру және тақырыптың барысында кіріспе сөз сөйлеу, мақсатын түсіндіру.
Енді тәрбие сағатын әрі қарай оқушылардың өз бетінше өткізуіне көңіл бөлсек.

Адам жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды.
Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей, ата-анаңды аялап бақсаң, армандарың орындалады.
Әдепті, адал ұл-қыздарың міндеті ата-аналарының тірісінде көрсеткен қызметімен бітпейді. Ата-аналарын олар дүниеден қайтқанда да жиі есіне алады.
Ата-ананы сыйлау - сәби шағында олар өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.
Ата-ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.
Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін, ерекше бағаламасаңдар, ол - қорлық.

Ата-анаға байланысты мақал-мәтелдер
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
Атаның құны, ананың сүті.
Ата-ананың қарызы, Ұрпақтың өмірлік парызы.
Жалғыз баласы атқа шапса, Атасы ауылда тұрып Тақымын қысады.
Анаңа ауыр сөз айтпа! Атыңа ауыр жүк артпа!
Атадан жақсы ұл туса, Елінің қамын жейді; Атадан жаман ұл туса, Елінің малын жейді.

«Қарт пен бала әңгімесі» көрініс.
Баласы кетіп бара жатқан атасының алдынан шығып: Ата, мені де ала кетесіз бе? - дейді.
Балам, мен көрші сыныпта болғалы жатқан «Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды» атты ашық тәрбие сағатына бара жатырмын. Сен әлі жассың-дей бергенде, Ата маған сұрақ қойыңызшы - деді бала.
Балам, үйдің алтын қазығы кім?
Ата, үйдің алтын қазығы - бала, деді.
Жоқ балам, үйдің алтын қазығы - ана.
Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі - қызға үлгі, әке тәрбиесі - ұлға үлгі. Ана - ақылшың, әке - қамқоршың, аға - қорғанышың, інің - сүйенішің, қарындасың - қанатың екенін ұмытпа.
Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке-деді бала.
Жоқ балам, әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Ашты тоқ, жоқты бар ететін ол - ана.
Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.
Ал балам, өмір сүру не үшін қажет?
Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет, - дейді бала.
Жоқ балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірге жалын береді, тұз астың дәмін келтіреді, қыз өмірдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін келтіреді.

Сұрақ қою арқылы, өз ойын анық жеткізуге даярлау
Адамның ақылы қайда балаларым, кім айтады екен?
Адамға ақыл беретін кім балаларым?

Ой толғау сәті
Бала тәрбиесі - бесіктен, - дейді қазақ. Әрбір ата-ана өз баласына қазақтың ырым-тыйым сөздерін айта отырып тәрбиелейді. Ендеше біздің оқушыларымыздың ата-аналарынан естіген ырым-тыйым сөздеріне құлақ түрсек.

Қорытынды:
Сонымен балалар біз бүгін сендермен бірге үлкен тақырып аясында ой бөлістік.
Білмегендерімізді бір-бірімізден үйреніп білдік. Ата-ана ардақтау хақында айтылған хадистерді оқып талдадық. Осының барлығы ата-аналардың арқасы. Ол үшін алдымен ата-анамызды ардақтап, құрметтеп, сыйлау біздің басты міндетіміз екенін ұмытпайық.

Назарларыңызға рахмет!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz