1. Дін Рухани мәдениеттің бөлігі ретінде. 2.Адамның діни сеніміне құрмет оның таңдауына құрмет ретінде


Slide 1

Тақырыбы:1. Дін Рухани мәдениеттің бөлігі ретінде. 2. Адамның діни сеніміне құрмет оның таңдауына құрмет ретінде

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Орындаған: Тогызбаева Мариям Тобы: Е-415 Тексерген: Жакпарова Г. А.

Сөж

Slide 2

Дін Рухани мәдениеттің бөлігі ретінде

Slide 3

Дін жайлы түсінік

Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлыгы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады. Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.

Slide 4

Дін - қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылған мақалалар, ғылыми еңбектер саны некен-саяқ. Дегенмен «діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды» Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т. е. с. да діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын. Егер «религия» - (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда «байлау», «екінші қайта оралу» дегенді білдіретін көрінеді.

Slide 5

Дін адам жан-дүниесінің талап-талпыныстары мен арман- мақсаттарының тоғысу нүктесі бейнесінде адам өмірінің толыққандылығын танытатын категория ретінде де қарастырылады.

Дін деп адамдардың қасиетті байланысты іздеу және табу барысыңда қол жеткізетін бірлестігінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін методологиялық механизмді атайды. Діннің негізінде рәсім тұр. Рәсім деп жеке тұлғаның әлеуметтік ісәрекетін қатал қадағалаушы ережелер жиынтығын айтады. Өкімет пен азаматтық қоғам институттары пайда болмай тұрыпақ рәсім адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға болысқан.

Дамыған діндердің ортақ мүддесі - қақтығыссыз, кикілжіңсіз өмір сүру. Бір құдайға табынушы діндердің алғашқысы - иудаизмнің өзінде қауымдастар арасындағы жанжалды бүкіл көпшілік алдында ортақтаса шешу принципі қабыл алынған болатын. Діни бірлестік бұл жерде қауым арасында үйлесімді тіршілік етуді көздейтін және бейбіт-тыныш өмір сүрудің кепілдііібола алатын дәрежеде көрсетілген. «Дін - бейбіт өмірдің субстанциясы. Дін арқылы көпшілік арасында кең танымал бейбітсүйгіштік идеясы тарайды»

Slide 6

Дін саясатта

Бастапқыда дін өкіметпен, мемлекетпен тығыз байланыста өмір сүрді. Мәдениеттің зайырлылық принципіне өтуі саяси-қоғамдық және экономикалық құндылықтардың пайдалану аясының кеңеюімен, ғылыми зерттеулер мен техникалық шығармашылықтың қарқынды дамуымен етене байланысты жүріп отырды. Қоғамның, жеке адамның дін ықпалынан айырылуы шіркеудің өкіметтен, мемлекеттен шеттеуіне, соның нәтижесінде оның саяси құрылымдар қатарынан жеке бастың еншілігіне қарай ығысуына, яғни мемлекеттен азаматтық қоғам аясына ауысуына әкеліп соқты. Батыс адамзаты өкімет билігінің заңға негізделген легалды түріне көшкен сәтте Шығыста әлі де болса сакралды (қасиетті) және профанды (қарапайым күнделікті), діни және зайырлы бастамалардың біте қайнасып жатуы көзге ұрады. Соның айғағы ретінде исламдық әлем мен қытайдың ұлы мәдениеттерін мысал ете кетуге болады. Христиан және буддизм дінімен салыстырғанда дүние жүзілік діндердің тағы бірі - ислам адамдардың күнделікті тіршілігіне көп араласады. Сондықтан болар исламда дін мен саясаттың, діни ұйымдар мен мемлекеттік органдардың байланысы тамырын тереңге жайған.

Slide 7

Қазақстан Республикасындағы діни ахуал

Ислам мен оның өкімет билігі құрылымдарымен ара қатынасын байыптау Қазақстандағы дін мен азаматтық қоғам мәселесін қарастырғанда қажет болады. Қазақстан Республикасының ата заңы - Конституциясы бойынша дін мемлекеттен алшақ бөлінген, ол дегеніміз жоғарыда аталғандардың әрқайсысы өз алдына өзінің қызметтерін атқарады әрі бір-біріне кедергі етпейді деген сөз. Біздің республикамыздың азаматтарының қандай дінді ұстанам деуі, яғни, ар-ождан еріктілігі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Азаматтық Кодексіне, «Қазақстан Республикасының діни бірлестіктер және дін тұту еркіндігі туралы» Заңдарына негізделеді.

Slide 8

Мәдениеттің негізгі факторлары мыналар:

1. Дін: Әр ұлттың өзіне тән иман және сенім жүйесі.

2. Тіл: Әр ұлттың өзіне тән сөйлеу және түсінісу құралы.

3. Өнер: Әр ұлттың өзіне тән сән, зауық және сезімдердің бейнеленуі және жасалуы.

4. Тарих: Әр ұлттың өзіне тән өмір сүру салтының, мәдени байлығының замана ағымындағы көрінісі, іс-әрекеттердің даму барысы.

5. Әдет-ғұрыптар: Құқықтық-қалыптық құжат еместігіне қарамастан, қоғам тарапынан есепке алынатын, іске асырылатын салт-дәстүрлер.

Slide 9

Адамның діни сеніміне құрмет оның таңдауына құрмет ретінде

Slide 10

Түріктердің наным-сенімдері және дінi - жалпы алғанда, отырықшы және көшпелі халықтың діни нанымдарында алдындағы дәуірлерден алынғаны көп. Адамдардың құдайлық күштермен «қарым-қатынасындағы» аралық міндеттер қоғамдағы ерекше топтың - ша-мандардың қолында болды, ал шамандар ертедегі түрік мәтіндерінде қам деп аталған. Шамандар, сәуегейлер, емшілер, «құдайдың қалауын» жариялаушылар болған. Ертедегі түріктер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жер-Суға (Йер- Суб) сиыну болды". Құдірет деп есептелген бұл қос күштің негізгісі Көк болды. Қағандар нақ осы Көктің еркімен билік құрып, олар «Көк тектестер және Көкте туғандар» деп аталды. «Кек өз биігінен (көк жүзінен) менің әкем Илтериш-қағанға және менің анам Илбілге-қатынға жөн сілтей отырып, оларды (халықтан) жоғары қойды, менің өзімді түрік халқының аты мен даңқы жойылып кетпеу үшін қаған етіп отырғызған (қағандарға) мемлекетті сыйлаушы Кек деп ойлау керек». Көктің еркімен «түріктер жеңіске жетіп немесе жеңіліске ұшырап отырды». Жұт жайлаған жылдары түрік халқын Көк пен Жер-Су сақтап қалған. Түрік хандары өздерінің жазбаларында Көкті өздерін әрқашанда желеп-жебеуге шақырады

Slide 11

Тотем

Будда

Шаманизм

Slide 12

Ұмай ана


Ұқсас жұмыстар
Дін рухани мәдениеттің бөлігі
«Адамның діни сеніміне құрмет оның таңдауына құрмет ретінде. Қазақстандағы діни сенім. Ислам діні туралы түсінік»
Адамның діни сеніміне құрмет оның таңдауына құрмет ретінде туралы ақпарат
Адамның діни сеніміне құрмет
Адамның діни сеніміне құрмет. Оның таңдауына құрмет ретінде
Адамның діни сеніміне құрмет оның таңдауына құрмет
Дін-рухтық тәрбие
Адамның діни сеніміне құ рмет оның таң дауына құ рмет ретінде
ЭЛИТАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ
ДІН ТАРИХЫ ДІН
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz