Жасушалық инженерия


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы:

Жасушалық инженерия

Орындаған: Садуан С.

Тексерген: Жилкыбаева С.

Slide 2

Жоспар

Жасушалық инженерия

Жасушалық инженерияның ауыл шаруашылығындағы маңызы

Жасушалық инженерияның жетістіктері

Жасушаны қайта құрастыру

Жасушалық инженерия әдісімен

Өсімдікті алу

Протопластарды бөліп алу

Slide 3

Жасушалық инженерия

Жасушалық инженерия жоғары сатыдағы организмдердің, өсімдіктер мен жануарлардың жеке жасушаларын және ұлпаларын жасанды көректік орта жағдайында өсіру. Жасушалық инженерия әдісі арқылы бір жасушаның ядросын екінші жасушаға көшіру және ядросыз жасушаларды өсіріп алуға болады. Жасаңды көректік ортада, яғни "in vitro" (жасанды) жағдайында жануарлардың (ит пен мысықтың, тышқан мен адамның) гибридтік жасушасын алған. Жануарлар жасушасын коректік ортада ұзақ өсіруге болады.

Slide 4 Slide 5

Жасушалық инженерияның ауыл шаруашылығындағы маңызы

Slide 6 Slide 7

Жасушалық инженерияның жетістіктері

Slide 8

1997-1999 жылдары жануарлар инженериясын зерттейтін ғалымдар үлкен табысқа жетті.

Англияда Розлин атындағы институттың ғалымдары алты жастағы саулық қойдың желінінің жасушасын "in vitro" жағдайында өсіріп, анасы тектес ұрпақ алды.

Жапон елінде осындай өдісті қолданып, ірі қара малдың тұқымын, Оңтүстік Африка мен АҚШ-та кұрбақа мен тышқанның дараларын шығарды.

Slide 9 Slide 10 Slide 11 Slide 12

"In vitro" жағдайында сауықтыру әдісін қолдану арқылы шаруашылықта пайдаланатын картоптың барлық бағалы сорттарын шығаруға болады.

Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің өсімдіктер физиологиясы және биохимия кафедрасында бидай мен арпа тозаңқаптарын өсіру жұмыстары табысты жүргізілді. Гаплоидтік регенерант өсімдіктер алынды.

Қытай ғалымдары андрогендік гаплоидтер негізінде күріштің, бидайдың, жүгерінің, қара бидайдың, арпаның, т. б. дақылдардың сорттарын шығарды.

Slide 13

Жасушаны қайта құрастыру

Жасушаны қайта құрастыру (реконструкция) - жасушаның құрамына кіретін ядроны, цитоплазманы, митохондрияларды, хлоропластарды, хромосомаларды бір жасушадан басқа жасушаға көшіру негізінде мүлдем жаңа жасушаны жасау. Осындай әрекеттер нәтижесінде ядролық және цитоплазмалық гендер тіркестігі әдеттегідей емес, тіпті өзгеше жасушалар пайда болуы мүмкін. Одан да артық ғалымдарды қызықтыратыны, ол жеке хромосомаларды тасымалдау арқылы анеуплоидтық линияларды алу мүмкіншілігі.

Slide 14 Slide 15

Жасушалық инженерия әдісімен

Өсімдікті алу

Slide 16

Жасушалық инженерия әдістерін пайдалану арқылы жасушаны генетикалық өзгерту және оның негізінде өсімдікті алу:

Генді бөліп алу;

Өсімдік протопластарына қажетті гендерді енгізу үшін вектордарды алу;

Экзогенді генетикалық материалды нуклеаза ферментінің әсерінен қорғау;

Өсімдіктерден функциональды активті протопластарды бөліп алу.

Slide 17 Slide 18

Протопластарды алу

Протоплас - ферменттердің әсерімен немесе механикалық әдістермен қабығы түгел жойылған өсімдік жасушасы. Әдетте тірі жасушада протопласт жасушаның қабырғасына орталық вакуольдің тургор, яғни кернеулік қысымымен тығыз жанасып тұрады. Жасуша қабығы арқылы плазмалеммамен қоршалған цитоплазмалық жіңішке жіпшелер өтеді, солар арқылы көршілес жасушалардың протопластары біріне-бірі жалғасып жатады. Сондықтан жасуша қабығын ферментпен еріткен кезде протопластарға зиян келтірмей жасушаларда плазмолизді жұргізеді. Осмотик ретінде сахароза, маннит, сорбит қолданылады. Осы заттардың гипертониялық ерітінділері әсерінен вакуоль сусызданып жиырылып, протопласт көлемі кішірейіп, соңынан қабықтан алшақтайды. Кейде жасуша сопақ болғанда протопласт плазмолиз кезінде екі бөлініп кетууі мүмкін. Сондай ядросы жоқ субпротопласт цитопласт деп аталады.

Slide 19

Назарларынызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Биотехнология – XXI ғасыр ғылымы туралы
Молекулалық биотехнология
Гендік инженерия өндіріс
Жасушалық селекция
Биотехнологиялық үдерістердің негізгі кезеңдері
Микроорганизмдер селекциясы
Микроорганизмдер селекциясы. Биотехнология
Жасушалық инженерия туралы
Ядроның құрылысы мен қызметі
ГЕНДІК ИНЖЕНЕРИЯНЫҢ ЖАНУАРЛАРҒА ҚОЛДАНЫЛУЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz