Тасымалдау кезіндегі жануарлардың жұқпалы емес аурулары
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік
Университеті
Аграрлық факультеті
Б ӨЖ
Тақырыбы: Тасымалдау кезіндегі жануарлардың
жұқпалы емес аурулары
Орындаған: Бейбитбаева Н. Е.
Тексерген: Оразалиева С. Б.
Топ: ВС-
203
Семей, 2015 жыл
ЖОСПАР:
I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Жарақаттар
2.2. Ас қорыту жүйесінің аурулары
2.3. Тыныс алу жолдарының аурулары
2.4. Жүйке жүйесінің аурулары
2.5. Улану
III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
I. КІРІСПЕ
Жұқпалы емес ауруға күдікті жануарларды тасымалдау кезінде (т үсірілетін, транзит кезінде немесе тиелетін
уақытта) арасынан ауру жануарлар табылған кезде, ветеринариялы қ инспекторлар міндетті т үрде тез арада
ауру жануарларды басқа малдардан б өлектеп, ауру малдар табыл ғаны туралы ауданны ң бас мемлекеттік
ветеринариялық инспекторына хабар беріп, ветеринария саласында қолданылатын нормативті құқы қ
актілеріне сәйкес шара қолданады.
Жұқпалы емес ауру сипатына қарай жекелеген малдар немесе барлы қ тасымалдауда ғы жануарлар,
карантинге, алдын-алу шараларына, емдеуге жататын болса, ветеринариялы қ инспекторлары, ауданны ң,
облыстың, республиканың бас ветеринариялы қ инспекторларыны ң н ұс қауларымен, б өлектеп ұстау ж әне
емдеу, аурудың алдын-алу шараларын ұйымдастырады.
Жұқпалы емес ауру сипатына қарай жануарлар сойылатын болса, оны ветеринариялы қ инспекторларыны ң
бақылауымен, жақын жерде орналас қан ет комбинатыны ң санитариялы қ сойыс орнына жеткізеді. Ауру ға
ұшырған жануарларды ұстайтын немесе сойылатын жерге жеткізілуі, қорша ған орта ға ауруларды ң
таралмауын, ветеринария саласында қолданылатын нормативтік құқы қты қ актілерге с әйкес ж үргізіледі.
Ауру жануарлар тасымалдан ған вагондар ға, кемелерге, қайы қтар ға, ұша қтар ға, авток өліктерге ж әне
алаңдарға, платформаларға, қораларға, сонымен қатар, ауру жануарлармен жанас қан аспаптар ға, қызмет
етушілердің киім, аяқ киімдеріне, ветеринария саласында қолданылатын нормативтік құқы қты қ актілерге
сәйкес, міндетті түрде дезинфекция ж үргізіледі.
Транзит кезінде жұқпалы емес аурумен ауыр ған жануарлар табылса, ветинспекторы, ауру мал бар вагондарды,
қайық, кеме, автокөліктерді тоқтатып, керек болған жа ғдайда малы ж әне жемімен бірге осы пойызды ң б үкіл
вагондарын өңдейді, ветеринариялық-санитариялы қ ж әне эпизоотия ға қарсы шараларды ж үргізеді.
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. ЖАРАҚАТТАР
Бар деректерге сүйенсек, автокөлікпен тасымалдау кезінде
41%, ересек малдар, темір жолмен тасымалдағанда 49% жас
мал және 18 - 38% ересек мал жарақат алады екен.
Мал жарақатының көбісі көлік түріне байланысты. Осыған
орай, арнайы автокөлікпен тасымалданған мал, жай к өлікпен
тасымалдаған малға қарағанда аз жарақат алатыны ескерілген:
мысалы, арнайы автофургонмен тасымалдағанда малдардың
тек 15,7% ғана жеңіл-желпі жарақаттар алған, ал жабдықтал-
маған автокөлікпен тасымалдағанда малдардың 60% жеңіл
және ауыр жарақаттар алғаны дәлелденген. Жабдықталмаған
машиналарға малды артқан кезде кеуде бөлігі, жамбас бөлік-
тері әртүрлі жарақат алады, ал арнайы жабдықталған маши-
намен малды тасымалдаған кезде аталған жердегі жаракаттар
мүлдем болмайды, болса да аз болады.
Малдардың ашық жарасын емдеген кезде жараға микро-
флораның түспеуін қадағалап, қанды тоқтатып, жараны орап
қою шарт.
Табанның және майтабанның
жарақаты
Майтабанның
жарақаттануы өте ауыр
жарақаттардың бірі, өйткені осының салдарынан
бүгілу сіңірі тартылып, тұяқтары қабынып
тұрған кезде қатты ауырсынады. Табанға әртүрлі
үшкір заттардың кіруінен жарақатталады. Тұяқ
сүйектері және сіңірлері жарақатталса, онда
емдеуі күрделенеді, кей кезде емдеу тиімсіз, ал
тек терісі ғана жарақатталса, емдеуге болады.
Емдеу үшін алдымен тұяқтарын қоқыстан
тазалайды. Табанның жан-жағын, 3% асқын
тотығымен, спиртпен, йодпен сүртіп кірген бөгде
зат болса, алып тастап, сульфаниламидтті
препаратпен бірге йодоформ немесе антибиотик
ұнтақтарын салып, жараны
зарарсыздандырылған дәкемен немесе бинтпен
байлайды.
Асептикалық пододерматит
Мал тұяқтары терілерінің таспен немесе тағы
басқа бөгде заттармен жарақаттануының
әсерінен болады. Сонымен қатар, малдарды тас
жолдармен айдап тасымалдау барысында мал
тұяқтары, терілері, табандары әртүрлі жарақат
алады. Тұяқтарды тазалау кезінде, вагондарда
және автокөліктерде ұзақ уақыт демалыссыз
тасымалдау кезінде де бұл ауру байқалады. Бұл
ауру кезінде жануардың жалпы жағдайы
қанағаттанарлық болып саналады. Аурудың
кезеңіне қарай тәбеті төмендейді, жануар
мазасызданады, жарақатын жалай береді.
Аяқтары ауысып, жүрісі өзгереді, қатты жерде
аяқтарын кібіртіктете басуы үдей түседі,
жергілікті дене қызуы көтеріледі. Тұяқтарын
қысқыштармен кысып тазалаған кезде қатты
ауырсынады. Табанын тазалаған кезде қызғылт
және сарғыш дақтар байқалады.
Себебін анықтайды, тұяқтарды қоқыстан,
кірден тазалайды, өскен тұяқтарын алып
тастайды. Жануарға жұмсак төсеніш төсейді,
демалтады, аяқтарын ыстық ваннаға салу
аурудан айығудың ең жеңіл және тиімді жолы.
Кілегей қалташықтардың қабынуы
Ағымына қарай жіті және созылмалы болып бөлінеді, ал
эксудат жиналуына қарай асептикалық және іріңді болып
бөлінеді.
Қалташықтардың қабынуы механикалық жарақаттан,
жараның жан-жағының микробпен ластануынан және
туберкулез, бруцеллез, маңқа аурулары кезінде болатын
қабыну жарақаттары. Бурситті емдеу тендовагинит
кезіндегіге ұқсас, бұл кезде де жан-жағындағы ұлпалар
зақымдалады, кілегей қалташықтарын алып тазалайды,
содан кейін тігеді.
Кілегей қалташықтарды 5% йод ерітіндісімен 10% к үміс,
сульфат мыс нитратымен өңдейді. 3-4 күннен кейін жараны
алып, өлі ұлпалардан тазартып, ашық жара сияқты емдейді.
2.2. АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ
Стоматит
Стоматит жайылған және шектелген түрде болады.
Стоматиттің бірнеше түрі бар: катаралды, пустулалы,
крупозды, дифтериялы, ойықжаралы, афталы және
флегмозды.
Стоматитты 5-10 күн ішінде емдейді. Мұнда аурудың
себебін анықтайды, жұмсақ, таза су береді. Азық
қабылдағаннан кейін ауыз қуысын калий перманганатпен
1:2000, этокридин лактат 1:1000, фурацилин 1:5000, 2-3%
бор қышқыл ерітіндісімен, 0,1-1% танин ерітінділерімен
шаяды. Ойық жараларды йодпен, глицериннің спирттегі
ерітіндісімен 1:5, 1:10 қатынасында жағуға болады.
Жануарлар азығында минералды тыңайтқыштардың,
химиялық ерітінді заттардың қосындылары болмау керек
және ыстық және жарамсыз азық беруге болмайды. Дөрекі
азықтарды және тікенек шөптерді жібіткеннен кейін беру
керек.
Өңештің бітелуі
Өңештің бітелуінің толық және толық
емес түрі бар бұл көбінесе ірі қара малдарда
кездесетін ауру, ал кей жағдайда басқа малдарда да
кездеседі.
Өңештің толық бітелуі тамыр-түйнекті азы қ
жеуінен, кей жағдайда азықтың құрамындағы
түйіршіктер әсерінен, сонымен қатар азықты
жылдам жұтудың әсерінен болады.
Өңештің толық емес бітелуі бөгде заттар мысалы:
темір-терсек, ине, шеге, сумен, т.б. қатты заттарды
жұтып қоюының салдарынан болады.
Аурудың жіті түрінде уақытында көмек көрсетсе,
өңеште тұрып қалған затты алса, мал сауығып
кетеді. Созылмалы түрінде өңеш қабынуы, некроз
және өңештің қабырғалары жыртылуына әкеліп
соғуы мүмкін.
Өңештің толық бітелуінде, өңешке 100-150,0
вазелинді және өсімдік майын енгізеді. Өңештің
жиырылуын төмендету үшін атропин ерітіндісін,
платифилин жэне аминазинды тері астына енгізеді.
Алдын алу шарасы болып малды дұрыс жұмса қ
азықпен азықтандыру керек және азық құрамына
бөгде (темір, шыны, шеге, т.б.) заттардың түспеуін
қадағалау қажет.
Мес қарынның толуы
Ауру себебі - бірқалыпты өніммен азықтандыру, сулы ш өппен,
бұтақты азықпен және сулы, жүгері концентраттармен ж әне
жем қалдықтарымен азықтандыру кезінде ауру пайда болады.
Алдыңғы қарындар гипотониясы малды дұрыс серуендетпеуден
де болады. Мес қарынның толу ауруьш уақытылы емдеу кезінде
2-4 күн арасында сауығып кетуі мүмкін, ал еш қандай к өмек
көрсетпесе, бірнеше сағаттан кейін мал өліп кетеді.
Емдеу тәсілі алдыңғы қарындар атониясы сия қты. Мес
қарынды тазарту өте маңызды орын алады. Қарында газ өте
көп жиналса, мес қарынды троакармен теседі. Ауыр жа ғдайда
руминотомия, мес қарындағы азық калдықтарынан тазалау
емдеудің бір түрі. Алдын алу шарасы ретінде азы қтандыру
тәртібін сақтау керек.
2.3. ТЫНЫС АЛУ ЖОЛДАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ
Ринит
Ринит жіті және созылмалы,
біріншілік, екіншілік, катаралды,
крупозды, дифтериялық, іріңді
болып бөлінеді.
Ауру себептері: суық тию, шаң-
тозаңмен немесе ыстық
ауамен, әртүрлі газдармен дем алу,
мұрынның кілегей қабықтарының
жарақаттануынан болады. Ауру
туындауының себептерін
анықтайды. Емдеу үшін 0,5-1%
новокаин ерітіндісін енгізеді, 1-2%
ментол майын жағады, ірі малдарға
сульфаниламид және антибиотиктер
ұнтақтарын себу керек.
Бронхит
Бронхит жіті, созылмалы, біріншілік және екіншілік,
катаралды, крупозды, геморрагиялық, іріңді және
микотоксиндік болып бөлінеді. Таралуы бойынша
бронхитті, макробронхит, микробронхит, диффузиялы
бронхит түрлерін бөледі.
Ауру себептері: суық тию, шаң-тозаңмен дем алу,
зеңделген саңырауқұлақ эсерінен және
тітіркендіргіш газдар мен булардан болады. Ауруды
емдеу үшін мал тыныш болу керек малды кұнарлы
азықпен азықтандыру керек. Ингаляциялар пайдалы
ауру малдарға, ингаляцияны бір мезгілде арнайы
камераларда жүргізеді.
Микробтарға қарсы препараттар ретінде
сульфаниламидттерді бұлшық етке, жұтқыншақ
аралыққа, кең қолданыста әсер ететін
антибиотиктерді қолданады. Қандай да бір
антибиотик қолдану үшін препараттың микрофлораға
сезімталдығын анықтап алу қажет. 0,25%, 0,5%
новокаин ерітіндісімен қантамыр ішіне және
жұлдызша түйініне блокада жасау тиімді, ол үшін 1 кг
тірі салмаққа 1, 0,5 мл новокаин ерітіндісін қолдану
керек. Қатты ауырсынып жөтелген кезде, жөтелге
қарсы дәрі-дәрмектер қолданылады.
Катаральды пневмония,
бронхопневмония
Ауру өкпенің жеке бөліктерімен қоса бронхтардың қатаралды қабынуымен
сипатталады. Көбінесе жас малдар ауырады. Бронхопневмонияны ң себептері
бронхит ауруындағыдай. Көбінесе өкпеге азық және дәрі қалды қтарыны ң
өтіп кетпеуінен бронхтағы қабыну үрдістері өкпеге ауысуынан болады.
Бронхопневмония гиповитаминоз кезінде малды дұрыс бағып к үтпеуден де
болады.
Ауру малды тыныш, желдетілетін корада ұстайды, ас қорыту жолдарын
жақсартатын заттар береді: қыша, карловар тұзы, аз мөлшерде
әлсіздендірілген заттар береді, ал бір камералы малдарға қосымша т ұз
қышқылы мен пепсин тағайындайды. Ауруды емдей баста ғанда, ке ң
аралықта әсер ететін антибиотиктер қолданады, тыныс алу жолдарыны ң
микрофлорасының сезімталдығына қарай таңдап алады. Антибиотиктермен
коса 1 кг тірі салмағы есебінде 0,02-0,05 г сульфаниламидтті де қолданады.
Норсульфазолдың әсер ету мерзімін ұзарту үшін балық майымен эмульсия
жасап енгізеді. Жүрек жұмысы әлсізденген кезде камфора майын, кофеин,
глюкоза қолданады.
2.4. ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ
Күн сәулесінің соғуы
Гиперемия, бас миына қан құйылу кезінде, бас миы қабыршы ғымен ж үрек-
тамыр және тыныс алу жүйелері қызметінің бұзылуыменен сипатталатын
ауру. Ауру ыстық, желсіз күндері малды айдау, тасымалдау, ж ұмыс қа сал ған
кезде басқа күн сәулесі тікелей тиюдің салдарынан болады. Ауру бірнеше
сағаттан бір тәулікке дейін созылады. Жеңіл түрінде ж әне дер кезінде
көмек көрсетсек, ем тиімдірек, ал ауыр ж әне к үм әнді жа ғдайда ем тиімсіз
болып келеді.
Ауруды аныктаған кезде малды дереу қара ңғы жерде, к өле ңкеде ұстау
керек, басына суық су құйған дұрыс және бас миыны ң гиперемиясын
емдеу сияқты жолдарын жүргізу керек.
Аурудың алдын алу шарасы ретінде малдарды жайылым ға шы ғар ған кезде
тікелей күн көзінің түспеуін қадағалау жэне малды көле ңкелі жерлерде
жаю керек. Жұмыс жылқыларына арнайы ш өптерден басына қал қан жасау
керек.
Жылу соғу
Ағза қызуының көтерілуімен, бұзылуымен сипатталатын, орталы қ ж үйке
жүйесінің кызметі ауру.
Ауру себептері: жануардың сыртқы қызуы көтерілуі ж әне ауа райыны ң
ылғалдығының жоғарылауы. Көбінесе ыстық күндері ж ұмыс аттары, күнні ң
ыстығында малды айдау, тасымалдау және ыстық вагондарда малдарды
тығыз ұстау кезінде ауру туындайды.
Ауру жіті түрінде өтеді.
Емдеу. Жануарды желдетілген қорада ұстайды ж әне суы қ сумен қамтамасыз
етеді. Басына, жүрек тұсына суық компресс қояды, басына ж әне кеуде
тұсына суық су шашады, суық клизмалар да пайдалы. Өкпені ң ісінуі
байқалған кезде аздап тамырдан қан ағызады, тамыр ішіне гипертониялы қ
ерітінділер глюкоза кофеинмен бірге енгізеді ж әне ж үрек әлсіздігі кезінде,
жүрек жұмыстарын жақсартатын заттар қолданады.
Ыстық күнде малдарды, әсіресе шош қаларды, айдау ға болмайды. Темір
жолмен, су көлігімен малдарды тасымалдаған кезде вагондарда малдарды ң
тығыз орналаспауын, вагондардың желдетілуін қадағалап отыру керек.
2.5. УЛАНУ
Улану кезіндегі емдеудің негізгі принциптері:
удың қанға сіңіп кетпеуін қадағалау; уды
ыдырату, бейтараптау; удың жиналуын аны қтау;
уды химиялық түрмен залалсыздандыру ж әне
көрінетін кілегей қабықтардан уды сумен жуу.
Сіңіп кеткен уды антидот (уды қайтаратын зат)
арқылы ғана залалсыздандыруға болады.
Антидоттық терапияны: цианидпен улан ған
кезде метгемаглобин түзуші заттармен,
(күшәламен), сынаппен уланған кезде,
унитиолмен, орталық жүйке жүйесі уланған
кезде, орталық жүйке жүйесін белсендіретін
заттар, холинэргиялық жүйке жүйесінің
қоздырғыштарын қолданады; сіңіп уланған
кезде миорелаксанттарды физиологиялы қ
қызметін ынталандыру үшін және зат алмасуын
жақсарту үшін қолданады.
Удың шығуын зәр шығару арқылы тездетуге
болады, ішек-қарынның жиырылуын, тыныс
алуды жиілетіп, қан айналуды жа қсарту ға
болады.
III. ҚОРЫТЫНДЫ
Жұқпалы емес аурумен ауырған жануарлар болған
вагондардан, кемелерден, қайықтардан, ұшақтардан,
автокөліктерден мал нәжісімен және қолданылған төсенішін
жол бойына тастауға, нәжіс және төсеніш тастауға р ұқсат
етілген стансаларда да тыйым салынады. Б ұндай вагондар,
қайықтар, кемелер, ұшақтар нәжісімен ж әне құрал-
аспаптарымен бірге, жануарлар түсіріліп бол ған со ң,
ветеринарлық-санитарлық өңдеуге жіберіледі.
Ауру малдарға алдын алу шаралары, ауру жануарлар
стансадан, айлақтан, пристаннан әкелінгеннен со ң жергілікті
ветеринариялық мекеменің мамандарының нұсқауымен және
қадағалауымен жүргізіледі.
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасының ветеринариялық заңнамасы 1
том, 2005 ж.
А. Б. Бегенова, А. Н. Жұмақаева, Б. С. Майқанов. «Шекара
және көліктердегі ветеринариялы-санитариялық бақылау».
Алматы, 2014 жыл.
Ғаламтор желісі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz