Адам өмірінде отбасы және туыстық қатынастардың ролі

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Адам өмірінде отбасы және туыстық қатынастардың ролі

Орындаған:Тлеубергенова А.Б Семей 2015 жыл

Тізесін бүгіп отырған әйел көрікті; Самай шашы ағарған баба көрікті; Ақ сүтіне тойғыза емізген ана көрікті; Жанашыр ағайын-туған көрікті; Үлкен шаңырақ үйдің жанына тігілген келіннің отау үйі көрікті; Өнегелі бала көрікті. Қорқыт ата

Отбасы
адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты, қызық дәурені осы отбасында өтеді. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап, ата-ана өздерінің негізгі борыштарын — тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.

Бала тәрбиесінің негізі — бұл отбасы.

Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процесін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу.

Отбасындағы тәрбие мынадай міндеттерді шешуі тиіс:
Отбасында баланың денсаулығына қамқорлық жасау, тазалыққа үйрету; Еңбекке деген сүйіспеншілігін баулу; Отбасы мүшелерімен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрету; Үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу; Адамгершілікке, әдептілікке, инабатты болуға тәрбиелеу; Әдебиет пен өнерге, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Отбасы – тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан «Азамат қалыптастырамын десең бесігіңді түзе» деп, ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған. Отбасындағы тәрбие мазмұны демократиялық қоғамның өзекті мүдде-мұраттарына орайластырады. Болашақтағы еңбектік, қоғамдық, отбасылық өмірге бейім, дені сау, психикалық болымды, адамгершілікті, иманды, парасатты тұлға дайындау – отбасы міндеті.

Сонымен қатар бала тәрбиесінде отбасы ішіндегі кикілжің, атаанасының ажырасуы да бала тәрбиесіне үлкен әсер етеді. Ажырасу балаға тәрбие берудегі қиындыққа да байланысты болады. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей ажырасқан жанұяда бала тәрбиелеу күрделірек. Басбұзар бала тәрбие бере алмаған отбасынан шығады. Кейбір балалар анасының, не әкесінің жайын түсініп өседі. Оған керісінше көмектесуге, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысады. Отбасындағы көңіл-күй бала санасына, тәрбиесіне әсер етеді. Ата-анасының екі айырылысуы баланың жанын жаралайды. Балада бар әлемге жеккөрушілік сезімі пайда болады. Ата-анасы өзін жақсы көрмейді деп ойлайды. Сондықтан мұндай балалар көбіне қатыгез болып шығады және мұның салдарынан психикалық денсаулығына қолайсыз кері әсер етеді. Ондайда олар ашуланшақ, күйгелек болып кетеді. Сондықтан балаға, оның тәрбиесіне салғырт қарамай, түсінушілік танытып, қолдау көрсету қажет.

Қорытынды
Қорыта айтқанда, бүгінгі күн талабына жастарды саналы, әдепті етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйеніп, ұлттық дәстүрімізді, әдет ғұрпымызды, дінімізді, ата-бабамыздан қалған асыл мұраларды балалардың санасына сіңіре білу ата-ананың басты міндеті. Сондықтан бала тәрбиесінде атаананың рөлі ерекше. Бала тәрбиесіне әрбір ата-ана жауапкершілікпен қарап, барлық қазақи қасиетті болмысын бойына дарыта білсе нұр үстіне нұр болар еді.

Назарларыңызға рахмет!


Пән: Социология, Демография


Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь