ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКА


Slide 1

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕй қаласы шәкәрім атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Орындаған: Аменгелді Ақтілек Е - 415 топ

Тексерген: Габдуллина Л. Б.

Slide 2

ЖОСПАР

Халықаралық еңбек бөлінісі

Халықаралық интеграция

Халықаралық сауда

Халықаралық қаржылық несиелік ұйымдар

Халықаралық еңбек миграциясы

Халықаралық қаржылық валюталық қатынастар

Slide 3

Халықаралық еңбек бөлінісі

қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының жоғары сатысы.

Slide 4

Ол бір ел шеңберінде ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық, аумақтық еңбек бөлінісіне негізделеді. Еңбек бөлінісінің бұл сатысында мемлекеттер шикізаттың, тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруге, қызметтердің жекелеген түрлерін көрсетуге, яғни жекелеген елдер өнімнің осы елдер айырбастайтын белгілі бір түрлерін өндіруге маманданады. Халықаралық еңбек бөлінісі халықарлық сауда мен әлемдік нарықтың белсенді түрі және тұрақты дамуының аса маңызды факторы болып табылады. Халықаралық еңбек бөлінісінің даму дәрежесі әлемдік қоғамдастықтың жекелеген елдерінің өндіргіш күштерінің дамуымен айқындалады. Жекелеген елдердің табиғат және климат жағдайларындағы айырмашылық, олардың аумақтарында түрлі пайдалы қазбалардың, өсімдіктер дүниесі мен жануарлар дүниесінің болуы, тауарлардың белгілі бір түрлерін жергілікті шикізатты пайдалану негізінде өндіру Халықаралық еңбек бөлінісінің пайда болып, дамуы үшін объективті негіз болып табылады.

Slide 5

Халықаралық еңбек бөлінісі туралы ұғымды терең және жан-жақты зерттеген Н. Н. Барнский.

Slide 6

Халықаралық еңбек бөлінісі

қызметкерлердің өндірістік-шаруашылық қызметтерге қатысуына, орындалатын міндеттердің сипатына, өндірістік үдеріске қатысуына қарай атқарымдық еңбек бөлінісі;

еңбек үдерісінің технологиялық жағынан бір текті жұмыс түрлері бойынша саралануына негізделген технологиялық еңбек бөлінісі;

қызметкерлерді кәсібі және біліктілік деңгейі бойынша бөлетін кәсіптік - біліктілік еңбек бөлінісі.

Slide 7

Халықаралық интеграция

ұлттық шаруашылықтың жақындасуы мен өзара тығыз байланысуы.

Slide 8

Экономикалық интеграция өндірістік-технологиялық байланыстарын кеңейту мен тереңдетуді, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, сол сияқты, бір-біріне қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара «кедергілерді» жою бағыттарында айқын көрінеді.

Slide 9

1 деңгейде

мемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы қадамы ретінде преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. Бұл келісім жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық негізінде немесе қалыптасқан интеграциялық топ пен мемлекет не мемлекеттер тобының арасында жасалуы мүмкін.

Келісімге сәйкес мемлекеттер бір-біріне үшінші мемлекеттерге қарағанда қолайлырақ режим ұсынады. Бұл интеграцялық процестің дайындық кезеңі.

Slide 10

2 деңгейде

мемлекеттер екі жақты саудада кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтін еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді. Басым көпшілік жағдайда еркін сауда аумағының шарттары ауыл шаруашылық өнімдерінен басқа барлық тауарларға қолднылады.

Slide 11

3 деңгейде

кедендік одақ (КО) құруға негізделген. Бұл ұлттық кедендік тарифтер тобын келісімді түрде алып тастап, үшінші мемлекеттерге қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифті енгізу және біріңғай тарифтік емес жүйесін қолдану болып табылады.

Әдетте кедендік одақ үйлестірілген сыртқы сауда саясатын қалыптастыратын мемлекетаралық органдардың дамыған жүйесін құруды талап етеді.

Slide 12

4 деңгейде

ортақ нарыққа жеткенде интеграцияланатын мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс факторларының - капитал және жұмыс күші - қозғалысының еркіндігі туралы келісім жасайды. Бұл экономикалық саясатты үйлестіру кезеңі.

Slide 13

5 деңгейде

интеграция ортақ кедендік тариф және тауарлар мен өндіріс факторлар қозғалысының еркіндігімен қатар, макроэкономикалық саясатты, валюта, бюджет, ақша сияқты негізгі салаларда үйлестіруді, заң шығарушылықты үйлестіруді көздейтін экономикалық одаққа айналады. Үкіметтер келісілген түрде өз қызметтерінің біршама бөлігінен бас тартады, яғни мемлекттік суверенитеттің бір бөлігін мемлекеттер үстіндегі органдар пайдасына береді. Бұндай қызметтерге ие болған мемлекеттер үстіндегі органдар бірлестікке қатысты мәселелерді мүше-мемлекеттер үкіметтерінің келісімінсіз шешуге құқы бар.

Slide 14

6 деңгейде

бұл Саяси одақ (СО) . Ол ұлттық үкіметтердің үшінші елдермен қатынасын қамтитын қызметтерінің басым көпшілігін мемлекеттер үстіндегі органдарға беруді көздейді. Іс жүзінде бұл жеке мемлекеттердің егемендігін жоғалтып, халықаралық конфедерация құруды талап етеді.

Slide 15

Халықаралық сауда шарттары:

1) ұлт аралық компаниялар, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттары ынталылық танытқан табиғи және әлеуметтік факторлардың, ұлттық нарық ғұрыптары мен дәстүрлерінің, Келісімдер мен нормалардың кешені;

2) елдің сыртқы саудасының экспорттық және импорттық бағасы серпінінің көрсеткіші.

Slide 16

ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемдік сауданың орташа жылдық өсу қарқыны әлемдік жалпы ішкі өнімд өсу қарқынынан 1, 5 есеге асып кетті. Бұл көптеген елдердің өмірінде әлемдік рыноктың рөлінің артқанын, олардың арасындағы байланыстың артқанын, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдегенін көрсетеді. Осылайша әлемдік экономикаға тартылған елдерге қатал халықаралық бәсекелесті жағдайында өзінің рыноктық үлесін алуға тура келеді.

Slide 17

НЕСИЕ

бір мерзім бойы пайдаланып, қайтарылу үшін әдетте, пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін қарыз.

Slide 18

Қазақстанда несие түрлері

ұлттық банк несиелері - аукциондық, ломбардтық, бюджеттік несиелер;

екінші деңгейдегі банктер несиелері - меншікті айналым қаражатының жетіспеушілігін уақытша толтыруға, күрделі салымдарды қаржыландыруға, тұтыну мақсатына арналған несиелер; импорттық, ипотекалық, консорциалдық, банкаралық несилер. Қазақстан Ұлттық банкінде несие сапасына қарай стандарттық, бейстандарттық, қанағаттанғысыз, күмәнді және зиян келтіруші несие деп бөлінеді

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық экономика теориясының объектісі және пәні
Бүкіләлемдік экономика
ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА ҚОҒАМ
Жасыл экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ШАРТТАРЫ
1) Экономикалық теорияның қалыптасу кезендері. 2) Экономика ғылым саласында Нобель сыйлығының лауреаттары. 3) Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру процесі
Нобель сыйлығының лауреаттары 1969 -1980 жылдар аралығы
Халықаралық құн мәні
Қазақстандағы бухгалтерлік есептің даму мәселелері мен перспективалары
Ауғанстан экономикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz