Қарбыз (Citrullus): биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері, қолданылуы, сорттары және өсіру


Slide 1

Қарбыз

Орындаған: Нүкенова Айнұр

Slide 2

Жоспар

1. Биологиялық ерекшелігі

2. Морфология ерекшелігі

3. Қолданылуы

4. Сорттары

5. Өсіру, күтіп-баптау, жинау (видео)

Slide 3

Қарбыз (Cіtrullus) - асқабақ тұқымдасына жататын бір немесе көпжылдық өсімдік. Ең көп тараған бақша дақылдарының бірі. Дүниежүзінде 500-ден аса асханалық Қарбыз сорттары өсіріледі. Жабайы түрі Африкада, Иранда, Орта Азияда, Ауғанстанда кездеседі. Қазақстанда Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында көбірек өсіріледі. Топырақтың ылғалдылығы мен ауа райының әртүрлі болуына байланысты бұл облыстарда өсірілетін сорттары да әртүрлі болады. Барлық аудандастырылған сорттары мәдени түрінен шыққан.

Биологиялық ерекшелігі

Slide 4

Морфорлогиялық ерекшелігі

Тамыры тармақты. Жапырақтары ірі, гүлдері ақсары түсті, сабағы төселмелі, ұзындығы 2 - 3 м-дей болады. Гүлі дара жынысты, бір үйлі, кейде екі үйлі. Түсі ақ, ала, қоңыр жасыл жолақты. Жемісі тәтті шырынды қызыл, қызғылт, күрең қызыл, сирегірек ақ және сарғыш болады.

Slide 5

Қолданылуы

Емдік мақсатқа Қарбыздың шырынды бөлігі мен қабығын және дәндерін пайдаланады. Қарбыздың тәтті бөлігі мен шырыны шөл басады, несеп жүргізеді. Дәндерінің қан тоқтататын және ішек құртын түсіретін қасиеті бар. Халық медицинасында Қарбыздың жемісін шемен мен сары ауруға қарсы қолданады.

Slide 6

Астраханский- вегетациялық кезеңі 70-80 күн, өте тәтті, әрі шырынды, 8-10кг дейін жетеді.

Кримсон свит - вегетациялық кезеңі 67-82 күн, сырты жылтырап тұрады, 4-5кг дейін жетеді.

Кримсон глори F1- тасымалдауға қолайлы, ауруға төзімділігімен ерекшеленеді, 10-15кг жетеді.

Сорттары

Slide 7

Мадера F1 - вегетациясы 70 күн, тәтті, орташа мөлшерде 6-8 кг дейін жетеді.

Чарльстон грей - сыртқы формасы асқабаққа ұқсас, сызықтарсыз ашық жасыл түсті, тәттілігін ұзақ сақтай алатындығымен ерекшеленеді, орташа салмағы 12 кг.

Холодок- вегетациясы 85-90 күнге созылады, формасы шар тәрізді, қою жасыл түсті, аздап ақшыл жасыл түсті дақтары бар. Орташа салмағы 7 кг дейін жетеді.

Slide 8

Фотон - түсі ашық жасыл, жасыл жолақтары бар, жұмсақ, әрі тәтті, орташа салмағы 4 кг.

Скорик - сыртқы формасы шар тәрізді, қою жасыл түсті, қабығы қалың болып келеді. Орташа массасы 3 кг.

Огонек - вегетациясы 71-87 күн, формасы шар тәрізді, қара қою жасыл түсті, дәмді, әрі шырынды, орташа салмағы 3 кг дейін жетеді.

Slide 9

Сахарный малыш - вегетациясы 75-85 күн, формасы дөңгелек, қою жасыл түсті, өте тәтті, дәмді, орташа салмағы 4 кг.

Подарок солнца - вегетациясы 67-73 күн, сырты қауын немесе асқабақ сияқты сары түсті, іші қызыл тәтті, әрі шырынды. Орташа салмағы 4 кг.

Slide 10

Қарбызды өсіру, күтіп-баптау және жинау

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Қарбыз (Citrullus): морфологиясы, биологиясы және агротехникалық негіздері
Алма жемісінің халық шаруашылығындағы маңызы, биологиялық-морфологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясы
Қауынның биологиялық ерекшеліктері, сорттары және халық шаруашылығындағы маңызы
Арпаның морфологиясы, биологиялық ерекшеліктері, агротехникасы және сорттары
Жүгері дақылының морфологиялық ерекшеліктері, сорттары және будан алу әдістемелері
Шығыс ешкішөбі (Galega orientalis): морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, өсіру технологиясы және мал азығындағы шаруашылық маңызы
Қауын: өсіру технологиясы, морфологиясы және сорттары
Асқабақ: халық шаруашылығындағы маңызы, биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері мен агротехникасы
Шалғам (Raphanus sativus): биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясы
Түлкі өсіру: биологиялық ерекшеліктері, тұқымдық іріктеу және күшіктерді өсіру әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz