ҚР-ғы экономикалық өсу, себептері, факторлары



СӨЖ
Орындаған: Маликрамова А. Р
Тобы: ПХ-415
Тексерген: Габдуллина Л. Б.
Семей 2015 ж

2013-2014-2015 жылдарға ҚР-ң көрсеткіштеріне сипаттама.
ҚР-ғы экономикалық өсу, себептері, факторлары.
Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары және инфляцияға қарсы саясат.
Инвестиция мәні, түрлері және ҚР-ғы
инвестициялық саясат.

Макроэкономика (грекше μακρός - ұзын, үлкен, οἶκος - үй және Nόμος - заң) - экономикалық теорияның экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі. Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер мен экономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді.
Макроэкономикалық дәрежеде зерттелетін негізгі мәселелер:
ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;
ұлттық экономика масштабында жұмыспен қамтуды реттейтін факторларды айқындау;
инфляцияның табиғатын талдау;
экономикалық өсудің механизмі мен факторларын зерттеу;

Қазақстанның 2013 жылғы макроэкономикалық көрсеткіші 6%
2014 жылғы көрсеткіш ұсыныс пен сұраныс динамикасының әсерінен 4% -ға төмендеген.
2015 жылғы нәтиже бойынша 1, 5 %- ды құрап отыр.

Экономикалық өсу шетел инвестицияларының деңгейі жоғары және шағын, орта бизнестің барлық жерде қолдау негізінде отандық жеке меншік секторын дамыту мен бірге дамыған нарықтық экономикаға негізделінеді.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ
қоғамдық еңбек нәтижесін, оның өнегелік, рухани сипаттамаларын көрсетеді. Ол - экономикалық динамиканың көрсеткіші және қайнар көзі. Бұл экономикалық теорияның предметі мәселелерінің екінші жүйесі.
Қазақстан экономикасының өсуі үшін негізгі басымдықтың бірі болып саналатын экономикалық өсу маңызды орын алып даму стратегиясының негізгі жеті басымдығының ішіндегі бүгін де ертең де өз мәнін жоймайтын бағдарламалардың бірі болып саналады.

Сондықтан Үкімет Индустриялық - инновациялық даму бағдарламасын әзірледі. Бағдарламаны іске асыру барысында мұнай саласына назар аударуды қажет етеді. Сонымен бірге мұнай өнімдерін өткізу басты назардағы мәселе болып отыр. Мұнай өнімдерін өндіру мен өткізу оған жұмсалған шығындармен тығыз байланыста.
Бүгінгі таңда Қазақстанның экономикалық өсуі жоғары қарқынмен дамып отыр. Экономиканы шикізаттың бағдарынан, өңдеушілік бағдарға қарай диверсификациялау жолдарын айқындап қарастырылуда. Қазақстанның кен байлығы - минералдық шикізаттың қайтып қалпына келмейтіні белгілі, сонымен қатар кен орындары уақыт өте келе сарқылатыны белгілі. Мұның өзі болашақта әуелі экономикалық, содан кейін саяси тәуелсіздігімізге әсер етуі мүмкін.

Инфляция - күрделі, әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.
Инфляция- негізінен қағаз ақша айналымына тән құбылыс. Мәні жөнінен ол айналымдағы ақшаның шамадан тыс көбейіп кетуі салдарынан құнсыздану процесі.

Инфляцияға қарсы саясат деген бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. ХХ. ғ 60-шы жылдарынан бастап бағаны тікелей және жанама түрде реттеу мақсатымен барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады.
Тікелей реттеу табыстар саясаты шеңберінде жүргізілді. ТАбыстар саясатын шартпен екі бағытқа бөлуге болады: жалақы мен бағалардың өсу нысаналарын белгілеу және осыларға тікелей бақылау жүргізу. Осыларды қолданып нақты табыстармен бағаның өсуін төмендетуге тырысқан жағдайлар болған. Нысаналарға еркін орындалуға тіпті ережелердің жиынтығы жатады. Бақылауға заң актілерінің күші тән болады. Нысаналар ретінде баға мен жалақы ставкалары өсуінің максималдық шегі пайдаланылған . Жалақы ставкаларының өзгерістері әдетте барлық экономикадағы еңбек өнімділігінің өсу қарқынымен байланыста болады; бағалардың өзгерістері еңбек ақыға жұмсалған шығындардың өзгерістерін өтеу үшін жүргізіледі. Осы бағыттың мәні мынада: жалдамалы жұмыскерлердің табыстары тікелей реттеледі, ал пайда- жанама түрде баға арқылы реттеледі.

Қазақстанда инфляцияның дамуы “сұраныс пен ұсыныс” инфляциясының әр қилы ұштасуын қолдану арқылы жүріп отырады. Қазақстанда ақша массасының өсуінің үш себебін атап өтейік:
Біріншіден, Бюджеттік тапшылықты қржыландыру үшін Орталық банктерден келген несиелер ;
Екіншіден, Орталық банктің комерциялық банктерге несиесі -қайта қаржыландыру үшін несиелер ;
Үшіншіден, ТМД мемлекеттеріне несие - олардың Қазақстанмен саудаға тапшылығымен байланысты.


Қазақстанның өтпелі экономикасында алғашқыда инфляцияға қарсы шаралар тек “ естен тандыру терапиясының “ монетаристік әдістері қолданылды.
Қорытып айтқанда, Қазақстандық экономикадағы инфляциялық процестер шаруашылықтың жалпы құлдырауымен, экономикалық байланыстардың бұзылуымен, тым өсіп кеткен басқару аппаратын қаржыландырумен байланысты. Сондықтан ресурстарды жалпы үнемдеу және бюджет тапшылығын жою инфляцияға қарсы саясат жүргізудің басты құралына айналды.

Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары төмендегі жағдайлардан:
тауарлар бағасының өсуінен; халықтың ақшалы жиынтығының, шаруашылық субъектілерінің және мемлекеттік бюджет қаржысының құнсыздануы;
халықтың экономикалық белсенділігінің төмендеуі мен жұмыссыздықтың көбеюінен;
ұлттық валютаның сатып алу мүмкіндігінің төмендеуі мен басқа валюталарға қарағанда оның нақты курсының бұрмалауынан, көлеңкелі экономиканың белсенді өсуі мен оның салық төлеуден жалтырауынан және сол сияқты көптеген көлеңкелі процестерден байқалады.

Инвестиция (латынша іnvestіre - киіндіру) - табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.
Инвестиция маңызы - экономиканың тұрақты және жоғары қарқынының қалыптастыруда, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізуде, инфрақұрылымды дамытуда бөлінеді. Инвестицияны дамытуда кәсіпорынды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге немесе беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамның акцияларынан құралған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады.

Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.
НАҚТЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ ДЕГЕНІМІЗ - шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz