Аяқ киім гигенасы




Презентация қосу
Аяқ киім гигенасы

Орындаған: Бекбаева М
Тексерген: Нұрымхан Г.Н.
Аяқ киім түрлері олардың жасалған материалына,
тұтынушысының жасы мен жынысына, әлеуметтік
жағдайына байланысты жасалады. Аяқ киімнің
өңделуі мен әшекейленуі жоғарыда аталған
жайттарға байланысты болады. Аяқ киімнің қыстық,
жаздық, еркектер мен әйелдерге, балаларға,
жұмысқа, салтанатты шараларға, қарттарға, жастарға
арналған түрлері болады.
Аяқ киімдер
Аяқ киім тазалығы (гигиенасы)
Киімнің алмастырылмайтын бір бөлігі - аяқ киім болып табылады,
ол, суық пен жылу, ылғал, механикалық әсерлерден, ластанудан,
жәндіктер мен жануарлардың шағуынан қорғайды. Аяқ киімнің
көп түрлілігіне қарамастан, оның қасиеттері мен параметрлері
төмендегідей гигиеналық талаптарға сай болуы қажет:
1. ауа райы мен жұмыс жағдайларына сәйкес, аяқ киім ішіндегі
қолайлы ауа алмасу мен температуралық-ылғалдылық режимді
қамтамасыз етуі керек;
2. аяқ ұшының анатомо-физиологиялық және жасының
ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек;
3. аяқ ұшы мен бақайларын қыспауы керек, қозғалысты шектеп,
аяқтың қан айналымын бұзбауы керек;
4. адамға қолайсыз әсер ететін зиянды химиялық заттар бөлінетін
көзі болмауы керек;
5. жұмсақ, жеңіл, ыңғайлы, жеңіл тазартылатын болуы керек;
6. механикалық, химиялық және биологиялық әсерлерден
қорғауы керек.
Аяқ киім үшін жоғарыда аталған барлық талаптарға сай келетін,
ең жақсы материал - табиғи тері болып табылады. Ол төмен жылу
өткізгіштік пен орташа ауа өткізгіштік қасиеттерімен
сипатталады, созылғыш болады, зиянды химиялық заттар
бөлмейді. Тері, оны қорғайтын қабатын тұзетін, 2-24% дейін
майдан тұратындықтан, оның саңылауларына су енбейді. Салқын
уақытта теріден жасалған аяқ киімнің жылу сақтайтын
қасиеттерін жүні бар терімен астарлау және жүнді тері мен
киізден жасалған ұлтарақ қолдану арқылы, жоғарылатылады.
Аяқ киімнің табанына, жылу сақтайтын қасиеті теріден кем емес,
ұсақ саңылаулы резеңке қолданылады. Киізден жасалған
пималардың жылу сақтайтын қасиеті теріден де жоғары болып
табылады, бірақ олар тез су болады және жүруге ыңғайсыз.
Спорт аяқ киімдері, спорттың әртүрімен шұғылда нуға
қажетті аяқкиім. Спорттық аяқкиімді дайындайтын
маталар барлық негізгі практикалық және гигиеналық
төмендегі талаптарды қанағаттандыруы тиіс: жылуды
сыртқа аз шығарады, қуысы мен ылғал тартқыштығы
жеткілікті, терді буға айналдыруды қамтамасыз ететіндей
және қажетті иілімділігі болуы керек.
Спорттық және резеңкеден жасалған аяқ киімнің ауа
және бу өткізгіштігі төмен. Лакталған аяқ киім ауаны
мүлде өткізбейді. Бұндай аяқ киім күнделікті киюге
жарамсыз болып табылады және шектеп қана киюді
қажет етеді.
Гимнастикалық туфлилер;
Жеңіл атлетикалық туфлилердің екі түрі;
Боксшылар мен балуандар бәтеңкелері ;
Футбол бәтеңкелері;
Велосипедшілер туфлиі ;
Мотоцикл жарыстары үшін етіктер;
Мәнерлеп сырғанау үшін бәтеңкелер;
Допты хоккей үшін бәтеңкелер;
Шайбалы хоккейшілердің бәтеңкелері ;
Саломшының аяқкиімі;
Тұғырдан секіру үшін бәтеңкелерді ;
Биік тауға шығатын альпинистердің бәтеңкелері;
Баскетбол, волейбол және теннис ойнау үшін аяқ киім
Аяқ киімдердің пішіні
Аяқ киімнің пішімі аяқтың анатомо-физиологиялық
ерекшеліктерін ескеруі керек. Аяқ киім жіңішке және тара
болмауы керек, бұл аяқ киімнің өлшемін дұрыс таңдауымен
қамтамасыз етіледі. Ол аяқ ұшынан сәл үлкен болуы керек,
себебі жүрген кезде, әсіресе, ыстық уақытта, аяқтың
жалпаюы және аяқ тамырларында қанның толуы
нәтижесінде, аяқтың көлемі мен ұзындығы үлкейеді. Тар аяқ
киім аяқты қысады, қан және лимфа айналымдарын бұзады,
бақайларының қисаюына, тіпті аяқ сүйектерінің
деформациялауына, аяқта сүйел пайда болуына, қажалуына,
тырнақтардың жұмсақ тінінің ішіне кіре өсуіне әкеп соғады.
Жылдың салқын мезгілдерінде қан айналымының бұзылуы
аяқтың тоңуына әкеледі. Аяқ киімнің өкшесі биіктігіне
байланысты, екі жақты рөл атқарады
Шаңғы аяқ киімдеріне гигиеналық талаптар
Шаңғы - қар бойынша адамның орын ауыстыруы үшiн құрал-
сайман. (150—220 сантиметрлер) екi ұзын ағаш пластиктен
жасалған Планктерi болады және қайқы нәски iстiктелген.
Шаңғылар қажеттi арнайы шаңғы бөтеңкелер шаңғылардың
қолдануы үшiн аяқтарға бекiткiштер арқылы, дәл қазiр
жағдайлардың көпшiлiгiнде бекiнедi. Шаңғыларда олардың
қабiлеттiлiгi қар бойынша сырғанауға қолдана жылысады.

Ұқсас жұмыстар
Тері гигиенасы
Қазақтың ұлттық киімдері
Спорттық аяқ киімдерге гигиеналық талаптар
Аяқ киім
Аяқ киім гигиенасының ережелері
Аяқ-киімге арналған былғары
Аяқ киім жайлы, олардың гигиеналық талаптарын түсіндіру
ҚЫСҚЫ АЯҚ КИІМ ТАҢДАУ
Адольф Дасслер - атақты брэндтың түп нұсқасында тұрған адам
Adidas компаниясының логотипі
Пәндер