Сайтқа презентация қосу

Бүгінгі Қайымтану

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Пән: Қ. Мұхамедхановтану

Тақырыбы: Бүгінгі

Қайымтану

Кілт сөздер: Қайым Мұхамедханов, курс, қор,
мақала, мұрағат, ескерткіш.

1. 2. 3. 4.

Жоспар: Қайым Мұхамедханов өмірі. Қайымтану курсы. Қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі Қ.Мұхамедханұлы ескерткіші

Қайым Мұхамедханов 1916 жылы 5қаңтарда қазіргі Жаңасемейде, бұрынғы «Заречная слободка» аталған жерде дүниеге келді. Ол– қазақ әдебиетінің абайтану мектебінің негізін қалаушылардың бірі, шәкәрімтанушы және Шәкәрім шығармаларын алғашқы насихаттаушылардың бірі, әрі жарыққа шығарушы, мұхтартанушы ғалым. Сондай-ақ, Қ.Мұхамедхановтың әдебиеттану саласындағы көптеген мақалалары қазақ әдебиетіндегі жаңа белесті айқындап, қазақ әдебиеті даму бағыттарын белгіледі. Ғалымның ғылыми еңбектерімен қатар ақындық, жазушыдраматургтық, аудармашылық таланты да ерекше көзге түседі. Сонымен, ақын, аудармашы, қазақ әдебиеті тарихы мен теориясын терең білетін ғалым, Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармашылықтарының білгір маманы, бір сөзбен айтсақ, нағыз энциклопедист Қайым Мұхамедхановты дәріптеу бүгінгі таңнын келелі мәселелерінің бірі.

Әуезовті тұңғыш рет көргенде Қайым жеті жастағы бала екен. Бұл – 1923 жыл. Келесі жылы Әуезовті сегіз жастағы Қайым екінші рет көреді. Мұхаңның бастамасы және ұйытқылығы арқылы Семейде Абайды еске түсіру кеші өткізіледі. ( Бұл оқиғаның мәнін Мұхаметханұлының өз сөзімен білдіру жөн шығар: “Осы кешке үлкендермен бірге барып, Мұхтар Әуезовтің баяндамасын тыңдап, Көкбай ақынның Абай туралы естелік әңгімесін естіп, ұлы ақын жайында ең алғаш мағлұмат алғаным сол жолы еді”. Үшінші көруі – 1925 жылы: Әуезовтің сахналық бір шығармасын “Ес аймақ” труппасы қоюға дайындап, Мұхаметхан ақсақалдың үйінде репетиция жасаған. Семейтаумен жалғасатын Көкен тауына 1926 жылы Мұхаң демалысқа келгенде он жастағы Қайым оны төртінші рет көрген. Тоғыз жылдан соң, яғни 1935 жылы, Мұхтар Әуезов өзінің болашақ роман-эпопеясын жазуға материал жинау мақсатымен Семейге келгенде, он тоғыз жастағы балғын жігіт Қайым даңқты жазушыны бесінші рет көреді, біршама еркін әңгімелесуіне мүмкіндік туады. Бұл кезде Қайымның әкесі таптық жау ретінде қудаланып, қамауға алынып, атылып кеткен. Бай баласы Қайым қауіп-қатерден әупірімдеп өтіп, мұғалімдік курсты аяқтап, институтқа түсуді ойластырып жүрген. Абай шығармаларына біржола ден қойып, Ыдырыс Мұстамбаевтың нағыз тарихилық маңыздағы мақалаларымен ынты-ға танысуда еді. 1939 жылы мұғалімдік институтты аяқтаған тұста Қазақстан Жазушыларының екінші съезіне қатысу үшін Алматыға барады. Міне, осы алтыншы кездесуден кейін жиырма төрт жасында Қайым Мұхаметханұлы кемеңгер Әуезов үшін сенімді шәкірт-әріптеске, сүйікті ініге айналды. Мұхаңның ақыл-кеңесімен ғылыми ізденіс жолына түседі.

«...Қайым аға кіммен болсын әңгімелескенде жұқалтаң аққұба жүзі арайлана жымиып, лекіте күліп қойып отырады екен. Ойды ой қозғап дегендей, сөз жүйелеп өрістеп, қаншама тақырыпты шалсаң да, аға бәріне даяр. Әдебиет, өнер, тарих, жағрафия, тіл, дін, саясат, экономика, педагогика, философия... Көнеден бүгінге дейін айта алады, айтыса алады. Айтыс қызуы артқан сайын ағаның сәл қиықша кішкене қоңыр көзі өткірленіп, дауысына шыңыл бітіп, сөзі шапшаңдайды. Бір қызығы: сондай жағдайда да лекіте күліп қоюдан жаңылмайды... Қаншама жыл аралас-құралас, сырлас болып жүргенімде қатты ашуланғанын көрген емеспін. Тегі ағаның адами жаратылысында ашу жоқ шығар... Қанша майысқанмен сынбай, қанша шатынағанмен шашылып қалмай, ұзақ жасауы ғажап. Әлі есімде, бірде: -Аға, темір тордың тауқыметі сұмдық шығар - деп қалғаным. Ол Мұхтар Әуезовтің соноу жылдары түрмеге түсу себебін айтып отырған-ды. Менің сұрағым өзіне қатысты болған жәйтті жағалауым екенін аңғара қойып: -Құрысын, қайтесің соны, мен өзі ұмытып та барамын, - деп күлді...». жазушы Ғаббас Қабышұлы

Қазіргі таңда алаштың соңғы саңылағы Қайым Мұхамедхановтың бізге жеткен мұрасын өскелен жас ұрпаққа дәріптеу мақсатында жоғарғы оқу орындарына “Қайымтану” курсын енгізілді. Бұл пән бойынша мынадай теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады. Қайым Мұхаметханов шығармашылығын оқып үйрену ХХ ғасыр басындағы тарихи-мәдени даму мен сол кезең шығармашылық иелерінің сөз өнері мұраларын оқып үйрену деген сөз. Курс Қайым Мұхамедханов шығармашылық дамуына тарихын әдеби шолу және монографиялық тақырыптардың ауқымында оқытуды көздейді. Курстың мақсаты: Қайым Мұхамедханов шығармашылығы арқылы әдеби процестерінің заңдылығын түсініп, шығармалардың көркемдік маңызын қоғамдық жағдайлармен, замандардың мәдениетімен байланыстыра білу керек.

Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінің тарихы мен мәдениетін зерттеуге арнаған зерттеу еңбектері мен мақалаларын төмендегідей жіктеп қарастыруға болады: 1.Қазақ ауыз әдебиеті және айтыс ақынадарына байлпнысты сын-зерттеулері («Қаракерей Қабанбай батыр», «Бөгенбай батыр», Орынбай,Шөже,Жанақ, Кемпірбай, Шашубай, Төлеу, Сапарғали, Баймұрат және т.б) 2.XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармаларын зерттеу мақалалары (Шоқан Уәлиханов, Бұхар жырау, Махамбет Өтемісұлы, Дулат Бабатайұлы, Шернияз, М.Ж. Көпеев). 3.Абай Құнанбаев және оның ақын шәкірттері туралы монографиялары мен ғылыми еңбектері 4.Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы жөніндегі мақалалары. 5.Алаш арыстары жөніндегі зерттеу мақалалары (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Ы.Мұстамбаев, Т.Хасенов). 6.Қазақ әдебиеті және қоғам қайраткерлері туралы мақалалары (І.Жансүгіров, Ә.Марғұлан, Ж.Шалин, Е.Смайлов, М.Сералин, С.Ғаббасов және т.б.) 7.Шетел жазушылары мен ақындары туралы ғылыми мақалалары мен зерттеулері (И.Крылов, А.Пушкин, Ю.Лермонтов, Л.Толстой, А. Мицкевич, Т.Шевченко, Лу Синь, Ғ.Тоқай, И.Борганский, Х.Файзханов және т.б.)

Қайым Мұхамедханов есімі абайтанушы ретінде жылдан-жылға маңызын жоймай келеді. 2008 жылы Алматы қаласында «Қ.Мұхаметханов атындағы білім беру және мәдени орталық» қоғамдық қоры құрылды, оның директоры абайтанушының қызы – Дина Мұхаметханова. Қордың басты мақсаты – Қ.Мұхаметхановтың мәдени мұрасын сақтау. Қайым Мұхаметханов мұрағатында жүздеген хат, жеделхат, құттықтаутілектер сақталған. Олар өткен жүзжылдықтың 60-жылдарынан басталып, әр жылдары жазылған. Бұл – абайтанушының туған күндері мен мерейтойларына жазылған құттықтаулар, ғылыми-зерттеу жинақтарының жарық көруіне байланысты пікірлер мен алғыс хаттар, әріптестері мен оқушыларының Қайым аға туралы жазған жылы лебіздері. Мұның барлығы, оған арналған өлеңдерді қоса алғанда бірнеше кітапты құрар еді. Республикамызда Қайым Мұхаметханов есімі абайтанудың негізін қалаушылардың бірі ретінде танымал. Ғылыми-зерттеу жұмысының алғашқы күнінен-ақ ол Абай, онымен тұстас ақындар жайлы материалдар жинай бастаған.

Қ.Мұхамедхановтың мұрағатында 636 бет қолжазба сақталған. Бұл өзі жинаған Абай шәкірттерінің шығармалары.

Семейдің ұлы үштігі -Шәкәрім, Абай, Мұхтардан кейін атауға лайық деп табылатын Қайым Мұхамедхановқа арналған ескерткіш қаламыздың қақ ортасынан, туған жерінен бой көтерді.

Қорытынды
Көрнекті ғалым Қайым Мұхамедханұлы – алаш арыстарының соңғы тұяғы, білімдарлығымен ғұламалыққа жеткен жан.Тірісінде Мұхтардай ұлы ұстазының өсиетін өмірінің өзегіне айналдырып Абай шығармашылығын зерттеуге бүкіл ғұмырын арнаған, сол үшін 25 жылға сотталса да түрме қабырғасы жігерін мұқалта алмаған Қайым туралы сөз ешқашан таусылмақ емес. Кемел ойлы кемеңгер ғалымның соңына қалдырған ұшан терең теңіз еңбектері бұл күнде қазақ әдебиетінің сарқылмас қазынасына айналды. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ой-сана, пікір – тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті. Олай болатын болса бүгінгі «Қайымтану» курсының ғалымның ұшан- теңіз құнды еңбектерін саралап - сараптауда, ұлтының әдебиеті мен мәдениетінің дамуына қосқан үлесін айшықтап көрсетуде орыны ерекше.

Графикалық кескіндемелер мен қолданылған суреттерге ақпараттық сілтеме

1. Википедия

2. Википедия

Пайдаланған әдебиеттер
1. Мұхамедханов Қ. Қазақ ССР 4- том. Қысқаша энциклопедия.-Алматы, 1989.- 442 б. 2. Мұхамедханов Қ. Советтік Қазақстан жазушылары.Алматы: Жазушы, 1987.- 423 б. 3. Мұхамедханов Қ. Абай шәкірттері // Парасат.-1995.- 7.-1 б. 4.Мұхамедханов Қ. М.Дулатов // Қазақ әдебиеті.- 1989.-18 август. 5. Мұхамедханұлы Қ. Абайды тұңғыш рет баспасөзде танытқан Ә. Бөкейханов // Түркістан.-1995.-9 тамыз 6. Тілеубекова У. Ғұмырын ғылымға арнаған адам // Семей таңы.-1996.-16 қаңтар.

Топ: Қя-319 с Курс: III Орындаған: Мұхаметжанова Гүлназ Пән оқытушы: Жүндібаева А.Қ.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Пән: Қ. Мұхамедхановтану

Тақырыбы
Қайым Мұхамедханұлы: Шәкәрім шежіресі.

Кілт сөздер: Қайым Мұхамедханов, Шәкәрімтану, мақала,алаш, мұрагер .

Жоспар: 1. Қайым және Шәкәрім 2. Шәкәрімнің өмірбаяны 3.«Шәкәрім» атты ғылыми мақаласы. 3. «Абай мұрагерлері» жинағы

Баршамызға аян және бір жәйт - қазақ әдебиетіндегі Шәкәрімтанудың көшбасы Қайым Мұхамедханұлы екені. Ол озбыр билік өктемдікпен атын өшірген Шәкәрімді ақтап алу күресін отыз жыл бойы жүргізді. Қазақтың төл әдебиетінің төрінен орын алуға тиіс ақынды ғалым болып қана емес, түбі бір туыстық дәстүрдің талабымен де іздеді. Қайым гәзет-жорналдарға мақала, партиялық басшылық орындарына хат жазып, Шәкәрімнің ұлы ақын екендігін, ресми ақталғанын, яғни оның әдеби мұрасын жарыққа шығарып, насихаттау, таныту керектігін айтты. «Әлдекімдердің әлдеқалай болар екен деген әсіресақтықтары кедергі болып, ашылған жолды әдейі жауып тұрған сияқты», деп ашынды

1960 жылдардан бастап Қайым Мұхаметханұлы Шәкәрім шығармашылығын зерттеуге бел буып кірісті. Докторлық диссертация нысаны ретінде ыңғайлады. Шәкәрімді ақтау бойынша 1959 жылғы «Қазақ әдебиетіндегі» белгілі жарияланымнан соң аудан, облыс көлемінде ширек ғасырдан астам уақытқа созылған игі ниеттегі қимыл-әрекеттердің басы-қасында жүрді.. 1988-89 ж. мерзімді баспасөзде «Ә.Бөкейханов», «М. Жұмабаев», «А. Байтұрсынов», «Ж. Аймауытов», «М. Дулатов», «Шәкәрім» атты ғылыми мәні ерекше мақалалар жариялап, кейін осы зерттеулер негізінде «Абай мұрагерлері» жинағын (1995) жарыққа шығарды. Сондай-ақ ғалым Шәкәрім Құдайбердіұлы шығарма ларының текстологиялық жағынан дұрыс басылуына, өлеңдерінің хронологиялық дұрыс орналасуына арнап бірнеше мақала жазды. Сол мақалаларының өзі бүгінгі Шәкәрімтану ғылымының жаңа белесінің тың парақтары болып ашылды.

Қайым Мұхамедхановтың Шәкәрім жайлы «Құдай» деген сөзден құдай сақтасын » атты мақаласында былай дейді: «Шәкәрімнің асыл мұрасын мүлтіксіз жариялап, халыққа кіршіксіз жарқыратып жеткізу – біздің аса жауапты әрі құрметті борышымыз»

Қайым Шәкәрімнің өмірі және шығармашылығы туралы нақты деректі материал әзірлеп, ақынның ғылыми өмірбаянын жасауды жобалаған еді. Енді соны жоғарыдағыларға жеткізбей болмайды деп түйіп, 1987-жылғы шілде айында Қазақстан КП ОК хатшысы Г. Колбинге, КСРО Жазушылар одағының Бас хатшысы В. Карповқа хат жіберді. Сол хаттан бір үзінді: "...восстановление имени Шакарима является важнейшей животрепещущей проблемой в истории литературы и всей культуры Казахстана. Об этом же недавно на пленуме Союза писателей СССР в Москве говорил Первый секретарь правления республиканской писательской организации поэт О.Сулейменов". Ақынның шығармаларын қайтадан шығару ойластырылмай отырғанына назар аударған Мұхамедханұлы одан арыда былай деген: "Я смею высказать свое убеждение по этому поводу: кое-кому не по нутру интернационалистический дух творчества поэта Шакарима, оттого изо всех сил тщатся приписать ему национализм. Этот грязный прием мне знаком, я сам в одно время был жертвой такого метода".

Қайым МҰХАМЕДХАНОВ: «Алаш арыстары аңсаған асыл арманыңыз осы» атты мақаласында:“Ойшыл ақындығы өз алдына, Шәкәрім ғылым мен дінді де жете меңгерген адам ғой. Ағасы Абайдың көзі тірісінде айтқан өсиетімен бір жағы ел көру, жер көру, екінші жағы білімін толықтыру мақсатымен өткен ғасырдың басында Мекке, Мәдина, Ыстамбұлға дейін барып қайтқан ғой. Біреулер оны осы сапарда Парижде болған деседі. Мәселе онда емес. Әйтеуір, ол осы сапардан соң, яғни төңкеріс қарсаңында елден, ел сөзінен оқшау, оңаша кетіп, таза шығармашылықпен айналысуға бет бұрғаны анық. Десе де, ара-тұра Семейге соғады екен. Семейге келсе, ежелден аралас-құралас Мұхамедхандікіне соқпай кетпейді. «Содан көшеге шығып кеткен Шәкәрім қажыдан айрылдық та қалдық. Бөгелген сайын алаңдаймыз. Адасып кетті ме дейін десең, бүкіл әлемді шарлап келген кісі өзінің Семейінен неғып жаңылсын. Сөйтсек, гәптің бәрі ол кісінің киім киісінде болып шығады», — деп әкем жарықтық сол оқиғаны есіне алып, риясыз бір күліп алатын. Тегінде Шәкәрім қажы ойына бойы сай, тұлғасына кісінің көзі тоятын адам екенін өзім де көрдім. Және қалай киінеді десеңізші! еуропалық үлгідегі қазақы киімдер... Әрі ықшам, әрі әдемі. Солардың қайсысын болсын, өзі пішіп, өзі тігеді. Міне, осылайша сән-салтанатымен көшеге шыға келгенде бұл Семейге қайдан келген адам, әлде шетелдік пе деп қарсы жолыққан полицей мән-жайды анықтағанша деп апарып жауып тастаған ғой. Содан бізге хабар тиген соң қажыны барып, босатып алып шықтық дейтін әкем.» - деп жазған екен.

Қайым Мұхамедхановтың «Абай мұрагерлері» жинағындағы шәкірттері

1988 жылғы көкек айының 7-сі күні Қ. Мұхамедханұлына Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы Әди Шәріповтен: «Тиісті органдар Шәкәрімді ақтады! Құттықтаймын!» деген жеделхат келді. Мұндай құттықтау естуге оның - Семейде тауы шағылып жатқан ғалымның құқы бар еді. Шексіз қуанышқа бөленді. Көпшілік сарғайып күткен іс сәтте оңға басып, Шәкәрім туындыларын жинақ етіп шығаруды бірнеше баспа дереу қолға алды. Ақиқат жеңді. жинақтар шықты. Алайда қуаныштың соңы үлкен өкінішке айналды. Ақын шығармалары өрескел бұрмаланыпты. Қайым Мұхамедханұлы қатты налып, орынсыз бұрмалауларды түпнұсқамен салыстыра отырып, текстологиялық мақалалар жазды. Семей мемлекеттік пединституты құзырындағы Шәкәрім ғылыми-жерттеу орталығының директоры Тұрдықұл Шанбайдың бір күні кеңсесіне Қайым ағаның келгенін, өзін үстел басына отырғызып, қолына қарындаш ұстатып, Шәкәрім шығармаларының жаңа жинағын алдына қойып: «Мен Шәкәрімнің өлеңдерін жатқа айтамын, ал сен андағы кітапқа қарап, бұрмаланған сөздерді түзетіп отыр» дегені бар. Тұрдықұл Қасенұлы кейін сол жәйтті есіне алып: «Мен оның есте сақтау қабілетіне еріксіз таңдандым! Қанша қате, қанша бұрмалау тапқан десеңізші! Ол түзетпесе, кім түзете алар еді !» деді.

Қайымның «Ақынның оралуы» деп аталған мақаласы алғаш рет Семей облыстық «Ертіс» гәзетінде 1988-жылы 23-көкекте жарияланды. Онда Ұмытылғанның өміріне, өлеңдеріне, философиялық ой-пікірлеріне гәзет көлеміне қарай қысқаша шолу жасалып, ақын тағдырының қандай қасіретпен аяқталғаны айтылды. Бірақ қазақтың: «бір айналдырғанды шыр айналдырады» дегені келіп, мақаланы мүдірмей оқу мүмкін болмады: әріп қатесі быжынап, кейбір тұстары ақ басқан көздей шелиіп, мүлде көрінбейді. Жұртқа белгілі биязы, ұстамды, кешірімді Қайым қатты ашуланып, табандап талап етіп, мақаланы гәзетке қайтадан жариялатты. Ақын туралы пікірін: «Өмірі де, шығармашылығы да ерекше Шәкәрім халыққа керек, ол біздің рухани тірлігімізді байыта түседі», деп тұжырды. Сан жылдар бойы санатта болмаған Шәкәрімнің халыққа, әдебиетке оралуы жөніндегі сол мақала ақынның «ақтаңдаққа» айналған өмірбаянын қалпына келтіру хақында 1980-жылдардың соңында айтылған алғашқы қуатты сөз еді.

Қорытынды
Шәкәрім – философ. Ол тек қазақ халқының ғана емес, барлық туыстас түркі халықтарының, тіпті барлық Шығыс мәдениетінің, одан қалды орыс халқымен барлық Еуропа елдерінің философиялық ой-танымдарын зерлеп, өз халқының ұлттық дәстүріне негіздей отырып, жетілдіріп, философиялық ойымызды, дүниетанымымызды әрі қарай дамыта түскен ойшыл. Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы – өте күрделі құбылыс. Ал сол күрделі құбылысты зерттеп, қаймағы бұзылмаған күйде бізге, яғни болашақ жас ұрпаққа тарту еткен бірден – бір ғалым – Қайым Мұхамедханұлы. «Шәкәрімнің өмірі – өлеңінде» деп Қайым Мұхамедханов Шәкәрім өлеңдерінің текстологиясына баса назар аударып, жарыққа шығуына зор үлес қосты. Жалпы Шәкәрімтану шежіресінің дамуына ерең еңбек сіңірді. Шәкәрім мұрасы – аса кернеулі, заңғар маңызды, салиқалы да сындарлы, мазмұнды мұра. Ендеше оны зерттеу бір күннің, бір жылдың емес, заманалар еншісінде Қажымас Қайым аға ат шалдырмайтын ғадетінен жаңылған жоқ: мұрағат жайларды тынымсыз аралап, керегіне сұрау салып, тапсырыс беріп, алысжақындағы әдебиетші ғалымдармен сөйлесіп, хат жазысып, Шәкәрімтану аясын кеңітіп, жас ізбасарларын көбейте берді.

Графикалық кескіндемелер мен қолданылған суреттерге ақпараттық сілтеме

1.Википедия

2.Википедия

3-4.Википедия

5. www.google.kz

6. www.google.kz

Пайдаланған әдебиеттер
1. Қазақ Ұлттық энциклопедиясы (4 том) -А., -540 б. 2. Шәкәрімтану мәселелері. 2 –кітап. -Семей –Новосибирск: 2006 -360 б 3. Мұхаметханов Қ. Шәкәрім (ӛмірі мен творчествосы жайында) // Қазақ әдебиеті, 988. 15 сәуір. 4. «Шәкәрім» бумасы. //«Қайым Мұхаметханов» ҚҚ, No2 дәптер 5. Мұхамедханов Қ. Советтік Қазақстан жазушылары.- Алматы: Жазушы, 1987.- 423 б. 6. Мұхамедханов Қ. Абай шәкірттері // Парасат.-1995.- 7.-1 б

Топ: Қя-319 с Курс: III Орындаған: Мұхаметжанова Гүлназ Пән оқытушы: Жүндібаева А.Қ.


Пән: Әдебиет


Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь