Жасушаның химиялық құрамы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы:
Орындаған:Садуан С
Группа: БТ ̶ 307
Жасушаның химиялық құрамы

Жоспар
Кіріспе
Жасушаның химиялық құрамы
●Жасушаның химиялық элементтері
●Жасушадағы макро және микро химиялық элементтері
Жасушаның құрамына кіретін бейорганикалық заттар
●Су
● Тұз
Жасушадағы ақуыздардың атқаратын қызметі
●Ферменттік қызметі
●Құрылымдық қызметі
●Тасымалдаушы қызметі
Қорытынды

Кіріспе
Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі кездесетін 110 элементтің 80-ге жуығы тірі жасушаның құрамында болатындығы дәлелденді. Олар жасушадағы зат алмасу процестеріне қатысады. Жасушада кейбір элементтер көптеу, басқалары анағұрлым аз кездеседі. Әсіресе жасушада төрт элемент - оттек, көміртек, азот және сутек көп мөлшерде болады. Жасуша құрамының 98%-ға жуығын осы төрт элемент күрайды.
Жасушаға аз мелшерде болса да кажет біраз элементтер бар. Олар: күкірт, фосфор, хлор, калий, магний, натрий, кальций, темір. Бұлардың жиынтығы - 1, 9%.

Жасушаның химиялық құрамы

Жасушның химиялық элементтерi
Клеткалар құрылысы ғана емес, сонымен бiрге химиялық құрамы жағынан да ұқсас. Тiрi организмдер клеткаларының заттар құрамы бiрдей болмаса да, жақын мөлшерде болады.
Клетканың химиялық элементтерi. Клетка құрамында 80-ге жуық химиялық элементтер бар, бiрақ тек тiрi организмдерге ғана тән арнайы элементтер анықталған жоқ.

Жасушадағы макро және микро химиялық элементтер
Жоғарыдағы көрсетiлген барлық химиялық элементтер организм құрылысын құруға не ион түрiнде, не қосылыс құрамында - органикалық және биорганикалық заттар молекула құрамында қатысады.

Жасушаның құрамына кiретiн биорганикалық заттар
Бейорганикалық заттар
Су
Тұз

Су
Ең кең таралғаны - бұл су. Оның мөлшерi кең мөлшерде ауытқиды: тiс эмалiнiң клеткасында шамамен 10 %, ал дамып келе жатқан ұрықта - 90 %-тен көп. Орташа көпклеткалы организмде дене массасының 80 %-iн су құрайды.
Су молекуласы химиялық тұрғыдан қарағанда, оның атомдары кеңiстiктiк орналасуына қарай дипольдi құрайды. Молекула құрылысының дипольдi ерекшелiгi судың көптеген заттармен белсендi әрекеттесе алатын қабiлетiн негiздейдi. Көптеген реакциялар нәтижесiнде гидраттар түзiледi. Судың гидраттар түзу қабiлетi оның универсальдi ерiткiш қасиетiмен негiзделген. Клеткада өтетiн көптеген реакциялар тек сулы ерiтiндiде ғана өтедi.
Судың жылу сыйымдылығы жоғары және жылу өткiзгiштiгi басқаларға қарағанда жақсы. Бұл қасиеттер суды клеткалар мен органимздердiң жылу тепе-теңдiгiн ұстап тұру үшiн тамаша сұйықтық жасайды. Су - клетканың биохимиялық реакциялары жүретiн негiзгi ортасы.

Тұз
Организмдегi ерiмеген минералды тұздар, мысалы кальций, сүйек ұлпасының клеткааралық затының құрамында, молюскiлер қабыршағында кездеседi, олар бұл түзiлiстердiң берiктiгiн қамтамасыз етедi.
Клетканың биорганикалық заттарының көпшiлiк бөлiгi тұз түрiнде - не ионға диссоцияцияланған, не қатты түрде болады. Клетка iшiндегi тұздар концентрациясына цитоплазманың буферлi қасиеттерi тәуелдi. Буферлiк деп клетканың сутегi иондарының белгiлi концентрациясын сақтау қабiлетiн айтады (рн) . Клеткада әлсiз сiлтiлi реакция болады (рн 7, 2) .

Жасушадағы ақуыздардың атқаратын қызметі

Ферменттік қызметі
Клеткалардағы барлық биологиялық реакциялар ерекше биологиялық катализаторлар - ферменттердің қатысуымен жүреді, ал әрбір фермент - ақуыз. Ферменттер клеткалардың барлық органеллаларында кездеседі де, түрлі реакциялардың жүруін бағыттап қана қоймай, оларды ондаған, жүздеген есе рет жылдамдатады.

Құрылымдық қызметі
Ақуыздар клетканың және оның органеллаларының мембраналарының құрамына енеді. ДНҚ-мен қосылған ақуыз хромосомалар денесін, ал РНҚ-мен қосылған ақуыз рибосомалар денесін түзеді.

Тасымалдаушы қызметі
Ақуыздар оттегін тасымалдайды, сондай-ақ адамдар мен жануарлар денесінде гормондарды тасымалдайды (оны қан ақуызы - гемоглобин атқарады) .

Клетка құрамында 80-ге жуық химиялық элементтер бар, бiрақ тек тiрi организмдерге ғана тән арнайы элементтер анықталған жоқ. Жоғарыдағы көрсетiлген барлық химиялық элементтер организм құрылысын құруға не ион түрiнде, не қосылыс құрамында - органикалық және биорганикалық заттар молекула құрамында қатысады. Клеткадағы барлық қосылыстар тiрi табиғатқа тән емес. Су немесе тұз өлi дүниеде де кең тараған. Бiрақ организмдерде және олардың тiршiлiгiнiң өнiмдерiнде көмiртегi бар заттар көп мөлшерде бар екенi анықталды, олар тек тiрi клеткалар мен органимздерге тән, сондықтан оларды органикалық заттар деп атайды.
Қорытынды
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz