Louis Vuitton


Slide 1

Louis Vuitton

Slide 2 Slide 3

Louis Vuitton

1821 жылдың 4 тамызында сандық жасау шебері - Луи Виттон дүниеге келген. 14 жасында арманына қол жеткізу үшін туған қаласы Франш-Контеден Парижге дейінгі 400 шақырым жерді жаяу жүріп барған. Осында шебердің көмекшісі болып қызметін бастап, кейіннен өз кәсібін ашады. Содан бері салтанат пен байлықтың белгісі болып келе жатқан бренд туралы қызықты деректер

Slide 4

Louis Vuitton

1895 жылы Луидің ұлы Жорж Виттон компанияның атақты танымбелгісін ойлап табады. Бұған себепкер болған - сол кездегі жалған көшірмелердің шамадан тыс көбейіп, компанияның құлауға шақ қалуы. Танымбелгіні жасап, өз кәсібін патенттеп алғаннан кейін көшірушілер саны айтарлықтай азайған. Бірақ қазірдің өзінде Louis Vuitton жалған көшірмесі көп брендтер қатарына жатады.

Slide 5

Louis Vuitton

Луи Виттонға тиесілі өнертабыстың бірі - шабадан-кереует. Шабадан ішіне орнатылған жиналмалы төсекті бельгиялық саяхатшы-зерттеуші Пьер-Поль-Франсуа-Камиль Саворньян де Бразза үшін арнайы ойлап тапқан.

ЧЕМОДАН-КРОВАТЬ

Slide 6 Slide 7

Louis Vuitton

2014 жылы Louis Vuitton атақты балерина Диана Вишнева үшін арнайы Malle Ballerina атты шабадан жасап шығарған. Бұл шабадан бишінің қымбат реквизиттерін салуға арналған, онымен 5-6 балет белдемшесі, 16-18 жұп биге арналған аяқ киім мен әшекей бұйымдарды тасымалдауға болады.

Slide 8

Louis Vuitton

Slide 9

Louis Vuitton

Аталған сән империясы Google-мен екі рет соттасқан. Ең біріншісі 2000 жылдардың бас кезінде орын алған. Іздеу жолағына брендтің атын жазғанда Louis Vuitton ресми сайтымен қатар, жалған көшірмелерін сататын сайттар шығып кеткен. Осы үшін Google 300 мың АҚШ доллар айып төлеуге мәжбүр болған. Екінші даудың себебі: Louis Vuitton деп іздегенде бұл маркаға еш қатысы жоқ басқа жарнамалық сайттардың ашыла беруі.

Slide 10

Louis Vuitton

Slide 11

Louis Vuitton

Ғаламтор беттерінде түпнұсқа мен көшірмені қалай ажырату керектігі туралы мақалалар өте көп. Мамандардың кеңесі бойынша түпнұсқа мен көшірмелерді сөмкелердің ішкі жағындағы материалы, бауы бекітілген ілмектің саны, танымбелгінің симметриялығы, дербес кодының болуы арқылы анықтауға болады. LV монограммасы пайда болғалы сөмкелер мен шабадандарда ғана емес, көзілдіріктерде, көліктерде, үй жиһаздарында, сүлгілерде, тіпті, скейтбордтарда да басылып шықты.

Slide 12

Louis Vuitton

Slide 13

Louis Vuitton

Louis Vuitton-ның ең қымбат өнімі - Steiff Teddy Bear жұмсақ аюы. Бұл аюдың 2, 1 миллион АҚШ доллар тұруының себебі ойыншықтың табиғи жүні алтын жіптермен араласқан, ал көзі гауһар мен жақұт тастан, пальтосының түймелеріндегі LV монограммасы да алтыннан жасалған.

Slide 14

Louis Vuitton

Slide 15

Louis Vuitton

2007 жылы компания ең қымбат Tribute Patchwork Bag сөмкесін шығарды. Бұл сөмке брендтің әр түрлі сөмкелерінің қималарынан тұрады. Бар-жоғы 24 данамен шыққан сөмкенің құны - 45 000 АҚШ доллары. Tribute Patchwork Bag-тің ең алғашқы сатып алушыларының бірі Бейонсе болған.

Slide 16

Louis Vuitton

Slide 17

Louis Vuitton

Louis Vuitton биылғы жылдың басты додасы болған футболдан Әлем Чемпионатының Кубогін тасымалдау үшін арнайы шабадан жасап шығарған. 13 шілде күні Рио-де-Жанейродағы Маракана стадионындағы ақтық ойынға кубок осы шабаданмен әкелінген.

Slide 18 Slide 19

2013 жылы Louis Vuitton маркасының Ресейдегі 10 жылдығына орай арнайы көрме ұйымдастырылған. Ұйымдастырушылар жүк салуға арналған өнімдерінің көрмесін Қызыл Алаңда өткізіп, түскен қаржыны қайырымдылыққа жұмсамақ болған. Осы көрмеде ұзындығы 30 метр, биіктігі 6 метр болатын үлкен шабаданды қоюы БАҚ өкілдерінің, кейіннен қала басшылығының наразылығын тудырып, ұйымдастырушылар бірнеше күннен кейін алып шабаданды қайтадан жинауға мәжбүр болыпты.

Louis Vuitton

Slide 20

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Ұқсас жұмыстар
Бернар Арно туралы
Қазақстандық сәнгерлер!
Саяси қағидалары
Шарль Луи Монтескье философиясы
ҚАТАРЛАР ТЕОРИЯСЫ
Қазақ Халқының Философиялық мұрасы ИСЛАМ ФИЛОСОФИЯСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz