жібіту үрдісінің орындалуы


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті жібіту үрдісінің орындалуы

Орындаған: Ерланқызы А.

Топ: ТК-421

Тексерген: Бауыржанова А. З.

2015

Slide 2

ЖОСПАР: 1. Кіріспе 2. Негізгі бөлім 2. 1 Теріні жібіту 2. 2 Теріні шелдеу 3. Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Қазақ халқының тұрмыс - тіршілігінде малдың етін, сүтін азық етсе, терісі мен жүнін киім - кешек тігуге, тұяғы мен мүйізінен, сүйегінен әртүрлі қолөнер бұйымдарын әзірлеген. Төрт түлік малдың терісі өте қымбат шикізат. Соның ішінде ірі қараның терісін сиыр терісі, өгіз терісі, тайынша терісі, бұзау терісі деп төртке бөліп атаған. Жылқы терісін - бие терісі, жабағы және құлын терісі деп үшке бөледі. Түйе терілерін атан терісі, бота терісі дейді. Мал терілері негізінде жондық, қабырғалық, үйектік, пұшпақ мойын, таңлақ деген бөліктерге бөлінеді.

Еліміздің аймақтарында жүн мен терінің көптеп жиналып қалғандығымен келісуге болады. Мұндағы мәселе терінің сапасында жатыр. Өйткені ондағы малдарды жекелеген азаматтар тұрмыстық жағдайда, аулада сояды. Малды сою кезінде оның терісіне пышақ тиеді немесе басқадай жағдай болады. Содан барып тері пайдалануға жарамай қалады. Ал ол тері сапалы қалпын сақтау үшін арнайы орындарда сою керек. «Қазір біз көпшілік арасында малдарды арнайы орындарда сою жөнінде мәселе көтеріп отырмыз. Өйткені онда қойдың немесе басқа да малдың терісі арнайы техниканың көмегімен. механикаландырылған түрде сылынып алынады. Ал мұндай теріні экпорттауға да елімізде өңдеуге де болады. Жүн де бізде жетіп, артылады. Бірақ өкінішке қарай, біздегі жүннің тек 18 пайызы ғана биязы жүн. Ал қалғандары қылшықты жүн. Оған әлемде сұраныс аз. Оны бұрын тек Ресей ғана әскердегі жауынгерлеріне арнап киім тігу үшін сатып алатын. Қазір олар да алмайды. Сондықтан қылшықты жүннің берері шамалы. Ал биязы жүнді қой санын артыратын болсақ, болашақта ол бізге мол пайда әкеледі. Бұл Ауыл шаруашылығы министрлігінің назарынан тыс қалған мәселе емес. Оған қатысты «ҚазАгро» ұлттық холдингінің арнайы бағдарламасы да бар. Бағдарламаға сәйкес біз жақын болашақта биязы жүнді мал санын 50 пайызға дейін жеткізуді көздеп отырмыз».

Кіріспе

Slide 4

Мех және былғары шикізаттарын сумен өңдеуді - жібіту деп атайды. Жібітудің мақсаты - шикізатты сулану дәрежесі және микроқұрылымы жағынан мал денесінен жаңа сыпырылған күйіне мейілінше жақындату, яғни «жас тері» қалпына жеткізу болып табылады.

Slide 5

Жібітуді орындағанда келесідегідей талаптарды ескеру қажет:

Slide 6

Судың сапасы мен температурасы - біріншіден су таза, жаңа және ағын судан алынған болуы керек. Әйтпесе, тұрып қалған судағы шіріткіш бактериялар терінің белок сапасын бұзады. Екіншіден, ең жұмсақ немесе орташа кермектікте болғаны дұрыс. Өте кермекті су тұздың үлкен концентрациясын қажет етіп, ерімейтін әктік сабын түзеді, ол теріні баптауға бөгет жасайды. Егер сізде өте кермекті су болса, оған әлсіз сілті немесе калъциленген сода қосьп, жұмсартыңыз. Су температурасы 10о-20оС болу керек. Төменгі температурада жібіту баяу жүріп, тері сапасын төмендетеді, ал жоғары температурада- тезірек өсіп, шіріткіш бактериялар көбейеді.

Судың мөлшері - судың мөлшері жібітіп жатқан теріден 6-7 есе көп болады.

Өлтіргіш заттар - суланған теріде тез және шіріткіш бактерияларды көбейтпеу үшін өлтіргіш заттар қолданады. Үй жағдайында өлтіргіш зат ретінде ас тұзын пайдаланды. Бірақ керекті концентрациясын білген жөн, әйтпесе шіріткіш бактериялар керісінше көбейіп кетеді, 1 л суға 30-50 г тұз қажет. Жібітуді тездету үшін басқа да өлтіргіштер ретінде - сілтіні, өте қатты кептірілген шикізатқа әлсіз сілті (кальциленген сода, аммиак бұлар 1 л суға 1г кетеді) пайдаланады. Тері біркелкі ылғалдану үшін жүйелі түрде араластырған дұрыс.

Slide 7

ЖІБІТУ ҮРДІСІН АНЫҚТАУ

Slide 8

Натрий гексафторсиликатының мөлшерін анықтау:

Сыйымдылығы 200 - 300 мл конус формалы шыны ыдысқа 100 см3 жібітетін сұйықтық құяды (анықтауды жібітетін суға басқа да материал қоспастан бұрын жүргізіледі) да 5 мин қайнатады. Содан соң 0, 5 н натрий гидросиді ертіндісімен феиолфталейіннің қатысумен әлсіз қызғылт түске боялғанға дейін титрлейді. Бұл кезде мына реакция жүреді:

Кальций гидроксиді мен тотығының мөлшерін анықтау:

Сүзіп алынған жібітетін сұйықтықтан 10 см3 алып ұқыптылық пен 0, 1 н тұз қышқылының ертіндісімен араластыра, фенолфталейіннің қатысуымен қызғылт түстің бірінші жойылуына дейін титрлейміз. Ертіндінің бояуы 3 мин аралығына дейін титрлейміз. Ертіндінің бояуы 3 мин аралығына дейін көрінбеу керек. Ол кезде мына реакция жүреді:

Slide 9

ШЕЛДЕУ ҮРДІСІ

Тері әбден суланғаннан соң, оның майлы және бұлшық ет қабаттарын біріктіретін тін талшықтар мен шел қабаттарын шелдейді. Бұл үрдіс «шелдеу» деп аталады. Шелдеу екі рет жүреді: бірінші жібітуден соң, екінші илеуден кейін. Бірінші шелдеу пикельдеуге теріні дайындайды, жақсы иленген тері қышқыл мен ас тұзы ертіндісін жақсы сіңіреді. Шелдеуге қарапайым пышақ және арнайы доға тәріздес пышақ, қозғалмайтын пышақ қолданылады. Терінің ұзындығы, сосын ені бойынша бүктейді де, пышақка әкеліп, алдыға артқа қозғалта отырып шелін алады. Үшінші әдістегі пышақ керісінше жоғары қаратылған. Теріні майсыздандыруға қолданатын құралдармен де шелдеуге болады. Лезвия және басқа да барлық құралдардың өткір болғаны дұрыс. Қозғалатын құралды қолданғанда теріні стол және тақтайға шегемен бекітіп қояды.

Slide 10 Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Былғары шикізаты. Жібіту үрдісі
Жібіту үрдісінің орындалуы.Жүннен арылтудың мақсаты және тәсілдері.Теріні күлдеу
Теріні жібіту. Теріні жүннен арылту
Теріні жүннен арылту
Малдың терісіне әсер ететін факторлар Жібіту үрдісінің мақсаты және жібітуге әсер ететін факторлар
Жібіту үрдістерінің орындалуы.Теріні күлдеу
Жылу беру тәсілдерінің етті жібіту жылдамдығына әсері
Тері топографиясы құрылысы және химиялық құрамы
Иленген тері бұйымдарының ассортименттері
Біртекті емес жүйелерді ажырату
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz