Абай жолы романындағы кейіпкерлер психологисы




Презентация қосу


жолы ”
романындағы кейіпкерлер психологисы
Орындаған:Оралова А, Қ-211
Тексерген:Ақтанова А.С
Романдағы психология:
Мұнда ең бастысы-жеке адамның ішкі
өмірі, өмір мен өлім арасындағы
кезеңде адам бастан кешетін азапты
тағдыр тәлкегі, кейіпкердің күрделі
тұлғаға айналуы көркемдік назарға
алынады.
Шығармада шым-шытырық оқиғалар
тізбегінен гөрі жеке адам санасындағы
сапалық өзгеріс, рухани қопарылыс,
ішкі сезімдік құбылыстар тереңдетіле
талданады.
Психологиялық прозаның көркемдік
әлемі өзінің жанрлық талабына сай
жеке санада жүріп жатқан ой мен сезім
қайшылықтарын, сөз бен іс
сәйкессіздіктерін тереңдеп талдап,
көркемдік жүйеде саралайды .
Негізі, көркем шығармада
психологиялық талдау жасалынбаса
"адамның ойына өң беріліп, көңіліне
күй түсірілмейді".
Қазақ әдебиетінің тарихындағы дала тағдырын мұхит тектес тереңдікпен
толғаған "Абай жолы” роман-эпопеясының авторы Мұхтар Әуезовтің көпке
дейін, дәлірек айтқанда, қырықтың үстіне шыққанша, ұлы ақынның өмірі,
туған-өскен ортасы туралы шығарма жазу жоспары болмағанын ескерткені бар.
Абай өлеңдерін бастыру, ғұмырбаянын жасау, зерттеу еңбектер жариялауды
романға барар жол деп санамаған екен. Сондықтан үлкен шы ғарма идеясы әбден
піскен кезде, қажетті уақытты өткізіп алғанына бармақты шайнаған. Дегенмен,
ескі жұртта әлі де көп естелік бар-ды. Абай заманының сан-салалы сырларын,
дәуірдің қат-қабат тартыстарын, дәлді оқиғалар, аңыз-әңгімелерді даланы ң
жезтаңдай, ескі көз, құйма құлақ адамдары кейде саф таза күйінде, кейде мы ң
құбылтып жеткізген
Абайдың мінезіне қанықтырған қасындағы жары – Әйгерім, ұлы – Тұрағұл, інісі – Шәкәрім,
шәкірттері – Көкбай, Қатпа, Баймағамбеттер. Көп нәрсенің түбіне, түкпірлі табанына үңілу керек
болған. Ел аузы Қамқа мен Қодар нәпсі үшін қылмысқа барған деседі. Абай үш әйел алған кісі:
Ділда, Әйгерім, Еркежан. Дәрмен деген ақын болмаған. Жазушылық мақсатқа орай автор өмірлік
дәлді деректерді қажет жерінде өзгерткен, керекті орайда жаңа кейіпкерлер, о қиғалар ойлап тапқан.
Романда қаламгердің бұрынғы шығармаларындағы әуен-сарындар жалғасып, тереңдеп, байып,
жаңа сападағы көркем ойлар, кемел бейнелер туған, қазақ тілінің адам психологиясын, әлеуметтік
қайшылықтарды ашып берудегі орасан зор байлығы көрініп, жанрдың ең жоғары талаптарына жауап
беретін мол мүмкіндіктері ашылған. М.Әуезов тұрмысы, моральдық институттарының өмірлік
материалдары негізінде қатал реализм, сұлулық, әсемдік талаптарына дөп келетін тарихи роман
тудыру арқылы қазақ әдебиетінің деңгейін биік әлемдік дәрежеге көтеріп, жаңа эстетикалық
игіліктер дарытып, қаламгерлік ерлік жасады.
Адамдар рухының мың сан өзара шарпысуын кең көлемді, терең психологиялық талдау
арқылы ашып берген күрделі романдағы ең үлкен сезім а ғыстарыны ң бірі – сан-салалы
махаббаты алуан түрлі құлпырған көрік бояуымен, сәт кезеңдегі әуез-сарынымен,
бұлқына жосыған күй-толқынымен бейнеленген. Көлденең көк аттыға елеусіз ғана
көрінетін туған жердің тау-тасы, өзен-көлі, аймақ-даласы жазушыны ң шабытты
қаламында қайтадан жаратылғандай болып, құлпырып, жайнап, небір ғажап қалыпта
көрінеді, қыс, көктем, жаз, күз – бәрі бар.
Әншілік, серілік, аңшылық, саятшылық, құсбегілік өнерлерінің
үлкен-үлкен бір-бір тарауларда арнайы түрде суреттелуінен
осындай көркемдік шарттарын, қаламгерлік қатал позицияны
аңғарамыз. Сол секілді мезгілді уақыты жеткен соң, өзіне тиесілі
көркемдік-эстетикалық міндетін атқарғаннан кейін қосалқы персо
наждар ұлы оқиға арнасынан түсіп қалып, олардың орнын жаңа,
басқа мақсат үшін көрсетілетін кейіпкерлер басып, соны ситуация,
тың әрекет бел ала бастайды.
Өмірдің небір тамаша нұрлы жақтары – әже мен ананың перзентке деген шексіз
махаббаты (Зере, Ұлжан – Абай), аға мен іні арасындағы қаяусыз адалдық
(Абай – Оспан) , өле-өлгенше сызат түспеген тамаша достық (Абай – Ербол),
мәңгілік махаббат (Абай –Тоғжан), азамат басын сыйлап жасалған қарымтасыз
жақсылық (Абай – Салтанат), ерегеспен кек алу (Тәкежан малын қуып әкету,
Оразбай аулын шабу), жігіттіктің ләззатты түндері (Абай – Қуандық), серілік
рахаты (салбурын аңшылық), ақындық шабыттың тәтті сәттері (өлең туған
мезгілдер), биік әнмен қауышқан бақыт (Біржанның келуі, Әйгерімнің Татьяна
әнін салуы), туған жердің ыстық құшағы (жайлау суреттері) секілді сан алуан
кез-кезеңдер романда айрықша бейнелі, кең тынысты, өрнекті, ырғақты бай
тілмен, дәстүрлі прозаның реалистік әдістерімен, зор шабытпен суреттеледі.
Іштей өзін-өзі ғажап, екіұдай болып арпалысып, ой
ұшығына жете алмай, қате қадам басып, бармақ
шайнап, от басынан опық жеп, ортасына сыймай,
шідер үзіп кетіп, басты тауға, тасқа соғып, ұрт
қимылға барып, содан таяқ жеп, қылмысты атанып,
жазықсыз жаза шегіп, көп уақыттан кейін туған жерге
оралып, саналы әрекетке көшкен Базаралының іші-
сыртын жазушы тамашалай отырып, іш тартуын
жасырмай, ашық пейілмен жарқырата көрсетеді. Бұл
тұлға жазушы қаламынан ертеректе туған ірі қимыл
иелері Бақтығұл, Ұзақтардың рухани туысы, дәлірек
айтса, әлем әдебиетіндегі күрескерлер қатарына еркін
аттап барып, тең қосылған, үздік қаһарман.
Әуезов құдіретімен жаратылған әйелдер бейнелері бірінен-бірі өткендей с ұлу,
нұрлы, әсем:
Тоғжан, Қуандық, Салтанат, Әйгерім, Үмітей, Керімбала, Нұрғаным,
Мағыш, Мәкен. Атпал азаматтар, батыр жігіттер қандай: Базаралы,
Балағоз, Оспан, Дәрмен, Әбіш. Қыртысты билер, қат-қабат жуандар:
Бөжей, Оразбай, Әзімбай.
Осынау қалың шоғырдың бір тұғырында – Құнанбай, бір тұғырында –
Абай.

Екеуінің де үй-ішінде, көпшілік ортасында, далада, шұрай топ алдында, отыр ған,
жүрген, ат үстінде, ойға батқан, ашуға мінген шақтардағы, әр кездердегі шешім
қабылдап, билік айтқандағы кескін-келбеті барша бояуымен көз алды ңыз ға
келеді. Бірі – қаттылықтың, зорлық-зомбылықтың, екіншісі адамгершіліктің,
әділет-мархабаттың бейнесіндей.
Жазушы кейіпкер келбетін сомдау үшін авторлық баяндау, персонаждың өткен
күндерін еске түсіру, өзіндік сөздік сипаттама, басқалардың берген бағасы,
психологиялық саралау, ой ағымы, диалог, монолог, полилог секілді к өркемдік
құралдарды мейлінше еркін қолданады. Қаһарман оңаша күйде, екеуара, топ
ортасында, мәжіліс үстінде, әрекет-күрес басында, қолма-қол шайқаста, бір
қуаныш, бір қайғыда, барлық болмысымен толық ашылып, оқырман назарына
түседі. Әрбір кейіпкердің мойнына жүктелген көркемдік мақсат, идеялық
салмақ бар. Романның басынан аяғына дейін көрініп, характерлік даралығымен
толық ашылатын ұлы қаһармандар бір төбе болса, жеке оқиғаларға, эпизодтар ға
ғана қатысатын кейіпкерлер де бар.
Абайдың бойындағы аса зор дарыны мен даналығын, үздіксіз еңбегі мен
ізденісін, ақынның үлкен творчестволық тұлға болып қалыптасып, жетіліп,
кемеліне келгенін, ұлы тұлғаның мінез даралығын, қайталанбас келбетін
бейнелеу қаламгер үшін оңайға тимегенін көреміз. Роман-хамсаның өн бойында
данышпан Абайдың ақыл-парасатының тереңдігі мен ойының ұшқырлығы,
даналық қасиеті, асқан ақындығы, әділ төрелігі айқын көрсетіледі. Р.То қтаров
Абай дәуірі мен сол заман адамдарының тарихи шынды ққа сай өзіндік
бейнелерін жасайды. Романдағы кейіпкерлердің мінез ерекшеліктері сол
суреттелініп отырған дәуір шындығына сәйкес келеді. Мысалы, уақыт
шындығын суреттеуді мақсат тұтқан қаламгер Қодар оқиғасының Абайдың он
үш жасында емес, кішкентай кезінде болған оқиға екенін тарихи шынды ққа сай
суреттеп өз көркемдік шешімін береді.
Кейіпкерлердің қазіргі өміріне тікелей қатысы жоқ, бұрын өткен бірен-саран
оқиғалар ғана еске түсіру арқылы белгілі болады. Жарты ғасыр уақытты
қамтитын кең тынысты, сан арналы ұлы шығарманың барлық тарау,
бөлімдерінде көшпелі қазақ тұрмысына етене көрініс, сурет, тартыстармен
астарлас жалпы адам баласына тән қайшылық күрес, қасиеттер мол қамтылып,
кең көлемде терең де сенімді бейнеленген.
Роман бірінші бетінен бастап соңғы жолына дейін сұсты өмірдің қатал
шындығына суарылған. Әдемі, таза шаһарда үлкен ұстаздардан білім алып
жатқан он үш жасар шәкірттің оқуын еріксіз үзіп, қырдағы күрес майданына
салмақшы әке әрекеті зорлық емей немене? Ауылға деген сағыныш та ғы бар.
Қодар-Қамқа трагедиясының үстінен шыққан соң, екіұдай көңілдегі Абайдың
мұрттай ұшуы тән жарасы ғана емес, жан жарасы болып бейнеленеді.
Жас жүректі отқа қарығандай болған осы қанды өлімнен кейін бала көңіл
айнала қоршаған ортаға, үлкендер әрекетіне шошынған көзбен қарап, бірте-
бірте суық та қатал шындықтарды сезіп қана қоймай, олардың әлеуметтік,
философиялық астарлы мәндерін ұға бастайды.
Назарларыңызғ
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
М.Әуезов Абай жолы романы
Абай жолы романындағы тарихилық пен көркемдік
М.әуезовтің “қилы заман”повесінің тарихи және көркемдік негіздері
“Абай жолы” романындағы тарихилық
М. Әуезов Абай жолы романы туралы ақпарат
Абай жолы
М. Әуезовтің Абай жолы роман – эпопеясындағы кейіпкерлер келбет
Қамар сұлу романы
Сыни тұрғыдан ойлау
Жаңадан табылған шығармалары
Пәндер