Өнім көрсеткіштері сапасы,




Презентация қосу
Шәкәрім атындағы СМУ

Тақырыбы:Өнім сапасы, негізгі
көрсеткіштері

Орындаған: Қайдыраш А.
Тексерген: Турусбекова А.С
Тобы: ХН-221
Ерлікова Мадина БТ-001
ӨНІМ САПАСЫ – ӨНІМНІҢ ҚОЛДАНУ
МАҚСАТЫНА СӘЙКЕС ҚАЖЕТТІЛІКТЕРДІ
ҚАНАҒАТТАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН
ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ЖИЫНТЫҒЫ.
КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІНІҢ
БІРІ РЕТІНДЕ ХАЛЫҚ СҰРАНЫСЫН ЖОҒАРЫ
САПАЛЫ ӨНІММЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
ӨНІМ САПАСЫ ОНЫ ҚҰРАСТЫРУ
КЕЗЕҢІНЕН БАСТАЛАДЫ, ЖАСАУ КЕЗЕҢІНДЕ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ, АЙНАЛЫСТА БОЛУ
ЖӘНЕ ӨТКІЗУ КЕЗЕҢДЕРІНДЕ
САҚТАЛЫНАДЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ
КЕЗЕҢІНДЕ ҚАЖЕТ ДЕҢГЕЙДЕ ҰСТАУҒА
К ҮШ СІҢІРІЛЕДІ.
Қазіргі заманғы нарықтық экономика өнім сапасына
мүлдем басқа талаптар қояды. Кез келген фирманың
“ нарықтағы орнын сақтау және тұрақты етіп жасау
үшін оның бәсекелестік қабілетін өсіру қажет. Ал
фирманың бәсекелестік қабілеті екі көрсеткішпен
байланысты болады — баға деңгейі және өнім сапасы.
Аталған екінші фактордың дәрежесі бірінші орынға
шықты. Тіпті еңбек өнімділігін өсіру, қорларды
үнемдеу шараларының маңызы өнім сапасын өсіру
жұмысынан төмен болып қалды. Сапа — бұл фирма
беделі, пайданың, дамудың қайнар көзі, барлық
дерлік персоналға ең негізгі көрсеткішке айналды.
Өнім сапасының өсу процесі кәсіпорынның нарық
жағдайларында өз орнын сақтау қабілетін
қамтамасыз етуге, ғылыми-техникалық прогрес
қарқынын өсіруге, өндіріс нәтижелігін өсіруге негіз
болады.
Өнім сапасының деңгейін төмендетудің негізгі салдары:
1. Экономикалық
1.1. Сапасы төмен өнімді шығару ға, тасымалдау ға, са қтау ға кеткен материалды қ,
еңбек шығындары.
1.2. Өндірістік инфрақұрылымдағы жоғалтулар.
1.3. Жөндеуге кеткен қосымша шығындар.
1.4. Халықтың жөндеуге кеткен қосымша уақыт шы ғындары.
1.5. Табиғи қорларды алу үшін қолданылатын төмен сапалы техниканы қолдану
нәтижесінде осы табиғи қорлардың жоғалтулары.
1.6. Экспорттың төмен үлесіне байланысты алынбай қал ған валюталы қ табыс.
1.7. Импорттауға байланысты қосымша валютаның шы ғындалуы.
1.8. Сапаны техникалық бақылау органдарының қосымша материалды қ ж әне
еңбек шығындары.
2.Әлеуметтік
2.1. Отандық өнімнің дефициттілігі.
2.2. Ұлттық кәсіпорындарында шығарылатын өнім беделінің төмендеуі.
2.3. Қажеттіліктерді толық көлемде қанағаттандырмау.
2.4. Халықтың тұрмыстық жағдайының төмендеуі.
2.5. Халықтың тауар жасау дефектілерін жоюға байланысты өз бос уа қытын
тиімсіз жұмсау.
2.6. Ұжымдағы моральдық климаттың нашарлауы.
2.7. Кәсіпорын пайдасының азаюы.
3. Экологиялық
3.1. Ауа, су бассейндерін, жерді тазартуға кеткен
қосымша шығындар.
3.2. Халық денсаулығын қалпына келтіруге
байланысты қосымша шығындар.
3.3. Нашар экологияға байланысты ауыл
шаруашылық өнімдерінің шығарылу
көлемдерінің азаюы.
3.4. Ауаның нашар сапасына байланысты
ғимараттар мен транспортты қосымша
жөндеуге кеткен және тездетілген амортизация
шығындары.
Өнім сапасын сипаттайтын көрсеткіштер

Өнімнің қасиеттері оның сапа көрсеткіштерінде
айқындалады. Көрсеткіштердің келесі топтары бар.
Қолдану көрсеткіштері өнімді қолданудан болатын
пайдалы эффектіні сипаттайды және қолдану шектерін
көрсетеді. (мысалы машина өнімділігі)
Сенімділік көрсеткіштері өнімнің бұзылмаушылығын,
сақталу дәрежесін (өз көрсеткіштерін сақтау қабілеті),
қолдану мерзімін (өнімді қажет деңгейде сақтау үшін
кеткен шығындар).
Технологиялылық көрсеткіштері өнімді шығарғанда
немесе жөндегенде жоғары еңбек өнімділігін
қамтамасыз ету үшін конструкторлық-технологиялық
шешімдердің нәтижелігін сипаттайды..
Стандарттау және унификациялау көрсеткіштері —
өнім құрамында стандартты, унификацияланған және
бірегей құрамдас бөліктердің үлесін көрсетеді және басқа
өнімдерге қарағанда унификация деңгейін сипаттайды.
Эргономиялық көрсеткіштер адамның өніммен
әрекеттесуін сипаттайды (гигиениналық,
антропометриялық, физиологиялық және психологиялық
қасиеттер).
Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің ақпараттық
көркемділігін, форманың тиімділігін, тұтастығын
сипаттайды.
Тасымалдау көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға
бейімділігін сипаттайды.
Патенттік-құқықтық көрсеткіштер өнімнің патентпен
қорғалуын, патенттік тазалығын сипаттайды.
Экологиялық көрсеткіштер — өнімді қолдану, сақтау,
тасымалдау нәтижесінде қоршаған ортаға кері әсер ету
қасиеттері.
Қауіпсіздік көрсеткіштері сатып алушыға және қызмет көрсетуші
персоналға қауіпсіздігін сипаттайды. Сонымен қатар, өнімні ң
бағасы да өте маңызды көрсеткіштің бірі болып табылады.. Ба ға
көрсеткішіне байланысты экономикалы қ т ұр ғыдан о ңтайлы сапа
мәселесі туындайды. Сатып алушы өнімді ал ғанда оны ң қасиеттері
оның бағасын қайтаруға жеткілікті ме деген с ұра ққа жауап беруге
тырысады. Бағамен қоса өнімнің эксплуатациялы қ сипаттамалары
да маңызды орын алады, өйткені олар осы өнімді қолдану ға ж әне
жөндеуге кеткен шығындарды айқындайды.
Экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа деп сапаны ң шы ғындар ға
қатынасын атайды:
Копт =Q (1)
C∑
мұндағы Копт – экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа;
Q – өнім сапасы;
C∑ - өнімді шығаруға және қолдануға кеткен шы ғындар, те ңге.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Сергеев И.В. Экономика предприятия.
М.: «Финансы и статистика», 2000 г.,
106-134 б.
2.Бейсенова М., Садықбаева А.
Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы),
Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 54-68 б
Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Өнім сапасы, негізгі көрсеткіштері
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Астық массасы туралы түсінік. Астық сапасы мен жағдайы
Мұнайгаз кәсіпорындарында өнім
Машиналар конструкцияларының технологиялылығы, детальдарды дайындаудың сапасы мен дәлдігі
Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламент
НАН ЖӘНЕ НАНБӨЛІШКЕ ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірбиесі
Сары майдың органолептикалық көрсеткіштері
Пәндер