Қабылдау



Қабылдау
Орындаған:Теміржан. Д
Топ:П-407
Тексерген:Оспанова. Қ. Ш

Қабылдау
Қабылдау-ми қабығының күрделі анализдік және синтездік өызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым - қатынасынада пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мұны И. П. Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Мәселен, көру анализаторында осындай қатынас рефлексінің жасалуы ( яғни тітіркендігіштердің бір - бірімен байланысы ) заттың түрі, түсі мөлшеріне қарамай - ақ оныі тұлғасын тануға мүмкіндік береді .
Қабылдау-түйсіктегідей бір анализатордың ғана қызметі емес, бірнеше анализаторлардың бірлесіп қызмет етуінің нәтижесі. Мәселен, киноны көру екі анализатордың (көру, есту) өзара байланысып жұмыс істеуінен болады .

Қабылдау - сыртқы дүниенің сезім мүшелеріне әсерінен туған заттың тұтас бейнесі.

Қабылдаудың негізгі ерекшелігі:
ТҰТАСТЫЛЫҚ
ТұтаҚтылыҚ
ТАҢДАМАЛЫЛЫҚ
АППЕРЦЕПЦИЯ

Қабылдаудың тұтастығы.
Қабылдау объектісі жеке қасиеттерден, бөлшектерден тұрғанымен біз оларды бүтіндей тұтас қабылдаймыз
Қабылдаудың тұрақтылығы.
Біз өзіміздің тәжірибемізге, білімімізге байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері, түрлері, формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз.

Қабылдаудың таңдамалылығы
Толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз (оның қасиетін, сапасын) қабылдаудың таңдамалылыгы делінеді. Мәселен, кітап оқығанда ондағы бірер сөз қате жазылған болса да байқамай оқып кете береміз. Егер кітапта "университет" деген соз "унверситет" деп қате жазылса да, біз оны "университет" деп дұрыс оқимыз. Кітап оқығанда оның мазмұнына ерекше көңіл болінетіндіктен, мұндай қателер көзге түспей қалады. Ал жеке сөздерге, жеке әріптерге шұқшия көз салған жағдайда (мәселен, корректорлар) текстің мазмұны ұғылмай, күңгірт қалып қоятын кездері болады.
Қабылдауда зейін аударып, талғаудың зор маңызы бар. Мүндай жағдайда объектінің назар аударылған белгілерін, қасиеттерін, керек жақтарын қабылдаймыз. Біздің назар аударатынымыздың ішіндегі ең бастылары, қазірде істепжатқан әрекетімізге қажет қызықтыратын, қажетімізге жарайтын нәрселер болып табылады.
Қабылдаудың таңдамалылыгы әр түрлі объективтік (объктілердің ерекшеліктеріне - күші, қозгалысы, қарым-қатынасы т. б. ) және субъективтік (адамның қабылданатын затқа қызығуы, оны қажетсінуі, сол кездегі психикалық коңіл-күйі т. б. ) себептерге де байланысты болып келеді.

Апперцепция
Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығын апперцепция дейді. Апперцепция тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді. Түрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, білімі мен дүниетанымына байланысты болып отырады. Мәселен, "түбір" деген сөзді эр адам түрліше қабылдауы мүмкін. Тіл маманы осы сөзді ести салысымен сөздің түбірі жайлы айтқысы келеді. Ал ботаник болса, шөптің түбірін, математик санның түбүрін айтып беретіндігі белгілі. Апперцепция затты түрлі жағынан багалай алу, адамның оны өзінше талқылап, өзінше қөзқарасын білдіре алуы. Апперцепцияның мол болуы білімділікке байланысты. Білім адамның ойын тереңдетіп, оның мазмұнын кеңітіп қана қоймайды, дүниені жан-жағынан терең түсіне білуге жағдай тугызады. Адам есейген сайын оның білімі, тәжірибесі молая түседі, дүниетанымы қалыптасады. Бүл оның апперцепциясының өзгеруіне эсер етеді. Балалардың оқу материалын жақсы қабылдай алуы олардың апперцепциясына (яғни түсінік қорына) байланысты болып отырады. Оқушыны жаңа сабаққа даярлау бүл, бір жағынан, оның апперцепциясын тудырып отыру деген сөз.

Байқау және байқағыштық
Байқау дегеніміз - белгілі мақсат пен объектіні әдейілеп қабылдау. Бірнәрсені мұқият байқау үшін біраз уақыт бойында жүйелі түрде бір объектіні бөліп алып қадағалаған дұрыс. Бұл - байқаудың негізгі шарттарының бірі. А. Құнанбаев «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» деген өлеңінде жақсы көрсеткен:
«Біреуі көк, біреуі - жер тағысы
Адам үшін батысып қызыл қанға.
Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға» -
«қар аппақ», «бүркіт қара», «түлкі қызыл» деген тіркестерде кез келген адамға байқала бермейтін көріністер сөз болып отыр. Мұндай сөздерді осы нәрсені өте жетік білетін адам ғана айта алады.

Кеңістікті қабылдау - заттар мен құбылыстардың көлемін, тұрқын, түрін, аумағын, алыс - жақындығын, тайыз - тереңдігін, бағыт - бағдарын қабылдау деген сөз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz